Құрылымдық және электрлік симметриялық кабельдердің сипаттамалары сандық тарату жүйелері үшін байланыс. Байланыстың электрлік кабельдерінің түрлері және маркировкалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Описание: C:\Users\HP Prson\Downloads\nov-logo-kaz.png

БӨЖ

БӨЖ тапсырмасы: Құрылымдық және электрлік симметриялық кабельдердің сипаттамалары сандық тарату жүйелері үшін байланыс. Байланыстың электрлік кабельдерінің түрлері және маркировкалары. Оптикалық кабельдердің түрлері және қойылатын талаптар. Аспалы оптикалық кабельдер. Суасты оптикалық кабельдер.

Пәні: Телекоммуникациялық бағыттау жүйесінің теориясы

Дайындаған: РЭТ-39 тобының студенті Шыңғыс Ақгүл

Тексерген: Кубенова М. М.

Нұр-Сұлтан, 2021

Байланыс кабелі (Кабель связи) - әр түрлі жиіліктегі электрлік не оптикалық сигналдардың көмегімен ақпаратты (телеграмманы, телефон, телеграф, теледидар және радио хабарларын, түрлі деректерді, телемеханикалық сигналдарды, т. б. ) жеткізуге арналған кабель. Ол құралымы бойынша: симметриялық, коаксиалды және талшықты-оптикалық Байланыс кабелі; жеткізілетін токтың жиілігіне қарай төменгі жиілікті және жоғары жиілікті Байланыс кабелі; қолданылу аясына қарай алысқашықтықтық Байланыс кабелі (қалааралық) және жергілікті Байланыс кабелі (қалалық, ауылдық, т. б. ) ; кабель тарту тәсіліне сәйкес жер асты, су асты және аспалы (ауалық) Байланыс кабельдері, т. б. болып ажыратылады. Электрлік Байланыс кабелінің ток өткізгіш өзекшелері, әдетте, мыстан, оқшаулағышы қағаздан не полимерден, ал қабықшасы қорғасыннан не алюминийден жасалады.

Талшықты-оптикалық байланыс кабелі қорғағыш қабықша (фторпластан, поливинилхлоридтен, т. б. жасалған) ішіне орналасқан жарық өткізгіш талшықтардан құралады. Қазір көбіне талшықты-оптикалық байланыс кабелі жиі қолданылады, себебі ол басқаларына қарағанда арзанға түседі, әрі онымен берілетін сигналдың сапасы төмендемейді.

безымянный006 Байланыс кабелі анықталған жүйе бойынша ширатылған және жалпы ылғал өткізбейтін қабықшалы изолирленген сымдар жиынтығын көрсетеді. (сур. 2. 1)

Сур. 2. 1. кабельдің жалпы түрі: 1-өзекшесі; 2- қабықшасы; 3- бронды сыртқы қабаты

Электрлік байланыс кабелінің классификациясы келесі белгілерде болады:

  1. Пайдалану обылысы - магистральды байланыс кабелі, ішкізоналы

байланыс кабелі, ауылдық байланыс кабелі, қалалық телефондық кабельдер, дәнекер желілер және бағалар үшінгі кабельдер;

  1. Аралық қабат пен пайдалану шарттары - жерасты кабельдері, суасты

және әуе (немесе әуе ілгекті) кабельдері;

  1. Конструкция - сымдардың өзара орналасуына байланысты физикалық сымдар - симметриялы және коаксиальды. Симметриялы тізбек екі бірдей конструктивті және электрлік байланыстағы сымдардан тұрады. (сур. 2. 2, а) . Коаксиальды тізбек қосарланған осьты екі цилиндрді, ондағы бір цилиндр - біріңғай сым келесі цилиндрдің ішіне концентрациялы орналасады, жартылай. (сур. 2. 2, б) ;

безымянный006

Сур. 2. 2. Кабельді тізбектер: а - симметриялы, б - коаксиальды

  1. Жиілік тарататын спектр - төменгіжиілікті кабельдер (10 кГц-ке дейін) және жоғарғыжиілікті (10 кГц-тен жоғары) ;
  2. Сыңар шиыршықты кабель және төрт (жұлдызды) шиыршықты кабель, тудырушы кабель және түйінді кабель тобына жататын изолирленген сымдардың шиыршықты түрлері.
  3. Қорғаушы бетінің түрі - металды, пластмассалық қабықшалы кабель. Бронды кабельдің қабығы болаттан (жерасты қабатына), дөңгелек сымды болаттан (керуші күштен қорғау үшін) жасалынады.

Симметриялы байланыс кабельінің конструктивті элементтері

Токөткізгіш желілер. Өткізгіштер немесе токөткізгіш желілер келесі негізгі шарттарды қанағаттандыруы керек: жоғарғы электр өткізгішті, үлкен икемділік пен жеткілікті механикалық беріктілігінің болуы.

Байланыс кабельдерін өндіруде ең үлкен пайдалануға ие болған мыс. Кабельді желілер үшін көбінде ММ маркалы ρ = 0, 0175 Ом·мм²/м үлесті кедергісі бар жұмсақ сымдар қолданылады. Симметриялы жоғарыжиілікті кабельдер үшін ең үлкен пайдалануды 0, 9; 1, 05; 1, 2 мм диаметрлі мыс сымдар иеленіп отыр. Қалалық телефондық желілі кабельдер үшін ең көп таралғаны 0, 32; 0, 4; 0, 5; 0, 7 мм. диаметрлі мыс сымдар болып отыр.

Токөткізгіш сым изоляциясы. Изоляцияланған материалдың қасиеттері электрлік қатынаста келесі сипаттамалар бойынша анықталады:

  1. Электрлік беріктілікпен Uпр, онда изоляция үлгісі жүріледі;
  2. Диэлектрикте ток ағынын сипаттайтын, ρ тұрақты токта бөлінетін электрлік кедергімен;
  3. Электрлік өріс ықпал етуімен, диэлектрде зарядтар ығысу деңгейін сипаттайтын, диэлектрлік өткізгіштікпен ε;
  4. Диэлектриктегі энергия шығынын сипаттайтын, диэлектрлік шығынның тангенс бұрышынменtgδ{tg}\delta;

Кабельді сымды изолирлейтін материалдар жоғары үлесті көлемді кедергілі, диэлектрлік шығыны аз, диэлектрлік өткізгіштік мәні төмен, және созылмалы, иілгіштік қасиеті болуы керек. Сонымен қатар, олар технологиялық өңдеуге өте икемді, және де ескіруде төзімді болуы керек.

Байланыс кабелінде изоляцияланған материал ретінде кабельді қағаз, полистирол, полиэтилен және басқа да полимерленген пластмассалар қолданылады. 2. 1 таблицада кабельді диэлектриктердің негізгі сипаттамалары көрсетілген.

Кесте 2. 1

Кабельді диэлектриктердің негізгі сипаттмалары

Диэлектрик
Тығыздық, г/см³
ε
U, кВ/мм
t g δ {tg}\delta ·10 ˉ4 1 МГц жиілігінде
Диэлектрик:

Кабельді қағаз

Полистирол

Бірыңғай полиэтилен

Қуыс полиэтилен

Полиаинилглорид

Тығыздық, г/см³:

0, 7

1, 05

0, 92

0, 47

1, 26…1, 40

ε:

2…2, 5

2, 5…2, 7

2, 2…2, 3

1, 45…1, 5

3…6

U, кВ/мм:

5

40

30

6…10

30

tgδ{tg}\delta·10ˉ41 МГц жиілігінде:

400

2

3

5

400

Симметриялы кабельді байланыста ең ауқымды қолданысқа ие болған келесі изоляция түрлері:

  • құбырлы, трубка түрінде жүктелген (сур. 2. 3, а) қағаз лента түрінде

жасалынады, қағаз-қуысты изоляцияларда болады, қағаздың біртекті қабатын көрсететін де болады;

  • кордельді, сымға спиральды орналасқан кордельден тұрады, және кордельдің үстіне жайылған ленталар;
  • біріңғай, пластмассаның біріңғай қабаттарына жасалынады;
  • қуысты, пенопластың біріңғай қабаттарынан тұрады.
  • баллонды, ішіне сым еркін орналасқан, жіңішке пластмассалық

трубканы көрсетеді, бұл трубка перидты спираль бойынша бастырылған және желіні изоляция центрінде сенімді ұстайды. (сур 2. 3)

безымянный007

Сур. 2. 3. симметриялы кабельді байланыс изоляциясының түрлері

Соңғы жалаңаш түрлерінде үшқабықты пленка - қуысты полиэтиленді желіліер кең қолданыс тапты. 2. 4 суретте изолирленген желінің көлденең қимасы көрсетілген. Желі изоляциясы тығыздығы төмен үш концентрацияланған полиэтилен қабаттарынан тұрады. Сыртқы 1 және ішкі 2 қабаттар біріңғай қабықшалы жабқыштарды көрсетеді. Олардың ортасында көбік шығаратын (қуысты) құрылымы бар, негізгі аралық 3 қабық орналасқан.

безымянный008

Сур. 2. 4. үшқабықты қабықшалы-қуысты полиэтиленді изоляция

Изоляция төрт түспен боялған : қызыл, жасыл, сары және көк. Пигмент сыртқы қабықшалы жапқышқа кірістірілген.

Қазіргі уақытта кең қолданыстағы кабелдермен бірге басқа да ақпарат таратушы орталар дамып келеді олар: толқыншалар сияқты, жарықшалар, толқынның үстіңгі желілері, жоғарығаөткізетін және ленталық кабельдер және т. б. Бұлардың барлығы да жалпы бір атауға біріктірілген - бағыттаушы жүйелер.

Бағыттаушы жүйе (БЖ) - бұл берілген бағытқа электромагнитті энергияларды тасымалдауға арналған құрылғы. Осындай арна тартушы қасиетті сымдар, диэлектрик және кез келген әртүрлі электрлік қасиеті бар орта шегінің бөліктері (металл - диэлектрик, диэлектрик -ауа) иеленіп отыр. Сондықтан БЖ ролін металдық желі, (кабель, толқынша), диэлектриктік өтімділігі ε > 1 бар материалдан жасалған диэлектрлік желі (диэлектрлік толқын, талшықты жарықша), сонымен қатар металдиэлектрикалық желі (толқын үстіндегі желі) атқара алады.

е)

ж)

з) и)

; ии направляющих систем

Сур. 2. 1 әртүрлі бағыттаушы жүйелердің конструктивті схемасы

Жоғарғыжиілікті энергиялар тарататын қазіргі заманғы бағыттаушы жүйелер ау байланыс жүйесі (АБЖ), симметриялық кабельдер (CК), коаксиальды кабельдер (КК), жоғарыдан өткізгіш кабельдер (ЖӨК), толқыншалар (Т), оптикалық кабельдер (ОК), толқын үстіндегі желілер (ТҮЖ), диэлектрлік толқыншалар (ДТ), ленталық кабельдер (ЛК), жолақты желілер (ЖЖ), радиожиілікті кабельдер болып өз ішінен бөлінеді. Әртүрлі бағыттаушы жүйелердің конструкциясы схема түрінде 2. 1. суретте келтірілген.

Әуе желілері мен симметрикалық кабельдер симметрикалық тізбектер (сур 2. 1, а) тобына жатады. Айырықша ерекшеліктері екі өткізгіштің бірдей конструкциясы мен электрлік қасиеттерінде.

Коаксиальды кабельде (сур. 2. 1, б) жарты цилиндр формасы сияқты көрінетін 1 өткізгіш, 2-ші өткізгіштің ішіне концентрациялы орналасқан. Ішкі өткізгіш сыртқыдан әртүрлі аралық қабаттардың (шайбалар, баллондар, корделилер және т. б) көмегімен изоляцияланады. Толқынша (сур. 2. 1, г) жақсы өткізгіш материалдан жасалған, тік бұрышты және дөңгелек кесінділі толық метал трубасын көрсетеді. Жоғарыданөткізгіш кабель (сур2. 1, в) төменгі қарсы температура шартына орналастырылған, жалпы аз габаритті көлемді коаксиальды конструкциялы болады. Толқын үстіндегі желі (сур. 2. 1д) жоғарғыжиілікті изоляциямен (полиэтиленмен) қоршалған, дара металл сымын көрсетеді. Диэлектрлік толқын (сур. 2. 1, е) - жоғарғыжиілікті материалдан (полиэтилен, стирофлекс) жасалған дөңгелек және тік төртбұрышты қиындының өзекшесі. Жолақты желі (сур. 2. 1, ж) араларында изоляция орналастырылған тегіс ленталық сымдардан тұрады. Осы желіліердің түрлері болып бір жазықтықта орналастырылған, көп сымдардан тұратын кабель есептелінеді. Оптикалық кабель (сур. 2. 1, и) бір конструкцияға біріктірілген орама мен оптикалы-талшықты жарықшаны көрсетеді.

Кабель таңбалануында әріптер және цифрлар көмегімен таңбаланған негізгі классификацияланған белгілер мен кабельдің конструктивті ерекшеліктері, шартты белгілі жүйе бойынша түсіндіріледі.

Алғашқы бір немесе екі әріп кабель белгісін анықтайды. Мысалы, қалалық телефондық кабельдерде Т әрпімен белгіленеді, магистралтды симметриялық және азгабаритті коаксиальды кабельдер МК әріптерімен, магистральды коаксиальды КМ әріптерімен белгіленеді.

Кейінгі бір немесе екі әріп конструкцияның ерекшеліктерін немесе кабель изоляциясының материалын білдіреді. Мысалы, жұлдызды шиыршық ТЖ кабельі З әрпімен білінеді, кордельді-полиятроильды изоляция (стирофлексті) С әрпімен, полиэтиленді изоляция П әрпімен, құбырлы-полиэтиленді-Т әрпімен белгіленеді. Симметриялық кабельде қағаз изоляция және коаксиальды кабельде шайбалы изоляциялар таңбалануда әріпті белгіленбейді.

Соңғы бір немесе екі әріп кабель таңбасында қорғаныш қабатының түрін білдіреді. Мысалы, жалаңаш қорғасындалған кабель Г әрпімен белгіленеді, алюминді қабықша А әрпімен, ал болат қабықша С немесе Ст әріптерімен белгіленеді. Б әрпі сырты кендірлі қорғаныш жапқышты екі болат лентадан тұратын кабель брондануын білдіреді. К әрпі сыртқы жапқышты, дөңгелете мырышталған сымды брондалғанын көрсетеді; БГ-жалаңаш брондалған, сонымен қатар сыртқы қорғаныш қабықшасыз кабель екенін білдіреді.

Егер брондалған тірекшеде тоттануға қарсы изолирленген жапқыш бар болған жағдайда белгіленуіне мынадай әріптер қосылады: л - поливинилхронды немесе басқа пластмассалы ленталар қабаты; 2л - екі лента қабаты, олардың араларына битум және кремделген қағаз төселген; п - полиэтиленді шланг; в - поливинилхлоридті шланг. Егер осындай әріптер табылып жатса онда Шп - полиэтиленді шлангты көрсетеді немесе Шв - поливинилхлоридті шлангты білдіреді. Кабель таңбасының соңында желі сандары көрсетіледі немесе коаксиальды жұп және желі диаметрі болады. Мысалы, төрттөрттікті 1, 2 мм диаметрлі желілі кабель келесі мәндерге ие: 4х4х1, 2 бесжүзжұпты қалалық кабель 0, 4 мм диаметрлі желімен цифрлық мәнді береді 500х2х0, 4.

Сондықтан өндірісте шығарылып жатқан әртүрлі типтегі кабельдердегі бірдей әріптер таңбалануда әртүрлі мағына береді. Мысалы, З әрпі төменжиілікті кабельдерде жұлдызды шиыршықты білдіреді, сонымен қатар зоналық байланыс кабельдерінде, С- байланыс «связь», «стирофлекс», «болат» және т. б. сондықтанда әртүрлі жағдайларда әріптердің белгілерінің маңыздылығымен кабельді ГОСТ немесе техникалық талаптр бойынша анықтауға болады.

Кабельдербің маркировкасы

Талшықты-оптикалық кабельдер (ТОК) көптеген шетел компаниялармен шығарылады, мысалы Alkatel, AMP, BICC Cables Company/BICC KWO Kabel GmbH, Focas, Fujikura, Hellukabel, Lucent Tecnhologies, Mohawk/ CDT, NK Cabls, Phillips, Pirelli, Samsung, Simens. Sumitoto, сондай-ақ Ресей өндірушілерімен де шығарылады, мысалы «Москабельмет» (Москва, қазір «Москабель-Фуджикура»), «Оптен» (С. Петербург), «Оптика-кабель» (Москва, қазір «Москабсль- Фуджикура»), Самаралық оптикалық компания (СОКК) (Самара), «Сарансккабель» (Саранск), «Севкабель-оптик» (С. Петербург) .

Арналуы бойынша барлық кабельдерді 3 категорияға бөлуге болады:

-ішкі төселу (indoor) ;

-сыртқы төселу (outdoor) ;

-арнайы.

Ішкі және объектілік төселім кабельдері телефон станциялары, клиенттер/абоненттердің ғимараттары мен офистері ішінде қолданылады. Төселу шарттары бойынша былай деп бөлуге болады:

-тіке төселу кабельдері (riser cable) ;

-қалалық төсем кабельдері (distribution cable) ;

-коммутация сымдары (patch cord) .

Сыртқы төселім кабельдері кез-келген делік байланыс линияларында қолдана алады:

-әуе (aerial) ;

-жерасты (buried) ;

-суасты (undersea, underwater) .

Әуе ілгіш кабельдері әртүрлі қазықтарға ілінеді де өз кезегінде былай деп бөлінеді:

-өзтасығыш (self-supporting, мысалы ADSS - Ail-Dielectric Self-supporting) ;

-толық диэлектрикті өзтасығыш;

-тасушы тросы бар не жоқ, әртүрлі қазықтарға, оның ішінде электротаратушы линияларының мен темір жол желілерінің қазықтарына ілінген кабельдер;

-қыстырылатын (lashed, мысалы, ADL - толық диэлектрлік қыстырылатын), олар тасушы сымға диэлектриктік бау немесе таспа көмегімен немесе арнайы қыспалармен қыстырылады;

-иірілген (wrapped, мысалы SkyWrap типті, шығарушы Focas компаниясы) - олар тасушы айналасына, мысалы, фазалық немесе жерге қосу сымына иіріледі (газотрос) ;

-жерге қосу сымына енгізілетін (ORGW типті - Optical ground Wire - ГТОК - газотростағы оптикалық кабель) .

Жер асты төселім кабельдері өз кезегінде былай бөлінеді:

-кабелдік канализация мен үңгіртауларда (туннель) төселінетін кабельдер;

-жерге қазылатын кабелдер;

-арнайы құбырдағы (мысалы, Silikor - Dura-Line компаниясының ПЭ құбырлары) автоматты салыну (АС) кабелдері.

Суасты кабельдердің мынадай түрлері бар:

-терең емес көлдер, саз көлдер және кеме жүрмейтін өзен түбіне салынатын кабелдер (үлкен емес су бөгеттерді өту кезінде қолданылады) ;

-өзендер мен мұхиттар түбіне төселетін кабелдер (бұл тек түбіне салу деген сөз емес сонымен қатар белгілі бір тереңдікке ілу немесе бір тереңдікке қазып тастауды да білдіреді )

Арнайы кабельдерге мыналарды жатқызады:

-бірталшықты жұқа арнайы қабықшаға оралған, әртүрлі арнайы құрылғылар мен аспаптардың ішкі коммутация желісінде қолданылатын толық диэлектрикті (ТД) кабельдер;

-компьютер желілеріндегі шиналар;

-көпталшықты көлемді (матрицалы) ТД кабельдер, олар әртүрлі объектілердің жазық графикалық бейнелерін тура тарату үшін арналған (мысалы, видеобейнелерді тарату үшін - мыңдаған немесе он мыңдаған талшықтары бар) .

Конструкциясы бойынша кабельдер арналуы, салыну шарттары және басқа да конструкциялы элементтерге байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Бұл элементтерге мыналар жатады:

-біріншілік немесе екіншілік қорғаныс қабықшасы бар немесе кабельге салыну үшін арнайы дайындалған (мысалы, кабельдегі жалпы талшықтар санын бірнеше жүздіктерге дейін көбейту үшін жазық таспаға біріккен, ал бірнеше таспа матрицаға біріктірілген) оптикалық талшықтар;

-ОТ орналасқан металл немесе пластмасса құбырлық модульдер, оларды басқаша оптикалық модульдер деп те атайды (ОМ) ;

-бойлық пазаларында (перифериядағы винтті линия бойымен) бөлек талшықтар, талшықтар бумасы немесе құбырлы модульдер төселетін профильденген өзекшелер;

-күштік элементтер: орталық (корда немесе металл талшық түрінде) - ОКЭ немесе сыртқы (бір немесе бірнеше металл сымның бұрмасы түрінде) . ОКЭ ретінде әйнекпластикті өзекше, арнайы аса берік арамидті жіптер бумасы (Кевлар, Тварон немесе Терлон), болат сым немесе профильденген өзекше қолданыла алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байланыс каналдары бойынша зертханалық жұмыстар
ОПТИКАЛЫ ТАЛШЫҚТЫ БАЙЛАНЫС ЖОЛДАРЫ
Бағыттаушы тарату жүйесі
Оптикалық таратқыш муфта
Байланыс желісінің қондырғылары
Оптикалық кабельдер
Компьютерлік кабельдер
Кабельдік байланыс жүйесінің сенімді жұмыс атқаруының басты мақсаттары
Коаксиалды кабельдер
Цифрлық тарату арналарын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz