Листериоз патологиялық морфологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғам
Ветеринария факультеті
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ:
Листериоз патологиялық морфологиясы
тақырыбына орындалған

Орындаған:
Тексерген:

Алматы,2020

Мазмұны
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Этиологиясы
2.2.Патогенезі
2.3.Патологиялық анатомиялық өзгерістері
2.4.Патологиялық гистологиялық өзгерістері
ІІІ.Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Листериоз (Listeriosis) сүтқоректілер мен құстардың зооантропоноздар тобына жататын, ми мен жұлынның қабынуымен, іш тастаумен, сепсис, желінсау нышандарымен сипатталатын жіті инфекциялық ауруы.
Листериозбен жануарлар жасына қарамай ауырады, әйтсе де жас төл мен буаз малдардың бейімділігі жоғары. Ауруға қойлар жиі шалдығады. Ірі қара малда ауру көбінесе қыс және көктем айларында байқалады. Табиғатта листериялар негізінен тышқан тектес кемірушілер организмінде сақталады.[2]

Негізгі бөлім
Қоздырушысы - Listeria monocytogenes таяқша тәріздес, грамтеріс боялатын бактерия, ұштары дөңестеніп бітеді, кейбір ортада сәл ғана бүгіледі, спора мен қауашақ түзбейді. Listeria monocytogenes бактериясының қозғалу қасиеті бар , оның өте ұзын полярлы талшығы (жгутигі) болады. Рим бестігіне (V) ұқсап жеке-жеке , бір-біріне параллельді, жұп болып және қысқа тізбек болып орналасады.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бас миы талшықтарынан алынған жағындыдағы Listeria monocytogenes (Грам әдісі бойынша боялған)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Иммуногистохимия (ми): қызыл түсті ошақтар оң нәтижелі боялған Listeria monocytogenes
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Патогенезі. Листериялар жануарлар организміне негізінен азық қорыту мүшелері арқылы жем-шөппен (сүрлеммен, т.б.) бірге енеді. Тыныс жолдары, конъюнктива және зақымданған тері арқылы да енуі мүмкін Қоздырушы эндо- және экзотоксиндер бөліп, зардапты әсер етеді. Инфекция қақпасынан листериялар қанға, лимфаға өтіп, бүкіл организмді жайлайды. Инфекциялық процестің одан әрі өршуі қоздырушының уыттылығы мен мал организмнің физиологиялық ахуалына байланысты. Организмнің төзімділігі төмен бұзауларда септицемия өршиді, буаз сиыр мен саулықта листерия плацента арқылы өтіп, жатырдағы төлге енуі, нәтижесінде малдың іш тастауы, төлдің алғашқы апта ішінде ауырып, шығынға ұшырауы мүмкін. 1-4 апталық бұзауларда ауру экзогендік инфекция ретінде туындап, көбінесе мидың зақымдану белгілерінің басымдылығымен сипатталады. Еріннің, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың кілегейлі қабықтары арқылы ішкі ортаға енген листериялар жүйке діңгектерін (тілжұтқыншақ, бет, тіластыңғылық) бойлай миға өтіп, миды және оның қабықтарын жіті қабындырады.Листериоз жіті және жітіліеу өтеді.
Патологиялық анатомиясы.
Патанатомиялық өзгерістер аурудың клиникалық нышандарына сәйкес әртүрлі болады. Олардың мынадай түрлері бар :
жүйкелік
сепсистік
генитальды
аралас
субклиникалық
латентті
1)Жүйкелік листериоз жіті іріңді менингоэнцефаломиелитпен сипатталады.
Жіті іріңді менингоэнцефаломиелит сопақша мидың, ми көпірінің, ортаңғы ми мен жұлынның бет бөлімінің алдыңғы бөлігінің, мишықтың, көру төмпектерінің зақымдалуымен сипатталады. Бұл мүшелердің ми заты мен ми қабықтарында жіті қабынған гиперемия және домбығу, сондай-ақ нүктелі және дақты қанталаулар,жұмсарған өлі ошақтар мен жұмсақ ұлпаның абсцессін көреміз. Жас төлдерде панэнцефалит пен отит байқалады. Жүйкелік-көздік формасында кератоконъюнктивит ажыратылады. [3]

Мидағы энцефалит ( сиыр)
Ми заты мен ми қабықтарының домбығу сұйығымен кеуленгені, онда нүктелі және дақты қанталаулар, ми тамырларының қанмен молайғаны байқалады. Ми қабықтарында қанталау гематома түрінде болуы, ми діңгегінің каудальды бөлігінде жұмсару ошақтары болуы мүмкін. Кейбір деректер бойынша (М.М.Халимбеков), қойда бұл қанталаулар жайылма сипатта да болады, мидың қарыншалары мен қатты қабығы астында ірің тәріздес сұйықтың болуы ықтимал.[1]

Сопақша мидағы абсцесс (сиыр)
Эпикард астында, жұтқыншақтық және жақастылық лимфалық түйіндерде, т.б. мүшелерде бірен-саран нүктелі және дақ қанталаулар кездеседі. [1]

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бас миындағы лептоменингит аймағындағы тамырлардың анық гиперемисы (теке)
2)Сепсистік листериоз құстар, лақтар, қозылар мен ересек бұзауларда байқалады. Сепсистік листериоз бауырда, сирегірек лимфалық түйіндерде, талақта, өкпеде, жүрек (миокард) пен бүйректе өлі ошақтар пайда болуымен сипатталады. Кейін өлі ошақтар орнында гранулемалар қалыптасады.

Бауырдағы некроз ошақтары (қозы)
Ылғалды және кілегейлі қабықтарда, лимфалық түйіндерде қан молаяды, қанталаулар пайда болады, ішек - қарын жіті катарлы немесе қанараласа (геморрагиялық) қабынады (гастроэнтерит) , паренхималық мүшелерде нәруыздық дистрофиялық процестер туындайды, талақ пен лимфалық түйіндер гиперемия мен гиперплазияға , өкпе гиперемияға ұшырайды. Бұзаудың өкпесі көбінесе катарлы қабынады.[1]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой листериозын балау және күресу шаралары
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Листериоз, лептоспироз, шошқа тілмесі ауруларына қолданылатын биопрепараттар
Ибараки ауруы туралы
Жатырішілік инфекциялар. Инфекциялық процесстердің жас ерекшеліктері. Әр түрлі жастағы балалардың инфекциядағы патогенетикалық ерекшеліктері
Шошқа тілмесінің қоздырғышы
Токсоплазмоз животных
Микроб жасушаларының құрылысы
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Листериоз ауруының сипаттамасы
Пәндер