ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
9Лекция Тақырыбы: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Жоспар:
1. Инновация туралы жалпы түсінік.
2. Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері.
3. Инновацияның негізгі қағидалары.
4. Білім берудің инновациялық əдістері мен технологиялары.
5. Инновациялық əдістердің классификациясы.
6. Инновациялық технологиялардың өлшемдері.

Елбасы Н. Назарбаевтың Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына - атты тақырыпта оқыған лекциясында:
Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен əлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін формацияның педагогы қажет, - деген. Қазіргі мұғалім:
1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Инновация туралы жалпы түсінік

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея. Майлс: Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз - дейді.
Ендеше инновация ұғымы - педагогикалық сөздік қорнына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде жаңа,
жаңалық енгізу, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны өзгеріс деген терминмен анықтайды.
Инновация деген сөз - латынның novis жаңалық жəне іп енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.
Инновация ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет түрлерін екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын
басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық
болып шығады. Инновация ұғымын əр елде əртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тəріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан əр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси əдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда инновация ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.
Қазақстанда ең алғаш Инновация ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі деген анықтаманы ұсынады.
Н. Нұрахметов инновация білімнің мазмұнында, əдістемеде, технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке- дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Инновация сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз
жаңа, өзгеру, жаңаша деген мағынаны білдіреді жəне дəл қазіргі жаңа заманға да жаңа, жаңаша өзгерудің мазмұны терең жəне анық екендігі белгілі. Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.

Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері

Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық педагогикалық жаңалықтарды енгізудің ІV кезеңін бөліп көрсетуге болады:
I кезең: Жаңа идеяны іздеу. Ақпараттандыру жəне инно- вацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқу-тəрбие үдерісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу.
ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу. Оқу-тəрбие үдерісінде инно- вациялық əдіс-тəсілдерді пайдалану.
IV кезең: Жаңалықтарды бекіту. Оқу-тəрбие үдерісінде енгізіл- ген жаңалықтардың нəтижесін бағалау.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалім іс-əрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:
оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.
Оның ғылыми-əдістемелік, оқыту-əдістемелік, ұйымдастыру- шылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп-білу пəндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.
Оқытудың инновациялық технология бойынша əдістемелік жүйесі сапалы нəтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-əрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық əдіс-тəсілдерді оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық іс-əрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үдерісінің өзара сапалы нəтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.
Инновациялық үдерістің негізі - жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология- ларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
оқушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жəне одан шығатын нəтиже оқытушының кəсіби біліктілігіне тікелей байланысты.

Инновацияның негізгі қағидалары

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың педагогокалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тəрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту; баланың өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үдемелі иновациялық бағдарламадағы жаңа саясат
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
Елдің технологиялық және инновациялық алмасуы
ҚР-ң индустриялық инновациалық дамуы
Инновацияларды басқарудың технологиялары мен әдістері
Инновациялық экономиканың теориялық негіздері
ҚР индустриялды- инновациялық саясатының басымдықтары жайлы
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Индустриялық - инновациялық инфрақұрылымның теориялық негіздері
Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау
Пәндер