Психологиялық - педагогикалық диагностиканың ғылымитеориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

1-тақырып. Психологиялық - педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негіздері.

Жоспары:

1. Психодиагностика туралы түсінік.

2. Психодиагностика зерттейтін пәні.

3. Ғылым саласы ретінде.

4. Психодиагностиканың алдында тұрған зерттеу мәселері мен міндеттері.

5. Психодиагностика жүргізетін маманның кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптар.

6. Психодиагностика жүргізуге қойылатын кәсіби этикалық талаптар.

Лекция мақсаты: Студенттерге психологиялық - педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негіздері жайлы жан-жақты түсіндіру

Лекция мәтіні (қысқаша) Психодиагностиканың алдында тұрған зерттеу мәселері мен міндеттері. Психодиагностика жүргізетін маманның кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптар. Психодиагностика жүргізуге қойылатын кәсіби этикалық талаптарын жан-жақты қарастыру.

Қолданылған әдебиеттертізімі:

1. Абрамова Г. С. Введение в практическую психологию. Екатеринбург, 1995.

2. Анастази А. Психологическое тестирование в 2-х т. М., 1982.

3. Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика личности. Киев, 1989.

4. Гайда В. К., Захаров В. П. Психологическое тестирование: Учебное пособие. Л., 1982.

5. Гильбух Ю. З. Психодиагностика в школе. М., 1990.

6. Кабанов М. М. Методы психолопіческой диагностики и коррекции в клинике. М., 1983.

7. Общая психодиагносүика// Под ред. АА. Бодалева, В. В. Столина М., 1987.

8. Пиаже Ж. Экспериментальная психология. Вып. 5. М., 1975.

9. Психодиагностика, коррекция и развитие личности //Под ред. Шевандрина. М., 1998.

Бақылау сұрақтары:

  1. Психодиагностиканың зерттеу пәні.
  2. Психологияда «психодиагностика» терминін пайдалану мәндері.
  3. Психодиагностиканың мақсаты мен міндеттері.

1. 1. Псходиагностика туралы түсінік және оның зерттейтін пәні

Психологияда психодиагностика термині кеңінен пайдаланылады. Диагностика ұғымы медицинада ежелден пайдаланылып келе жатыр, ол аурудың түрін анықтау және медицинада қалыптасқан терминдермен белгілеу процесі болып табылады, ал психологияда бұл термин онтоғызыншы ғасырдан бері кеңінен пайдалануда. Психодиагностика (грекше Psycһe - жан, Diagnostikos - тануға қабілетті, танып білу) психологиялық диагноз қою немесе жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің, күй-жағдайларының ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан бағалау. Психология ғылымының бір саласы ретінде психодиагностика екі бағытта дамуда.

Психодиагностикаға екі анықтама беруге болады. Біріншісі, психодиагностика - адамның дамуындағы оның жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері мен болашағын анықтауға арналған әдістерді құрастыратын психологияның ғылыми саласы. Бірінші анықтамасы бойынша психодиагностиканың негізгі мақсаты - психологиялық диагноз қоюға пайдаланылатын ғылыми жағынан тексерілген, сенімді және нақты әдістемелер мен психодиагностикалық құралдар жасау. Бұл бағытта психодиагностиканың алдында келесі мәселер зерттелінеді:

  1. Психологиялық қасиеттердің табиғаты және оларды ғылыми негізде бағалау қаншалықты мүмкін екендігін анықтау.
  2. Психологиялық қасиеттерді танып білуге және оның көрсеткіштерін нақты сандармен бағалауға қазіргі ғылыми білімнің негіз бола алатындығын дәлелдеу.
  3. Қазіргі кезде пайдаланылатын психодиагностикалық әдіс-тәсілдердің жалпы ғылыми әдіснамалық талаптарға қаншалықты сай келетінін бағалау.
  4. Психодиагностикалық әдіс-тәсілдерге қойылатын әдістемелік талаптар.
  5. Психодиагностика жүргізуге қойылатын талаптардың, әдіс-тәсілдер пайдаланып жинаған материалдардың, нәтижесін талдау және түсіндіру ережелерінің сенімділігін қамтамасыз ету жолдарын іздеу.
  6. Психодиагностикалық әдіс-тәсілдерді құру тәртібі мен ғылымилық талапқа сай екендігін тексеру.

Психодиагностиканың екінші анықтамасы оның психолог қызметтінің ерекшеліктерін көрсететіндігіе бағытталған, сондықтан нақты тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін бағалау психологиялық ғылымдардың бір саласы. Психодиагностикалық әдістердің көмегімен әр адамның жан дүниесінің қасиеттерін нақты бағалау арқылы оның психологиялық ерекшеліктерін жүйелі түрде сипаттаға мүмкіндік туады. Психодиагностика көмегімен жан дүние қасиеттерінің көрініс беру ерекшеліктерін ғана анықтап қоймастан, сонымен қатар зерттелінушілердің оқу-тәрбие жұмысында, қарым-қатынас барысында белгілі бір мәселелерді шешуде орын алған қиындықтарыдың психологиялық себептері анықталады. Бұл көрсеткіштер зерттелінушінің психологиялық қасиеттерінің даму ерекшеліктерін, жекелік құрылымының даму деңгейін бағалау, қарым-қатынас ерекшеліктерін талдау нәтижесі болғандықтан сол адамға қажетті психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтауға негіз болады. Сондықтан психодиагностика жүргізуге психологиялық қызмет көрсету барысында үлкен мән беріледі.

Психологиялық диагноз қою - бұл бір-бірімен байланысты психологиялық қасиеттер мен күй-жағдайлар комплексін - динамикасын, қабілетін, мотивациясын, тұлғаның тұрақты көрсеткіштерін - құрылымдық жағынан талдау жасап бейнелеу. Зерттеу нәтижесінде анықталған диагнозға сүйене отырып зерттелінген қасиеттерді жетілдіру, өңдеу және дамыту туралы нұсқаулар жасалады. Сондықтан психодиогностиканың екінші бағытының мақсатын келесі түрде анықтауға болады: психологтардың жүйелі жүргізген зерттеулері көмегімен балалар, оқытушылар, тәрбиешілер, ата-аналар т. б. зерттелінушілердің, жеке даралық психлогиялық даму ерекшіліктері туралы толық мәлімет жинап, оның психологиялық бейнесін құру, олардың өмір сүретін әлеуметтік топтарының құрылымдық және қарым-қатынастық ерекшеліктерін анықтау. Сондықтан бұл бағыттағы психодиагностиканың алдында келесі мәселер шешуін талап етеді:

  1. Психодиагностика жүргізетін психологтың кәсіби даярлығына қойылатын талаптарды анықтау.
  2. Психологтің кәсіби қызметін атқаруға қажетті білім, іскерлік және дағдылар тізімін анықтау.
  3. Психологтің психодиагностикалық әдіс-тәсілдерді меңгергендігінің көрсеткіштерін анықтау.
  4. Психологтарды кәсіби қызметке даярлау бағдарламаларын жасау және кәсіби қызметті жүргізуге құзырлылығын бағалау құралдарын анықтау.

Теориялық және тәжірибелік мәселерді шешу бір-бірімен тығыз байланысты жүреді. Жоғары квалификациялық маман болу үшін психолог психодиагностиканың осы екі бағытының да ғылыми негіздерін жақсы меңгеруі керек. Психодиагностиканың осы екі бағытындағы білімдер психолог жұмысында бір-бірімен ұштастырылып кеңінен пайдаланылады.

Психодиагностика психологиялық қызметтің барлық бағыттарының негізін құрады: білім беру жүйесінде психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойының, жеке тұлғалық қасиеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу барысында, оқу-тәрбие процесін жетілдіру және педагогтар мен ата-аналарға балаларды тәрбиелеудегі орын алатын қайшылықтарды шешу жолдарын анықтауға көмектесуде, психокоррекциялық жұмыстарды ұйымдастырғанда психодиагностикалық зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Әлеуметтік ортада психологиялық қызметті ұйымдастыруда да психолог жұмысы психодиагностикалық зерттеулерге негізделіп жүргізіледі.

Жеке тұлғаның әрбір психологиялық қасиеттері бір-бірімен өзара байланысты және олар үнемі даму үстінде болады. Сондықтан психодиагностикалық зерттеулердің басты мақсаты жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуына ықпал жасау болып табылады. Сондықтан барлық психологиялық қызмет көрсету жағдайларында психодиагностика алдында келесі міндеттер тұр:

  1. Зерттелініп жатқан адамда психологиялық қасиеттің бар екендігін анықтау.
  2. Анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін сандық және сапалық көрсеткіштермен бағалау.
  3. Диагностикаланған психологиялық қасиеттің және мінез-құлықының көрініс беру ерекшеліктерін талдап сипаттау.
  4. Даму деңгейін салыстырмалы түрде талдау арқылы оның нормасы мен ауытқуларын анықтау.
  5. Психологиялық дамуында ауытқуы байқалған қасиеттерді түзету жолдарын анықтау.

Психодиагностиканың осы аталған міндеттерінің әрқайсысы жеке-дара немесе бір-бірімен ұштастырылып шешіледі. Олардың қайсыбірін шешкенде де нәтижелерін талдауға математикалық және статистикалық талдау әдістерінің элементтері міндетті түрде пайдаланады.

Психодиагностика арнайы даярлықты талап ететін психологиялық қызмет көрсетудің өте күрделі бір бағыты. Психодиагностика жүргізуге қажетті білім мен іскерліктің, әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдаланып, зерттеу нәтижесін талдаудың өте күрделі және қиындығына байланысты бұл қызмет арнайы біліктілікті және мамандандыруды талап етеді. Сондықтан тәжірибеленуші психологтар арасында психолог-диагност, кеңес беруші психолог, коррекциялық тренинг жүргізуші тренер-психолог деп бөлінеді. Психологтар арасындағы осындай жіктелу олардың біліктілігін арттыруға, өз бағытында кәсіби шеберлікке жетуге мүмкіндік береді.

Психологиялық мамандықтар ішінде психодиагностика себепсіз бірінші орында тұрған жоқ. Психологиялық қызмет көрсетудің қай саласын алып қарасақ та барлық мамандар өз жұмысын психологиялық диагноз қоюдан бастайды. Психодиагностикалық қызметті атқарушыларға қойылатын қатал талаптар бар. Бірінші талап, пихологтың теориялық білімі терең болуы. Барлық пайдаланылатын психодиагностикалық әдістер қандай теориялық қағидаларға негізделгенін және жиналған мәліметтерді сол теория тұрғысында талдау жолдарын меңгерген болуы керек. Мысалы, проективтік әдістерді пайдалану құзырлылықпен пайдалану үшін психоаналитикалық теорияларды жақсы меңгеру керек. Онсыз психодиагностикалық тұжырымдар зерттелінушінің жеке тұлғалық қасиеттерін дұрыс талдау және ерекшеліктерін толық ашып көрсету мүмкін емес.

Психодиагностика жүргізетін психологқа қойылатын келесі талап - адамдармен тіл табыса білуі. Психолог жарқын жүзді, ізгі ниетті, сенімді, адал, ықыласты, барлық адамдармен ынтымақтастықта болуы керек. Онсыз зерттелінуші психологқа ашық бола алмайды, ал психологиялық диагноз қоюды жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік болмайды.

Келесі талап - пайдаланылатын психодиагностикалық әдістерді егжей-тегжей меңгергендігі. Барлық пайдаланылатын әдіс-тәсілдермен психолог алдын-ала танысып, оны өзі орындап, апробациядан өткізуі керек. Сонымен қатар орындау ережелерін, бағалау шкалаларын, нәтижелерін талдау жолдарын толық меңгеріп алу керек. Тек сонда ғана психологиялық диагнозды нақты анықтауға болады.

Жеке тұлғаны зерттеу барысында психодиагностикалық белгілер, психодиагностикалық категориялар және психодиагностикалық қорытындылар ұғымдары кеңінен пайдаланылады. Психодиагностикалық белгілерді тікелей байқауға және тіркеуғе болады, ал психодиагностикалық категориялар - адамның ерекше мінез-құлық көрсетуіне себеп болатын, астыртын, бүркемелі түрде әсерін тигізетін ішкі факторлар. Психологиялық диагноз қоюдың қиындығы осы екі көрсеткіштердің арасындағы байланыстардың біркелкі еместігінде. Осыған байланысты психодиагностикалық белгілерді жүйеге келтіріп психологиялық категорияға келтіру технологияларын жасау - психодиагностика пәнінің негізі болып табылады. Психодиагностикалық зерттеу әдістері көмегімен жиналған материалдарды талдауда стандарттау, математикалық талдау технологиясын пайдалану ұстанымдарын психометрика жасайды. Оны психодиагностикада пайдалану арқылы зерттеу нәтижелері ретке келтіріліп, нәтижесін түсіндіру ережелері жасалады.

1. 2. Психодиагностиканы жүргізу жолдары

Ұзақ жылдар бойы психологияда адам жанының сырын өзін-өзі байқау әдісі арқылы білуге болады деп санап келеді. Бұл әдіс адам «жаны» ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа негізделді. АҚШ психологі Э. Титченер айтуынша егер адам өзін хайуанаттар орнына қойып, олар сондай ортада өмір сүрсе, солардың қылығын жасар еді. Дегенмен, адамдар хайуанаттарды адамға тән саналы әрекетке үйрету арқылы оларда да адамдық қасиеттерді туғыза алар еді деген. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі көмегімен адам санасы мен әрекетін бірлікте зерттей отырып, адамның өзін-өзі басқару арқылы өз іс-әрекеті мен қылығына есеп бере алатыны дәлелдеуді талап етпейді. Сондықтан адамның психологиялық қасиеттерін зерттеуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер аданың саналы әрекеті барысында қалыптасатын және адам өмір тіршілігі барысында өзгеріп тұратын қасиеттерді бағалайтын болуы керек.

Казіргі кезде пайдаланылатын психодиагностикалық әдістер адамның жеке тұлғалық қасиеттерін, таным процестері мен интеллектуалдық қабілетін, күй жағдайын бағалауға арналған және жеке тұлғаның психологиялық профилін жасауға арналған комплекстік зерттеу әдістері деп топтастырылады.

Психодиагностикада пайдаланылатын әдістер стандартталған және эксперттік клиникалық деп бөлінеді.

Стандартталған әдістерді қысқа мерзім ішінде көптеген адамдарды, топтарды зерттеп, оларға психологиялық қызмет көрсету мазмұнын анықтау қажет болғанда пайдаланылады. Стандартталған әдістер көмегімен жиналған мәліметтірдің сенімділігі жоғары және бұл әдістер субъективтік факторлардың әсеріне төзімді болады. Сондықтан зерттеу нәтижелері оны жүргізген адамның құзырлылығына, кәсіби шеберлігіне онша тәуелді емес.

Эксперттік клиникалық әдістер көмегімен адамның тек өзіне тән тұлғалық ерекшеліктерін терең және дәлірек зерттеп бағалауға болады. Сондықтан бұл әдістерді арнайы даярлықтан өткен, кәсіби шеберлігі қалыптасқан мамандар ғана жүргізеді. Мұндай әдістермен зерттеу әр адаммен жеке дара және ұзақ уақыт ішінде жүргізіледі. Зерттеу нәтижесі бойынша зерттеушінің өзі коррекциялық іс-шараларды өткізеді.

Психодиагностикада пайдаланылатын әдістер формалдандыру деңгейіне байланысты аз формалдандырылған және жоғары формалдандырылған деп бөлінеді. Аз формалдандырылған әдістерге байқау, әңгімелесу, интервью жүргізу, іс-әрекет нәтижелерін талдау жатады. Бұл әдістер көмегімен адамдардың жағдайға байланысты эмоциясын, ренжу, қайғы-қасірет жағдайындағы мінез-құлық көрсету ерекшеліктері, қарым-қатынас мәдениеті т. с. с. жеке тұлғалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұл әдістердің нәтижесі ақиқатқа сай болуы зерттеу жүргізген психологтың шеберлігіне тікелей байланысты. Мұндай зерттеулер ұзақ уақыт ішінде жүгізіледі және психологтан шыдамдылықты, көп күш жұмсауды талап етеді. Сондықтан аз формалдандырылған әдістерді жоғары формалдандырылған әдістермен ұштастырып пайдаланған зерттеудің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.

Жоғары деңгейде формалданған әдістерге тестер, анкеталар мен сауал-жауап әдістері, проективтік техникалар мен психофизиологиялық әдістер жатады. Оларды пайдаланғанда зерттеу жүргізу реті, орындауға берілетін уақыт, зерттелінушілерге нұсқау беру, зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау жолдары, бағалау нормативтері мен пайдаланылатын шкалалар толық стандартқа келтірілген түрде беріледі. Сондықтан зерттеу нәтижелерінің сенімдіділігі өте жоғары болады, ал психодиагностикалық зерттеуге қатысқан барлық зерттелінушілерге бірдей жағдай жасалынады.

Психологиялық әдістер тек ғылыми зертту жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары үшін де қолданылады. Мысалы, психолог санау әдісі арқылы адамның бойындағы ерекше қасиеттерді ажыратып, оның ұшқыш не астроном, немесе өзге де мамандықтарды игеруге деген бейімділігі мен қабілетінің қаншылықты дамыған екендігін анықтайды. Жеке дара жүргізілген зерттеулер мен тексерілмеген сынау әдісімен жасалған кейбір қортындыларда қателіктерде кетуі мүмкін. Мұндай қателіктер көбнесе кейбір балалардың бойындағы психологиялық процестер мен ерекшеліктердің кешігіп барып оянатынына жете мән бермей, асығыс қорытынды жасауға алып келетіндіктен ондай психодиагностикалық зерттеу жүргізуге болмайды.

Психологиялық зерттеу әдістерін нақты психикалық принциптер мен психологиялық қасиеттерді анықтауға қолдану сипаттарына орай негізгі әдістер және көмекші не қосалқы әдістер деп екі топқа бөліп қарастырылады. Мысалы, оқушылардың мамандықты игеруге бейімділігін анықтау үшін арнайы жасалған тест негізгі әдіс деп саналса, ал сол оқушының өз қолымен жасап шығарған затын, оқу процесінде пайдалауға болатын көрнекі құралдарын зерттеуді көмекші әдіс ретінде қарастыруға болады. Кейбір жағдайда көмекші әдістер негізгі әдіске айналып отыруы да мүмкін. Мысалы, оқушының орындаған жазба (байқау) жұмысы оның белгілі пәнді меңгеруін анықтаудың негізгі әдісі болып саналады.

1. 3. Психодиагностикалық жұмыстарды ретке келтіру қажеттілігі

Психологиялық қызмет көрсету барысында оқушылардың мінез--құлық ерекшеліктерін олардың жас кезеңдеріне байланысты анықтау үшін жүргізілетін зерттеулер психодиагностикалық минимум шеңберінде және жеке дара диагностикалық зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, кейбір оқушыларға педагогтардан, ата-аналардан шағым түскенде, немесе басқада нақты фактілерге байланысты кейбір оқушыларды және олардың отбасындағы психологиялық жағдайды жеке-дара талдау қажет болғанда оқушыларының мінез-құлықында көрініс берген ерекшеліктер қай кезде басым көрінетіндігін анықтау үшін үшін жүргізіледі. Осы жағдайларға байланысты зерттеу клиенттің жас кезеңдеріне сай жүргізілді.

Мектептегі психологиялық қызмет көрсету іс-шаралары оқушылардың жас кезеңдеріне байланысты бірнеше сатыда ұйымдастырылғаны жөн екені және әр жас кезеңіндегі балалармен жүргізетін жұмыстың міндеттері мен мазмұны бірінші кітапта берілген. Мектеп сатыларына байланысты бастауыш сынып оқушылары, орта буындағылар және жоғары сынып оқушылары деп үш топқа бөлуді психодиагностикалық қызметтің негізіне алуға болады. Зерттеу әдістемелерін осы нұсқа бойынша топтастырып жинақтау да ыңғайлы екендігі сөзсіз. Сондықтан балалар проблемасы жас кезеңдерімен ұштастырып қарастырылады.

Психологиялық қызмет көрсету жұмысын ретке келтіріп, оларды жүйелі ұйымдастыруға негіз болатын іс-шаралардың ішінде маңыздылардың бірі - пайдаланылатын психодиагностикалық әдістемелерді ретке келтіріп алу. Бұл жұмысты мектепке қабылдау кезеңінде балалардың мектепте оқытуға даярлығын анықтауға арналған психодиагностикалық альбом жасау, барлық мектепте оқитын кезеңдерде пайдаланылатын әдіс- тәсілдерді жеке-жеке топтастырып жинақтау жұмыстарынан бастау қажет. Жинақталған материалдарды “Мектепалды тобы”, “Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту әдістемелері”, “Орта буын оқушыларының таным процестерін зерттеу тестері”, “Орта буын оқушыларының жекелік қасиеттерін зерттеу тестері, “Жеткіншектердің агрессиясы және акцентуациясы көріністерін бағалау тестері”, “Жоғары сынып оқушыларының интеллектуалдық қабілетін зерттеу тестері”, “Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау мотивациясын зерттеу тестері” т. б. психологиялық қызмет салалары бойынша топтастырып жинақтаған ыңғайлы болады.

Әдістемелік жинақтарда топтастырылған материалдар ішінде бөлімдері анық байқалатын болғаны - психологиялық қызмет көрсету жұмысын тиімді ұйымдастыруға негіз болады. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу тестерін жинақтағанда оларды мектепке даярлықты зерттеуге арналған альбом, бірінші сыныпта оқитын баланың таным процестерін зерттеуге және қажетті процестерін дамытуға арналған жинақ, үшінші-төртінші сынып оқушыларының интеллектуалдық қыбілетін зерттеу және дамыту тестер жинағы деп саралауға болады. Сонымен қатар жеке тұлғалық қасиеттер ерекшеліктерін анықтауға арналған тестер жинағы, дамуында ауытқұы бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу тестерін жинақтау қажет.

Білім беру саласындағы психологиялық қызмет жүйесінде психидиогностиканың өзіне тән белгілі бір ұстанымдық ерекшеліктері бар. Көптеген психолгтардың зерттеулерінде психодиагностика екі құрамды бөліктен тұрады деп қарастырылады. Біріншіден ғылыми зерттеу психодиогностиканың ғылыми тәжірибелік психодиогностикасын бір-бірінен ажырата білудің өте қажет екендігі көрсетіледі. Өйткені ғылыми зеттеу психодиогностикасы психикалық дамудың белгілі бір заңдылықтарын қалыптастыруға бейімделсе, ғылыми тәжірибелік психодиогностика белгілі бір психологиялық қасиеттің пайда болуы мен оның даму ерекшеліктерін зерттеу арқылы оның себебін ашу, яғни нақты сұраққа жауап беруге бағытталған. Білім беру саласындағы психодиогностика педогогикалық мәселемен тығыз байланысты. Сондықтан да бірқатар психологтар оны психолого-педагогикалық диогностика деп те атайды. Білім беру саласындағы психолог жүргізетін психодиогностиканың ерекшелігі - балардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін және психологиялық даму динамикасын анықтау әдістері пайдаланылады. Л. С. Выготский тәжірибелік психалогиялық диогностика негізінде - баланың айналадағы орта мен қарым қатынасындағы оның тұлғалығын толығымен анықтап жатыр деп атап көрсетеді. Сонымен қатар ол баланы оның қылықтарының пайда болу жиынтығы ретінде статистикалық тұрғыдан қарастырсақ еш уақытта да адамдық тұлғалықты аяғына дейін түсінбейміз, деп ескертеді. Сондықтан, баланың психологиялық дамуын диагностикалағанда оны толық және жан-жақты даму контекстінде зерттеп, оның жекелік сипаттамаларын немесе психикалық функцияларын жас ерекшеліктерімен ұштастырып қарау керек.

Психологиялық қызмет шегінде психодиагностика психокоррекциялық жұмыстармен қатар жүреді. Сондықтан психологиялық қызмет көрсету жұмысы диагностикалық - коррекциялық бағыта жүреді. Д. Б. Эльконин балаларды зерттеу оларды таңдауға бағытталған емес, диагностикалау барысында көрініс берген ауытқуларды коррекциялау мақсатында, олардың психикалық даму барысын байқауға бағытталуы керек екендігін көрсетеді. Психолгтың диагностикалық-коррекциялық бағыттағы жұмысы өте күрделі, ол психолог-практиктің арнайы кәсіби іскерлігінің дамығандығын талап етеді. Мысалы, психологиялық тест көмегімен жүргізген зерттеу нәтижесі дұрыс болу үшін, ол әдістерді пайдалану, адамдармен диагностикалық жұмысты атқару психологтың этикалық принциптерін сақтай білетін және тұлғаның қажетті қасиеттері мен арнайы психологиялық квалификациясын меңгерген адамның қолында болуы керек.

Диагностикалық және коррекциялық әрекет құрылысы әлі толық анықталмаған. Оны алғаш рет Л. С. Выготский өз еңбектерінде қиын балаларды зерттеу нұсқасы ретінде мектеп психологтарының психодиагностикалық жұмысының үлгісі жасалған. Оның ұсынысы бойынша диагностикалық-коррекциялық жұмыс келесі кезеңдерден тұрады:

Тәжірибелік ұсынысты талдау;

Психологиялық мәселені белгілеу;

Бақыланып отырған нәрселер туралы болжамды шығару;

Зерттеу әдістерін таңдау;

Әдістерді қолдану;

Баланың ары қарай дамуы туралы болжамнан тұратын психологиялық диогнозды белгілеу.

Болжам екі бағытта жүзеге асырылу керек:

а) бірінші бағыты - баламен қажетті психологиялық көмек көрсету жұмыстары өз кезегімен жүргізілуге бағытталған;

б) екінші бағыты - арнайы психологиялық коррекция жұмыстарын жүргізуді көздемеген.

Оқушылармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыспен кеңес берудің нұсқаларын жасау;

Осы бағдарламаларды жүзеге асыру, оның орындалуын байқау. Осы аталған кезеңдердің ішіндегі зерттеу әдістерін дұрыс таңдау - ең күрделі кезеңнің бірі. Дәл осы жерде тәжірибелік психодиагностиканың спецификасы анық көрінеді. Диагностикалық-коррекциялық әдістер туралы сұрақтар көптеген ерегістермен қарама-қарсы мәселелерді туғызып отыр. Психодиагностиканы тәжирбеде қолдану - әдістерді, оны пайдалану жолдары мен тәсілдерін, психодиагностика барысында жиналған мәліметтерді интерпритациялау мен қортындылау нәтижесінде зерттелінген адамды жаңадан бағалауға алып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудың маңызы
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Сихологиялық диагностика принциптері мен оның тәжірибе жүзіндегі негізгі мәселелері
Диагностика жүйесінің дәйектілігі мен сабақтастығы
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық - педагогикалық диагностикасы
Психодиагностика туралы
Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz