ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С. Сейфуллина. - 2013. - №1 (76). - Б. 33-41

ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әлімқұлова Э.Ж.

Аннотация
Мақалада оқытудың инновациялық технологияларын оқу үдерісінде қолдану мәселелері қарастырылады. Бүгінде ақпараттандырылған заманда оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану түрлі мәселелер тудырумен қатар білім алушылардың таным сапасын жетілдіруге, оқу материалдарын меңгеру сапасын арттыруға және қолдануға тиімді.
Мақалада оқытудың негізгі мақсаты, яғни жетілдірілген оқыту технологияларын қолдана отырып оқу үдерісіндегі ғылыми педагогикалық іс-әрекетті дамыту, үздіксіз жетілдіру, тәжірибе жүзінде қалыптастыру, қоғам мен айнала қоршаған орта арасындағы байланысты қайта құру, білім алушыларда өзіндік жұмыс үлгілері дамыту, тұлғаны нақтылыққа, жүйелі іс-әрекетке бейімдеу, таным сапасының жетілдірудегі педагогикалық қызмет басым қарастырлады.
Кілттік сөздер: білім беру; инновациялық технология; білім алушы; белсенді техникалық құралдар; маман; ақпараттық технологиялар.

Ел басшысы Н.Назарбаев
XXI ғасыр табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуы тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады, деп білім беру мәселесіне аса мән беріп, педагог қауымына үлкен міндет артып отыр. Бүгінде еліміздің білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеру мақсатында жасалып жатқан талпыныстар көп, мысалы түрліше бағдарламаларға негізделген жаңа түрдегі оқу орындары, лицей, колледж, жаңа типті мектептердің
пайда болуы, болашақ маман даярлау ісіне заман өзгерісіне сай нақты талаптар т.с.с. Педагог-ғалымдардың осы заман талабына сай, орта мектептерде, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесін қайта құруға байланысты жүргізіліп жатқан жаңа технологиялық құрылым мен әдіс-тәсілдерді зерттеп енгізуі, әлемдік стандартқа сай мамандарды дайындау мақсатында ғылыми негізделген психологиялық, педагогикалық қызметтері өмір талабы, заман сұранысы.
Педагогикалық ғылыми зерттеу жұмысымыздың мақсаты да

білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізіп, бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және барлық мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық техноло-гияларды қолданып еліміздегі білім беру қызметін сапалы деңгейге көтеру. Бүгінде кафедрадағы атқарылып жатқан педагогикалық ғылыми зерттеу жұмыстары-ның бағыты
Агротехникалық жоғары оқу орындарында студенттерді пәнаралық байланыста өздік және ғылыми зерттеу жұмыстары негізінде дайындаудың методологиясы, Аграрлық техникалық жоғары оқу орындары мамандықтарымен сабақтастықта қазіргі заманға бейімделген химиялық білімді жобалау,
Қашықтықтан оқыту жүйесінде жалпы білім беретін пәндер бойынша (физика және экология пәндері) мультимедиялық оқыту курстарының моделі,
Қашықтықтан оқыту жүйесі үшін on line режимінде виртуалді білім беру кеңістігі және бағдарламалық өнімдерді дайындау және зерттеу) тақырыптарымен тығыз байланыста жүргізіліп отыр. Осы тақырыптар бойынша атқарылған педагогикалық ізденістер келесі міндеттерді жүктейді:
* Жетілдірілген оқыту технологиясын қолдана отырып оқу
үдерісіндегі
ғылыми педагогикалық іс-әрекетті дамыту, үздіксіз жетілдіру, тәжірибеде қалыптастыру.
* Білім беру саласының гуманистік парадигмаға аяқ басуында білім беру
үдерісіндегі әрбір студенттің таным сапасын жетілдіруді қамтамасыз ету;
* Ақпарат легі үздіксіз жаңарып отырады, сол себепті жаңартылған
ақпараттан құлақдар болып, уақтылы қол жетімділікті қажтамасыз ету;
* Бүгінгі қоғамымыздың талаптары жаңа оқыту және ақпараттық
технологиялар құралдарын еркін меңгерген, ақпарат көздерімен еркін жұмыс жасай алатын сауатты, білікті жастарды тәрбиелеу;
* Өндірісте, күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды кеңінен
қолдану талаптарын қанағаттандыру;
* ҰБТ нәтижелері мектеп бітірушілердің жаратылыстану пәндерінен
(әсіресе химия, физика) білімдерінің жеткіліксіз екендігі мәлім, сондықтан оқыту технологияларын жетілдіре отырып студенттердің білім сапасын көтеру.
Осы бағыттағы педагогикалық қызметімізде біз оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы химия, физика пәндерін оқыту үдерісіде жаңа ақпараттық технология құралдарын қолданып жұмыс жасау біліктіліктерін

қалыптастырудағы ұйымдастырылған жұмыстар жүргізілуде, мысалы:
* Химия курсында оқытудың жаңа технологияларын қолдану мәселелерін зерттеп, тиімділігін анықтау мақсатында психологиялық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау;
* Химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда қазіргі заманның
оқыту технологияларын қолдану мәселелерін талдау;
* Химияны пәнаралық байланыс арқылы оқыту үдерісінде жаңа оқыту
технологияларын қолдану әдіс тәсілдерін қарастыру;
* Химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда қазіргі замағы оқыту
технологияларын қолдану бойынша ұсыныстар жасап, тиімділігін анықтау;
* Химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда кейбір физикалық,
химиялық құбылыстардың модельдерін жасау;
* Химияны пәнаралық байланыс арқылы оқыту үдерісінде қазіргі
заманғы оқыту технологияларын қолдану әдістемесінің контент-талдауын жасау.
Бүгінде ақпараттандыруды кең мағынада кез-келген елдің ғылыми-техникалық даму деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылатын ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау
құралдарының инфрақұрылымын қажет ететін адам іс-әрекетінің барлық қоғамдық маңызды түрлеріндегі шындыққа сай, толық және уақытында жеткізілетін білімді белсенді және толық қолдануға негізделген қоғам өмірін қайта құру үдерісі ретінде қарастыруға болады. Осы жағдайда ақпарат қоғамның негізгі стратегиялық қоры болып табылады және экономикада, білім беру саласында және мәдениетте маңызды орынға ие болады. Ақпаратты оқу үдерісінде қолдануда ақпараттық мәдениет қалыптасуы тиіс.
Педагогикалық зерттеулерде ақпараттық мәдениет - бұл әлемнің қазіргі көрінісін түсіне білу, ақпараттық ағымдарды кеңінен қолдану және оларды талдай білу, айнала қоршаған ортаға бейімдеу мақсатында тура және кері байланыстарды іске асыру, компьютермен сауатты түрде қатынас жасай білу, оның мүмкіндіктерін және адамның интеллектуалдық ортадағы орны мен рөлін ұғына білу екендігін көрсетеді.
Бүгінде педагогикалық жүйелерді компьютерлендіру және ақпараттандыру негізінде оқытудың жаңа технологияларының пайда болуына төмендегі әлемдік тенденциялар әсер етеді:
* Ауқымды өндірістік инфрақұрылымның дамуы;
* Ғылымның, техниканың және технологияның барлық салаларын
ақпараттандыру және автоматтандыру;

* Қоғамның кәсіби құрылымының және адам баласының еңбекке деген дүниетанымдық көзқарасының жаңа бағытта өзгеруі;
* Білім беру саласының әлемдік жүйедегі ақпараттық интеграциясы.
* Кадрлардың көпдеңгейлі және озық дайындығы;
* Білім берудің үздіксіздігі, үздіксіз білім беруді жетілдіру және білім
мен білікті толықтырудың қажеттілігі;
* Тұлғаны әлеуметтендіру және кәсіби деңгейін жетілдіру.
Сонымен, білім беруде оқытудың жаңа технологияларын қолдану білім беру мазмұнының сапасын арттыруға, зерттеулер жүргізуге, әдістемелік нұсқауларды дайындауға, оқытудың дәстүрлі және жаңа технологияларын кіріктіріп білім беру жүйесіне енгізуге бағытталған үдеріс ретінде қарастыруға болады. Өйткені білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану қоғамның сұраныстарын қанағаттандыратын білім беру сапасының тиімділігін арттыру болып саналады. Ауқымды мақсат көпжақты, ол өз кезегінде төмендегідей ішкі мақсаттардан тұрады:
* Жаһандану заманында білім алушыларды қоғамның барлық салаларында толық және тиімді қатысуға дайындау;
* Білім беру сапасы мен білігін арттыру;
* Ұлттық білім беру жүйесінің әлемдік бірлестіктің инфрақұрылымына
ақпараттық интеграциялануы.
Білім беру жүйесін модернизциялаудағы технологиялық ішкі жүйенің рөлін қарастыра отырып, келесі қорытынды жасауға болады: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану білім беру жүйесіндег і қазіргі заманғы маңызды мәселелерін шешуді сол жағдайда ғана қамтамасыз етеді, егер технологиялық ішкі жүйенің дамуымен қатар, барлық басқа ішкі жүйелерде: педагогикалық, ұйымдастыру-шылық, экономикалық, айтарлықтай өзгерістер орын алса және де білім беру жүйесінің теориялық және әдіснамалық негіздеріне әсері байқалса. Басқаша айтқанда, жаңа оқыту технологяларының дамуы миллиондаған адамдарға оқыту қызметтерін салыстырмалы аз шығынмен ұсына алатын түпкілікті жаңа білім беру жүйесінің орнауына әкеледі.
Қазіргі кезде барлық деңгейдегі оқу орындары компьютерлермен толық жабдықталған. Білім беру саласын, ұсынылған бағдарлама бойынша оның теориясы мен практикасымен қамтамасыз ету және оқыту мен тәрбиелеудің
психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа технологияларды пайдалану білім беру саласын ақпараттандыру деп

аталады [1]. Ақпараттандыру (А.П. Ершов бойынша) үдерісі:
ақпараттық - әлеуметтік маңызы бар барлық ақпаратты сақтауға, өңдеуге, электрондық құралдармен беруге қолайлы түрде ұсыну;
танымдық - қоғамға, өзінің барлық деңгейде дамуын динамикалық реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлемнің тұтас ақпараттық моделін құру және сақтау; жеке қызметтен жалпы адамзаттық институттардың қызмет істеуіне дейін жету.
материалдық - ақпаратты сақтаудың электрондық құралдарының, өңдеу мен берудің толық инфрақұрылымын құру.
Білім саласын
ақпараттандырудағы біздің басты мақсатымыз білім алушыларды ақпараттық қоғамда өмірдің қоғамдық, кәсіптік, тұрмыстық салаларында толыққанды және тиімді қатысуына дайындау, үйрету. Қазір Ақпараттандыру және
компьютерлендіру деген түсініктер жиі қолданылады. Білім саласын ақпараттандыру дегеніміз білім алушының мәліметтер базасында, компьютерлік бағдарламаларда, түрлі анықтамалық әдебиеттерде ұсынылған зор көлемді ақпартқа қол жеткізуі. Ал компьютерлендіру оқытудың жекелеген жағдайы, дейді [2]. Біз педагогикалық қызметімізде білім саласын ақпараттандыру дегеніміз - білім беру саласын, оқыту мен тәрбиелеудің
психологиялық-педагогикалық
мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында, қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мен жасаудың теориясымен және практикасымен қамтамасыз ету үдерісі деген көзқарасты қолдаймыз. Өйткені бүгінде білім беруде ақпаратты сақтау, өңдеу, беру жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Оқытудың қазіргі заманғы технологияларында ақпараттық технология-ларды қолдану педагогикалық қызметіміз үнемділік (уақытты, еңбекті, материалдық ресурстарды үнемдейді), оңтайландыру (тапсырысты т.б. іздеудің автоматтық жүйесін жақсартады), шығармашылық (адамды ақпаратты өңдеу мен пайдалану жүйесіне енгізеді) бағыттағы жаңа деңгейге көтеріледі.
Педагог ғалымдардың пікірінше ...қазіргі кезде оқытудың ақпараттық технологиясы (ОАТ) дегеніміз - бұл ақпаратпен жұмыс істеу үшін түрлі арнаулы жолдарды, бағдарламалық және техникалық құралдарды (кино, дыбыстық- және бейне құралдарын, компьютерлерді, телекоммуни-кациялық тораптарды) қолданатын педагогикалық технология және ...ОАТ білімді беруге (педагогтің қызметі), қабылдауға (білім алушының қызметі), оқытудың сапасын бағалауға, білім алушы тұлғасының оқу-тәрбие үдерісінде жан-жақты дамуына жағдай жасауға арналған ақпарттық технологиялардың қосымшасы деп түсіну қажет.

Компьютерлік технологияларды пайдаланып ақпаратты табу және оны пайдалана алу, нысана жасау мен ақпаратты жеткізудің барлық типтерінен тұратын гиперортада байланыс орнату; шынайы өмірде нысаналар мен қызметтерді конструкциялап және олардың модельдерін компьютердің көмегімен жасай білу деп түсіндіреді. Компьютерлік сауаттылық тұлғаның әлемнің ақпараттық бейнесін символдар мен белгілердің және тура және кері ақпараттық байланыстардың жүйесі деп қабылдап, өзі ақпараттық қоғамда еркін бағыт тауып, соған ыңғайлану қабілетін танытатын ақпараттық мәдениетінің бөлшегі болып табылады.
Біз оқу үдерісінде оқытудың жаңа технологияларын қолдануда, мысалы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану түрлі мәселелер тудырумен қатар білім алушылардың танымдық қызметін, соның нәтижесінде оқудың тиімділігін арттыратынын көрсетеміз. Танымдық әрекетсіз ешбір ғылыми түсінік толық қабылданбайтындықтан, белсенді танымдық әрекетті ұйымдастыру үшін өздік жұмыстарының жүйесі мен түсініктерді, заңдарды, және теорияны қабылдаудағы қателерді уақытында танып, оқытушының өзінің педагогикалық қызметінің нәтижелерін бағалап, өзінің қолданған әдістері мен оқыту тәсілдерінің тиімділігін танып, оларға тиісті өзгерістер енгізуі үшін берілген білімді қабылдау
сапасы мен нәтижесін бақылауы тиіс.
Оқытудың қазіргі заманғы техноло-гияларын қолдануда:
# оқу-тәрбие үдерісін білім алушылардың қабілеттерін,
дайындықтарын, материалды игерудегі жеке-тұлғалық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің деңгейін есепке алып жекелендіру;
# білім алушының танымдық әрекеті сипатының өзіндік жұмыс істеуге және танымдық сипат жағына қарай өзгеруі;
# білім алушының үнемі жетілуіне және өздігімен оқып-білуге ынталануы;
# оқудағы пәнаралық байланыстың белсендірілуі, құбылыстар мен оқиғалардың кешенді оқылуы;
# оқу үдерісінің
жылдамдығының, қолайлылығының артуы, оның тез және үнемі жаңаруда болуы;
# білім алушының оқу үдерісінен тыс әрекеті мен олардың бос уақытын ұйымдастырудың түрлері мен әдістерінің өзгеруі.
Ал химияны пәнаралық байланыста оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану бізге келесідей мүмкіндіктер береді:
* информатика және физика сабақтарында алған білімдерін химияда
пайдалануға мүмкіндіктер тудыру;
* пәнаралық деңгейде білімді жалпылау үдерісін жеңілдету және осы

деңгейде білім алушылардың қоршаған ортамен байланысын жетілдіру, таным сапасын қалыптастыру;
* химияны физика,
информатикамен пәнаралық байланыста оқытуда
жеке пәндер мен құбылыстардың, заңдылықтардың арасындағы байланыстарды жан-жақты ашып таныту;
* түрлі деңгейдегі күрделі оқу материалдар базасын құру, жинақтау
жағдайын тудыру;
* оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде статистикалық ақпаратты тез
жинау және жеткізу жағдайын жасау;
.
* оқу үдерісі барысында білім алушылардың жұмысын бақылап, түзетіп
отыруға мүмкіндік беретіндей кері байланыстың болуы және білім алушылардың жұмысын жекелендіру;
Оқыту құралдарының осындай жүйесі оқыту-әдістемелік әдебиеттермен, химияны оқыту курсының бағдарламалық жабдықталуымен және оқытушы мен оның білім алушының еңбегін ғылыми ұйымдастыру құралдарымен біріге отырып ЖАТ құралдарын қолдануға негізделген оқыту-әдістемелік кешен (ОӘК) құрайды (1-сурет)

Оқыту-әдістемелік кешен
Оқытудың ЖАТ құралдарын қолданатын
Оқыту-әдісте мелік
Ұйымдастыру
Оқу үдерісін ғылыми
Телекоммуникациялар

Үлестірмелі
Бағдарламалық құралдар (БҚ)
Дыбыс жазу құралдары
Транспоранттар
Кинофильмдер
Диапозитивтер
Кестелер
Видеофильм
Оқытушы БҚ
Бақылаушы БҚ

Көмекші
Физикалық, химиялық
Басқару
Фронтальды
Практикум
Бейне-техника
лық құралдар
Зертханалық
Химиялық
үдерістер
Көрнекілік
Оқыту
Зертханалық жұмыстарға арналған
Cурет 1 - Химияны оқытуға арналған
Химияны оқытуға арналған оқу әдістемелік кешені

Оқытудың дәстүрлі
Мультимедиа
Баспалық
Бейне-филь
Химия курсын оқытуға көмекші оқыту
Компьютерлік техникалармен жеке жұмыс істеу өзіндік жұмыс үлгілерін дамытады, нақтылыққа, әрекеттің жүйелі болуына үйретеді, талдау мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Инновациялық оқыту әдістемесі
Интерактивтік оқыту технологиясы
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда АКТ қолдану
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Химияны оқытудағы интерактивті технологиялар
Компьютерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары
Пәнаралық байланыстар
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Пәндер