Адам санасының табиғаты. Адам іс-әрекетінің құрылымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Адам санасының табиғаты. Адам іс-әрекетінің құрылымы

СЕРИКБАЕВА АЛИЯ

Сана - дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр.

Санаға қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің байланысы, әсіресе сана мен нерв жүйесінің байланысы мәселесі әлі де зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер сананы физикалық емес нәрсе деп түсіндірді. Ал, қазіргі заманғы функционализм - яғни сананы нейрондардың қозғалысы деп түсінеді. Екінші мәселе, хайуандарда да сана бар ма деген тақырып. Егер сананы адамға ғана тән құбылыс десек, онда хайуандарда болатын кейбір саналыға ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша түсіндіруге тура келеді.

Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.

Сана - өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте - анық және жасырын - байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.

Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл - оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.

Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында, - адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.

Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді.

Сана құрылымы.

Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері - түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері - адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі - сана іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы - психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым.

Санасыз

Санасыз - санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде) . Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) : ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.

Санасыз әрекет

Санасыз әрекет - адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т. б. жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд. т. б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік - белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері (мотивтері) .

Сананың бүлінуі

Сананың бүлінуі - орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы - дефектология ғылымы қарастырады. Балалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы әртүрлі себептерге (әйелдердің жүкті кезде жарақаттануы, анасының немесе баласының жұқпалы аурулармен ауыруы, анасының теріс резус-факторы, зат алмасудың бұзылуы және т. б. ) байланысты болады. Ал мидың зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бүлінеді. Бұдан бүкіл психикалық процестердің дамуы бұзылады. Кейде 3 жастан кейін де баланың санасы бүлінуі мүмкін. Оған әр түрлі жарақаттар, мидың қабынуы, психикалық аурулар және т. б. себеп болады. Бұдан балалардың бүкіл психикалық процестері - ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және т. б. қабілеттерінің дамуы бұзылады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік - ойлау процестерінің жетілмеуі (атап айтқанда, ой қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы) болып табылады. Мұның бәрі сананың бүлінуінен болады. [1]

с-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті. [1]

Іс-әрекет - адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.

Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.

Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол себепті ол нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып табылады.

Іс-әрекеттің философиялық ұғымының барлық әлеуметтік ғылымдар, әсіресе, психология, социология, педагогика, т. б. үшін маңызды дүниетанымдық және методологиялық мәні бар.

Азаматтардың еркімен пайда болатын заңды фактілер, былайша айтқанда еркін қалауын білдіру. Құқыққа сәйкес келушілікке байланысты іс-әрекет (құқық бұзушылықтар ретінде) заңды және заңсыз болып бөлінеді.

Психикалық іс-әрекет - субъектінің объектімен өзара әрекет ету функциясын сипаттайтын ұғым.

Іс-әрекеттік тәсіл - социотехникалық жүйелік тәсілді қосып алғандағы детерминистік тәсілдерге қарсы бағытталған және еңбекке жұмысшы бағыттағы, сонымен қоса жұмыс орнынан тыс қалыптасатын да факторлардың ықпал етуін атап көрсететін индустриалды әлеуметтанудағы тәсіл.

Адам табиғаты туылысынан қоғамдық, әлеуметтік деп есептеледі. Жоғары дамыған жүйке жүйесі, ағзаның таза адами қасиеттері өмірдің әлеуметтік жағдайлары әсерінен дамиды, жетілді. әлеуметтік факторлар оны әрекеттер жасауға, еңбек етуге, жасампаздыққа үйретті, өзінің өмірін жақсартуға, ол үшін үздіксіз күрес жүргізуге төселдірді. Еңбек іс-әрекеттер, жарқын келешекке үміт пен сенім, оған жетудің жаңа жолдарын іздестіру, өмір сүрудің басты мақсатына айналды. Басқаша айтқанда адам қайнаған қоғамдық процесте қалыптасады, дамиды, жетіледі.

Адамның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы, айналысатын ісі мен кәсібін, білімі мен дағдысының, өмір тәжірибесінің, өзіне тән ерекшеліктерінің жиынтығы жеке адам деген ұғыммен сипатталады. Жаңа туылған нәресте - адам, бірақ оны әлі де жеке адам деуге болмайды, өйткені онда дағды мен тәжірибе, білім мен іс-әрекет, қоғамдық қтынас әзірше қалыптаса қойған жоқ. Ендеше жеке адам тек қана тарихи-әлеуметтік құбылыстың жемісі ретінде көрінеді, қоғамдық ортада қалыптасады.

“Жеке адамның өзіндік ерекшелігі, оның қызметі мен дүниетанымынан, мінез -құлқынан, мұрат-мақсатынан, талғамынан, сезімінен, қабілетінен, ынта қоюынан, дағды әдетінен байқалады”, - деп тұжырымдайды профессор Құдайқұлов М. А. [15] .

Демек, жеке адамның басты белгісі оның әлеуметтік қызметінде, ал мәні әлеуметтік санасында. Жеке адамның әлеуметтік жағдайы оның еркіне тәуелді бола бермейді. Жеке адам қоғамнан тыс дами алмайды, өйткені адамның дамуы қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан адамның психологиялық ерекшеліктері, оның өзіне ғана тән қасиеттері әлеуметтік жағдайға, нақтылы кәсібіне, іс-әрекетіне, білім қабілетіне байланысты анықталады. Жеке адам психологиясы айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасау, қоғамдық тәрбиемен білім алу, кәсіптік қызмет атқару арқылы қалыптасады. Адам тек іс-әрекет жасау үстінде ғана өсіп жетіледі. Қызмет ету барысында оның қабілеті артады, іскерлігі мен дағдысы дамиды, кәсіптік шеберлігі ұшталады, өмірлік белсенді позициясы нығаяды, өз кәсібі бойынша мол тәжірибе жинақтайды.

Кез келген кәсіптік қызмет қоғамдық еңбек процесінде дамытылады. Адамдардың мұндай іс-әрекеттерінің әрқашан қандай да бір қажеттіліктен туатыныны белгілі.

Адамның іс-әрекетінің негізгі формалары: ойын, білім алу, ақыл-ой еңбегі, ғылыми ізденістер, физикалық еңбек, өнер мен шығармашылықпен шұғылдану. Бұлардың қайсысы болса да белгілі бір мақсат-мұратқа, шетке бағытталады. Осы келтірілген уәждерге сүйене отырып, іс-әрекетті адамның түрлі қажеттерін өтеу үшін, белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталатын еңбек процесі деп тұжырымдауға болады.

Адамның қызметі әрқашан да қажеттіліктен, мақсатқа ұмтылудан, оны орындауға қажетті білімімен және іскерлік пен дағдыдан құралады. Іс-әрекет пен білім алу, іскерлік және дағды өзара байланысты дамиды. Мысалы, адамның білімі, дағдысы, ебдейлігі белгілі бір қызмет үстінде қалыптасады, кейіннен олар іс-әрекетті жүзеге асырудың негізгі шартына айналады.

Адамның кез келген қызметінің орындалу шарты саналы түрде орындалатын қимыл-қозғалыстар мен амал- әдістердің дағдыға айналуы болып табылады.

Адам бойына дарыған бір дағды екінші бір дағдыны қалыптастыруға көмектессе, қайсы бірі бір-біріне кедергі келтіреді.

Дағды мен білім - екі түрлі процесс, олардың қалыптасу жолдары да түрліше. Дағды - динамикалық стереотип негізінде қалыптасса, білім - екінші сигнал жүйесі арқылы меңгеріледі [9, 10, 12, 13] .

Сонымен бірге адамның мақсаты мен ниеті әрқашан да белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдырады. Мақсатты іс-әрекет кезіндегі белгілі бір нәтижеге жету, ал ниетті сол нәтижеге итермелеуші күш деп түсіну керек. Сондықтан кез келген әрекет алдымен ниетке таладау жасаудан басталады. Ендеше ниет адамның іс-әрекетінің сырын ашатын кілт іспеттес.

Адам мақсатқа жету үшін түрлі құрал-аспаптарды, информацияларды, мәліметтерді, әртүрлі амал-тәсілдерді пайдаланады. Бұларды игеру үшін адамның белгілі бір білім дәрежесі, дағды мен іскерлігі болуы шарт деп санаймыз.

Іс-әрекет психологиялық, әлеуметтік категорияға жатады. Психологиялық тұрғыдан қарағанда оның бірлік бөлігі - амал болса, мұның өзі операцияның элементі саналады, ал операцияны белгілі бір істі орындаудың тәсілі деп түсінуіміз керек.

Белгілі психолог К. К. Платоновтың зерттеулері негізінде, адамның кез келген іс-әрекетінің құрылымы мынадай схема түрін болады:

Мақсат - себеп - орындау тәсілі - нәтиже.

Адамның іс-әрекеттерінің түрлері, әсер етуінің формалары мен тәсілдері сан алуан. Ол жеке адамның қызметі. Адамның қабілеті тек іс-әрекет үстінде ғана қалыптасатындығы белгілі. Сондықтан қабілет іс-әрекеттің бейнесі ретінде түсіндіріледі. Адамның іс-әрекетінің жетілуі оның рухани әрі физикалық қабілетіне де байланысты. Өйткені адамның барлық қызмет түрлерінің шығу көзі саналы еңбек деп есептейміз.

Психолог ғалым В. С. Мерлиннің пікірі бойынша адамның қызмет түрлері бойынша өмірлік бағыты:

  • жеке басы мүддесінің өзгешеліктеріне;
  • алға қойған мақсаттарының ерекшелігіне;
  • өзінің қажеттілігін өтеуге;
  • жеке басының мақсат ұстауына байланысты жетілуі.

Қазіргі ғылыми -техникалық прогресстің қарыштап даму кезеңінде жеке бастың өмірдегі жетістіктері, белсенді еңбекпен, ғылыми жаңалықтарды игерумен, қабілет-дарынан жетілдірумен тікелей байланысты деп түсінеміз. Келтірілген жәйттерді ескере отырып жеке адамның іс-әрекетінің құрылымын философиялық және психологиялық түсіні тұрғсынан талдап көрейік.

Құрылым (структура) ұғымы философиялық категория, олай болса, іс-әрекет құрылымының құраушы элементтерін, олардың өзара байланыстарын, жеке ерекшеліктерінің тұтастығын анықтауға болады. белгілі психолог К. К. Платонов жеке адам іс-әрекетінің құрылымының төрт құраушысы бар деп санайды. Ғалым оның біріншісіне - жеке адамның өзіндік бағытын, өзгелерге қатынасын, моральдық бейнесін; ал екіншісіне - адамның іс-тәжірибесі арқылы меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын, үшіншісіне - ойлауын, қабылдауын, түйсігін, сезімін, есте сақтау қабілетін, төртіншісіне - адамның жеке басының темпераменттік қасиеттерін жатқызады.

Келітірілген құрылым элементтері жеке адамға қатысты динамикалық өзгерістерге ұшырайды; ал оның тұтас құрамды элементтері психологиялық функция ретінде қарастырылады. Аталған элементтер адамның жеке басының психологиялық қасиеттерін жинақтайды деп түсінеміз. Талданған динамикалық, функциональдық, психологиялық құрылым деп атауы сәтті шыққан.

Адамның жан-жақты үйлесімиді дамуы осы құрылымның барлық құраушыларының толық болуына тәуелді. Олардың бірінің әлсіз дамуы немесе кемдігі адамның жеке басының дамуындағы олқылықтарға соқтырары сөзсіз. Осындай олқылықтардың орын алуын немесе болуына адамдардың жеке басының әр түрлі кездесуі, олар: тиянақты, тындырымды, аңғарымды, пайымды, ойлы, ойсыз, айқын мақсатты, мақсатсыз, қызба мінезді, салқын қанды, еліктегіш, әершіл, ұяң, жалтақ, ерме, көнбіс, ұшқалақ, алғыр, шешімді, салмақты, отар, төзімді, іскер, т. с. с. болып келеді.

Адам, әсіресе, жастық шағында, өзінің мұқтаждары мен алға қойған рухани талап тілектерін өтеуге сара жол таба бермейді, оның түрлі қиындықтарға ұшырауы да заңды. Өйткені адамның материалдық қажеттері мен рухани мұраты өзінен-өзі пайда бола қоймайды. Оның таныммен тәрбиені, еңбек ету мен кәсіптік мамандықты игеруі, азаматтық және отбасылық үрдістерді меңгеруі, мінез-құлықты баулуы, іс-әрекеті арқылы қабілеті мен іскерлігін қалыптастыруы нәтижесінде жүзеге асырылады.

Сонда ғана адам басқалардың қимыл әрекетіне соқыр сеніммен еліктеуді қойып, өмірді өзінше саралайды. өмір мәнін ізденіс, іс-әрекет арқылы түсінеді. Олай болса адамның қабілеттілігі оның қандай іс-әрекетпен үздіксіз, белгілі бір мақсатпен шұғылдануын тәуелді деп айту ағаттық болмас еді. Іс-әрекет түрлері қабілеттілік те қоғам талабына, қоғам дамуымен байланыстырылады. Қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына қарай қабілеттілік те дамиды.

Елімізде нарықтық қатынастардың орнығуына қарай экономикада, өндірісте, ауылшаруашылығында тың өзгерістер, жаңа қатынастар пайда болды, осыған орай адамдардың ойлауы, іскерлігі, қабілеттілігінде де уақыттың жаңа талабына сәйкес игі өзгерістер байқалуда, ілкімді тұлғалар, іскер кәсіпкерлер пайда болды. Соның нәтижесінде халқымыздың әл-ауқаты артты, жастардың білімге, ғыдымға, іскерлікке ынта-ықыласы өсті. Елімізде техника, өндірісі, әдебиет, өнер, мәдениет, білім беру салаларында адамның қабілетін, дарынын, талантын дамыту үшін көптеген келесі істер атқарылуда, “Болашақ” бағдарламасы бойынша мемлекет қамқорлығы аясында дарынды жастарды өркениетті дамыған елдерге барып, білім алуға жолдама беру, ғылымға, өнерге, білім саласына, ғалымдарға, өнер адамдарына, мұғалімдер мен дәрігерлерге жасалып жатқан қамқорлық осының айғағы болса керек.

“Қабілеттілік - адамның белгілі бір істі орындай алу мүмкіндігін көрсететін жеке басының дара қасиеті оның ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім, іскерлік, дағдының белгілі бір жүйесі болу керек”, - деп тұжырымдайды елімізге белгілі педагог ғалым, профессор М. А. Құдайқұлов.

Ғалымның осы пікірін толық қуаттайтын мысал келтірейік. Мысалы, адам өзінің техникалық конструкциялық қабілетін дамыту үшін математиканы, физиканы, сызу т. б. ғылымдарда, конструкциялардың құрылысынан терең хабардар болуы керек, оларды практикада пайдалану іскерлігі мен құрастыру дағдысының болуы шарт деп есептейміз. Басқаша айтсақ білімі терең, икемід іскерлігі және дағдысы қалыптасқан адамның қабілеттілігі, яғни шығармашылық жұмысқа бейімділігі жақсы дамиды. Мүлде қабілетсіз адам болмайды, тек ол біреулерде күштірек, ал басқа біреулерде азырақ болуы мүмкін. Қабілет үнемі жетілдіруді, дамытуды қажет етеді. Көп жағдайда адамның қабілеттілігі іскерліктің қалыптасуына сәйкес дамиды. Демек, қабілеттілік пен іскерлік әрқашан өзара тығыз байланыста болады. сондықтан адамның қабілеті тек іс-әрекет жасау, белсенділік таныту, іскерлігін жетілдіру нәтижесінде ғана дамиды деп есептейміз. Біздің ойымызша қабілеттілік пен іскерлікті дзеректіліктің, аңғарымпаздықтың, ұйымдастырушылықтың, есте сақтағыштықтың, белсенділіктің маңызы зор.

Қабілеттілікті, іскерлікті, дағдыны жетілдіру адамның жас мөлшеріне қарамайды. Ол ұдайы ізденуге, жаттығуға байланысты [15] .

Жоғарғы қабілеттілікті, қалыптасқан іскерлік пен дағдыны, ғылымдағы бесаппаптылықты Ш. Уәлизановтың өмірінен көруге болады. ол бірқатар Еуропа және шғыс тілдерін меңгерген, этнограф, фольклоршы, географ, ботаник, әлеуметтанушы, тарихшы, саяхатшы және әскери мамандықтарды игерген. Қазақ халқының сүйікті ұлы, дүниежүзіне белгілі ақыны Олжас Сүлейменов - геоглог, ақын, жазушы, дипломат, саясаткер екендігіне ешкімнің дауы жоқ шығар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана мен бейсана
Философиялық антропология
Кіші мектеп жасындағы балаларда сананың дамуы
Қоғамдық сана формалары
Психологиядағы іс-әрекет категориясы жалпы және нақты-психологиялық мазмұн
Сана туралы
Философия сана мәселесі
Таным және ғылым философиясы
Сана және өзіндік сана пайда болуы
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz