Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат пәні

СӨЖ

Тақырыбы: Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі

Орындаған: Аухымбай Жанар

Қабылдаған: Нұрсейітова Лаззат

Шымкент 2021ж

Тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді үлгілері мен тәсілдерін шығармашылықпен таңдап алу, оның нәтижелерін есептеп, бағалау, оқушыларға жеке- жеке қарау үшін оқушыларды жан- жақты зерттеу, жан дүниесіне үңілу қажет. Оқушылардың білімі туралы деректердің ман алуан екендігін есте ұстаған жөн. Бұл, ең алдымен, оқушылардың өз әрекеті. Онымен оқушының мінез-құлқын түрлі жағдайда бақылау үрдісінде танысуға болады. Оқушы араласатын адамдар( ата- аналар, мұғалімдер, құрдастар, көршілер, т. б. ) хабарының маңызы аз емес. Кейбір материалдарды түрлі құжаттардан (жеке іс, сынып журналы, кітапхананың тіркеу қағазы және т. б. ) алуға болады.

1. Алдын- ала танысудың тәсілдері мен әдістері. Тәжірибелі тәрбиешілер жаңа сыныпта жұмысқа кірісе отырып, ең алдымен, сыныппен және әрбір оқушымен алдын-ала жеке-жеке танысуға ұмтылады. Мұның өзі алғашқы оқу тоқсанындағы тәрбие жұмысының нақты жоспарын жасауға көмектеседі. Сонымен бірге алғашқы танысу оқушылар ұжымының өмірі мен қызметін ұйымдастыруды, жекеленген оқушыларға педагогикалық ықпал жасау тәсілдерін таңдауды жеңілдетеді. Алдын- ала зерттеу, ең алдымен, оқушылардың жеке іс-қағаздарымен танысуды көздейді. Мұның өзі өткен оқу жылыгдағы үлгерім мен сабаққа қатысу туралы, денсаулық жағдайы туралы, тәрбиелік дәрежесі туралы түсінік береді. Жеке іс-қағаздарынан оқушылардың қандай қоғамдық міндеттерге қалай қарайтынын білуге болады.

Оқушылармен және сынып ұжымымен алдын ала танысу тәсілдерінің бірі - өткен жылдардағы сынып журналдарын қарап көру. Сынып журналы - сынып айнасы, ол жалпы сыныптың және әрбір оқушының үлгерімі мен тәртібі жағдайын көрсетеді.

Сынып пен жекеленген оқушылар туралы оқушылармен, олардың ата-аналары мен, мұғалімдермен және бұрынғы сынып жетекшісімен, мектеп әкімшілігіндегі адамдармен алдын ала кездесу арқылы көптеген құнды материал алуға болады. Сынып белсенділері туралы, сондай- ақ ерекше көңіл аударуды қажет ететін тәртіпті және болбыр балалар туралы деректер жмнау керек.

Алдын ала танысу кейіннен тәрбиені неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, оқушылар ұжымын ынтымақтастырудың барынша ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Бақылау- оқушыларды зерттеу әдісі. Оқу жылы басталды. Мұғалімдер, әсіресі, сынып жетекшілері оқушыларды күнделікті, ағымдағы зерттеуді ұйымдастыруы қажет. Мұндай зерттеудің ең көп тараған және тиімді тәсілдерінің бірі-бақылау. Ол оқушының мінез-құлқын табтғи жағдайда сипаттайтын түрлі құбылыстар мен фактілерді ұйымдасқан түрде қабылдауды көздейді.

Жеке адам өзін әрекетбарысында көрсететіні белгілі. Сондықтан оқушы зерттеу олардың қызметін ұйымдастыруды және оны бақылауды көздейді. Осы қызмет белсенді болған сайын оқушының ерекшеліктері нақты ашыла түседі. Егер мұғалім немесе сынып жетекшісі ұжымы жеке оқушыны бақылай отырып, фактілерді жай ғана тізе бермей, ашылған құбылыстың түп тамыры мен себептерін ашуға, мұны талдап түсінуге ұмтылса, бала дамуының өзгерістерін, қадағаласа, бақылау зерттеудің тиімді тәіліне айналады.

Оқушы әрекетінң нәтижелерін талдау. Бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге қарап емес, олардың мектептегі және үйдегі іс-әрекеттері, қызмет нәтижелері (үлгерім, техникалық, шығармашылық, қоғамдық пайдалы еңбек және өзіне - өзі қызмет етуге қатысуы, спортпен айналысуы) бойынша түсінік алуға мүмкіндік береді.

Ең алдымен, олардың еңбек әрекетінің нәтижелерімен танысу қажет. Оған түрлі модельдер, көрнекі құралдар, техникалық құрастырмалар, мектеп шеберханасында жасалған бұйымдар жатады. Кейде сынып жетекшісі оқушылардың зор сеніміне, құрметіне ие болса, онда олардың жеке күнделіктерімен де таныса алады.

Мұның бәрі оқушының шығармашылық әрекеттерінің бағытын, оның дарындылығын анықтап, ішкі жан дүниесін жақсы тануға көмектеседі.

Оқушыны зерттеу үрдісінде сауалнаманы қолдану.

Сауалнамада ұғымдар мен түсініктерді, айналадағы адамдарға көмектеседі. Ол, әсіресе түрлі моральдық қасиеттер туралы түсінігін анықтау үшін кеңінен қолданылады. Мысалы, мынадай сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады: тәртіп деген не және ол не үшін қажет? Нағыз достақ дегеніміз не? Осы және басқа сұрақтар оқылғанан кейін жауапты әркім өз бетінше беруі тиіс екенін түсіндіру керек. Егер біреу сұраққа жауап бере алмаса, онда ол “Білмеймін”деп жазады.

Негізгі адамгершілік қасиеттерді түсінудегі елеулі алшақтықтықты және оның үстіне, дәл емес жауаптарды анықтағаннан кейін, сынып жетекшісі сауалнамадағы сұрақтардың мән- мағынасы бойынша этикалық әңгіме өткізеді. Мәселен, сауалдаманың көмегімен зерттеу тәрбиемен, адамгершілік тұрғыдан білім берумен ұштастырылады.

Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометрикалық әдістерді қолдану. Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір- біріне деген немқұрайлықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұны, әсіресі, сынып жетекшісінің білгені өте маңызды.

Мұндай тәсілдің педагогикалық құндылығы сол, олар сынып ішіндегі қарым - қатынастың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым сыйлы, сүйікті және белгілі оқушыларды анықтап, сынып жетекшісі кейін қоғамдық жұмыстардың ұйымдастыру кезінде, өзін- өзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және басқа жұмыстарды оларға сүйене алады.

Дербес мінездемелерді жинақтау әдісі. Бұл- оқушылар туралы әр түрлі адамдардан (мұғалімдерден, ата- аналардан, оқкшылардың жолдастарынан) алынған деректерді жинақтауды және оларды салыстыруды көздейді.

Бұл тәсіл оқушыға неғұрлым нақты мінездеме беруге мүмкіндік туғызады. Оның үстіне бұл мәліметтер оқушының өмірі мен қызметінің сан алуан жағдайындағы, дамудың әр түрлі кезеңдердегі мінез-құлқын сипаттайда. Оқушы туралы материалдар неғұрлым көбірек жиналса, оған, соғұрлым толығырақ мінездеме беруге болады.

Оқушының тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу. Бұл тәсіл әдетте қиын, болбыр, үлгермейтін, тәртіпсіз оқушыларды зерттеу кезінде қолданылады. Тұрмыс және ттәрбие бағдайын білмейінше, ықпал жасаудың нақты және тиімді тәсілдерін белгілеу мүмкін емес. Әбден, барлық оқушылардың үйдегі тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу қиын, тіпті мүмкін емес. Бірақ осы жағдаймен жекелеген отбасыларда, әсіресі берекесіз оқушының немесе жаңа оқушынының отбасында танысуға әбден болады.

Сонымен, тәрбие жұмысын ұйымдастыру нәтижелерін ұйымдастыру нәтижелерін есептеу және бағалау оқушыларды жан- жақты зерттеуді, олардың тәрбиелік дәрежесін анықьауды талап етеді. Оқытудың тиімділігі туралы оқушылардың үлгерімі мен білімділіг дәрежесі бойынша пікір айтылған болса, ал тәрбие тиімділігінң көрсеткіші оқушылардың тәрбиелілік дәрежесі болып табылады. Сондықтан тәрбиелік дәрежесін дұрыс анықтау-тәрбие жұмысының арттырудың пәрменді құралын табу деген сөз. ф

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.
Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.
Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.
Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 - жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс - тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.
Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:
- ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән - мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;
- жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай - ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;
- тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік - жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;
- ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.
Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.
Бірінші блок - байланыс: тақырып - проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.
Зерттеу тақырыбын негіздеу.
Тақырыпты таңдау және нақтылау - ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама - қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.
Тақырып - проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
- Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі) .
- Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы) .
- Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы) ;
- Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу) .
- Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті - тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар) .
- Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы) .
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».
Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.
Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.
Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз) .
Проблеманы қою және дамыту

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат
Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау
Педагогикалық зерттеулердің сапасына қойылатын талаптар
Ғылыми зерттеудің әдістемесі
Ғылым педагогикалық зерттеу
Педагогикалық зерттеулердің эмпирикалық әдістері
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Ғылыми-зерттеу нәтижелерін салыстырмалы талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz