Жаза тағайындаудың жалпы негіздері туралы
25 наурыз 2021 жыл
Болашақ университетінің жоғарғы колледж
мұғалімі Бакиев Төребек Бақытжанович
группа: П-199
Лекция тақырыбы: Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Қылмыстық жаза - ол өзінде екі қарама қарсы түсінікті қамтитын күрделі ұғым болып табылады. Жаза мазмұны мәжбүрлеу мен сендірудің диалектикалық бірлігін құрайды. Осы диалектикалық қайшылықта қылмыстық заңнаманың ары қарай дамуының ішкі негізі салынған.
Қылмыстық заңды аналогия бойынша қолдануға жол берілмейді. Қылмыстық жаза Қылмыстық кодекстің іс әрекетті саралайтын Ерекше бөлімінің санкицясына қатаң сай келу керек. Тек қана қылмыстық мақсаттары мен ниеттеріне, кінәлінің қылмыс жасаудағы роліне, оның қылмыс жасалу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқына және қылмыстың қоғамға қауіптілігін елеулі түрде кемітетін өзге де ерекше мән-жайлардың болуына, сонымен қатар тұлғаның қылмысты ашуға белсене қатысуына байланысты сот кінәліге қылмыстық заңда қылмыстың осы түріне көзделгеннен де төмен жаза тағайындай алады немесе өзге неғұрлым жазаға ауыса алады. Баптың санкциясы шектерінде жазаны таңдау туралы мәселені шешкен кезде сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілігін, кінәлінің жеке басын және жазаны ауырлататын немесе жеңілдететін өзге мән-жайларды, таңдалған жазаның сотталушының түзелуіне және оның отбасының жағдайларына әсерін ескеруге тиісті.
Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында белгiленген шекте және қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады.
Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза қылмыстық кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн.
Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз Қылмыстық кодекстiң 55-бабында белгiленедi.
Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез - құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.
Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:
а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;
б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;
в) жүктiлiк;
г) айыпкердiң жас балалары болуы;
д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;
е) жеке басы, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;
ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;
з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында қылмыс жасау;
и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы;
к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу.
Аталған негіздер қылмыстық заңда нақты тізіммен келтірілген, алайда, көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезiнде жеңiлдетушi ретiнде ескерiлуi мүмкiн.
Егер жеңiлдететiн мән-жай қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көзделген болса, ол өзiнен-өзi жаза тағайындау кезiнде қайталап ескерiле алмайды.
Қылмыстық кодекстің 53 баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзімі немесе мөлшері қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғүрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екісінен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшінен аспауға тиіс.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар
Мыналар қылмыстық - жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;
б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру;
в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;
г) қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;
д) айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;
е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздың себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;
ж) жүктiлiк жағдайы айыпкер үшiн алдын ала белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не айыпкерге тәуелдi адамға қатысты қылмыс жасау;
з) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;
и) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинап қылмыс жасау;
к) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеушi құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрi-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетiп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауiптi әдiс қолданып қылмыс жасау;
л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртiп бұзушылық кезiнде қылмыс жасау;
м) алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;
н) адамның өзi қабылдаған антын немесе кәсiби антын бұза отырып қылмыс жасауы;
о) қылмыскердiң қызметi жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы;
п) өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.
Егер көрсетiлген мән-жай қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көрсетiлген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде қайталап ескерiлмеуi керек.
Жаза тағайындау кезiнде сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды. Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.
Сот, жаза тағайындай отырып, мән-жайлардың келесі үш тобын ескеруге тиіс:
1) қылмыстық іс-әрекеттің сипатына қатысты - оның сипаты және қоғамға қауіптілік дәрежесі;
2) кінәлінің жеке тұлғасына қатысты - оның әлеуметтік мәртебесі;
3) кінәлінің жауаптылығының дәрежесіне әсер ететін - жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар.
Қылмыстық құқық теориясында қоғамдық қауіптілік сипаты ретінде барлық қылмыстарға тән белгіні айтады, ол бірінші кезекте қылмыстық әрекеттер объектісі болып табылатын заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастың маңызы мен мәнімен анықталады.
Соттар жазаның түрi мен мөлшерiн белгiлеу үшiн елеулi мәнi бар сотталушының жеке басының мәлiметтерiн жан-жақты, толық және объективтi түрде тексеруi керек. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгi мен қатыстығын, білімін, сотталғандығы туралы мәлiметтердi анықтау керек. Сотталушының отбасы жағдайы анықталғаннан кейiн, соттар ҚК-тің 52-бабының 3-бөлiгiне сәйкес жазаны тағайындаған кезде тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер ететінін ескеруi керек.
ҚК-тiң 54-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тiзiмi түпкiлiктi болып табылады. Осыған орай, қылмыс жасалған кездегi немесе сотталушыны сипаттайтын басқа да сот анықтаған жағдайлар (маскүнемдiкке салыну, қоғамдық тәртiптi бұзу, отбасына, жұмысына, оқуына немқұрайлы қарау т.б.) жаза тағайындалған кезде ескерiледi, бiрақ жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде танылмайды.
ҚК-тiң 54-бабы бiрiншi бөлiгiнiң "м" тармағына сәйкес қылмыстың сипатына қарай сот қылмысты мас күйiнде жасауды жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танымауға құқылы. Бұл мәселенi шешу барысында соттар жасалған қылмыстық әрекеттің өзінің сипаты бойынша кінәлінің мастығына қатысы бар-жоғын, сондай-ақ оны осындай күйге алып келген жағдайларды ескеруi тиiс. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған адамның қылмыс жасаған кезде мас болуы, егер оны бұндай күйге арақ, есiрткi немесе басқа да есеңгiртетiн заттарды пайдалану арқылы ересек қылмысқа қатысушы жеткізсе, жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын жағдай ретiнде есептелмейді.
Егер ҚК-тің 53 немесе 54-баптарында көрсетiлген мән-жайлар қылмыстың бiр белгісі ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiмiндегi баптың диспозициясында көрсетілген болса, онда ол сол қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жай ретiнде ескерілмейдi.
Бiріншi қылмысы бойынша қылмыстық жауапкершiлiкке тарту мерзiмi өтіп кеткен жағдайда, заңмен бекiтiлген тәртiпте сотталғандығынан арылған немесе оны алып тастаған немесе заң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz