Ойлау тарихы және оның философиялық-ғылыми зерттелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ойлау

Тарихы

Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау - қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл - адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі «өнер тілі») арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар - психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т. б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т. б. ) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.

Ойлау - объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Кітаппен қызы . Жозе Феррас де Алмейда Жуниор

Пойыз саяхатында ойланып отырған адам

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мифологиясының табиғаты, тарихы және ғылыми зерттелуі
Философиялық білім, оның түрлері және ойлау мен тілдің өзара байланысы
Алаш қозғалысының тарихы мен ғылыми зерттелуі
Материалистік диалектика: тұжырымдамасы, ойлау әдісі және ғылыми-философиялық функциясы
Философиялық ойлау: сыни ойлау және жүйелі күмәндану
Философиялық ойлау: сын мен күмән
Әл-Фараби: түркі және ислам өркениетінің ойшылы және оның ғылыми-философиялық мұрасы
Философиялық ойлау түрі: сын және күмәндану
Бабырнаме: зерттелуі, көркемдік ерекшеліктері және қазақ тарихы мен мәдениетіне ғылыми құндылығы
Философиялық ойлау: сыни көзқарас пен күмәндану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz