Қымыз түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ғылыми жобаның тақырыбы: Қымыз
Мазмұны:
Абстракт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
А) Қымыз түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Ә) Жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Б) Шипалық қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІV. Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Абстракт
Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының ұлттық сусыны-қымыздың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың сусыны қымызды ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.
Гипотеза: Қымыздың дәстүрлі медицинадағы емдік қасиеті туралы тың мәліметтер таратуда - қымыздың жасалу жолындағы құрамын анықтай отырып, қандай дәрумендер адам денсаулығы үшін маңыздылығы мен пайдасын асыруға мүмкіндік тудыру. Болашақта қымыздың ұлттық сусындардың ішіндегі бренд болатындығына сендіру.
Зерттеу барысы:
Өз қалауым бойынша тақырыпты таңдадым.
Таңдалған тақырыбымды жетекші мұғалімнің көмегімен талқыладым.
Осы өнім жөнінде ауыл мамандарынан, нағашы атам мен апамнан толық мағлұматтар мен кеңестер алдым және сол бойынша зерттеу жұмысын бастадым.
Ізденіс жұмыстарын жүргізу барысында ата-анамның, ата-әжемнің көмегімен ұсынып отырған жұмысыма қосымшалар жасадым.
Жиналған деректерім бойынша және жүргізілген зерттеулер қорытындысымен өз ғылыми жобамды құрастырдым.
Кіріспе
Мен бұл жобамды қазақ халқының сусыны - қымыздың шипалық қасиетін зерттеуге арнадым.
Қымыз - қазақтардың сүйікті тағамдарының бірі. Осы бір тамаша сусын салтанаттардың барлығында алдымен ұсынылатын тағам. Әйел адамдардың асқан шеберлігі алдымен баптап ашытқан қымызының сапалылығымен бағаланған. Тостағандағы қымызды тауысып ішпей, түбінде сарқыт қалдыру айып болып саналған.
Мен қымызды кішкене кезімнен ішемін. Атам маған ылғи да қымыз іш, ол пайдалы дей беретін. Маған осы қымызда не пайда бар екен деген ойлар жиі келетін. Сол сұрақтарыма жауап іздеп көруге бел байладым.
Негізгі бөлім
Ең алғаш қымыз туралы зерттемес бұрын жетекшіммен ақылдасып, жұмысты неден бастарымды жоспарлап алдым.
Қымыздың құрамын анықтау.
Қымызды дайындау әдістерін үйрену.
Қымыздың емдік қасиеттері қандай?
Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға - ем, сауға - қуат, дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, -деп жырлаған екен Жамбыл атамыз.
Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.
Солардың негізгі түрлері мыналар:
Уыз қымыз - бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;
Сары қымыз - жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;
Түнемел қымыз - мол қордың үстіне сүт қышқылыарнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз - үш тәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз - бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз;
Дөнен қымыз - төрт тәулік ашытылады;
Бесті қымыз - бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау қымыз - бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз - баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорабалы қымыз - мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымыз;
Сірге жияр қымыз - күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн
жиналады.
Биенің жаңа сауылған сүті - саумал деп аталады. Бұл саумалды жылыдай кішкене сәбилерге беруге болады. Саумалды бие шелегіне (күбі деп аталады) құймас бұрын шелекті дайындап алу қажет. Яғни, оны алдымен қаймақпен майлап аламыз. Майланған шелекті тобылғыны жағып ыстаймыз.
Дайын болған шелекке қор құямыз: Қор деген апамның айтуы бойынша күзде қымыз ашыту маусымының аяғында, күбідегі қымызды бірнеше күн бойы тимей, сұйығы бетіне шығып, маңызы түбіне тұнғанға дейін ұстайды.Сосын әлгі тұнбаны дәкеге салып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтті суыту
Ұлттық сүт өнімдерін өндіру туралы
Бие сүтінің ашылу тарихы
Қымыз - қазақтың ұлттық сусыны
Табиғи шикізаттар негізінде дайындалған ұлттық сусындар мен өнімдердің маңызы
Қымыздың құрамын жан – жақты зерттеу
Сүт және сүт өнімдерін алу тәртібі мен технологиясы
Қазақтың ұлттық сусындарының қалыптасуының алғы-шарттарының рухани көрінісі
Құтыға құйылған қымыз
Биенің сүті
Пәндер