Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
01 сәуір 2021 жыл

Болашақ университетінің жоғарғы колледж
мұғалімі Бакиев Төребек Бақытжанович
группа: П-199

Лекция тақырыбы: Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.
Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.
Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық тағы басқа. Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды.
Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады.
Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді. Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқада қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамның сот үстін мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бірнеше рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.
Орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылу мүмкін. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер істі сот қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босату. Егер сот түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам өзінің түзелуі үшін сот тағайындаған жазаны толық өтуді қажет етпейді деп танылса, ол мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкін. Бұл орайда адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
Жазадан шартты түрде - мерзімінен бұрын босату сотталған адам: - кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;
- ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
- аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін, сондай-ақ бұрын жазадан мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға, егер мерзімінен бұрын-шартты түрде босату тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.
- Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзімі алты айдан кем болмауы керек.
- Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылық. Жауаптылықтан босату себептері
ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері
Қылмыстық жауаптылық босату түрлері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Пәндер