Мектепті басқару мен мектептің оқу-тәрбие процесіне басшылық етуді жетілдіру, оқушыларға білім беру мен тәрбиенің сапасын көтерудің алғы шарты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі

Баяндама
Тақырыбы: Мектепті басқару мен мектептің оқу-тәрбие процесіне басшылық етуді жетілдіру, оқушыларға білім беру мен тәрбиенің сапасын көтерудің алғы шарты.

Орындаған: Ахметкәрім Б.С
Тексерген: Копишева А.Д

2020-2021 оқу жылы

Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Жалпы басқару дегенді - шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе - орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.
Мектепшілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.
Мектепшілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, "ыќпал ету" ұғымының орнына "өзара әрекеттесу", "ынтымақтасу", рефлексивті басқару" ұғымдары қолданылады.
Сол сияқты мектепті басқару теориясы, мектепшілік менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түскен.
2. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері.
Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі - мемлекеттік басқарудан мемлекеттік - қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік - қоғамдық басқарудың негізгі идеясы - білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш - қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата - аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.
Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде "Білім туралы" заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік - экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.
Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты "Білім туралы" заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:
- білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;
- білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;
- білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі.
Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік саясатын мемлекеттік білім стандарттарын сақтау арқылы іске асырады. Білім стандарты оқу бағдарламасының міндеті минимумы мен оқушылар жүктемесінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдарың міндеті білім алуды формальді түрде қамтамасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жеке тұлғаның өзін - өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады.
Білім беру саласында мемлекеттік саясат дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылады. Олар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық басқару мекемелері.
Мемлекеттік басқару оргондары - білім және ғылым министрлігі ,облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудіњ мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын айқындайды; білім мекемелерін қаржыландырады және т.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепті педагогикалық басқарудың құрылымы
Педагогикалық менеджмент маңызы
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ
Педагогика пәнінен оқу құралы
Балаларына әкеңнің киімін аттама
Тәрбиенің мақсаты, мазмұны
Педагогика. Оқулық
Орта мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны және оны ұйымдастыру
Пәндер