АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Төлекова Ақмарал Амантайқызы
Жетекші: Муханова Гүлден Тұңғышбайқызы
Қарағанды қаласы Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі
Андатпа
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге...(С.Торайғыров).
Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен қара сөздері этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы. Қара сөздері Абай заманында жазылса да әлі күнге дейін тәрбиелік құнын жойған жоқ. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзіне айналды.
Керісінше, дами, өрби түсіп, ұрпақ тәрбиесіне үлкен көмек болуда. Абайдың қара сөздерін зерттеушілер саны өте көп. Барлығының ойы кейде бір жерде тоғысып, кейде қарама-қайшы келіп те отырған. Әркім өзінше топтастырған. Ал, негізі қара сөздерін ең алғаш топтастырған Мұхтар Әуезов. Сол топтастыру бойынша біз қазір оқып жүрміз.
Негізгі бөлім
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері.
Бұрын ғақлия деп аталып келген (38-сөз ғақлия-тастихат делінген) Абай сөздерін кейінірек осы мағынада қара сөз деп атау дәстүрге айналды. Біз де қара сөз дегенді осы қалыптасқан мағынасында алып, Абайдың ғақлия сөздерін осылай атап отырмыз. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн , тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Философиялық ой-толғауларының өсиет, әңгімелер деп бір әдебиеттік аралық жанр болса, Абай соның тілін тапқан. Қара сөз жанрына күшті көбірек көңіл бөлген.
Белгілі әдебиет тарихын зерттеуші, абайтанушы Бейсембай Кенжебаев Абай қара сөздерінің теориялық тұрғыдан негізделуінде 1955 жылы бірнеше мәнді мәселеге назар аударды. Ғалымның қара сөз жанрлары туралы айтқан пайымдамаларында қисынды ой, дұрыс бағыт бағдар табылған.
Сонымен Б. Кенжебаевтың Абай қара сөздерінің жанры жайлы түйіні: "Біздіңше Абайдың қара сөздерінің басым көпшілігі сын, сықақ жөнімен сюжетсіз жазылған көркем әңгіме, басқаша айтқанда, көркем проза"- деген.
Абай қазақтың көркем прозасының негізін салушы. Бірақ Абай бұл жөнінде жалғыз, тұңғыш емес, оның серігі, құрдасы бар. Ол Абайдың замандасы Ыбырай Алтынсарин. Көлемі мен мазмұны бойынша ең үлкен орын алатын отыз сегізінші сөз - Ғақлиат-тасдиқат. Бұнда Абай аят, хадистерден цитаталар келтіріп сөйлейді. Жазу тілінің, басқа қара сөздердегі анық қазақтық түрін өзгертіп, кітапшылап (түрікше) тың үлгі, стиль іздейді.
Сыртқы стильдегі, тілдегі өзгешеліктер бұл сөздегі діндік мазмұныменен нық байланысты. Осы кезде Абай өзінің дінін, түп наным жағынан да, моральдық қасиеттер турасынан да және адамгершілік тәрбие мақсатымен де анықтап, таныта түспек болады. Сонымен қатар осы үлкен сөздің ішінде Абай үлкен батылдық табады. Тарихтық, әлеуметтік, ағартушылық жөнінде күшті қуат көрсетіп, заманы үшін аса сыншылдық танытатыны да бар. Ол - қазақ ортасындағы не жалпы мұсылмандық шығыстағы қоғамдық, әлеуметтік құрылыстар жөнінде айтатын терең толғаулы пікірлер.
Абайдың қара сөздерінің өзінше ерекшелігі бар. Оның сөйлем құрылысы да басқашалау болып келеді. Сөздерінің көлемі аз болса да, мағынасы терең. Көпшілігі-ақ сұрау-жауап, не оқушылармен, не өзімен-өзі кеңесу болып құрылады. Бұл - батыс, орыс елдерінің ұлы адамдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, тағы басқа мәселелер туралы өз көзқарастарын айтқанда, олар осы әдісті пайдаланған.
жаңғырып, өзгеріп отырған тың түрлердің тосын үлгілерін бермейді. Сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙҒА БАРАР ЖОЛ
Абай Құнанбаевтың қара сөздері
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
Абайдың қара сөздерінің құндылығы
Абай қара сөздері
А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларын анықтау
Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Ұлттық педагогика тарихындағы А. Құнанбаевтың тәлім-тәрбие мұралары
Абай Құнанбаевтың Адам болу мәселесі
Пәндер