Үстеу, оның түрлері және оқыту жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Үстеу, оның түрлері және оқыту жолдары

Үстеу - іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді . Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді .

Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:

1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп , қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу , алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б .

3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?

Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді , қазша (қалайша?) қаңқылдады , бекерден-бекер (қалай?) отырма , балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.

4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде, қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты , біршама ( қаншама?) кешігіп қалды, недәуір ( қалай?) өскен екен . Ал сонша ( қанша?) биік , біршама (қанша?) алыс , недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді . Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті , керемет биледі , мүлдем қозғалта алмады . Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

6. Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты , қасақана кетіп қалды , жорта білмегенсіді , әдейілеп шақырды .

7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне : құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады . Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: босқа ренжіді, лажсыздан келісті , т. б.

Үстеудің мағыналық түрлерінің кестесі

ҮСТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ
СҰРАҚТАРЫ
МЫСАЛДАРЫ
ҮСТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ: 1. Мезгіл үстеуі
СҰРАҚТАРЫ: Қашан? Қашаннан? Қашаннан бері?
МЫСАЛДАРЫ: Бүгін, былтыр, биыл, таңертең, бүрсігүні, қыстан бері, ала жаздай, күні-түні, ендігәрі, күндіз, бағана, таңсәріге дейін, енді, қазір, әлгінде, ежелден, кеше.
ҮСТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ: 2. Мекен үстеуі
СҰРАҚТАРЫ: Қайда? Қайдан? Қалай қарай?
МЫСАЛДАРЫ: Кейін, алдыға, артқа, әрі-бері, ілгері-кейін, әрмен қарай, тысқары, төменнен, жоғары-төмен, алдыдан.
ҮСТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ: 3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі
СҰРАҚТАРЫ: Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?
МЫСАЛДАРЫ: Тез, жылдам, бетпе-бет, ақырын, бірден, әрең-әрең, жиі-жиі, бірте-бірте, бұрынғыдай, бұлбұлша, арыстандай, келе сала, емін-еркін, лезде, осылай.
ҮСТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ: 4. Мөлшер үстеуі
СҰРАҚТАРЫ: Қанша? Қаншама? Қаншалық?
МЫСАЛДАРЫ: Қыруар, біршама, әжептәуір, неғұрлым, мұншама, соншалық, әжептәуір, мұнша, сонша, бірталай, көп.
ҮСТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ: 5. Күшейткіш үстеуі
СҰРАҚТАРЫ: Қалай? Қандай?
МЫСАЛДАРЫ: Тым, өте, ең, тіпті, әбден, мүлдем, нағыз, керемет, аса, өңкей, кілең, орасан, ылғи, сәл, нақ, ерен, дәл.
ҮСТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ: 6. Мақсат үстеуі
СҰРАҚТАРЫ: Қалай? Не мақсатпен?
МЫСАЛДАРЫ: Қасақана, әдейі, жорта, әдейілеп.
ҮСТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ: 7. Себеп-салдар үстеуі
СҰРАҚТАРЫ: Не себепті? Неге?
МЫСАЛДАРЫ: Құр босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан, босқа, бекерден-бекер, бекер, босқа.

Үстеудің сөйлемдегі негізгі қызметі - пысықтауыш. Шыңғыстың сырты тез (қалай?) жылынбағандықтан, ерте (қашан?) көктемейтін. Ережені жаттамайынша (қайтпейінше?), тапсырманы орындай алмайсың.

Үстеулер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады.

Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш қызметінде жұмсалады. Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес . Күшейткіш үстеулер сапалық сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш қызметін атқарады. Бәйгеге өңшең жүйрік, кілең сәйгүлік (қандай?) аттар қосылды.

Үстеу тақырыбы тек қана 4- сыныпта өтіледі. Үстеуді етістікпен байланыстыра, қимылдың түрлі белгісін білдіретін сөз табы екендігі ұғындырылады.

Тәжірибелік тапсырмалар:

  1. Жаңа тақырып бойынша конспект жаз.
  2. Мына тірскестермен сөйлем құра

Қатар отырды, сонымен қатар. Кейін қайтады, мерекеден кейін қайтады.

  1. Мақал-мәтелдерге үстеулерді қосып жаз.

Тиісті үстеулер : бұрын, бастан, жастан, тал түсте .

  1. Адаспаймын деген адам адасады.
  2. Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық.
  3. Баланы , әйелді .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліктеуіш сөздерден жасалған үстеулер
Қазақ тіліндегі үстеу сөздер жайлы
Сөз таптарын оқыту негізінде оқушыда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдары
Мектепте үстеуді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділіктері
Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар
С. аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Сөз табы ретінде үстеулерді оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтау
Сөйлемнің пысықтауыш қызметі мүшесі - үстеу сөз табының негізгі синтаксистік қызметі
СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
Орта ғасырлар лингвистикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz