Ұзақ мерзімді активтердің аудиті. Материалдық емес активтердің аудиті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ұзақ мерзімді активтердің аудиті.
Материалдық емес активтердің аудиті.
Ұзақ мерзімді активтер; өтімді активтер -- пайыз түрінде табыс әкелмейтін және иелеріне өздерінің міндеттемелері бойынша төлем төлеуге мүмкіндік беретін, оңай өткізілетін қаражат (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, ірі компаниялардың акциялары мен облигациялары, ағымдағы шоттар, қолма-кол ақша).
Ұзақ мерзімді активтер түрлері, олардың жіктелуі
Материалдық емес активтер деп табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілерді атайды.
Өндірістік шаруашылық қызметтегі атқаратын функциясы және мақсатына байланыстыактивтер келесі топтарға бөлінеді:
интелектуалдық меншік; мүліктік құқық; басқалары.
1. Интелектуалдық меншікке мыналар жатады:
Фирма бағасы (гудвилл); тауар белгілері; ноу-хау; авторлық және қатар құқықтар.
2. Мүліктік құқықтарға келесілер жатады:
Жер учаскелері, суда, тағы басқа табиғи ресурстарды пайдалану, есептеу техникаларын бағдарламалық қамтамасыз ету құқығы және т.б.
3. Басқа материалдық емес активтерге келесілер жатады: ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеу нұсқаулары, тәжірибе-конструкторлық нұсқаулар.
Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және табиғи-заттай мағынасында ғана материалдық емес болып табылады.
Нарықтық экономиканың дамуына қарай кәсіпорынның мүліктеріндегі материалдық емес активтердің маңызы мен үлесі артып отырады. Бұл техника мен технологияның дамуымен, ақпараттардың таратылуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты. Материалдық емес активтер алыну құны бойынша есепке алынады, яғни оларүшін төленген сомалар бойынша есептеледі.
Кейбір гудвилл, сауда маркалары сияқты материалдық емес активтер алғашында төмен баға немесе ақысыз алынуы мүмкін. Кейіннен олардың құндылығы артса да, байланысты құны өзгермейді. Материалдық емес активтер нарық бағасы бойынша есепке көрсетіледі.

Материалдық емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. 2730 "Өзге де материалдық емес активтер" тобы бөлімшесі шоттары бойынша кредиттік айналымдары №12 журнал - ордерде бейнеледі.
Кәсіпорындар материалдық емес активтерді келесідей жолдармен алады:
* Жарғылық капиталға салымдар жолымен
* Кәсіпорынның қызмет процесінде сатып алу
* Басқа кәсіпорынмен қосылу жолымен
* Заңды және жеке тұлғалар пайдалануға бергенде.
Материалдық емес активтерді кәсіпорындар қатынасушылардың ақшалай төлеулерінің, өнімдерді, жұмыстарды және қызмет көрсетуді сатудан алынған табыстардың, құнды қағаздардан түскен табыстардың, банкінің қағаздарынан, тегін пайдалануға берілген төлемдердің және басқа заңды рұқсат етілген көздерден түскен табыстардың есебінен алады.
Материалдық емес активтердің құны оларды алуға жұмсалған нақтылы шығындардан және пайдалануға (жұмсалған нақтылы шығындардан) дайын жағдайға келтіруге жұмсалған шығындардан құралады.
1. Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғалардан алынғанда
Дебет шот 2700 Материалдық емес активтер (2710, 2730)
Кредит шот 1010, 1030, 3310, 4110
2. Құрылтайшылардың жарғылық капиталға өз үлестері есебінен енгізген материалдық емес активтерді кіріске алынғанда
Дебет шот 2730 "Өзге де материалдық емес активтер"
Кредит шот 5110 Төленбеген капитал
3. Материалдық емес активтер тегін түскенде, олардың бастапқы құны
Дебет шот 2730 "Өзге де материалдық емес активтер"
Кредит шот 6230 Мемлекеттік субсидиялардан табыстар, 6220 Тегін алынған активтерден табыстар.
4. Материалдық емес активтер кәсіпорыннан әртүрлі себептермен шығады:
- сату нәтижесінде;
- әрі қарай пайдаланудың тиімсіздігіне байланысты есептен шығару нәтижесінде;
- ақысыз тегін беру нәтижесінде және т.б.
Материалдық емес активтердің істен шығуында материалдық емес активтерді қабылдау - тапсыру Актін 2 данада толтырады.
Материалдық емес активтердің шығуы кезінде олардың баланстық құны Дебет шот 7410 Активтердің шығуы бойынша шығындар, Кредит шот 2730 Басқа материалдық емес активтер жазбасы негізінде есептен шығарылады, ал жинақталған тозу сомасы келесі жазбамен есептен шығарылады: 2740 Материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы тобы шотының дебеті, 2730 "Өзге де материалдық емес активтер" шотының кредиті.
5. Материалдық емес активтерді сатудан табыс келесідей жазба бойынша көрсетіледі:
Дебет шот 1010, 1030, 1210 және т.б.
Кредит шот 6210 Активтерді сатудан табыс
Жыл соңында 6210, 7410 шығын шоттары және 5610 Қорытынды пайда (зиян) шотымен жабылады, яғни, табыстар жиынтық табыстың көбеюіне, ал шығындар оның азаюына қарай есептен шығарылады.
Тегін берілген материалдық емес активтердің құнынан есептелген ҚҚС сомасына 7410 Активтердің шығуы бойынша шығындар шоты дебеттеледі, 3130 Қосылған құн салығы шоты кредиттеледі.

Мысал. Ұйым ЭЕМ-ға бағдарламалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Ұзақ мерзімді активтердің есебі
Активтердің рентабелділігі Таза табыс активтердің жалпы орташа құны
Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
РПК Бектау ЖШС
Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысының есебі
«Шенгел и К» ЖШС
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті
Пәндер