Патопсихология және психопатия түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы. Патопсихология және психопатия түрлері

1. Патопсихология дамуының қысқаша тарихы. Психиатрия, неврология

1. Патопсихология тарихы.

Патопсихология пәнінің басқа пәндермен байланысы.

Патопсихология ғылымын зерттеуші ғалымдар.

2. Патопсихология саласындағы негізгі мәселелер.

Патопсихология саласындағы негізгі мәселелердің бірі танымдық процестердің бұзылуын зерттеу.

Патопсихология тарихы психиатрия неврология және тәжірибелік психологияның дамуымен байланысты.

ХIХ ғасырдың соңында психология оймен даму сипатын бірте- бірте жоғалта бастады, оны зерттеуге жаратылыстану әдістері енгізілді. В. Вунд және оның шәкірттерінің тәжірибелік әдістері психияторлық емхана - Крепшин Э (1879) емханасына, францияның Сальпетриер (1890) қаласындағы ірі психиаторлық емханаға енгізілді, онда лабароториялар Ресейдің психиаторлық емханаларында да ашылды Қазан қаласындағы В. М. Бехтерев лабораториясы (1885), Мәскеудегі С. С. Корсаков (1886), сосын Юрьевтегі В. Ф Ччжа лабороториясы, Киев қаласындағы И. А Сикорский лабораториясы және т. б.

Біздің ғасыр қарсаңында кейбір ғалымдар психология ғылымының жаңа саласының пайда болатындығы туралы айтқан болатын. В. М. Бехтерев былай деп жазады: Ауру төсегінің жанында психикалық бұзылулардың айтарлықтай дәрежеде клиникалық зерттеуге міндетті, психиатрияның жаңа табыстары патологиялық психология деген атпен танымал білімнің ерекше бөліміне қызмет етті, ол өте көптеген психологиялық мәселелерді шешуге алып келді, және бұған қатысты болашақта бұдан да көп мәселелерді шешетініне еш күмәнсіз сенуге болады.

Психиканың бұзылуы табиғат тәжірибесі ретінде қарастырлады, оның үстіне көп бөлікті қамтитын күрделі психологиялық құбылыстардың, тәжірибелік психологның тәсілі болған жоқ . « Ауру талдаудың жіңішке қаруына айналады, - деп жазды Р. Рибо - ол біз үшін, ешқандай жолмен жүзеге асыруға болмайтын тәжірибелер жасайды(жинайды) .

Алғашқылардың бірі болып, патопсихология бойынша қорытындыланған жұмыстарының бірін « Психопотологияны психологияға қолдануда» атты еңбекте - швейцар психиатры Г. Штерринг былай деп жазды, шынайы өмірдің сол немесе басқа құрама элементінің ауру нәтижесінде өзгеруі, оның қандай құбылыстарға қатысатынын және құрамына кіретін құбылыс үшін қандай мәні бар екендігін бөлуге мүмкіндік береді. Патологиялық материя жалпы психологиядағы жаңа мәселелерді белгілеуге септігін тигізеді, оның дамуына әсер еткенше. Одан басқа, патологиялық құбылыстар психологиялық теорияларды бағалаудың өлшемі болып табылады.

Біздің ғасырымыздың 20 - жылдарында медициналық психология бойынша танымал шет ел психиаторларының еңбектері пайда болды. Э. Кречиердің «медициналық психологиясы» және П. Жаненің «Медициналық психологиясы» онда автор психотерапия мәселелеріне тоқталды. Отандық патопсихологияның дамуы мықты табиғи - ғылыми дәстүрлердің болуымен ерекшеленеді. И. М Сеченов психология мен психиатрияның бір - біріне жақындауына үлкен мән берді. М. А. Волковаға 1876 жылы жазған хатында өзінің «Аққу әні» деп аталған медициналық психологияны жасауға кіріскенін атап өтті. Ол психология туралы былай деп жазды « Ғылым бұл психология негізі болуы мүмкін, бәрібір физиология ретінде дене патология негізінде жатыр.

Бірақ И. М. Сеченов психологияның жаңа саласын дамыта ашады. Ресейдегі патопсихологиялық бағыттың негізін қалаушы психикалық қызметтің бұзылуын кеңінен тәжірибелік психологиялық зерттеуді ұйымдастырушы В. М. Бехтерев болды.

Рефлекторлық концепция өкілі В. М. Бехтерев интроспекцияны ғылым саласынан оны жалғыз ғылыми әдіс обоьективтік деп жариялай отырып қуды. Бірақ белгігі болғандай интроспакті психология мен күрес логикасы диалектикалық материализімді меңгермеген В. М. Бехтеревті психиканың сыртқы көрінулерін абсалюттегі тек психологиялық атауларды қолданудан бас тартуға ғана емес, сонымен бірге субьективтік әлемге енуге әрекет етуденде бас тартуға, рефлексалогияны құруға алып келеді. Және бұл оның шәкірттері мен қызметткерлерінің патопсихологиялық зерттеулерінде байқамай қоймады. Рефлекстік принцип психиканың обьективтік көрінулерін өзінің психологиялық талдауды зерттеуді жоққа шығарды.

Одан басқа патопсихологиялық зерттеулердің басым көпшілігі В. М. Бехтерев шығармашылығының рефлекторлыққа дейінгі кезеңінде, Петербургтегі әскери медициналық академияның жүйке және психикалық аурулар емханасымен лабароториясында жүзеге асырылды.

Патопсихологиялық зерттеулердің диапозоны туралы В. М, Бехтеревтың жетекшілік етуімен орындалған мынадай докторлық дисертациялар бойынша жорамалдауға болады. Ақыл есінен қимылсыздығы үдеген ауруларды тәжірибелік психологиялық зерттеулер. Л. С. Павлов (1907) М. И. Аствацатуровтың « Клиникалық және тәжірибелік зерттеу » еңбегі (1908) « Созылмалы алғаш есі ауысқан аурулардағы ассоциациялар сипаты » В. В Абрамовтың (1911) есі ауысқандар шығармашылығын және басқада (интелектуалдық) танымдық қызметтерін обьективтік психолгиялық зерттеу және т. б.

В. М. Бехтерев мектебінің жұмыстарынан әртүрлі категорияны құрулардың ассоцациялық қызметі, ойлауы, сөйлеуі ақыл ой мен жұмыс істеу қабілеттілігінің сәйкес жастағы жынысы және білімі сәйкес дені сау адамдармен салыстырсалы ерекшеліктері туралы нақты бай материал алынды. Өзінің психологиялық талдауынан кету іс жүзінде В. М. Бехтерев ұсынған жеке тұлға принципіне қарама - қайшы келді. Ауру адамның жеке тұлғасы және оның экспериментке қатынасын экспериментатор еш қараусыз қалдырмайды. Ауруда обьективтік бақылау бере алатынның бәрін мимикадан бастап және аурудың өтініші мен мінез - құлқы назарға алынуы тиіс. Бұл қарама - қайшылық рефлексология принциптеріне қарамастан В. М. Бехтерев мектебі өкілдерінің нақты зерттеулеріне психологиялық талдаудың өтуіне алып келді. Оған 1907ж шыққан М. И. Аствацатуровтың «сөйлеудегі негативизімнің пайда болуы» атты еңбегі мысал бола алады. Аурудың сөзі бұл зерттеуде біртұтас мінез - құлық жүйесінде талданады, аурудың басқа жағдайлардағы сөйлеуімен эксперименттік әңгімелесудегі сөйлеу ерекшеліктері салыстырылады, ұқсас сөйлеу реакцияларының әр түрлі табиғаты болуы мүмкін екендігі ескеріледі.

В. М. Бехтерев мектебінде қабылданған психологиялық қызметтің бұзылуын сапалы түрде талдау принципі отандық психоглогияның дәстүрі болды. В. М. Бехтерев, С. Д. Владычко, В. Я. Анфимов және мектептің т. б. өкілдері ақыл есі ауысқандарды тәжірибелік психологиялық зерттеуден көптеген әдістемелерін жасады. Олардың кейбіреулері кеңестік патопсихологияда көбірек қолданылатындардың қатарына кіреді.

В. М. Бехтеревтің, С. Д. Владычко тұжырымдаған, қазіргі заманғы ғылымға арналған әдістемелерге қойылатын талаптар өз мәнін сақтап қалды.

1) Қарапайымдылық (эксперименттік міндеттерді шешу үшін зерттеушілер ерекше білім дағдыларды менгеруі міндетті емес. )

2) Ауруды лабароториялық жағдайдан тыс тікелей төсегінде зерттеу мүмкіндігі.

3) Жасы, жынысы, білімі, сәйкес келетін дені сау адамдарға көптеп алдын ала сынақ жүргізу әдістемесі.

Отандық тәжірибелік психологияның бағытын анықтауға В. М. Бехтеревтың шәкірті негізін салған психоневрологиялық иституттағы психологиялық лаборатория меңгерушісі, А. Ф. Лазурский негізгі роль атқарды.

А. Ф. Лазурскийдің « жалпы және тәжірибелік психология атты кітабының алғы сөзінде Л. С. Выготский былайдеп жазды - ( яғни А. Ф. Лазурскийдің эмперикалық психологияны ғылыми психологияға айналдыру жолында болған зерттеушілерге жататындығын жазды.

Жеке және педагогикалық психологияның мәселелерін талдай отырып, А. Ф. Лазурский патопсихологияға үлкен мән берді. Жан патологисының тапқан мәліметтер қайта қарауға мәжбүр етті. Ол көптеген жағдайларды қалыпты психологияның көптеген маңызды бөлімдерін негізі қайта өңдеуге мәжбүр етті. Патология адамның жан дүниесінің қасиеттерін қарастыруына мүмкіндігін береді.

А. Ф. Лазурский тәжірибелік әдістемелік салада жаңалық табушы болды. Ол экспериментті күнделікті өмірдің дағдылы жағдайларныда қолдана отырып, оның психологиядағы шекараларын жылжытты және іс - әрекеттің нақты формаларын тәжірибелік зерттеудің құралы етті. А. Ф. Лазурский жасаған табиғи тәжірибе алғашында педагогикалық - психологияға арналған емхана енгізді. Әрине мұндай экспериментті емхана жағдайында жүзеге асыру әдеттегі оқу қызметі барысында белгілі бір образбен сабақ бағдарламасында құруға болатын тәжірибелік тапсырмалар беруге болатын мектептегіге қарағанда неғұрлым күрделірек болды. Емханада табиғи эксперимент аурулардың бос уақытын оның көңіл - күйін көтерулерін ұйымдастыру барысында қолданылды. Арнай мақсатта есептеу тапсырмалары, регустар, жұмбақтар мәтініндегі бос әріптермен буындардың орнын толтыру және т. б. тапсырмалар берілді.

Клиникалық психологияда екінші орталық С. С. Корсатовтың Мәскеудегі психиаторлық клиникасы болды. Бұл емханада 1886ж бері Ресейдегі ешінші А. А. Токарский басқарған психологиялық лобароторияны ұйымдастырды. Психиатрияның прогресивті бағыттарының барлық өкілдері сияқты С. С. Корсаков психология ғылым негіздерін білу есі ауысқан адамнаң психикалық қызметінің құлдырауын дұрыс түсіну мүмкіндігін береді деген пікірді ұстанды. Оның психология негіздерін баяндаудан психиатрия курсын оқуды бастауы кездейсоқ емес.

Осыған ұқсас дәстүрлерді С. С. Корсаковтың ізбасарлары В. П. Сербский, А. Н. Бернштейн және т. б ұстанды.

С. С. Корсаковтың емханасынан шыққан жұмыстарда психологиялық ғылым теориясына құнды үлес қосатын ережелер бар. Қызметкерлер Корсаковтың, Токарскийдің «ақымақтық туралы» атты мақаласынла ақыл - есі кемдіктің құрлымына қызықты талдау жасалған. Ол аурудың танымдық қызметінің бұзылуы жекеленген қабілеттіліктерінің құлдырауына алып келеді. Ал әңгіме ойлау қызметінің бұзылуы күрделі формалары туралы болады.

Тәжірибелік психологияға қызығушылық Мәскеу қоғамдық психиаторларының бір қатар мәжілісі психологиялық зерттеу әдістерін таныстыруға арналғандығынан байқалады.

1911 ж Бернштейннің эксперименттік психологиялық зерттеу әдістемесін сипаттауға арналған кітабы шықты. Сол жылы Рибаков өзінің « Жеке тұлғаны психологиялық зерттеу» атыласын шығарды. Сөйтіп Ұлы Қазан социалистік ревалюция қарсаңында Ресейде білімнің психология саласында эксперименттік патопсихология қалыптаса бастады. Сол кезеңдегі басты психиаторлармен невропатологтардың психологтармен үлкен бірлестігін атап өту қажет. Олардың көпшілігі мысалы: Бехтерев, Корсаков, Сербский және Бернштейн өз кезеңінің алдыңғы қатарлы психологиялық идеяларын жасаушылыр болды. Психологияның дамуына ғылыми ұйымдастыру бағытында да әсер етті. Ол өз лексияларын психология ғылым негізінен психолгиялық ғылыми қоғамның мүшелері психологиялық журнал редакторлары және т. б болып табылды.

Патопсихологияның білімнің белгілі бір саласы ретінде қалыптасуында көрнекті кеңес психологы Выготскийдің пәндік қызметі туралы идеясының маңызы болды, оны ары қарай жалпы психологияда оның шәкірттері мен қызметтестері Леонтьев, Лурия, Гальперин т. б дамытты.

Қарқынды эксперименттік психологиялық зерттеулер Бехтерев атындағы Ленинграттық институтында бірнеше ондаған жылдар бойы өткізілді. Бехтеревтің дәстүрлерін негізге ала отырып Мясищев психологиямен психиатрияны үйлестіруге және ауруларды психиаторлық емханада зерттеулердің обьективтік әдістерін енгізуге ұмтылды.

Осы жылдары әлемде КСРО-да алғаш рет құрылған еңбекке қабілеттілікке сараптама жасайтын орталық ғылыми зерттеу институтының психологиялық лабораториясында бір қатар ірі зерттеулер жасалды.

Осы лабораториядан миына зақым келген аурулардың танымдық қызмет ерекшкліктерінде эплепциямен, шезофрениямен ауратындардың психикалық қызметімен еңбекке қабілеттілігінің ерекшеліктеріне арналған жұмыстар шықты.

Ұлы отан соғысы жылдарында патопсихологтар нейропсихологиялық госпитальдарда қалпына келтіру жұмысынан қосылды. Патопсихологиялық зерттеулер пәні мидың жарақат алуынан туындаған психикалық қызметтің бұзылуына және оларды қалпына келтіру болып табылады.

Патопсихология саласындағы негізгі мәселелердің бірі танымдық қызметтің құлдырау мәселесі болып табылады. Бұл саладағы жұмыс әртүрлі бағытта жүреді. Танымдық процестердің бұзылуы құрылымдағы жеке компонентерінің өзгеруі зерттеледі. Зерттеудің басты бағыты психиаторлық емханада жеке тұлғаның бұзылуында байқалатын психологиялық талдауды зерттеуге бағытталған.

Адамның психикалық қызметін өзгерте отырып ауру жеке тұлғаның ерекшеліктер потологиясының әртүрлі формаларына алып келеді.

Қазіргі уақытта мативацияның ирерхиялық құрылымдарының, олардың мағынасын құрайтын қызметін зерттеу кеңінен өткізілуде. Сол сияқты әртүрлі психикалық аурулардың ішкі бейнесі зерттеледі. ММУ психолгия факультетінің патопсихология лабораториясы, Мәскеу психиатрия институтының патопсихологиялық лабораториясы Д. Н. Узнадзенің мақсат теориясын қолдана отырып, Грузияның бір қатар психологтарымен психиаторлары жүйке ауруларының әртүрлі формаларындағы мақсаттың бұзылуын зерттейді.

Осы зерттеулердің бәрі өз уақытында Выготский қойған психиканың дамуымен төмендеуі сәйкестігі туралы яғни методолгиялық мәні бар мәселені зерттеуге алып келуге мүмкіндік береді.

Соңғы уақытта патопсихологиялық зерттеулер эксперимненттік тәжірибеде айтарлықтай кеңейді. Әлеуметтік психиатор және еңбек.

Еңбек және әлеуметтік реабилитация мәселесі бүгінде әр түрлі мамандық өкілдерінің зейінін аударады. Ауру адамдардың функцияларының жекелеген бұзылулары сияқты, еңбекке қабілеттілігінде қалпына келтіретін лабораториялар кеңейеді. Психологтардың қатысуы бүгінде тек қажет қана емес сонымен бірге қалпына келтіру жұмысы сияқты, жүйке ауруларының алдын алу саласында да жиі негізгі фактор болып табылады.

Патопсихолгиялық зерттеулер балалардың психоневролгиялық мекемелерінде ерекше дамыды. Ақыл - есі кемдігін ерте анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелер жасалды.

Эксперменттік патопсихология саласындағы зерттеу және тәжірибелік жұмыстың өсуі патопсихология саласындағы зерттеулерді біріктіретін және үйлестіретін секциялардың бар екндігін көрсетеді.

Соңғы уақытта ғылыми сияқты тәжірибелік мекемелерде де жұмыс істейтін жас маман - психологтардың саны ерекше артқаны байқалуда. Бұған патопсихология бойынша психология факультетінің студенттерінің бір бөлігін мамандандыру әсер етті. Сөйтіп бүгінде бізде өз пәні, өз әдістері өзінің теориялық және тәжірибелік міндеттері бар, білімнің психологиялық саласы - эксперименттік патопсихология дамып келеді.

2. Патопсихологиялық зерттеу құрлымының (құрудың) принциптері.

1. Патопсихологиялық зерттеу тәсілдері. Патопсихологиялық зерттеу тәсілдеріне методологиялық сипаттама беру. Патопсихологиялық эксперименттің ерекшеліктерін анықтау. Патопсихологиялық лабороторияларда қолданған әдіс - тәсіл принциптерін түсіну.

2. Сандық өлшеу әдісі.

Сандық өлшеу әдісін түсіндіру. Қолдану тәсілдерін меңгеру.

Психологиялық ғылымның барлық саласы сияқты, потопсихология эксперимент әдісін қолданады. Патопсихологиялық зерттеу тәсілдері, олар негізделетін жалпы психологиялық принципті (негізді) теориялық мақсаттарға байланысты болады. Сондықтан психологиялық зерттеудің нақты жолдарын таңдап алу тек әдістемелік қана емес, сонымен бірге методологиялық сипатта да болады. Патопсихологиялық эксперименттің ерекшеліктерін түсіну үшін жалпы психологияның зерттеу әдістеріне бірнеше сөзбен тоқталып өту қажет. Эксперимент әдісі психологиядағы танымның жалғыз жолы болып табылады. Ол психологияның даму шамасы бойынша дәл ғылым ретінде және оның жалпы теориялық ережелерімен байланысы ретінде басым болды.

Бәрімізге белгілі, психология - рационалистердің зейіні адам психикасында жекелеген «Шын жүректен шыққан қабілетін» шектеуге бағытталған, олардың әрқайсысын сырттан алынған материалды өз бетінше қайта өңдейді. Психология осы мүмкіндіктерді суреттеу жұмысына алып барады.

Адамның ішкі дүниесін ойша суреттеу өз көрінісін тек психология-рационалистте алған жоқ. Ол психологияны түсінетін деп аталатын өкілдерден өз орынын тапты. (Ә. Шпангер, В. Дильтей) . Психиканың жекелеген процестерге немесе қызметтерге ұсақталуын (бөлінуін) жоққа шығара отырып, бөлінбейтіндігін, психологиялық бірлестігін (түтастығын) мойындай отырып, осы бағыттың өкілдері, егер табиғатты түсіндіруге болатын болса, онда психиканы тек түсінуге болады, деп есептей отырып, психикалық ғылыми зерттеуден бастартады. Түсінетін психологияның бұл ережелері өз көрінісін психолог-экзистенциалистер концепциясында тапты.

Тәжірибеде бұл, психология бар болғаны субъектіні өткізуді бақылау, оның айтқандарын және өзі бақылағандарың тіркеуі және эксперименттен бас тарту, сол немесе басқа процестің ағыны тәуелді болатын жағдаймен

қызметті өзгерту мүмкіндігінен бас тартуы тиіс екендігін білдіреді. Мәні
басқаша, психолог-экзистенциалист құбылысты суреттеуге ұмтылады, бірақ
оның мәніне үңілмеуге (байлауға) ұмтьілады. Рационалистікпен алмасуға
әкелген эмперикалық психология зерттеу әдісінің басқаша түсінігін алып
келеді. Эмперикалық психологияның дамуымен, психофизалогияның
дамуымен психологияға невралогия және психатрия тәжірибесінен енген
(кірген) эксперимент әдісі қолданыла бастады (В. Вундт, Г-Әббин - Ә. Гауз.
Титчеенер) . Ірі емханаларда (Ленинградтағы В. М. Бахтеревтың, Лейпцигтегі
Ә. Крепеилнаның, С. С. ) психологиялық лабарато риялар ашылды.

Лабороторияларда қолданған әдіс - тәсіл принциптері әртүрлі. Оларға қысқаша тоқталып өтейік. Ұзақ уақыт бойы емханаларда Вундтың психологияға сүйенген (негізделген) әдіс психикасының процестерді сандық өлшеу әдісі үстемдік етті. Туа біткен мүмкіндіктер сияқты, тек даму кезінде ғана өзгеретін психологиялық процестерге көзқарас, өлшеу психологиясын құру мүмкіндігі туралы идеяға алып келеді. Психикалық процестерді эксперименттік зерттеу оның тек сандық сипатын белгілеуге, дәлірек айтқанда, жекелеген психикалық мүмкіндіктерді өлшеуге алып келеді.

Туа біткен мүмкіндіктерін сандық, өлшеу принципі психиатриялық және неврологиялық емханаларда зерттеудің психологиялық әдістері негізіне жатқызылды. Қандайда бір (фукциялардың) құлауын зерттеу оның қалыпты стандарттан сандық ауытқу деңгейін белгілеуге болады.

191 Ож көрнекті невропатолог Г. И. Россолиио, оның пікірі бойынша, жекелеген психикалық функцияның субъектінің психологиялық процесін (белгілеугее) анықтауға мүмкіндік беретін сияқты психологиялық эксперименттің жүйесін жасады. Автордың пікірінше, мидың әртүрлі патологиялық жағдайы психодинамиканың өзгеруі белгілі бір типтік процесін тудырды. Бұл әдістің негізінде туа біткен оқшауланған мүмкіндіктердің болуы туралы эмперикалық психология концепциясы жатыр. Бұл жалған теория да солай, психикалық қызметтің бұзылуын талдауға жеңілдетілген сандық тәсіл сияқты, клиникалық тәжірибенің барабар сұраныстарын, әдістемелерді қамтамасыз ете алады, психологияны клиникалық міндеттерді шешуге жақындатуға әрекет қылудың өзі, өз уақыты үшін прогресивті болады.

Жекелеген психикалық функцияларды сандық өлшеу әдісі, басында ақыл-ой мүмкіншілігін анықтау деңгейіне бағытталған - Бин-Силонның тест зерттеуде көрінуге қол жеткізді. Оның тест зертеуі, баланың ақыл-ой мүмкіндікті фатальды бөлінген тұқымқуалаушылық факторлармен бөлінген деңгейде оқу мен тәрбиелеу деңгейіне тәуелді болады. Әрбір балаға белгілі бір, көп немесе азырақ тұрақты жасқа сай интелектуалды коәффицент (ЬСО тән.

Балаға ұсынылған міндеттер, өзін шешу үшін белгілі бір білімдерді, дағдыларды талап етті және жақсы жағдайда олардың ақыл - ой қызметінің сапалы ерекшеліктерінің құрлымы туралы емес, білімдердің саны туралы талдауға (пікір айтуға) мүмкіндік берді.

Осыған ұқсас, таза сандық өлшеуге бағытталған зерттеулер баланың әрі қарай дамуын болжауға мүмкіндік бермейді. Ал осы тестің арасында кейбіреулерде, туа біткен «Қабілетті» сияқты, басқалардан туа біткен мүмкіншіліктерден тәуелді деп жарияланған балалар бөлімшесі кейбір елдерде өткізілді және қазірде өткізіледі. Тестер әдісі біздің елдерде де балаларды мектептерде педагогикалық зерттеулер деп аталадын зерттеулерде қолданылады. Оларға ОК ВКП (б) -ң 4 шілде 1936ж қаулысымен жалған ғылыми әділ баға беріледі.

Сандық өлшеу әдісі қазіргі уақытқа дейін шетелгі көптеген клиникалық психологияның еңбегінде негізгі болып қалады. Ауруларды экспериментальды -психикалық зерттеуге арналған соңғы жылдары жарияланған көптеген монографиялармен мақалаларда есептеп шығаруға дейін осыған ұқсас тесттік зертеулер өткізіледі.

Ауруларды функцияналды өлшеуге бағытталған әдістер мен зерттеу кезінде ақыл-ой қызметінің ерекшеліктерінде бұзылудың сапалы емес жағыда талдау клиникалық міндеттерді шешу кезінде соншалықты қажетті, орнын толтыру мүмкіндігі де ескеріле алмайды.

Өлшеу жолымен тек жұмыстың соңғы нәтижесі ғана айқындалады, ал оның процесінің өзі, зертеушінің тапсырмаға қатынасы, зертеушінің сол немесе басқа іс -әрекет тәсіліне (оятатын) түрткі болатын мотивтер, жеке адамның мақсаты, тілегі - бір сөзбен айтқанда, зертеуші қызметінің сапалы ерекшеліктерінің көптүрлілігі байқалмауы мүмкін.

Таза сандық әдіспен қатар соңғы жылы шетел патопсихологиясында тек жеке тұлғаны анықтауға ғана бағытталған әдістемелерді пайдалануға тенденция байқалады.

Бұл бағыттың өкілдері өз зерттеулерінде негізгі жоба әдісін қолданады, зертеушіге ұсынылатын тапсырма, шешудің қандай да бір тәсілін қарастырмайды. Міндеттерді (тапсырмаларды) орындауға сәйкес белгілі бір шарттарды орындауды талап ететін тесттен айырмашылығы, протективті әдіс, зертеуші өз күйзелісін, өзінің жеке және өзгеше (сипатын) ерекшеліктерін көрсете алуына тек ыстау ретіне кез-келген міндеті қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патопсихология пәні және мақсаты
Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс – жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі
Шизофрения
Жасөспірімдер психопотологиясының негізгі бөлімдері
Психология жүйесі
Жеке тұлға және оның негізгі потологиялық нысандары
Медициналық психология пәні
Мектептегі психолог қызметінің қажеттілігі мен ерекшелігі
Жеткіншектердің психологиялық даму ерекшеліктері
Патопсихология жайлы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz