Қорек көзі мен қабылдағышы жұлдызша тәрізді байланысқан үшфазалы тізбекті зерттеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
"ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ"
Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздер кафедрасы

№5 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы:Қорек көзі мен қабылдағышы жұлдызша тәрізді байланысқан үшфазалы тізбекті зерттеу
Мамандығы:электроэнергетика
Тобы: ЭЭук-20-21
Орындаған: Жумабеков Б.М
Қабылдаған: асс. Естаева Ш.А.
_______ ________________ ___ 2020 ж. ______ ________
(бағасы) (қолы)

Алматы 2020 ж.

5 Зертханалық жұмыс№5. Қорек көзі мен қабылдағышы жұлдызша тәрізді байланысқан үшфазалы тізбекті зерттеу

Жұмыстың мақсаты: қорек көзі мен қабылдағышы жұлдызша байланысқан кездегі үшфазалы тізбекті тәжірибе жүзінде анықтау. Симметриялы және симметриялы емес режімдердегі сызықты және фазалық шамалардың негізгі байланыстарын тәжірибе жүзінде анықтау және нейтрал сымның рөлі.

5.1 Жұмысқа дайындық

ЭТН1 курсының Үшфазалы тізбек бөлімін қайталау.
Келесі сұрақтарға жауап беру:
1) Қабылдағыш пен қорек көзінің қандай фазалық байланысы жұлдызша байланысқан деп аталады?
2) Үшфазалық тізбектің сұлбадағы қандай нүктелер бейтарап, қандай сым бейтарап (нөлдік) сым деп аталады?
3) Қандай сымдар сызықты деп аталады, токпен кернеудің қандай шамасы фазалық, ал қайсысы сызықты деп аталады.
4) Үшфазалық тізбектегі қай ереже симметриялық деп аталады?
5) Симметриялық ережедегі ток пен кернеулердің фазалық және сызықтық шамаларының қатынастары қандай, қандай мәнге тең ?
6) кернеуді есептеу формуласын екі түйін тәсілі арқылы жазу.
7) Үшфазалық тізбектің бейтарап сымы жоқ ережелердегі токтың векторлық диаграммасын және кернеудің топографиялық диаграммасын тұрғызу:
- симметриялық ереже (активті кедергінің барлық фазалары үшін );
- апатты ережелер - нұсқаға сәйкес қабылдағыштың фазаларының біреуіндегі үзіліс және қысқа тұйықталу, басқа екі фазаның кедергісі активті және тең.
Симметриялық ережені апатты ережемен салыстырғандағы ток пен кернеудің қалай өзгеретінін топографиялық және векторлық диаграммалары арқылы анықтау.
8) Үшфазалық тізбектің бейтарап сымдарының келесі ережелердегі токтың векторлық диаграммасын және кернеудің топографиялық диаграммасын тұрғызу:
- симметриялық ереже (қабылдағыштағы активті кедергінің барлық фазалары үшін );
- апатты ережелер - нұсқаға сәйкес жүктеменің фазаларының біреуіндегі үзіліс, басқа екі фазаның кедегісі активті және тең ;
- нұсқаға сәйкес біртекті емес жүктеме.
Топографиялық және векторлық диаграммалары арқылы симметриялық ережедегі ток пен кернеудің калай өзгеретінін симметриялық емес ережемен салыстыру.
9) Үшфазалық тізбектің жұлдызша - жұлдызша байланысқан бейтарап емес және бейтарап сымдарының сұлбасын салу (1.1-1.2 суреттер). Нәтижелерді 1.1, 1.2. кестеге енгізу.

5.2 Жұмыстың орындалу тәртібі

5.3.1 Жұмыста қолданылатын кедергілердің резисторларының шамаларын өлшеу. кедергілері тең болатын резисторларды таңдап алу.
5.3.2 Оқытушының тапсырмасына сәйкес үшфазалық кернеудің блогын қосу және фазалық ЭҚК мәнін орнату. Қорек көзінің фазасын жұлдызша жинау.
5.3.3 Қорек көзі мен қабылдағышы жұлдызша бейтарап сыммен байланысқан үшфазалық тізбекті жинау. Қорек көзінің және қабылдағыштың бейтарап нүктелерін амперметр арқылы қосу. Қабылдағыштың барлық фазасындағы кедергілер активті және тең: (симметриялық ереже). Қабылдағыш фазасындағы токты, бейтарап сымдағы токты, қабылдағыштың фазалық және сызықтық кернеулерін өлшеу. Өлшеу нәтижесін 5.1. кестеге енгізу.
5.3.4 Апатты ережені тәжірибелік зерттеу, тізбектің бейтарап сымның қабылдағыштың бір фазасы үзілуі кезінде пайда болады (нұсқаға сәйкес). Қабылдағыштың фазасындағы басқа екі кедергісі 5.3.3 бөліміндегідей. Қабылдағыштың фазасындағы токтарды, , қабылдағыштың фазалық және сызықтық кернеулерін өлшеу. Өлшеу нәтижесін 5.1 кестеге енгізу.
5.3.5 Қабылдағыштың бір фазасындағы активті кедергіні өлшеу кезіндегі үшфазалық тізбектің бейтарап сымындағы симметриялық емес ережесін тәжірибелік жолмен зерттеу (нұсқаға сәйкес). Қабылдағыштың фазасындағы басқа екі кедергісі 5.3.3 бөліміндегідей. Қабылдағыштың фазасындағы токтардың, токты, қабылдағыштың фазалық және сызықтық кернеулерін өлшеу. Өлшеу нәтижесін 5.3 кестеге енгізу.
5.3.6 Үшфазалы электр тізбегіндегі бейтарап сымдағы симметриялық емес ережені тәжірибелік зерттеу. Қабылдағыштың фазасына активті кедергі R, индуктивтілік L, сыйымдылық C қосамыз (нұсқаға сәйкес). Тәжірибенің нәтижесін 5.1 кестеге енгіземіз.
5.3.7 Қорек көзі мен қабылдағыш фазаларын жұлдызша байланыстырып симметриялық үшфазалық тізбек жинау. Бейтарап сымды үзу. Қорек көзі мен қабылдағыштың бейтарап сым нүктелерінің арасына вольтметр жалғау. Қабылдағыштың барлық фазасындағы кедергісі 5.3.3 бөліміндегідей. Қабылдағыштың фазасындағы токтарды, қабылдағыштың фазалық және сызықтық кернеулерін, бейтараптың ығысу кернеуі өлшеу. Өлшеу нәтижесін 5.2. кестеге енгізу.
5.3.8 Апатты ережені тәжірибелік зерттеу, тізбектің бейтарап емес сымының қабылдағыштың бір фазасынан үзілуі кезінде пайда болады. Фаза 5.3.4 бөліміндегідей (бос жүріс режимі). Жүктемедегі басқа екі кедергі 5.3.3 бөліміндегідей. Токтарды, қабылдағыштағы фазалық және сызықтық кернеуді, бейтараптың ығысу кернеуі өлшеу. Өлшеу нәтижесін 1.2. кестеге енгізу.
5.3.9 Апатты ережені тәжірибелік зерттеу, үшфазалық электр тізбектегі бейтарап емес сымындағы жүктеменің бір фазасындағы қысқа тұйықталу кезінде пайда болады (фаза 5.3.4 бөліміндегідей сияқты). Жүктемедегі басқа екі кедергі 1.3.3 бөліміндегідей. Токтарды, қабылдағыштағы фазалық және сызықтық кернеуді, бейтараптың ығысу кернеуін өлшеу. Өлшеу нәтижесін 5.2.кестеге енгізу.

5.3 Жұмысты безендіру және нәтижелерді талдау

5.4.1 5.3.3 бөліміндегідей тәжірибелік берілгендерден кернеудің топографиялық диаграммасын тұрғызу (топографиялық диаграммага N қорек көзінің және n қабылдағыштың бейтарап жағдайын көрсету), токтардың векторлық диаграммасын тұрғызу.
Симметриялық ережедегі сызықтық және фазалық кернеулердің қатынастарын тексеру.
Фазалық кернеудің және фазалық кедергінің белгілі мәнімен токтың әсерлік мәнін есептеу. Бейтарап сымдағы токты векторлық диаграмма арқылы анықтау, симметриялық ережеде ток нөлге тең екеніне көз жеткізу керек. Өлшеу нәтижесін 1.1. кестеге енгізу. Теориялық мәнін тәжірибелік мәнімен салыстыру.
5.3.2 5.3.4 бөліміндегідей тәжірибелік берілгендерден жүктеме фазасындағы кернеудің топографиялық диаграммасын және токтардың векторлық диаграммасын тұрғызу. векторлық диаграммадан анықтау. Нәтижесін 1.1 кестеге енгізу керек (теориялық зерттеу жолына). Теориялық жүзде тұрғызылған (5.2.9 бөліміндегі) топографиялық және векторлық диаграммаларды қолдана отырып, жүктеменің бір фазасындағы үзілістегі токпен кернеудің мәнін анықтау (фаза 1.3.4 бөліміндегідей). Нәтижесін 1.1 кестеге енгізу керек.
5.4.3 5.3.5 бөліміндегідей тәжірибелік берілгендерден кернеудің топографиялық диаграммасын және токтардың векторлық диаграммасын тұрғызу керек. Веторлық диаграмма арқылы бейтарап сымдағы токты анықтау. Тәжірибелік жолмен табылған салыстыру. Нәтижесін 1.2 кестеге енгізу.
5.4.4 5.3.6 бөліміндегідей тәжірибелік берілгендерден кернеудің топографиялық диаграммасын және токтардың векторлық диаграммасын тұрғызу. Векторлық диаграмма арқылы бейтарап сымдағы токты анықтау. Тәжірибелік жолмен табылған салыстыру. Нәтижесін 1.2 кестеге енгізу.
5.4.5 5.3.3, 5.3.4, 5.3.5 бөліміндегідей тәжірибелік берілгендерінен - дің айнымалы кедергі фазасындағы токтан тәуелділік сызбасын салу.
5.4.6 5.3.7 бөліміндегідей тәжірибелік берілгендерден кернеудің топографиялық диаграммасын және токтардың векторлық диаграммасын тұрғызу. 5.2.7 бөліміндегідей тұрғызылған диаграммаларды пайдалана отырып, ток пен кернеудің мәнін анықтау. Нәтижесін 1.2 кестеге енгізу керек (теориялық зерттеу жолына).
5.4.7 5.3.8 бөліміндегідей тәжірибелік берілгендерден кернеудің топографиялық диаграммасын және токтардың векторлық диаграммасын тұрғызу. 5.2.7 бөліміндегідей теориялық жүзде тұрғызылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электроника бірнеше ғылыммен (техника, энергетика, атомдық физика, информатика, бульдік алгебра және т. б. ) сабақтасып жатқан кең ауқымды ғылым
Үшфазалы тізбектердің симметриялы емес режимдерін кернеу мен токтардың симметриялы құрауышыларын пайдалана отырып зерттеу
Кернеу көзінің қуаты
Трансформаторлар туралы
Тұрақты ток. Тұрақты ток тізбектері
Электрмен жабдықтаудың сенімділігі және электр энергиясының сапасы
ПУЭ бойынша релелік қорғанысқа қойылатын талаптар
Синхронды машинасын қолдану аймағы
Металл кескіш станокпен жұмыс
Синхронды машиналар туралы
Пәндер