ОҚУШЫЛАРҒА ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС БЕРУДІҢ 20 ЖОЛЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ОҚУШЫЛАРҒА ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС БЕРУДІҢ 20 ЖОЛЫ

Досанова Ұлдай Жақыпқызы Математика пәнінің мұғалімі №50 Абай атындағы жалпы орта мектебі Шиелі ауданы, Қызылорда облысы Резюме В статье даны 20 путей эффективной передачи обратной связи, которые способствуют улучшению процесса обучения. Summary The article gives 20 ways of effective feedback transmission, which contribute to the improvement of the learning process. Зерттеулерге сүйенсек, кері байланыс неғұрлым жағымсыз болса, оқушылардың оқуы мен ынтасына кері әсерін тигізетінін көреміз. Оқушының оқуын жақсарту үшін, оқу жетістігін ілгерілетуде жағымды кері байланыстың ықпалы зор болады. Әйтсе де оқушының оқуына кері әсерін тигізбеу үшін, оның жұмысын дұрыс бағалауда кері байланыстың ең тиімдісін сұрыптай алу керек. Өз оқушыларының жұмыстарынан үнемі оң нәтижелерді көре білетін мұғалімдер - ұстаздардың ұстазы. Мұғалім оқушыға кері байланыс беруде тек оның білімді меңгеруіне ғана емес, оның тәрбиесіне де жауапты болады. яғни сыныпқа келген оқушы өзінің уақытының босқа өтпегенін сезінуі керек. Төменде мұғалімдерге пайдалы болуы мүмкін тиімді кері байланыс берудің 20 жолын ұсынып отырмыз. 1. Кері байланыстың тәрбиелік мақсаты. Кері байланыс оқушыға нені дұрыс, нені қате істегенін көрсету мақсатында беріледі. Дегенмен де басымдық оқушының нені дұрыс орындағанына бағытталуы керек. Себебі, оқушыға орындаған жұмысынан нені дұрыс орындағанын білу оның оқуын жақсартуға ықпал етсе, қателігін түзету - оның ілгерілеуіне септігін тигізеді. Бұл жерде «Сэндвич» әдісі өте тиімді болады. Мадақтау. Дұрыс жауап. Мадақтау. ~ 109 ~ 2. Кері байланыс беруде уақытты қатты ұстану. Егер кері байланыс оқушының тапсырманы орындап бола салысымен дереу берілсе, оқушы айтылған ұсынысты қабылдап, дер кезінде нені дұрыс орындау керектігі жөнінде нақты түсінік алады. Егер кері байланыс беру уақыты созылып кетсе, оқушы кері байланыс пен өз әрекетін байланыстыра алмай, уақытты жоғалтып алады. 3. Оқушылардың жеке қажеттілігіне мән беру. Кері байланыс беруде әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеру керек. Кез келген сыныпта әртүрлі стильдегі оқушылар отыр. Кейбір оқушылар өздерінің қабілеттеріне сәйкес жоғары деңгейге жетуді қаласа, басқа оқушылар өз-өздеріне сенімсіздіктен келесі қадамды жасауға батылы бармайды. Оқушының сезімін жаралап алмау мен оған тиісті кері байланысты беру арасында тепе-теңдік ұсталуы қажет. 4. Төрт сұрақ қою. Төменде ұсынылған төрт сұраққа үнемі жауап беру арқылы оқушыларға тиімді кері байланысты қамтамасыз етуге болады. Бұл сұрақтар ата-аналарға кері байланыс ұсынғанда да қолдануға тиімді: • Оқушы нені істей алады? • Оқушы нені істей алмайды? • Бір оқушының жұмысы басқа оқушының жұмысымен қалай салыстырылады? • Оқушы нені жақсарта алады? 5. Кері байланыста нақты білім мен дағдыны қалыптастыру. Мұндай кері байланыстарда рубрикалар пайдалы құрал болып саналады. Рубрика - оқушыдан күтілетін нәтиже мен тапсырманы байланыстыру құралы. Тиімді рубрикалар - өздерінің орындайтын жұмысында оқушыны нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді және белгіленген стандартқа бағыттайды. Кіші жастағы оқушылар үшін рубрикаларды белгілеп беруге немесе стикерлер арқылы ұсынуға болады. 6. Мақсатқа жету үшін оқушыларды үнемі «фокусте» ұстау. Оқушыларға өз білімдерінің қандай деңгейде екенін біліп отыру үшін оларды жүйелі түрде қадағалап отыру маңызды. Ұсыныстар беру үшін жоғарыдағы төрт сұрақты қолдануға болады. 7. «Бетпе-бет» конференциясы. Оқушылармен бетпе-бет кездесіп сұхбаттасу - кері байланыс берудің ең тиімді жолдарының бірі. Оқушы үнемі өзіне мұғалімнің назар аударуын күтіп отырады және өзін мазалап жүрген сұрақтарын еркін түрде қоюға дайындалып отырады. «Бетпе-бет» конференциясы негізінде оптимистік бағытта болу керек, себебі ол оқушыны ынталандырып, келесі кездесуді асыға күтуіне өз ықпалын тигізеді. 8. Вербальды, вербальды емес және ауызша формадағы кері байланыстар. Кері байланыс беруде өз эмоцияңызды қатаң бақылауда ұстау керек. Вербальды емес кері байланыста беттің құбылуы, жестукяция, мимика сіздің көзқарасыңыздың көрінісі болуы мүмкін. Сол себепті, кері байланыс ұсынуда бетіңізді тыжырайтпаңыз, өзіңізді қатаң бақылауда ұстаңыз. 9. Бір мезетте бір қабілетке мән беру. Оқушыға өзі орындаған әр жұмысы бойынша қателігін көрсетуде бір кемшілікті ғана айтқан жөн. Мысалға тілдік пәндерде бастауыш сынып оқушыларының жазба жұмысын тексеруде, мұғалім тек абзацтың қойылуын тексеруі мүмкін. Бұл оқушылардың назарының бір бағытқа шоғырлануына ықпал етеді. Келесі жолы жаңа фокус алуға болады. 10. Оқушыларға/сыныпқа қосымша уақыт беру. Құжаттарды топтастыру немесе тест тапсырмасымен жұмыс істегенде осы тәсілді қолданған тиімді. Себебі, қосымша уақыт ұсыну арқылы сапалы жазбаша кері байланыс беруге қол жеткізуге болады. Бұл тәсілді сонымен қатар, оқушыларға тақырып төңірегінде тереңірек мағлұмат алуға мүмкіндік беру үшін айналма диаграммасы арқылы мұғаліммен конференцияға шақыруға да болады. Оқушыларк кезекпен мұғаліммен конференцияны күтіп, өздерінің сұрақтарын да дайындап отырады. 11. Оқушыларды өзара кері байланыс беруге дағдыландыру. Оқушыларға тиімді кері байланыс ұсынудың үлгісін көрсетіңіз. Бастауыш сынып мұғалімдері арасында, бұл тәсілді ~ 110 ~ «жұптық конференция» тәсілі деп те атайды. Оқушыларға бір-біріне сындарлы кері байланыс беруге дағдыландыруда ұсыныстың позитивті және пайдалы болуын қадағалаңыз. Ол үшін оқушыларға «post-it» әдісімен өз ұсыныстарын стикерге жаздырдып, қолдау білдіріп отырыңыз. 12. Басқа ересек адамдардан кері байланыс алу. Оқушылардың жұмыстарына кері байланыс беруде басқа әріптес-мұғалімдерден кері байланыс алуға болады. Мысалға, елестетіп көріңізші, оқушы жұмысына мектеп директоры кері байланыс берсе, оқушының оқуға деген ынтасы қандай болатынын. Бірақ мектеп басшысының қолы тимеген жағдайда, мектеп әкімшілігіндегі басқа қызметкерлерден немесе мұғалімдерден кері байланыс алуға болады. 13. Кері байланыс беруде оқушылардың ұсыныстарды жазып алуы. Жазбаша тапсырмаларға кері байланыс беруде, оқушылардан өздеріне берілген ұсыныстарды қағаз бетіне түсіріп алуларын сұрауға болады. Нәтижесінде оқушы ауызша берілген кері байланысты қайта оқу арқылы өз жұмысын жақсартуға мүмкіндік алады. 14. Әрбір оқушының жеке жетістігін бақылап отыру үшін жазба жүргізу. Сыныптағы әрбір оқушының күнделікті, апталық оқу жетістіктеріне берілген кері байланыстарды берілген мерзімі бойынша қағаз бетіне түсіріп отырыңыз. Оқушының қойған жақсы сұрақтары, даму аймағы, тест нәтижелері т. б. Әрине, бұл көп уақытты талап ететіні сөзсіз, әйтсе де оқушымен «бетпе-бет» конференция өткізгенде немесе ата-анамен сұхбаттасқанда бұл жазбалардың сізге қаншалықты көмектесетініне көзіңізді жеткізесіз. 15. Оқушы жұмыстары мен ұсыныстарды сабақ басында таратып беру. Оқушының орындаған жұмысы (тест, жазба жұмысы) мен оған берілген кері байланысты сабақ басында беріп қойса, оқушылар өз жұмыстары бойынша сұрақтар қойып, жақсарту бағытында тиісті шараларды жасауға көмектеседі. 16. «Post-it» әдісін қолдану. Өз жұмысына берілген кері байланысты ауызша тыңдағаннан гөрі, стикерге немесе жазбаша ұсынған әлдеқайда тиімді. Сабақ үстінде бос уақытыңыз болғанда оқушыға берген кері байланысыңызды стикерге жазып, оқушы үстеліне жапсырып қойыңыз. Оқушы стикерді көріп, өзінің жұмысын қайта жақсарту жолдарын қарастырады. Стикердегі ұсыныстан оқушы өзінің қай кезде «ағында», қашан «белсенділігі» төмен болғанын біліп отырады. 17. Шынайы мақтау айту. Оқушылар мұғалімнің әрбір сөзін мұқият бақылап отырады. Егер мұғалім үнемі «Жақсы жұмыс!» «Жарайсың!» сөздерін қолданатын болса, уақыт өте келе, ол сөздердің оқушы үшін мағынасы төмендейді. Оқушының дұрыс орындаған жұмысына мақтау айтқанда, оның алдыңғы жұмысынан қандай артықшылығы және өсу бар екенін атаңыз. Оқушының оқуындағы өзгерістер бойынша

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, түрлері мен әдістері
Оқушылардың маңызды оқу жұмыстарын және нәтижелерін бағалауға көңіл аудару
Бастауыш мектепте жаңартылған мазмұнында білім беруді жоспарлау әдістемесі
Бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының құрылымы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Математиканы оқыту процесіндегі индукция мен дедукция
Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеттері
Оқыту функциялары және оларды жүзеге асыру жолдарының педагогикалық негізі
Оқушыны критериалды бағалауды негізі қалыптастырушы бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz