Мемлекеттің қызметтері


Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Заң факультеті
Тақырыбы: МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Орындаған: Жексенбаева Г. С
Тексерген: Қорықбаев С. І
Актобе 2012
Жоспар:
Мемлекет функциясының түсінігі және оны жіктемелеуҚазақстан Республикасының негізгі ішкі сыртқы функциясы Мемлекеттің Отан қорғау функциясы және оның басқа функцияларымен қарым-қатынасыМемлекет функциясын іске асырудағы нысандар мен әдістері
«Мемлекет функциясы » деген атау, мемлекет жұмыстарындағы мақсаттардың негізгі, өте маңызды бағыттарын айқындауға пайдаланылады. Себебі, сол арқылы оның әлеуметтік роль көрінеді. Заң шығарушы, атқарушы және сот органдарының қызметтеріндегі негізгі бағыттарының табиғаты бір болады. . Олардың ең бірінші мақсаттарына қоғам өмірінің бір қалыпта дамуын қамтамасыз еті кіреді.
Мемлекеттің функциясында, оның мәнін көрсетумен қатар, қоғам дамуындағы негізгі мәселелерді шешудегі ролін және ең алдымен, ел тұрғындарының әртүрлі мүдделерін қамтамасыз ететіндігі айқындалады.
Мемлекеттің функциялары, оның даму кезеңдеріндегі алдарындағы тұрған негізгі мақсаттарына байланысты белгіленеді және сол мақсаттарды іске асыратын құрал ретінде көрінеді. Мемлекеттің мақсаттарыны мазмұны, оның ішкі және сыртқы жағдайларына байланысты болады. Елдың экономикалық өміріндегі кризистік құбылыстар, мемлекеттен өзінің барлық органдарының күшін біріктіріп, сол экономикалық жағдайлы жөндеуді талап етеді. Қылмыстың өсуі, мемлекеттен дер кезінде оған қарсы шараларды ұйымдастыруды талап етеді. Сыртқы жақтан болуы мүмкін шабуыл қаупі, мемлекет органдарының тұрғындарды ондай жағдайға дайындап, бірігіп қорғанудың алдын-ала дайындығын ұйымдастырады.
Мемлекеттің барлық бағыттағы негізгі қызметтері, қоғапм өмірінің қандай ортасында өтетініне байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қазіргі кезде қоғам өмірі, негізінен екі ортада өтеді:елдің ішінде және халықаралық аренада. Мемлекет функциясы жұмыс жалғамына байланысты иұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты функция мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде іске асырылады. Уақытша функция өзіне белгіленіп берілген жұмысты орындағанан кейін өз жұмысын бітіреді. Яғни, төтенше сипатта болады(оларға, стихиялық жағдайды түзеу, үлкен апаттар, конституцияға қарсы көтерілістер жатады. )
1. Мемлекет функцияларының түсінігі. Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мəні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мем-лекеттің мəніне тəуелді болып келеді жəне оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары - ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.
2. Мемлекет функцияларының түрлері. Мемлекет функция-ларын түрлерге бөлуді əртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
а) əрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты жəне уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуы-ның барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз əрекетін жояды.
ə) маңыздылығына қарай - негізгі жəне қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына бай-ланысты - ішкі жəне сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары - оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функ-цияларға мыналар жатады: адам жəне азамат құқықтары мен бос-тандықтарын қорғау, құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету функция-сы, экономикалық функция, салық салу функциясы, əлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция жəне мəдени функция.
Мемлекеттің сыртқы функциялары - оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыт-тары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тəртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттер-мен одақтасу функциясы жəне т. б.
3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық жəне ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық - бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;
ə) құқыққолданушы - бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қыз-мет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы əртүрлі мəселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
б) құқыққорғаушы - бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға жəне кінəлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға жəне т. б. байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші - бұл белгілі бір құрылымдар-дың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т. б. байланысты Амемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ə) ұйымдастырушылық-шаруашылық - бұл бухгалтерлік есеп-пен, статистикамен, қамтамасыз етумен т. б. байланысты жедел-техникалық жəне шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық - бұл жаңадан қабыл-данған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен жəне т. б. байланысты мемлекеттің əртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тəрбие жұмысы.
2. Қазақстан Республикасының негізгі ішкі функциялары.
Ішкі функция-қоғам өмірінің ішкі жағдайын басқарудағы мемлекеттің негізгі бағыттары. Ішкі функцияны жіктеу мемлекет қызметінің көлеміне байланысты болады. Әрбір мемлекет өзінің басқару нысанында, не болмаса мемлекеттыі құрылымына қарамай көптеген негізгі экономикалық, әлеуметтік, күзет және бақылау қызметтерін тәуелсіз шешеді. Сонымен бірге қазіргі кезде, барлық мемлекеттердің алдында тұрған маңызды мәселеге қоршаған ортаны қорғау жатады. Жоғарыдағы көрсетілген жұмыс көлеміне байланысты Қазақстан Республикасының ішкі функцияларына экономикалық, әлеуметтік, қаржылық бақылау, құқықты тәртіпті қорғау және экология(табиғат қорғау) жатады.
Экономикалық функцияға -мемлекеттің экономиканы дамытудағы ең қолайлы режимдегі стратегиялық бағыттарды туғызып, реттеу жатады.
Базарлық-тауарлық қатынастар кезіңдегі өмір сүрген Құқықтық мемлекеттің экономиканы мемлекеттік реттеуі, негізінен әкімшілік тәсілмен, экономикалық жолмен іске асырылады. Ондай мемлекеттер бостандықта және жекеменшік еркіндігі бар сипатта болады, өндірушілердің және әлеуметтік жағдайларды тұтынушыларщдың шын теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі экономикалық екі тәсілі бар:
1) Мемлекетке оның әлеуметтік мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін,, қоғамның өндіргіш күштерін қалыпты дамытуға, ұлттық байлықты бөлуге, қаталырақ алым-салым саясаты керек.
2) Мемлекеттің түгелімен қоғамның пайдасына үлкен үлес қосатын экономиканың тиімді саласының дамуына қажетті қажетті жағдайлар жасауы.
3. Қаржы жағынан бақылау функциясы
Мемлекеттің функциясы, өндірушілердің табысын тексеріп, есепке алуынан көрінеді. За, бойынша ол табыстардың бір бөлігі салық ретінде мемлекеттің бюджетіне әлеуметтік және басқа жалпымемлекеттік қажеттерді өтеуге жұмсалады.
Табыстың кірісі мен шығысын бақылау, ең жоғарғы парламенттің міндетіне жатады. Жергілк жерлерде бұл жұмысты жергілкті мемлекет органдары орындайды. Барлық мемлекеттерде мұндай бақылауға құқығы барлар, тек қаржы министрліктері. Мысалы, Англияда мемлекеттік бюджеттің қорын ведомстволардың арасында бөлуді, олардың жұмсалуын бақылау Ведомства бақылаумен, бас аудитор қаржы министімен бірігіп іске асырады. АҚШ-та арнайы қаржы бақылаушысы бас бақылаушымен, басқарылатын есеп беруші бас басқарушы болады. Ол президентпен тағайындалады және орнынан алу үшін Конгрестің екі палатасының да шешімі қажет. Францияда қаржылық тәртіптің орталықта және жергілікті жерлерде, барлық мемлекеттік органдармен сақталуын, есеп палатасы жүргізіледі.
4. Табиғатты қорғау (экологиялық) функциясы
Табиғат қорғау-қазіргі әрбір мемлекеттердің, дүниежүзілік қауымдастардың, түгелімен жұмыстарындағы өмірлік маңызы бармақсаттарға жатады.
Қазіргі мемлекеттерде көртеген қорғау туралы заңдар шығарылған, олар адамдардың және мекемелердің жұмыстарын табиғат қорғау жағынан реттейді. Көптеген елдерде өмір сүрген ортаны қорғау туралы ұлттық жоспарлар жұмыс істейді. Онда табиғатты бұзушыларды жазалайтын шаралар белгіленген, жерді, ауаны ластайтын өндіріс қалдықтарын жою жолдары белгіленген. Мысалы АҚШ-та қоршаған ортаны қорғау жөніндегі саясат бойынша ұлттық заң жұмыс істейді, ауаны су қоймаларын, жерді өндірістік және күнделікті өмір сүру ортасын қалдықтармен ластауға, жол бермейтін көп уақытка арналған жоспарлар бар. АҚШ президентінің қармағында қоршаған ортаның сапасы туралы Кеңес беретін орган бар және табиғи ортаны қорғайтын федералдық агенттіктер жұмыс істейді.
Англияда, Қазақстанда, Ресейде, Францияда және басқаларда қоршаған орта туралы проблемаларды шешетін бақылайтын және реттейтін арнайы министрліктер және ведостволар жұмыс істейді. Қоршаған ортаны бұзғандарға қолданылатын заңдар бар. Табиғатты қорғау туралы заңдардың барлық жерлерде бірдей орындалуын қадағалуын прокуратура органдары жүргізеді
5. Құқықтық тәртіпті қорғау функциясы
Мемлекеттің барлық заңды заңды ұйғарымдарының қоғамдық қатынастарға, қатынасушылар арқылы шын мәнісінде, толық қамтамасыз етілуін ұйымдастыруға бағытталған жұмысы. Құқықтық мемлекетте қоғамдық және мемлекеттік өмір адал заңдардың негізінде құрылып, қоғамның, мемлекеттің жеке адамның мүдделері әртүрлы заңсыз қылықтардан қорғалады. Мемлекеттің құқық қорғау қызметінің ортасында, ең бірінші болып жеке адам, жеке адам адамзат ретінде, қоғам мүшесі ретінде, еркін индивид ретінде, сонымен бірге мемлекеттің өзі және оның әртүрлі құрыламдары тұрады. Сондықтан, жеке адамның заңды құқығымен мүддесін қорғай отырып, мемлекет бір мезгілде өз мүддесін, барлық қоғам мүддесін қорғайды.
Құқық бұзушылармен күрес-мемлекеттің маңызды ісі, бірақ құқық қорғау қызметінде бастысы емес. Мемлекет шын мәнісінде өзінің арнайы органдары арқылы(сот, прокуратура т. с. с) құқықтық нормаларға кірген, еркіндік бастамасын адалдықты қамтамасыз ету. Елдегі біркелкі құқықтық тәртіпті сақтау-мемлекеттің, барлық органдар жүйесінің мақсаты. Мемлекет жұмысындағы мәжбүрлеу біртіндеп біркелкі, азаматтардың және мемлекеттің бірқалыпты обьективті экономикалық, саяст, әлеуметтік және адамгершілк қатынастарына қарай өз күштерін жоғалта бастады. Ол қоғамның өркениетті құқықтық тәртібіне ауысады.
6. Мемлекеттің сыртқы функциясы
Мемлекеттің сыртқы қызметі-оның қызметінің халықаралық ортадығы негізгі бағыты . Олар мемлекеттің мынадай сыртқы мақсаттарын шешуге тиісті:барлық басқа жер бетіндегі мемлекеттік қауымдастықтармен пайдалы ынтымақтастық жасау және отанды сыртқы жаудың шабуылынан қорғау.
Басқа мемлекеттермен екі жаққа да пайдалы ынтымақтастық мемлекеттің тең құқықты экономикалық, саяст, мәдени және басқа қатынастарды белгілеуге және дамытуға бағытталған әртүрлі қызметі. Мұнда бұл мемлекеттің белгілі мүддесі, барлық мемлекеттердің мүдделерімен қабысуы қажет. Қоғамның қазіргі кездегі дамуы обьективті түрде барлық өркениетті ме, млекеттердің шаруашылқ, саяси және мәдени өмірді біріктіріп дүниежүзілік қауымдастықты түгелімен қамти отырып әр мемлекеттің ішкі проблемаларын тиімді шешуді қажет етеді. Мұндай ынтымақтастық кең болжам және екі жаққа да пайдалы интеграциялық мәселелерге тіреледі, бірігудің нәтижесінде табылған бір ғана мемлекеттің мүддесіне жауап беріп қоймай барлық ынтымақтастықтағы елдердің мүдделеріне жауап беретін рационалды шешім.
Саяси жағынан - мемлекеттердың ынтымақтастығы ең алдымен, бейбітшілік және соғыс мәселелеріне байланысты белгілі болады. Қазіргі дүниежүзілік мемлекеттік қауымдастықтың дамуындағы деңгей өте үлкен жанжалды болдырмауға мүмкіндіге бар. Мемлекеттер арасындағы саяси ынтымақтастық мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде жүзеге асырылады:парламентаралық, үкіметаралық, жергілікті өзін-өзі билейтін деңгейде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz