Жасөспірім және заң туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Жасөспірім және заң
Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер

Жүру барысы:
І Оқушыларды 2 топқа бөлу
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
ІІІ Сенің құқығың - менің құқығым (Оқушы құқығы)
IV Психологиялық тренинг
VТығырықтан шығар жол қайсы (ситуациялық жағдайды шешу
VI Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
VII Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
VIII Қорытынды
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар және кеш қонақтары Жасөспірім және заң атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
І Құқық туралы жалпы түсінік
Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз
Әлеуметтік норма

Құқық Мораль
Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды
Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі - оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет - нормативтік қаулылар, министрліктер - нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.

Адам құқығы

Табиғи Азаматтық құқық Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
ІІ. Сенің құқығың - менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді
1-оқушы: 10 бап
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы
2-оқушы:
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын
жәбірлеуге,бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
3 оқушы: 9-бап
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы
Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата - анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.
3-оқушы:11 бап
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
4-оқушы 12 бап
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
5-оқушы 19 бап
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
6-оқушы 30 бап
Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
7 - оқушы 19 бап
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Өз құқықтарыңзды айтып өттіңіздер,қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек
(оқушылар өз міндеттерін айтады)
ІІІ Психологиялық тренинг
Пікірталасымызды бастамас бұрын
бір-бірлеріңізге деген қарым - қатнастарыңызды ізглендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп тренинг дайындаған болатынбыз.
Сіздерге екі ак парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.
2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)
IV Тығырықтан шығар жол қайсы (ситуациялық жағдайды шешу)
Көшедегі көрініс
Айман: Айболат бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Бақытжол: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайык, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Айман: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Бақытжол: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Айман: Бекжол, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Дәурен: Жоқ, мен әуелі ата - анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Бақытжол: Ту, ата - анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Дәурен: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Айман: Онда өзің біл, ертең көп қызықтан қалдым - деп өкініп жүр ме.?
Бақытжол: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

1. Құрметті ата-аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
Ата - ана қай жерден қате жіберіп отыр?
2. Учаскелік полиция инспекторына
Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке
тартылады?

V Көкейде жүрген сауал (Топ бойынша сұрақтар)
Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
1. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қай жылы қабылданды? 1948
2. Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы заң қабылданды? 2002
3. 14 жасқа дейінгі жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылама?
4. Кәмелеттік жас деген неше жас?
5. 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылама?
Мектеп психологы Аршагүл апайға мынадай сұрақтар қойсақ
1. Мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?
2. Кәмелетке толмаған мектептегі қиын балалар туралы не айтар едіңіз?
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлзада апайымызға бірер сауалдар қойсақ. Мектептің ішкі ережесі жөнінде түсінік бере кетсеңіз.
1.Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?
2. Мектеп ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады, оны болдырмаудың жолдары қандай?
ІІІ. Ойды аяқта
(мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)
1. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
2. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
3. Ұрлық түбі ... (қорлық)
4. Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
6. Туғанды биде ... (иман жоқ)
7. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
8. Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)
9. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)

Қорытынды
Бүгінгі пікірталасымызға құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер мен оқушылар басқосуда. Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, прблемалық сұраққа жауап іздесек: Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?
Қысқа да тұжырымды ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
(оқушылар да өз пікірлерін ортаға салады)
Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орйда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.

Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аласымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба,

- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі пікірталасымызды аяқтаймыз.

Тақырыбы: Рухани-әдептілік тәрбие. Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.
Әдісі: Пікірталас, сұрақ - жауап, әңгімелесу.

Тәрбие сағатының барысы:
I кезең: Тәрбие сағатымен таныстыру
II кезең: Оқушылардың Адамгершілік жайлы түсінігі
III кезең: Саяхатқа шығу ойыны
IV кезең: Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу)
V кезең: Пікірсайыс (қорытындылау)

Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В. А. Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік - адамның асыл қасиеті.
Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын Құтты білік дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы Әл - Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал балалар, сөз кезегі өздеріңде.

Адамгершілік бастауы неде?
1 - оқушы. Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

2 - оқушы. Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің Алтын бесігі мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын - еліміздің дәстүрін ата - ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

3 - оқушы. Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке - шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата - анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата - ананы ренжітпеу - әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.
Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

Мұғалім. Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:
Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т. б.
Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.

Сұрақтар:
- Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
- Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
- Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
- Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
- Егер тығыз шаруам болса, кешіріңдер деп айтар едім.
- Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
- Асықпай түсіндіріп беремін.
- Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
- Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
- Үлкен кісімен Сіз деп сөйлесу керек.
- Әдептілік деген не?
- Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.

Мұғалім. Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.
Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

4 - оқушы. Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.
Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т. б.

5 - оқушы. Ізеттілік - айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу - бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез - құлықтың нормасы.

6 - оқушы. Әділ болу - адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет - ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

7 - оқушы. Рұқсат сұрау - адамдар қарым - қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір - бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
Имандылық - әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата - анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

8 - оқушы. Кешікпеу - бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
Сабырлылық - адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін - өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Қайырымдылық - айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата - анасының мақтанышы.
Мұғалім. Адамгершіліктің басты қағидаларын орындай адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?

9 - оқушы. Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.
Қорытындылау. Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата - ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе, Адамгершілік - асыл қасиет пікірсайысына кезек береміз.
Ортаға алғашқы қонағымызды шақырамыз.
Оның пікірінше, Адамгершілік қасиеттерді барлық адамның бойынан байқай аламыз дейді. Қарсы алыңыздар ортада _______________.
1. Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?
2. Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
3. Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?
Ортаға екінші қонағымызды шақырсақ, оның пікірінше Адамгершілік қасиеттер адам бойынан алшақтап бара жатқан сияқты. Қарсы алайық, өз пікірін ортаға салушы - _____________.
1. Бұлай ойлауыңның себебі неде?
2. Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?
Үшінші қонағымыздың пікірін ортаға салайық, ол Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалау керек дейді. Қарсы алайық, ортада - __________.
1. Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?
2. Сен өзің жіберген қателігіңді мойындай аласың ба?
3. Адам адамнан несімен ерекшеленеді?
Қызу пікірімізді жалғастыратын келесі қонағымызды ортаға шақырайық, ол Әр адам өзінің адамгершілік қасиетімен таныла біледі деген пікірде. Ортада - _____________.
1. Адам бойындағы қандай адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайсың?
2. Адам адамға дос, жолдас және бауыр деген сөздің мағынасында не жатыр?
3. Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал - мәтел, нақыл сөздер білесің?
Келесі қонағымызды ортаға шақырайық, ол Адамға үш алуан мінез жұғады. Ата - анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады деген пікірде. Ортада - ______________.
1. Өз пікіріңізді ортаға сала отырсаңыз.
2. Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар дегеннен нені байқауға болады?
3. Сөйлесе сөз әдепті дегенді қалай түсінесіз?
Сарапшы қонақтарға сөз кезегі берілді.
Адамгершілік тақырыбында сөзжұмбақ шешілді. Сұрақтары:
1. Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).
2. Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).
3. Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).
4. Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).
5. Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).
6. Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).
7. Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).
8. Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).
9. Адам іс - әрекетін қозғаушы күші (қажеттілік).
10. Адам дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология).
11. Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).
12. Ең асыл қасиеттердің бірі (ерлік).

Тақырып: Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер
Сынып сағатының мақсаты:
Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекет мәселесі
Кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері
Жастар арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу жолдары
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер
Заң психологиясындағы жасөспірімдердің психологиялық проблемасы
Жасөспірімдердің және әйелдердің қылмыстық әрекеті
Жасөспірімдер бойында құқықтық сананың қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық
Пәндер