Телекоммуникациялық бағыттау жүйесінің (ТБЖ) дамуы. ТБЖ бойынша көп арналы беру жүйелері


Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
БӨЖ
БӨЖ тапсырмасы: Телекоммуникациялық бағыттау жүйесінің (ТБЖ) дамуы. ТБЖ бойынша көп арналы беру жүйелері. ТБЖ мақсаты және дамуының міндеттері. ТБЖ қойылатын негізгі талаптар.
Пәні: Телекоммуникациялық бағыттау жүйесінің теориясы
Дайындаған: РЭТ-39 тобының студенті Шыңғыс Ақгүл
Тексерген: Кубенова М. М.
Нұр-Сұлтан, 2021
Қазіргі кездегі телекоммуникациялық жүйелер және желілер түрлі ақпараттарды беру, қабылдау, өңдеу, тарату және сақтауды қамтамасыз етеді. Ақпарат дегеніміз көрсету формасына тәуелсіз, оқиғалар, құбылыстар, процестер, түсініктер және фактылар, заттар және тұлғалар туралы мағлұматтар жиынтығы.
Телекоммуникациялық жүйелер - белгілі бір типті электрлік байланысты (электробайланыс) қамтамасыз ететін техникалық жабдықтар кешені.
Байланыс - келісілген ережеге сәйкес қызмет істейтін жабдықтардың көмегімен ақпараттар алмасу немесе ақпараттар жіберу
Электробайланыс - сымды, оптикалық немесе басқа да электромагнитті жүйелер бойынша хабарды жіберу немесе қабылдау.
Хабар - ақпаратты оның көзінен тұтынушыға беруге арналған ақпаратты көрсету формасы. Телекоммуникация саласына сәйкес, хабар дегеніміз - электробайланыс жабдықтары арқылы электромагниттік сигналдардың көмегімен берілетін ақпарат. Хабарға мысалдар: телеграмма мәтіні, сөз, музыка, фототелеграмма-факс, телевизиялық көрініс, компьютерлік файл және т. б.
Сигнал - берілетін хабарды көрсететін (тасымалдаушы) материалдық тасымалдағыш немесе физикалық процесс
Электробайланыс сигналдары - параметрлерінің өзгерісі уақыт бойынша берілетін хабарды көрсететін электрлік кернеу немесе тоқты білдіреді. Электр сигналдарына мыналар жатады: телефондық, телеграфтық, факсимильді сигналдар, деректерді беру сигналдары, телевизиялық және дыбыстық хабар тарату сигналдары, телебақылау және телебасқару сигналдары.
Телекоммуникациялық жүйелердің техникалық жабдықтарына мыналар жатады: байланы торабы, ақпаратты беру жүйелері, байланыстың бірнеше желілері түйіндесетін түйіндерде орнатылған ақпаратты үлестіру жүйелері. Оларды телекоммуникациялық жабдықтар деп атайды.
Жырақтағы объектілер жиынының өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялық жабдықтар жиынтығы телекоммуникациялық желіні (telecommunication network) құрайды
Жырақтағы объектілерге: шеткі жүйелер, жекелеген жергілікті және аймақтық желілер жатады.
Телекоммуникациялық жүйелер және желілер бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, электробайланыс жүйесін түзеді - белгілі бір түрдегі электробайланысты қамтамасыз ететін техникалық жабдықтар кешені
Электробайланыстар жүйесінің классификациясы негізінен берілетін хабарлар түрлерімен, электрлік сигналдарды үлестіру ортасымен (2. 1 сурет) анықталады.
Телекоммуникациялық жүйелер және желілер техникалық жабдықтар жиынтығы, хабарды оның көзінен алушыға беру кезінде мынадай операцияларды жүзеге асырады:
- Хабар көзінен (ХК) келіп түсетін хабарды электробайланыс сигналына түрлендіру;
- Электробайланыс сигналын хабарды беру және қабылдау (ХҚ) үшін ыңғайлы формаға түрлендіру;
- Электробайланыс сигналдарын байланыстың шеткі пункттерінде (ШП) немесе байланыс түйіндерінде (БТ) орнатылған беріліс каналдарымен және коммутациялау станцияларымен (КС) түйіндестіру.
Сурет 2. 1 - Электробайланыстар жүйелерінің жіктелуі
Телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің өзара әрекеттесуінің жалпылама құрылымдық сұлбасы 2. 2 суретте көрсетілген, онды мынадай белгілеулер қабылданған:
ХК - хабар (ақпарат) көзі (информации) ; Түр 1 - хабарды электрлік сигналға түрлендіргіш, ол бастапқы электрлік сигнал немесе жәй ғана электрлік сигнал деп аталады ; КС - коммутациялау станциясы, әр түрлі байланысты орнатуды (жергілікті, қалааралық, халықаралық, кіріс, шығыс және транзитті) және коммутациялаудың белгілі бір тәсілін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін коммутациялық және басқарушы аппаратуралар жиынтығы; ТЖ 1 - түйіндесу жабдығы, бастапқы сигналдарды физикалық сипаттамалары тарату ортасының беріліс параметрлерімен келістірілген сызықтық электрлік сигналдарға түрлендіруді жүзеге асырады; ТО - таралу ортасы; ТЖ -1 - түйіндесу жабдығы, сызықтық электрлік сигналдарды бастапқы бірінші сигналдарға түрлендіруді жүзеге асырады; Түр -1 - бастапқы сигналды хабарға түрлендіруші; ХА - хабарды алушы.
Сурет 2. 2 - Телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің өзара әрекеттесуі
Жиіліктің белгілі бір сызығында бастапқы сигналды беруді қамтамасыз ететін немесе желілік станциялар немесе желілік түйіндер арасында белгілі бір жылдамдықпен сигналды беруді қамтамасыз ететін техникалық жабдықтар кешені және тарату ортасы беріліс каналдары деп аталады.
Сызықтық сигналдар таралу ортасы бойынша өткен кезде әлсіреуі (өшуі) мүмкін, түрлі кедергілер мен бұзылуларға ұшырауы мүмкін. Сигналдарды беру сапасына әсер ететін осы факторларды жою үшін беріліс жүйесінің түріне байланысты белгілі аралық сайын күшейткіштер, регенераторлар , немесе ретрансляторлар орнатылады, олар тарату ортасымен бірге беріліс жүйесінің сызықтық трактын түзеді.
Хабарды түрлендіргіш шығысында алынатын электрлік сигнал электробайланыстың бастапқы сигналы (2. 2 сурет) деп аталады.
Берілістің қарастырылып отырған каналы екі нүктелік және біржақты болып табылады, яғни хабарды беру бір жаққа жүзеге асырылады.
Егер тарату көзі мен қабылдаушы кезекпе-кезек орындарын ауыстыратын болса, онда сигналдар алмасу үшін екі жақты байланыс каналын қолдану қажет, ол екі жақты берілісті жүзеге асыратын болады. Берудің тиімдірек тәсілі - бір мезгілде жұмыс істейтін, екі беттеспелі каналдарды ұйымдастыру. Мұндай жұптасқан канал дуплексті деп аталады.
Компромисті нұсқа - жартылай дуплексті режим: екі бағытты беріліске қол жеткізу үшін бір канал, екі қабылдағыш және кезекпе-кезек ауыстырылатын екі жібергіш қолданылады.
Әдетте тәжерибеде көпарналы беріліс жүйелері (КБЖ) қолданылады. Олардың көмегімен бір канал бойынша бір мезгілде бірнеше хабарды жібере аламыз 2. 3 суретте КБЖ жалпылама құрылымдық сұлбасы көрсетілген.
Сурет 2. 3 - Көпарналы беріліс жүйесі
Аб i - абонент; М i - түрлендіргіш құрылғы (модуляторлар) ; КБҚ - каналдарды біріктіру құрылғысы; КАҚ - каналдарды ажырату құрылғысы; Түр i - түрлендіруші құрылғы (демодуляторлар) .
КБЖ-де абоненттен келіп түсетін бастапқы сигналдар модулятормен (М i ) түрлендіріледі. Алынған сигналдар каналдық сигналдар деп аталады. КБҚ каналдық сигналдарды топтық сигналдарға біріктіреді.
Бастапқы сигнал телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (ТКЖЖ) құрылымында тасымалдау объектісі болып табылады, себебі ол жіберушіден қабылдаушыға берілу керек.
Бастапқы сигналдардың жіктелуі де әртүрлі. Сигналдар түрі бойынша жіктеуді қарастыралық.
Аналогты (үздіксіз) сигнал дегеніміз- ақпараттық параметрлері шамасы күйлердің үздіксіз жиынын қабылдай алатын электробайланыс сигналы. Аналогты сигналға импульсті сигналды да жатқызуға болады, егер оның параметрлерінің бірі (амплитуда, жиілігі, фаза) сандық емес күй жиынын қамтитын болса.
Дискретті сигнал дегеніміз - ақпараттық параметрлерінің бірінің шамасы квантталатын, яғни күйдің санақты жиынын қамтитын электробайланыс сигналы.
Цифрлық сигнал дегеніміз - ақпараттық параметрлерінің бірінің шамасына байланысты есепті жиыны кодалық комбинациялардың шектелген жиынымен сипатталатын электробайланыс сигналы.
Қазіргі уақытта кең қолданыстағы кабелдермен бірге басқа да ақпарат таратушы орталар дамып келеді олар: толқыншалар сияқты, жарықшалар, толқынның үстіңгі желілері, жоғарығаөткізетін және ленталық кабельдер және т. б. Бұлардың барлығы да жалпы бір атауға біріктірілген - бағыттаушы жүйелер.
Бағыттаушы жүйе (БЖ) - бұл берілген бағытқа электромагнитті энергияларды тасымалдауға арналған құрылғы. Осындай арна тартушы қасиетті сымдар, диэлектрик және кез келген әртүрлі электрлік қасиеті бар орта шегінің бөліктері (металл - диэлектрик, диэлектрик -ауа) иеленіп отыр. Сондықтан БЖ ролін металдық желі, (кабель, толқынша), диэлектриктік өтімділігі ε > 1 бар материалдан жасалған диэлектрлік желі (диэлектрлік толқын, талшықты жарықша), сонымен қатар металдиэлектрикалық желі (толқын үстіндегі желі) атқара алады.
е)
ж)
з) и)
; ии направляющих систем
Сур. 2. 1 әртүрлі бағыттаушы жүйелердің конструктивті схемасы
Жоғарғыжиілікті энергиялар тарататын қазіргі заманғы бағыттаушы жүйелер ау байланыс жүйесі (АБЖ), симметриялық кабельдер (CК), коаксиальды кабельдер (КК), жоғарыдан өткізгіш кабельдер (ЖӨК), толқыншалар (Т), оптикалық кабельдер (ОК), толқын үстіндегі желілер (ТҮЖ), диэлектрлік толқыншалар (ДТ), ленталық кабельдер (ЛК), жолақты желілер (ЖЖ), радиожиілікті кабельдер болып өз ішінен бөлінеді. Әртүрлі бағыттаушы жүйелердің конструкциясы схема түрінде 2. 1. суретте келтірілген.
Әуе желілері мен симметрикалық кабельдер симметрикалық тізбектер (сур 2. 1, а) тобына жатады. Айырықша ерекшеліктері екі өткізгіштің бірдей конструкциясы мен электрлік қасиеттерінде.
Коаксиальды кабельде (сур. 2. 1, б) жарты цилиндр формасы сияқты көрінетін 1 өткізгіш, 2-ші өткізгіштің ішіне концентрациялы орналасқан. Ішкі өткізгіш сыртқыдан әртүрлі аралық қабаттардың (шайбалар, баллондар, корделилер және т. б) көмегімен изоляцияланады. Толқынша (сур. 2. 1, г) жақсы өткізгіш материалдан жасалған, тік бұрышты және дөңгелек кесінділі толық метал трубасын көрсетеді. Жоғарыданөткізгіш кабель (сур2. 1, в) төменгі қарсы температура шартына орналастырылған, жалпы аз габаритті көлемді коаксиальды конструкциялы болады. Толқын үстіндегі желі (сур. 2. 1д) жоғарғыжиілікті изоляциямен (полиэтиленмен) қоршалған, дара металл сымын көрсетеді. Диэлектрлік толқын (сур. 2. 1, е) - жоғарғыжиілікті материалдан (полиэтилен, стирофлекс) жасалған дөңгелек және тік төртбұрышты қиындының өзекшесі. Жолақты желі (сур. 2. 1, ж) араларында изоляция орналастырылған тегіс ленталық сымдардан тұрады. Осы желіліердің түрлері болып бір жазықтықта орналастырылған, көп сымдардан тұратын кабель есептелінеді. Оптикалық кабель (сур. 2. 1, и) бір конструкцияға біріктірілген орама мен оптикалы-талшықты жарықшаны көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz