ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары және Қарқаралы петициясы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Баяндама
Тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары және
Қарқаралы петициясы
Дайындаған: Зинуллина Нұрайна Нартайқызы
2020-2021 жыл
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы -- XIX ғасырдың екінші жартысы -- XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы -- XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
ХХ ғасырдың басында ерекше көзге түскен және қарқаралы петициясын дайындауға қатысқан қазақ зиялыларына тоқталсақ:
Бекметов Мұхаммед-Мақсұт Хамидоллаұлы (1883, бұр. Семей обл., Қарқаралы уезі - 1912, Орынбор) - қоғам қайраткері, публицист, Алаш қозғалысына қатысушы, Қарқаралы құзырхатын дайындауға қатысқан. Қарқаралы мен Омбыда білім алған. 1900 жылдан бастап Омбы п о ч т а т е л е г р а ф кеңсесінің қызметкері болған. Елін азаттыққа шақырған іс-әрекеті үшін 1906 ж. тұтқынға алынып, Қазан қаласына жер аударылады. Осы кезден өмірінің аяғына дейін полицияның бақылауында болады. Саяси-әлеуметтік, мәдени танымдық мазмұндағы мақалалар жазып, қазақ және орыс баспасөзіне белсене араласқан. Екінші рет тұтқындалып, Орынборға жер аударылды. 1909 ж. Санкт-Петербургте шығатын Речь газетінде Семей түрмесінде азап шеккен Байтұрсынұлына бостандық берілуін талап еткен мақаласы басылады. Сол жылы Қазан қаласында Қазақ өлеңдері атты жинағы жарық көрді.
Нұрекенов Темірғали (1858 - өлген жылы белгісіз) - Алаш қозғалысына қатысушы. Сол кездегі Семей обл. Павлодар у. - де туған. 1905 ж. Қарқаралы, Павлодар у. қазақтарының атынан Ішкі істер министрлігіне наразылық білдіріп жазылған атақты Қарқаралы құзырхатын жазуға қатысқан. Осы құзырхатты қазақ тілінен орыс тіліне аударған. Семей облысы Павлодар уезінің Сейтен болысын басқарған. 1907 ж. Ресейдің екінші Мемлекеттік Думасына Семей облысынан депутат болып сайланған. Мемлекеттік Думада Мұсылман фракциясының мүшесі болған.
Ақбайұлы Жақып (1876 ж. Қарқаралы у. Берқара б. (қазіргі Қарағанды обл. Ақтоғай ауд.) №3 а. - 1934 ж. Алматы қ.) - ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, қазақ халқынан шыққан тұңғыш құқық магистрі. 1886 ж. Қарқаралыдағы орыс-қырғыз школына қабылданады. Мұны бітірген соң Омбы гимназиясында жеті жыл, ал Том гимназиясында бір жыл оқиды. Соңғысын 1898 ж. тәмамдайды. 1898- 1903 ж. Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде оқып, оны алтын медальмен бітірген. 1903-1905 ж. Омбы сот палатасында, округтік сотында қызмет еткен. 1905-1907 ж. Омбы, Петропавл, Семей, Павлодар, Б а я н а у ы л , Қ а р қ а р а л ы қалаларын - да наразылық ш е р у л е р і н е қатысады. ІІ Мемлекеттік Думаға сайлануға тырысқанымен, патшалық режим оны бұл мүмкіндігінен айырады. Омбыдағы Степной край газетіне сол кездегі ұлт басындағы қиын ахуалдың заңдық-құқықтық жағын тереңінен қозғап жазады. Алаш қозғалысы үшін аса жауапты кезеңде ұлттың құқығын қорғай алған заңгер Ж.А. оқығандарға, қарапайым халыққа сауатты күресудің жолын көрсетті. Ол Омбыда жүрген қазақ жастарын өз төңiрегiне топтастырып, әлемдік дамудың, демократиялық жаңғырулардың негізін түсіндірді. Түрлi басқосулар мен кештер ұйымдастырып, ағарту қозғалысының заңдық тетіктерін баяндап отырды. Жастар да, үлкендер де оны Жақып мырза деп атайтын болды. Жастардың күш-жiгерiн бiрiктiру, ой-пiкiрлерді баспасөзде, халық Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы көп жиылатын орындарда орнымен айту, оқығандардың ұйымшылдығы секілді мәселелерді жиі көтерді. Бұл жағдай жергілікті жандармерияға жетіп, жас қайраткердің соңынан аңду қойылды. 1905 ж. патша атына жазылған әйгiлi Қарқаралы петициясын заң тұрғысынан негiздеп хатқа түсірушілердің қатарында А.-тың есімі ерекше аталады.
Қарқаралы құзырхаты - 1905 ж. 22 маусымында Қарқаралы қаласы маңындағы Қоянды жәрмеңкесінде Ресейдің Министрлер Кеңсесіне жолданған құзырхат. Құзырхатты Ә.Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. Ақпаев бастаған ұлт зиялылары ұйымдастырған. Қ.қ. ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа кезеңін бастаған аса маңызды тарихи құжат болды. Бұл 11 баптан тұратын құжат: Күллі Россия өз өмірін түгелімен қайта өзгерту керектігін мәлімдеп жатқан қазіргі тұста тағдыры Россиямен тығыз байланысты қырғыз даласы да ел басынан өтіп жатқан оқиғалардан тыс қала алмастан, өзінің пісіп-жеткен тілектерін жеткізу қажет деп танып отыр деп басталатын қ.- та ретіне қарай патшаның жергілікті әкімшілігінің репрессивті шаралары, мешіт ашу мәселесі, дін, ождан бостандығы қазақ балаларына арналған мектеп ашу, орыс әріптерінің қазақ үшін түсініксіздігі, қазақ тілінде газет ашу, қазақтың шұрайлы жерлерінің келімсектерге жөн-жосықсыз берілуі, қазақтардың байырғы қыстауларынан ысырылуы, болыстық кеңселерде іс жүргізудің тек орыс тілінде болуы, жергілікті бастықтардың өтініштерді қазақ тілінде қабылдамауы, қазақ даласында соттардың орыстан тағайындалып, қазақ тілін білмеуі, Дала өлкесінде халыққа пайдасы жоқ крестьян бастықтардың көбеюі, Дала генерал-губернаторына шексіз биліктің берілуі, заң шығарушы органға қазақ халқынан өкілдер сайлау сияқты қазақ халқы үшін ең өзекті мәселелер көтерілді. Бұл құжатқа 12767 адам қол қойған. Қ.қ.-нан кейін қазақ жерінің әр түкпірінде патша үкіметіне көптеген осы мазмұндас құзырхаттар жазылды. Қ.қ. 1920 ж. дейін созылған қазақ тарихындағы ең ірі, ауқымды ұлт-азаттық қозғалыс - Алаш қозғалысының бастауы болды.
Петицияның мәтіні:
1) Қырғыз халқының аты мұсылман қырғыз деп аталып әскери міндеттен босатылсын.
2) Қырғыздарды Орынбордың рухани жиналысына бағындырып, 1868 жылға дейінгі ережелерді қолданып, қазан мұсылмандарының тәртібіне сәйкестендіру керек.
3) Қырғыздарға мешіт, медресе салуға рұқсат керек. Құдайға құлшылық етуге еркіндік болсын. Ол жерлерде арабша, парсы және түрік тілінде сабақ беруге, газет және кітаптар шығаруға, баспахана салуға рұқсат берілсін.
4) Қырғыз халқын басқаратын адам қырғыз тілін білулері міндетті. Оларды тағайындау немесе орнынан алу мәселесі қырғыз қоғамының өкілінің таңдауымен болуы шарт. Бүгінгі шаруа бастықтарының орнына халықтың арасын бітістірушілерді заңдандыру керек. Бұл қызмет қырғыздардың ішінен жеткілікті білімді қырғызды тағайындау қажет.
5) Барлық қырғыз істері қырғыз диалектісінде жүргізілуі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz