Сәбит Дөнентаевтың шығармаларының көркемдік ерекшеліктері


... жалғасыСәбит Дөнентаевтың шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Әбдуәли К. Қ.
«Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» Жезқазған қ. Қазақстан
Жетекші: Үмбетова А. Қ.
Кілт сөздер: ақын, жазушы, ағартушы.
Сәбиттің білімге, ақындық өнерге беріле кірісуі осы медреседегі кезінен (1909-1912) басталады. Ол әртүрлі әдебит кітаптарды, татар, қазақ тіліндегі газет-журналдарды, Абай мен Ғ. Тоқайдың шығармаларын, И. А. Крыловтың мысал өлеңдерін, қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері мен шығыс әдебиетінің аударма нұсқаларын көп оқиды. Бірте-бірте өзінің де эстетикалық талғамы қалыптасып, өлең жазуға машықтана бастайды. («Жолдыбай-асқан тентек құдай атқан», «Қаламға» т. б. ) . Ақыры ол медресені бітіргенде әкесінің ойлағанындай діндар молда болмай, ақындық өнері бар жаңашыл мұғалім, ағартушы ұстаз болып шығады. Сәбит Дөнентаев 1913-1916 жылдары Павлодар уезінің Ұрық болысы мектебінде сабақ береді. Газет-журналдар, көркем шығармалар оқумен бұрыңғысынан да мол шұғылданады. Жазғы демалыс кездерінде Омбы Павлодар қалаларының төңірегіндегі елдерді аралайды. Бұл ізденістер ақынның ел өмірімен жете танысуына, суреткерлік қорын молайта түсуіне, сөйтіп, «Заман кімдікі», «Қайтіп қарғыс алмайсың», «Балалық», «Жәмила қыз», «Бозторғай», «У жеген қасқырға» сияқты бірнеше реалисті өлеңдер жазуына жағдай жасайды. Сәбит Дөнентаевтың саяси сатиралық лирикамен шұғылдануына С. Торайғыровтың да көп көмегі тиеді. Ол өзінің «Айқап» журналына орналасқанын жерлес досына кешікпей-ақ хабарлайды. С. Дөнентаев оған «Қиялым» атты өлеңін жібереді, С. Торайғыров өлеңді журналдың 1913 жылғы 22 -23 сандарында бастырып шығарады. 1914 жылы «Айқапта» С. Дөнетаевтың «Биік тау» (№12), «Заман біздікі» (№13), «Қазақтарға қарап» (№20), «Бабалықты сағыну» (№21) атты өлеңдері мен «Жөнімен өкпелеу керек» (№11) дейтін мақаласы жарияланады. Бұл шығармаларынан ақынның ағартушылық бағыты айқын аңғарылады. Кейіннен ол «Қазақ» газетіне ат салысады. Оның «Әр жан әр түрде» (1914, №80), «Ұлтшылға» (1915, №93), «Жанға» (1915, №103), Жаз» (1915, №122), «Тотыға» (1915, №152) секілді сатиралық өлеңдері «Қазақ» газетінде жарияланады. Бұл ақын шығармашылығына жаңа белес еді. 1915 жылы «Уақ-түйек» атты тұңғыш жинағы жарық көреді. Сөйтіп, С. Дөнентаев 1914-1915 жылдардың өзінде қаламы төселген, беталысы айқындалған көрнекті ағартушы ақын ретінде танылады. Суреткерлік өнері толысып, ақындық шабыты әбден кемелденген ең бір жемісті шағында патша өкіметінің 1916 жылғы маусым жарлығы килігеді. Сәбит Дөнетаев та дүниежүзілік бірінші соғыстың майдан жұмысына ілігеді. Ақын Рига қаласы төңірегіндегі қара жұмыста болады. Ресейдегі ақпан революциясы болып, уақытша үкімет орнаған кезде С. Дөнентаев майданнан елге қайтады да, онда көп аялдамай, май айында Семей қаласына келеді. Бұл тұста қазақтың Алашшыл оқығандары Семей қаласында өздерінің «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін құрып жатқан-ды. Ақпан революциясын азаттық туды деп бағалаған ақын сол үлкен дүрбелең кезінде Алашорда үкіметі ашқан мұғалімдер дайындайтын үш айлық курсқа түсіп оқиды, кейінірек Сарыарқа газетінде экспедитор болып «Адаспаспыз», «Сарыарқа анамызға» атты өлеңдерін бастырып шығарады. С. Дөнентаев 1919 жылдың басында еліне қайтып келеді. Елде біраз уақыт халық ағарту жұмысымен айналысады. 1920 жылдың басында Сібірде, Семей мен Павлодар аймақтарында кеңес үкіметі орнайды. С. Дөнентаев асқан қуанышпен Павлодар қаласына барады. Уездік ревком оған Ақсу болысында сот болуды ұсынады. Содан ол 1922 жылға дейін ел ішінде сот ағасы қызметін атқарып ескі әділетсіздіктермен күреседі. Кеңес үкіметінің платформасын насихаттайды. Ел ішіндегі саяси-әлеуметтік істерден қолы босамаған ақын өлең жазуды қойып кетеді. Анда-санда белгілі бір жағдайларға байланысты жазған шығармаларын әр жерде қалдырып қояды.
С. Дөнентаев 1924 жылдың басында Губерниялық «Қазақ тілі» газеті редакциясының шақыруы бойынша Семейге барып, сонда қызметке орналасады. Газеттің бұл кездегі жайы туралы ақынның жерлес досы С. Машақов былай дейді: «Қазақ тілі» газеті осы күнгі Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көлеміне тарайтын еді. Бұл айтылған жерлерде қазақ тілінде шығатын өзге газет жоқ еді. Сондықтан «Қазақ тіліне» күніне ондаған хат түсетін . . . Редакцияда ол кезде екі-үш адам қызмет істейтін. Оның бірі -хатшы, екіншісі - аудармашы немесе әдебиетші, үшіншісі-ауыл шаруашылық, ағарту бөлімінің бастығы. Сәбитке тиістісі ауыл шаруашылығы, әдебиет, өлең, мәдениет және әйелдер тұрмысы болатын» (7) . Сәбит шығармашылығында оның бірсыпыра лирикалық өлеңдері көңіл күйін, табиғат көрінісін суреттеуге арналған. Бірақ ақынның бұл тәрізді өлеңдері ішкі сезім дүниесін қозғап, жүрек қылын тербететін нәзік сырлы лирикаға құрылмай, салмақты ой, сабырлы ақыл айту түрінде жазылғандығы көрінеді. Тегінде, Сәбиттің лирикалары сезімнен гөрі байсалды ойға, сабырлы түйінге құрылған. Сәбит шығармашылығында оның бірсыпыра лирикалық өлеңдері көңіл күйін, табиғат көрінісін суреттеуге арналған. Бірақ ақынның бұл тәрізді өлеңдері ішкі сезім дүниесін қозғап, жүрек қылын тербететін нәзік сырлы лирикаға құрылмай, салмақты ой, сабырлы ақыл айту түрінде жазылғандығы көрінеді. Тегінде, Сәбиттің лирикалары сезімнен гөрі байсалды ойға, сабырлы түйінге құрылған.
Сәбит тұрмыс зардабын көрмеген күнәсіз, кіршіксіз таза балалық өмірінің өзі жақсы еді деп толғанады. Жүрегіне қайғы дертін түсірген өмірге іштей күйінеді. «Қайда кеткен?» атты өлеңінде де Сәбит мұң-шерге батып, қалың ойға шомады.
Тентек пен дүние толған мақұл қайда?
Досыңнан біреу де жоқ, дұспан сансыз,
Бәрі жат жан біткеннің, жақын қайда?
Қорқақтау жұрттың бәрі қоян жүрек,
Бұрыңғы ер жүректі батыр қайда?
Түріңнен басқа пиғылың ұқсамайды
Өзіңнің адам деген атың қайда?
Солардың қайда кеткен жөнін білмей,
Дал болып мен отырмын терең ойда.
Әрине, Сәбитттің мұндағы мұң-қайғысы өзінің қара басының ғана қайғысы емес, әділетсіз қиянат дүниесіне ашыған, күйінген бүкіл қазақ елінің қайғысы. Қазақ елінің көз жасы мен аянышты халіне жаны ашып, қабырғасы қайысып егілген реалист ақынның осы бір жоталы ой толқыны мен көңіл күйлері бір қыдыру өлеңдерінде байыпты, бір қалыпты сарынымен суреттеліп отырады. «Қиялым», «Жастықта», «Тілек», «Жүрек», «Ой», «Көңіл мен тіл», «Кемшілікте», «Ақыл», «Досқа» деген лирикалы өлеңдері осы топқа жатады.
Сәбит XX ғасырдың кейбір ақындарындай дүниеден мүлде түңіліп, не сары уайымға салынып, не үмітсіздікке түсіп кетпейді.
«Үміт» деген өлеңінде:
Жұмсаған, не қиынға салған үміт,
Тіл алған қайда болса барған үміт.
Сөз байлап, қол алысып жөнелгенде,
Шығармақ едің сүйреп жардап үміт.
Артынан әуре қылып ертіп қанша,
Бұл күнде сол уағададан танған үміт.
Жолдасы, азық-түлік, қаруы жоқ,
Астында әр табанның қалған үміт.
Қарамай шамасына, таудай істі
Өзінің міндетіне алған үміт.
Іздесең дертке дәрмен адаспассың,
Қалайша құр тастайды аллаң үміт.
«Арбамен асықпаған қоян да алған»,
Жабықпа, жолыңда бол, тарлап үміт! -дейді. Кейбір әдебиетшілер онша елемей келген осы өлеңінің өзінде үміт үзбеушілік алға ұмтылушылық бары, келешекке сенетін айқын көзге шалынады. Ақын ұзақжолда, қиын жолда қажымай, жалықпай істей бер, іздесең табасың, адаспайсың, мақсатыңа жетесің деп отыр. Осы пікірін «Қиялым» деген екінші өлеңінде тіпті ашық көрсетеді. Еркін өмірді аңсаған ақын өзінің өршіл ойын, зор үмітін шалқи жырлайды.
Таза жүн, түсі әдемібір құс болсам,
Бұтаққа көңлім сүйген ұшып қонсам,
Зарымды жұртқа айтарлық сайрағыш боп,
Уа, дүние, шағып мұңым, көрсем шолпан!
Бойда күш, жанда қанат болған күнде,
Кім тұрсын құмдық, таулық, жерде сортаң!
Жүзсем - көз, қонсам - орман, ұшсам - дала,
Не қажет маған байлық, патша, сұлтан.
Бұл істі ұнатсам да, бір жағымда
Қаршыға, тұзақшы да, бар, сонан қорқам.
Ойлаймын - кім қызықпас мені ұстауға,
Іліксем қаршыға жер үзіп қолқам.
Жанымды жапырақтай қоям қайда,
Шығар күн болмаған соң, атарлық таң.
Бос оймен бірде олай боп, бірде бұлай,
Өзімше қумақшымын бір түрлі заң.
Қиялым, лаға бермей, айнал бері,
Құлдарша өнімсізге етіп қортаң.
Еңбек ет, боларға ұмтыл, шыңға баста,
Аяңдап сонда артыңнан менде жортам - дейді. Осыдан келіп, Сәбиттің шығармаларында еңбекке, ғылымға үндеу, жаңалыққа шақыру, бақытты өмірді аңсау, алға ұмтылу сияқты прогресшілдік идеялар Сәбит поэзиясының негізгі мотиві болып отырады. Сондықтан оның өмір шындығын жырлаған реалистік өлеңдерінде өршіл ой, романтикалық сарын елеулі орын алады.
Шығармашылығының алғашқы және соңғы кезеңінде де ағартушылық ұстанымды ұстанған Сәбит Дөнентаев - қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі. Ол Абай салған дәстүр негізінде реалистік әдебиетінің үлгісінде жазды. Негізгі әдісі - сыншыл реализм. Сөйтіп мысал жанрын, сатираны дамытты, өрістетті. Бұл ретте «Бозторғай», «Түстегі қарлығаш» сияқты әйгілі мысалдарын үлгі етуге болады. Ол тіл мәдениеттілігі, әдебиет тілінің тазалығы үшін тіл білдірушілерге қарсы күресті. Оның «Драмашыға» тағы басқа да өлеңдері осының толық айғағы. Поэзияға ақындық атқа дақ түсіріп, кір келтіретін, күн көріс үшін жүрген кәсіп құмарларға жиіркене қарады. Ондайлар мен жүрегі үйлеспеді. Кеңес ақыны деген атты ардақтап ақындық туын жоғары ұстады. Ақындық, жазушылық қызметке жауапкершілікті Сәбит басқалардан да талап етеді. «Жалдама Сандуғаш» деген өлеңінде Сәбит Дөнентаев көркем өнерді бағаламайтын кейбір құлқынның құлы-жалдама әуесқойларды сықақ етіп сынады. Сәбит Дөнентаев поэзиясы әрқилы бағаланып келді, бір кездері, Дөнентаевты «ұлтшыл-буржуазияшыл ақын» деушілер. (4, 204) Ал ҚазАПП-тың тұсында ақынға «жолбике» деген ат тағылып, өлеңдер жинағы жарық көре алмай жүрді. Ол кездегі әдебиет сынының кенже қалып, теориялық дәрежесінің төмен болғанын еске алсақ, бұл алуандас сыңар жақ тұжырымдардың орын теуіп келгеніне таңдануға болмайды. Солай бола тұрса да, Сәбит Дөнетаев шығармаларына былайша теріс баға берудің өрескел екендігін іштей сезінбеске тағы ылаж жоқ еді. Сондықтан да сол отызыншы жылдардағы оқулықтар мен кейбір зерттеу еңбектердің өзінде: «Сәбит - революциядан бұрын әдебиет майданына шыққан бұқарашыл ақындардың бірі» (21, 93), «Қазан төңкерісі алдындағы бұқарашыл әдебиеттің өкілі (22, 6), «Ұлттық қозғалыстың бұқарашыл қанатын ала шыққан ақын» (25, 127), «Қазақстанда кеңес әдебиетінің тууына негіз болған бірнеше шығармалар берді» (24, 50), - деген сияқты тұжырымдар көбірек кездеседі. Сәбит Дөнентаев шығармашылығына дербес зерттеген арнаулы ғылыми еңбектер 40-жылдары көріне бастады. Бұл ретте Е. Ысмайловтың 1941 жылы «Халық мұғалімі» (№1-4) журналында жарияланған көлемді мақаласын атап өту қажет. Онда ақынның өмірімен шығармашылығы толық талданып жеке шығармалары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz