Сөйлеу техникасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Лекцияның тақырыбы: Сөйлеу техникасы
Лекцияның мақсаты: Сөйлеу техникасы туралы түсінік беру. Дыбыстау мүшелерін қызметіне қарай
жіктеу және сөйлеу техникасының төселу жолдарымен таныстыру.
Лекцияға керекті құралдар: Слаид, кестелер.
Лекцияның жоспары
1. Сөйлеу техникасы деп нені түсінеміз.
2. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңызы.
3. Сөйлеу мүшелері және олардың қызметі, сөйлеу мүшелерін жаттықтыру жолы.
4. Тыныс алу және оның түрлері.
5. Үнреңкі және оның мәні.
6. Орфоэпияның басты ережелері.
Дыбыстау мүшелері жөнінде конспект жазып келу.
Лекция барысы
Бұл күнде қазақ тілі білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің барлық саласына қызмет ете алатын мейлінше жетілген тілге айналып отыр. Оның сөз байлығы орасан қолайлы, жазуы орнықты. Әр алуан заңдылықтары нормаға айналды. Қазақ тілінің де өзге тілдер сияқты екшеліп тұрақталған заңдылықтары бар. Ол заңдылықтар сөздерді дұрыс таңдау, орнымен жұмсау, яғни лексикалық заңдылықтар. Сонымен қатар сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдер құрастыра білу немесе грамматикалық заңдылықтар, дұрыс айту заңдылықтары: сауатты жазу заңдылықтары секілді бірнеше салаларды қамтиды. Қазақ тіліндегі кейбір сөздердің жеке тұрғандағы дыбысталуы мен сөйлеу актісіндегі айтылуы әрдайым бірдей болып келмейді. Сол сияқты сөздердің жазылған түрімен анық оқылуы да бірдей болмайды. Сондықтан мәнерлеп сөйлеу өнері болашақ тәрбиешіден сөйлеу техникасын толық меңгеруді талап етеді.

Сөйлеу техникасы
Сөйлеу техникасы

Тыныс алу
Тыныс алу
Дауыс
Үн реңкі (дикция)
Дауыс
Үн реңкі (дикция)
Сөйлеу техникасы дыбыстау мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам шығарма мәтінін тыңдаушысына мәнерлеп жеткізе алмайды. Мәнерлеп сөйлеп оқи білу үшін тілдің дыбыс шығаратын мүшелерінің қызметін жақсы білу қажет. Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция деп атаймыз. Дыбыстау мүшелері немесе сөйлеу аппаратына өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, тіс, ерін, иек жатады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі - өкпе. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тармақтарымен тамаққа одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді. Жұтқыншақ қуысына келген ауа одан әрі не ауыз қуысы, не мұрын қуысы арқылы өтеді. Өкпе 2 таран қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады және өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда демеп отырады. Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты жасалады. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығып, өкпеге бірден тез енеді. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі - тамақ. Ол кеңірдектің жоғарғы тұсына орналасқан. Ал, дыбыстар жасауда басты роль атқаратын дауыс шымылдығы көмеймен байланысты. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болып, үн шығады. Дауысты дыбыстар осы дауыс шымылдығындағы дірілден жасалады. Ал үнді дауыссыз дыбыстармен ұяң дауыссыз дыбыстар айтылған кезде дауыс шымылдығы сәл ғана керіліп, діріл өте аз болады. Қатаң дауыссыздарды айтқанда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан ол дыбыстардың құрамында үннің ешқандай қатысы жоқ. Ал кейбір дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы жаңғырық қосады. Сөйтіп кейбір үнді дауыссыз дыбыстар мұрын қуысы арқылы жасалады. Ал дыбыстардың басым көпшілігінде ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгілерінің бірі және жылжымалысы - тіл. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның ұшының, ортасының, артқы шенінің қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Дыбыс шығаруда астыңғы ерін мен үстіңгі ерін де басты роль атқарады. Екі еріннің жымдасуынан Б, П дыбыстары пайда болса, астыңғы еріннің тіске қақтығысуынан Ф, В дыбыстары жасалады. Ал еріннің бірде дөңгеленіп, бірде тартылуы арқылы О, Ө, Ұ, Ү дыбыстары жасалады. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі - таңдай.
Тандай жұмсақ, қатты болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі қүрек тіс тұрған қызыл иекпен басталып, ең соңғы тістің тұсынан бітеді. Ал жұмсақ таңдай соңғы тістен басталып, кішкене тілден аяқталады. Келесі дыбыстау мүшесінің бірі - иек. Иек төмен түссе ауыз қуысы кеңейеді. Ашық дауысты дыбыстар пайда болады. Ал иек жоғары көтерілсе ауыз қуысы тарылады да қысаң дауысты пайда болады. Осы дыбыстау мүшелерінің қызметін жақсы меңгергеннен кейін сөйлеу техникасының төселу жолдарына көңіл бөлу керек. Сөйлеу техникасына төселу жолдарына мыналар жатады:
1. дұрыс тыныс ала білу
2. дауысты жаттықтыру
3. үн реңкін қалыптастыру
Сөйлер алдында ауаны ішке жұту керек. Демді ішке тартқанда өкпе ауаға толады да, көкірек қуысы кеңейеді, қабырға көтеріледі. Ал көк ет диафрагма төмен түседі.
Тыныс алудың үш түрі бар:
1. Көк ет арқылы
2. Көкірек арқылы
3. Қабырға арқылы
Ал сөйлеу кезіндегі тыныс алу ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді.
Еріксіз тыныс алу дегеніміз - демді ішке жұту, дем шығару, шұғыл кідіріс жасау. Бұл кәдімгі күнделікті сөйлеу процесінде болады.
Ерікті тыныс алу дегеніміз - демді ішке тарту, кідіріс жасау және дем шығару. Тыныс алудың бұл түрі көркем шығарманы мәнерлеп оқуда, айтуда қолданылады. Тыныс алудың осы түрлерін меңгергеннен кейін тәрбиеші дауысты дұрыс сақтаудың төмендегідей ережелерін білуі керек:
1. Әркім өзінің табиғи дауысымен сөйлеуі тиіс. Айқалап қатты сөйлеуге болмайды.
2. Ұзақ сөйлеуге немесе өлең айтуға болмайды.
3. Тамақты суықтан сақтану керек.
4. Мұрын жолының ауруларынан сақтау керек.
Әр адамның өзіндік дауысы болады. Соған байланысты әр адамның дауысының өзіндік айрықша ерекшеленуі дауыстың биіктігі немесе ырғағы деп аталады. Ал дауыстың мәнерлеп сөйлеу кезінде жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл ауыса алуын дауыстың икемділігі деп атайды.
Тәрбиеші өз сөзінің анық, айқын балаға түсінікті болуына көңіл бөлуі тиіс. Өйткені тәрбиеші сөзі балаларға басты үлгі болып есептелінеді. Сондықтан тәрбиеші мәнерлеп сөйлеудің тәсілдерін, орфоэпияның ережелерін мұқият білуі керек. Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары сол тілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі. Мысалы, алдыңғы сөз А, Е, Ы, І дауысты дыбыстарына аяқталып тұрса, сол сөзбен жалғасып айтылатын келесі сөздің басқы Қ, К дыбыстары айтқан кезде ұяңдап Ғ, Г дыбыстарына айналады. Мысалы, бала, кезде. Менді қыз немесе Ұ, Ү, О, Ө еріндік дауыстылары айтылған кезде өзінен кейінгі буындағы Ы, І, Е дыбыстарын өздеріне икемдейді. Мысалы, Үміт - үмүт, үлгі - үлгү, күміс - күмүс, құлын құлұн.
Орфоэпиялық заңдылықтардың ішіндегі басты ережелердің бірі - элизия. Қатар келген екі дауысты дыбыстардың бірінің түсіріліп айтылуы осы құбылысқа жатады. Мысалы, Сарыарқа - Сарарқа т.б. редукция - сөз ортасындағы кейбір дауысты дыбыстардың айтқан кезде көмескіленуі. Мысалы, Әділет - Дәрігер, Протеза - айтқан кезде сөздің алдына дыбыс қосылып естілуі. Мысалы, Риза - ыриза, рең - ірең т.б.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.
2. Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению. М., 1981г.
3. Горбушина Л.А. Выразительное чтение. М., 1978г.
4. Короткова Э.П. Обучение детей дошкольного возраста рассказыванию. М., 1982г.
Қосымша әдебиеттер.
1. М. Дүйсебаева. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері. А., 1973ж.
2. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі. А., 1981ж.
Семинар № 2-3
Семинар тақырыбы. Сөйлеу техникасы
Семинардың мақсаты: Сөйлеу техникасына талдау жасап, дыбыстау мүшелерінің қызметіне
байланысты дыбыстарды жүйелеу. Орпоэпиялық заңдылықтарды сақтай
отырып оқуға дағдылану.
Семинардың жоспары
1. Сөйлеу техникасы және төселу жолдарына сипаттама.
2. Дыбыстау мүшелеріне сипаттама.
3. Ортоэпияның басты ережелерін талдау.
II. Студенттердің оқытушымен бірлесіп орындайтын жұмыстары:
Сұрақ тапсырмаларды талдау, студенттер жауабын бекіту.

Сөйлеу техникасы
Сөйлеу техникасы

III. Студенттердің өзіндік жұмысы.
1. Тыныс алу, олардың түрлеріне жаттығу жасау.
2. Дыбыстау мүшелері туралы қосымша материалдар іздестіру, оның конспектісін жазу.
Лекция № 4,5
Лекцияның тақырыбы. Мәнерлеп сөйлеудің құралдары.
Лекцияның мақсаты: Мәнерлеп сөйлеудің құралдарына түсінік беру. Олардың мазмұнын ұғындыру.
Лекцияға керекті құралдар. Слаид, кестелер.
Лекцияның жоспары:
1. Көркем туындыны мәнерлеп оқумен әңгімелеп берудегі дауыс сарының ролі.
2. Интонация және оның мәнерлеп сөйлеудегі мәні.
3. Екпін және оның түрлері.
Өздігінен дайындалуға арналған бақылау сұрақтары:
1. Интонация туралы конспект жазып келу.
2. Екпін дегенді қалай түсінесің? Оның қандай түрлері бар?
Лекция барысы.
Тәрбиешінің мәнерлеп оқуы дегеніміз - оқылған көркем шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу және олардың көркем шығармаға деген сезімдерін жетілдіру, дамыту.
Кез-келген шығарманы оқу барысында негізгі дауыс сарыны шығарманың мазмұнына сай болуы қажет. Ал негізгі дауыс сарыны дегеніміз - көркем шығарманың ауызша естілу әуені. Негізгі дауыс сарыны көркем шығарманың мазмұны мен түріне байланысты болады. Яғни оқылған шығарма өлең түрінде жазылған ба немесе қара сөз түрінде жазылған ба деген мәселеге байланысты. Шығарманың түріне байланысты негізгі дауыс қарқынын құбылтып, өзгертіп балаларға жеткізуге тәрбиеші мәнерлеп сөйлеудің бірнеше тәсілдерін пайдалануы қажет.
1. Мәнерлеп сөйлеуде басты роль атқаратын тәсіл -
интонация. Оны қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымы Құдайберген Жұбанов сөз сазы деп атаған. Интонация немесе Сөз сазы дегеніміз - сөйлеудің мәндік эмоциялық нақыш болуы.
Интонация көркем сөз орындаушының немесе мәнерлеп сөйлеген адамның ішкі сезімінің, ойын білдіретін көркем образдарды бейнелеуге көмектесетін дауыстың алуан түрлі құбылысы. Интонация арқылы тәрбиеші балаларға адамның көңіл-күйіне байланысты болатын құбылыстарды түгел жеткізуі қажет. Сол құбылысқа байланысты дауыстың реңкі кейде ызалы, кейде байсалды, кейде күлдіргі, кейде дөрекі, кейде қызба, кейде назды, кейде қуақы болып шығуы мүмкін.
2. Мәнерлеп сөйлеудегі басты тәсілдердің бірі - екпін.
Қазақ тілі лебізді - динамикалық тәсілдердің қатарына жатады. Лебізді - динамикалық екпіннің ерекшелігі сөздегі буындардың ішінен бір буын ерекше көтеріңкі дауыспен айтылады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынан түседі және сол екпін түскен буын созылыңқы айтылады. Бірақ қазақ тілінде екпін қабылдамайтын қосымшалар да бар: Мысалы:
1. Жіктік жалғауға екпін қабылдамайды мын, мін, ды, ді, ты, ті, т.б.
2. Болымсыздық жағынан тудыратын ма, ме, па, пе, ба, бе, екпін қабылдамайды.
3. Есімдерге жалғанып теңеулік ұғым тудыратын - дай, дей, тай, тей жұрнақтары екпін қабылдамайды.
4. Етістіктің түбіріне жалғанып тілек, өтініш ұғымының тудыратын шы, ші, жұрнақтары екпін қабылдамайды.
Берші, көрші, жазшы т.б. Қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындау қызметін атқырмайды.
Өйткені екпін үнемі сөздің соңғы буынына түседі. Қазақ тілінде әдетте екпін үш түрге бөлінеді:
1. Сөз екпіні
2. Сөз тіркесі немесе фразалық екпін
3. Сөйлем немесе логикалық екпін
Қазақ тілінде I екпін I ырғақпен айтылатын сөздердің тобы
бар. Оған күшейткіш үстеулер жатады. Мысалы, өте, тым, аса, орасан, тіпті. Осы сөздер басқа сөзбен тіркесіп келегнде бір-ақ екпінмен айтылады. Мұндай құбылысты энклитика деп атайды. Ал тіліміздегі күрделі сан есімдермен күрделі сын есімдердің алдыңғы сөздері екпінсіз айтылып, екпін сонғы сөзге түседі де бәрі қосылып бір-ақ екпінге ие болады. Осындай өзінен кейін келген сөзбен қосылып айтылатын екпінсіз сөздерді проклитика деп атайды. Мысалы, жетпіс бес, жүз он, мың бір жүз, торала, ақ сары т.б. Сөйлеуде немесе мәтінді дауыстап оқығанда сөйлемдегі сөздер іркес-тіркес айтыла бермей белгілі сөз тіркесі немесе сөз шумағы бір ғана екпінмен айтылуы мумкін. Осындай бір екпін мен айтылған сөздердің түйдегі - тіркес немесе фразалық екпін деп аталады.
Қазақ тілінде сөздердің төмендегідей тобы айрықша бір комплекс болып келеді, яғни екпінге ие болатын тіркестер:
1. Қос сөздер: қатар-қатар, бала-шаға, ыдыс-аяқ, әке-шеше.
2. Негізгі мағыналы сөздермен шылаулардың тіркесі.: немесе, және , үшін т.б.
3. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер бір комплекс құрап, бір екпінмен айтылады. Мысалы, ән салды, оқып отыр т.б.
4. Анықтауышпен анықталатын сөздердің тізбегі бір екпінмен айтылады. Мысалы: ақ бұлт, биік үй, асқар тау, қызыл алам т.б.
5. Толықтауыш пен баяндауыш болған сөздердің тізбегі бір екпінмен айтылады. Үстеуден болатын пысықтауыш: мысалы: кеше бардым, ертең келеді, бүгін болады.
6. Тұрақты сөз тіркестері бір екпінмен айтылады. Мысалы: ит қияда, көзді ашып-жұмғанда, қой ауызынан шөп алмай т.б.
7. Қосымшасыз тура толықтауыш пен баяндауыштың тізбегі бір екпінмен айтылады. Мысалы: шөп шапты, кітап оқыды, есеп шығарды, ән айтты, би биледі, кино көрді т.б.
Логикалық екпін сөздің белгілі бір буынына немесе сөз тіркесіне түсіп айтылатын секілді кейде сөйлемдегі айтылатын ойдың мәніне қарай, бір сөз айрықша дараланып айтылады. Сөйтіп, ол сөз ой екпініне ие болады да ерекше әуенмен естіледі. Яғни бұндай екпінді логикалық немесе сөйлем екпіні деп атайды. Сөйлемнің айтылу сазына қарай логикалық екпіннің орны өзгеруі мүмкін. Мысалы: лепті сөйлемдерде баяндауыш сөйлем басында келіп, оған ерекше назар аударылса, логикалық екпін сол баяндауышқа түседі. Мысалы: Жасасын 1 май мерекесі! Жазба тілде логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғанын сөйлемнің мағынасына қарай табуға болады. Сонда сөйлемдегі екпін түскен сөз басқа сөздерге қарағанда көтеріңкі даыспен мәнерлі етіп айтылады. Сонымен қатар логикалық екпін көркем шығармадағы негізгі айтылатын ойды тыңдаушының дұрыс қабылдауына көмегін тигізеді. Логикалық екпін көбінесе мынадай жағдайларда қойылады:
1. Сөйлем ішіндегі бір сөздің мағынасына ерекше көңіл бөлгенде қойылады.
2. Сөйлемдегі қарама-қарсы мағына білдіретін сөздерге логикалық екпін түседі.
3. Сөйлемдегі біріңғай мүшелердің әрқайсысына логикалық екпін түседі.
4. Бастауышы мен баяндауышы зат есімнен болған жалаң сөйлемдерге ой екпіні баяндауышқа түседі. Мысалы: Айжан - мұғалім, Нұрғали - дәрігер.
5. Өз, тіпті, тағы, мүлде деген сөздер логикалық екпін қабылдайды.
6. Сұрау мәнді білдіретін сөздерде де логикалық екпін түседі.
7. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе логикалық екпінмен ерекшеленеді. Мысалы: Қарағым су әкелші.
Екпіннің келесі бір сиректеу кездесетін түрі эфразалық екпін. Сөйлегенде көңіл-күйдің түрлі толқуларын дыбыстармен жеткізу эмфразалық екпін деп аталады.
Мақұлдау, таңдау, аяу, мейірім, назды білдіретін сөздер екпін түсетін дауысты дыбыстардың созылыңқы айтылуымен беріледі. Мысалы: па-а, шіркін, тамаша-а-а.
Ал жағымсыз эмоцияда қорқыту, ызалану, зығыры қайнау т.б. сөз басындағы дауыссыз дыбыстар созылып айтылады. Мысалы, к-көрсетейін т.б.
Негізгі әдебиеттер:
1. Х.Қожахметова. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.
2. Е.Д.Дмитриев. Практикум по выразительному чтению.
М., 1981г.
3. С.К.Кеңесбаев, Ғ.Г.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. А., 1975ж.
4. Қ.Ақанов. Тіл білімінің негіздері. А., 2000ж.
Қосымша әдебиеттер.
1. Бөбектерге байғазы. А., 2000ж.
2. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1990ж.
Семинар № 4,5
Семинардың тақырыбы. Мәнерлеп сөйлеудің құралдары.
Семинардың мақсаты: Мәнерлеп сөйлеудің құралдарын мәңгере отырып, оны күнделікті өмір -
тәжірибесінде пайдалана білуге үйрету.
Семинардың жоспары:
1. Дауыс сарыны дегеніміз не?
2. Интонацияның мәнерлеп оқудағы ролі.
3. Екпін, оның түрлері.
II. Студенттердің оқытушымен бірлесіп атқаратын жұмыстары.
Сұрақ тапсырмаларды талдау, студенттер жауабын бекіту.

Екпін
Екпін

III. Студенттің өзіндік жұмысы.
1. Көркемшығарма мен оның бөліктерінің жалпы мәнісіне сай логикалық екпінді анықтау. (өз қалауларымен)
2. "Құлагер" шығармасынан екпін түспейтін буындарды тауып, сөйлемін теріп жазу. (80 бет).
Лекция № 6,7.
Лекцияның тақырыбы. Мәнерлеп оқудың амал-тәслдері.
Лекцияның мақсаты. Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдерімен таныстыру. Олардың ерекшеліктерін
меңгерту.
Лекцияға керекті құралдар: Слаид, кестелер.
Лекцияның жоспары.
1. Кідіріс, оның түрлері.
2. Мәнерлеп сөйлеудегі дауыс күші, сөйлеу қарқынының маңызы.
3. Сөйлеу әуені, дауыс биітігі, дауыс ырғағы, сөйлеу нақышы.
Лекцияның барысы.
Мәнерлеп сөйлеудің келесі тәсілдерінің бірі - кідіріс пауза.Сөйлеген сөз немесе оқылатын мәтіндегі сөйлемдер толассыз, шұбатылып айтыла бермейді. Олардың арасында белгілі бір үзіліс болады. Сонда сөйлемдегі сөз тіркестері немесе сөз түйдектері немесе сөйлемдер арасындағы толасты кідіріс деп атайды.
Кідіріс 3 түрге бөлінеді:
1. Бір сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін бөліп тұратын кідірісті қысқа кідіріс деп атайды.
2. Белгілі бір ойдың аяқталғанын білдіретін кідіріс орташа кідіріс немесе логикалық кідіріс деп аталады.
3. Тыңдаушының назарын аудару үшін яғни оның көңіл-күйіне әсер ету үшін жасалатын кідіріс ұзақ кідіріс немесе психологиялық кідіріс деп аталады. І немесе ІІ белгісі.
Мәнерлеп сөйлеуде жиі қолданылатын тәсілдердің бірі- сөйлеу қарқыны темп. Сөйлеу қарқыны дегеніміз - шығарма мазмұнына байланысты шығарманың айтайын деген ойын тыңдаушыға жеткізу үшін және әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін байқату үшін дауысты түрліше құбылта білу. Көбінесе балабақшада оқылатын шығармалар орташа қарқынмен оқылады. Мәнерлеп сөйлеуде дауыс мүші де басты роль атқарады.
Дауыс күші дегеніміз - дауыстың ашықтығы, айқындығы және дауысты игере білу яғни ақырын сөйлеуден қатты сөйлеуге, қатты сөйлеуден ақырын сөйлеуге немесе орташа қарқынмен, сөйлей білуге ауыса білу. Дауыс күші көркем сөз оқушыға кейіпкердің іс-әрекетін, мінез-құлқын толық сипаттап беруге көмектеседі. Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп оқып беруде немесе баяндауда қолданылатын тәсілдердің бірі - сөйлеу әуені немесе мелодикасы. Дауыс ырғағының не көтеріліп бәсеңдеуін, не бәсеңдеп барып көтерілуін сөйлеу әуені дейді. Сөйлеу әуенін дұрыс сақтау үшін сөйлемдегі тыныс белгілерге ерекше көңіл бөлу керек.
Мәнерлеп сөйлеуде ерекше көңіл бөлінетін тәсілдердің бірі сөйлеу нақышы тембр. Дауыстың эмоциялық бояуын сөйлеу нақышы деп атайды. Сөйлеу нақышы айтылу мақсатына қарай қапалы, үрейлі, қуанышты, көңілді, өкінішті, таңдану, жайдары т.б. тұрғыда болу мүмкін. Оқылатын көркем шығарманың мазмұнына қарай тәрбиеші дауыс нақышын айқындап балаларға жеткізе білу қажет. Кейде оқылатын немесе баяндалатын шығармадағы кейіпкерлердің ерекшелігі тәрбиешінің бет-әлпетінің құбылысына байланысты да түсіндіріледі. Осындай бет-әлпеттің құбылысы мимика деп аталады.
Негізгі әдебиеттер:
1. Х.Қожахметова. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.
2. Е.Д.Дмитриев. Практикум по виразительному чтению. М., 1981г.
3. С.К.Кеңесбаев, Ғ.Г.Мұсабеков. Қазіргі қазақ тілі. А., 1975ж.
4. Қ.Ақанов. Тіл білімінің негіздері. А., 1996ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Бөбектерге байғазы. А., 2000ж.
2. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1970ж.
Семинар № 6,7.
Семинардың тақырыбы: Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдері.
Семинардың мақсаты: Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге
үйрету.
Семинардың жоспары.
1. Мәнерлеп оқудағы дауыс биіктігі, дауыс ырғағы, сөйлеу нақышы дауыс күшінің ролі.
2. Кідіріс оның түрлері.

КІДІРІС
КІДІРІС

ІІ. Студенттердің оқытушымен бірлесіп істейтін жұмыстары.
Сұрақ тапсырмаларды талдау, студенттер жауабын бекіту.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмысы.
1. Қыранның серігі - сұңқар мәтінін көшіріп, логикалық кідірісті анықтаңдар (85 бет. Х.Қ.)
2. Топ қасқырмен айқасқан табын мәтінін оқып, қандай кідірістер қойылатынын анықтау. (98 бет. Х.Қ.)

Дәрістің тақырыбы: Сөйлеу техникасы
Дәрістің мақсаты: Сөйлеу техникасы туралы түсінік беру. Дыбыстау мүшелерін қызметіне қарай
жіктеу және сөйлеу техникасының төселу жолдарымен таныстыру.
Дәріске керекті құралдар: Слаид, кестелер.
Дәрістің жоспары
1. Сөйлеу техникасы деп нені түсінеміз.
2. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңызы.
3. Сөйлеу мүшелері және олардың қызметі, сөйлеу мүшелерін жаттықтыру жолы.
4. Тыныс алу және оның түрлері.
5. Үнреңкі және оның мәні.
6. Орфоэпияның басты ережелері.
Дыбыстау мүшелері жөнінде конспект жазып келу.
Дәрістің барысы
Бұл күнде қазақ тілі білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің барлық саласына қызмет ете алатын мейлінше жетілген тілге айналып отыр. Оның сөз байлығы орасан қолайлы, жазуы орнықты. Әр алуан заңдылықтары нормаға айналды. Қазақ тілінің де өзге тілдер сияқты екшеліп тұрақталған заңдылықтары бар. Ол заңдылықтар сөздерді дұрыс таңдау, орнымен жұмсау, яғни лексикалық заңдылықтар. Сонымен қатар сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдер құрастыра білу немесе грамматикалық заңдылықтар, дұрыс айту заңдылықтары: сауатты жазу заңдылықтары секілді бірнеше салаларды қамтиды. Қазақ тіліндегі кейбір сөздердің жеке тұрғандағы дыбысталуы мен сөйлеу актісіндегі айтылуы әрдайым бірдей болып келмейді. Сол сияқты сөздердің жазылған түрімен анық оқылуы да бірдей болмайды. Сондықтан мәнерлеп сөйлеу өнері болашақ тәрбиешіден сөйлеу техникасын толық меңгеруді талап етеді. Сөйлеу техникасына; тыныс алу, дауыс, дикция жатады.
Сөйлеу техникасы дыбыстау мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам шығарма мәтінін тыңдаушысына мәнерлеп жеткізе алмайды. Мәнерлеп сөйлеп оқи білу үшін тілдің дыбыс шығаратын мүшелерінің қызметін жақсы білу қажет. Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция деп атаймыз. Дыбыстау мүшелері немесе сөйлеу аппаратына өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, тіс, ерін, иек жатады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі - өкпе. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тармақтарымен тамаққа одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді. Жұтқыншақ қуысына келген ауа одан әрі не ауыз қуысы, не мұрын қуысы арқылы өтеді. Өкпе 2 таран қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады және өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда демеп отырады. Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты жасалады. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығып, өкпеге бірден тез енеді. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі - тамақ. Ол кеңірдектің жоғарғы тұсына орналасқан. Ал, дыбыстар жасауда басты роль атқаратын дауыс шымылдығы көмеймен байланысты. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болып, үн шығады. Дауысты дыбыстар осы дауыс шымылдығындағы дірілден жасалады. Ал үнді дауыссыз дыбыстармен ұяң дауыссыз дыбыстар айтылған кезде дауыс шымылдығы сәл ғана керіліп, діріл өте аз болады. Қатаң дауыссыздарды айтқанда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан ол дыбыстардың құрамында үннің ешқандай қатысы жоқ. Ал кейбір дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы жаңғырық қосады. Сөйтіп кейбір үнді дауыссыз дыбыстар мұрын қуысы арқылы жасалады. Ал дыбыстардың басым көпшілігінде ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгілерінің бірі және жылжымалысы - тіл. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның ұшының, ортасының, артқы шенінің қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Дыбыс шығаруда астыңғы ерін мен үстіңгі ерін де басты роль атқарады. Екі еріннің жымдасуынан Б, П дыбыстары пайда болса, астыңғы еріннің тіске қақтығысуынан Ф, В дыбыстары жасалады. Ал еріннің бірде дөңгеленіп, бірде тартылуы арқылы О, Ө, Ұ, Ү дыбыстары жасалады. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі - таңдай.
Тандай жұмсақ, қатты болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі қүрек тіс тұрған қызыл иекпен басталып, ең соңғы тістің тұсынан бітеді. Ал жұмсақ таңдай соңғы тістен басталып, кішкене тілден аяқталады. Келесі дыбыстау мүшесінің бірі - иек. Иек төмен түссе ауыз қуысы кеңейеді. Ашық дауысты дыбыстар пайда болады. Ал иек жоғары көтерілсе ауыз қуысы тарылады да қысаң дауысты пайда болады. Осы дыбыстау мүшелерінің қызметін жақсы меңгергеннен кейін сөйлеу техникасының төселу жолдарына көңіл бөлу керек. Сөйлеу техникасына төселу жолдарына мыналар жатады:
1. дұрыс тыныс ала білу
2. дауысты жаттықтыру
3. үн реңкін қалыптастыру
Сөйлер алдында ауаны ішке жұту керек. Демді ішке тартқанда өкпе ауаға толады да, көкірек қуысы кеңейеді, қабырға көтеріледі. Ал көк ет диафрагма төмен түседі.
Ал сөйлеу кезіндегі тыныс алу ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді.
Еріксіз тыныс алу дегеніміз - демді ішке жұту, дем шығару, шұғыл кідіріс жасау. Бұл кәдімгі күнделікті сөйлеу процесінде болады.
Ерікті тыныс алу дегеніміз - демді ішке тарту, кідіріс жасау және дем шығару. Тыныс алудың бұл түрі көркем шығарманы мәнерлеп оқуда, айтуда қолданылады. Тыныс алудың осы түрлерін меңгергеннен кейін тәрбиеші дауысты дұрыс сақтаудың төмендегідей ережелерін білуі керек:
1. Әркім өзінің табиғи дауысымен сөйлеуі тиіс. Айқалап қатты сөйлеуге болмайды.
2. Ұзақ сөйлеуге немесе өлең айтуға болмайды.
3. Тамақты суықтан сақтану керек. Мұрын жолының ауруларынан сақтау керек
4. .
Әр адамның өзіндік дауысы болады. Соған байланысты әр адамның дауысының өзіндік айрықша ерекшеленуі дауыстың биіктігі немесе ырғағы деп аталады. Ал дауыстың мәнерлеп сөйлеу кезінде жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл ауыса алуын дауыстың икемділігі деп атайды.
Орфоэпиялық заңдылықтардың ішіндегі басты ережелердің бірі - элизия. Қатар келген екі дауысты дыбыстардың бірінің түсіріліп айтылуы осы құбылысқа жатады. Мысалы, Сарыарқа - Сарарқа т.б. редукция - сөз ортасындағы кейбір дауысты дыбыстардың айтқан кезде көмескіленуі. Мысалы, Әділет - Дәрігер, Протеза - айтқан кезде сөздің алдына дыбыс қосылып естілуі. Мысалы, Риза - ыриза, рең - ірең т.б.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.
2. Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению. М., 1981г.
3. Горбушина Л.А. Выразительное чтение. М., 1978г.
4. Короткова Э.П. Обучение детей дошкольного возраста рассказыванию. М., 1982г.
Қосымша әдебиеттер.
1. М. Дүйсебаева. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері. А., 1973ж.
2. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі. А., 1981ж.
Дәріс № 3
Дәрістің тақырыбы. Мәнерлеп сөйлеудің құралдары.
Дәрістің мақсаты: Мәнерлеп сөйлеудің құралдарына түсінік беру. Олардың мазмұнын ұғындыру.
Дәріске керекті құралдар. Слаид, кестелер.
Дәрістің жоспары:
1. Көркем туындыны мәнерлеп оқумен әңгімелеп берудегі дауыс сарының ролі.
2. Интонация және оның мәнерлеп сөйлеудегі мәні.
3. Екпін және оның түрлері.
Өздігінен дайындалуға арналған бақылау сұрақтары:
1. Интонация туралы конспект жазып келу.
2. Екпін дегенді қалай түсінесің? Оның қандай түрлері бар?
Дәріс барысы.
Тәрбиешінің мәнерлеп оқуы дегеніміз - оқылған көркем шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу және олардың көркем шығармаға деген сезімдерін жетілдіру, дамыту.
Кез-келген шығарманы оқу барысында негізгі дауыс сарыны шығарманың мазмұнына сай болуы қажет. Ал негізгі дауыс сарыны дегеніміз - көркем шығарманың ауызша естілу әуені. Негізгі дауыс сарыны көркем шығарманың мазмұны мен түріне байланысты болады. Яғни оқылған шығарма өлең түрінде жазылған ба немесе қара сөз түрінде жазылған ба деген мәселеге байланысты. Шығарманың түріне байланысты негізгі дауыс қарқынын құбылтып, өзгертіп балаларға жеткізуге тәрбиеші мәнерлеп сөйлеудің бірнеше тәсілдерін пайдалануы қажет.
Мәнерлеп сөйлеуде басты роль атқаратын тәсіл - интонация. Оны қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымы Құдайберген Жұбанов сөз сазы деп атаған. Интонация немесе Сөз сазы дегеніміз - сөйлеудің мәндік эмоциялық нақыш болуы..
1. Мәнерлеп сөйлеудегі басты тәсілдердің бірі - екпін.
Қазақ тілі лебізді - динамикалық тәсілдердің қатарына жатады. Лебізді - динамикалық екпіннің ерекшелігі сөздегі буындардың ішінен бір буын ерекше көтеріңкі дауыспен айтылады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынан түседі және сол екпін түскен буын созылыңқы айтылады.
Қазақ тілінде әдетте екпін үш түрге бөлінеді:
1. Сөз екпіні
2. Сөз тіркесі немесе фразалық екпін
3. Сөйлем немесе логикалық екпін
Қазақ тілінде I екпін I ырғақпен айтылатын сөздердің тобы
бар. Оған күшейткіш үстеулер жатады. Мысалы, өте, тым, аса, орасан, тіпті. Осы сөздер басқа сөзбен тіркесіп келегнде бір-ақ екпінмен айтылады. Мұндай құбылысты энклитика деп атайды. Ал тіліміздегі күрделі сан есімдермен күрделі сын есімдердің алдыңғы сөздері екпінсіз айтылып, екпін сонғы сөзге түседі де бәрі қосылып бір-ақ екпінге ие болады. Осындай өзінен кейін келген сөзбен қосылып айтылатын екпінсіз сөздерді проклитика деп атайды. Мысалы, жетпіс бес, жүз он, мың бір жүз, торала, ақ сары т.б. Сөйлеуде немесе мәтінді дауыстап оқығанда сөйлемдегі сөздер іркес-тіркес айтыла бермей белгілі сөз тіркесі немесе сөз шумағы бір ғана екпінмен айтылуы мумкін. Осындай бір екпін мен айтылған сөздердің түйдегі - тіркес немесе фразалық екпін деп аталады.
Логикалық екпін сөздің белгілі бір буынына немесе сөз тіркесіне түсіп айтылатын секілді кейде сөйлемдегі айтылатын ойдың мәніне қарай, бір сөз айрықша дараланып айтылады. Сөйтіп, ол сөз ой екпініне ие болады да ерекше әуенмен естіледі. Яғни бұндай екпінді логикалық немесе сөйлем екпіні деп атайды. Сөйлемнің айтылу сазына қарай логикалық екпіннің орны өзгеруі мүмкін. Мысалы: лепті сөйлемдерде баяндауыш сөйлем басында келіп, оған ерекше назар аударылса, логикалық екпін сол баяндауышқа түседі. Мысалы: Жасасын 1 май мерекесі! Жазба тілде логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғанын сөйлемнің мағынасына қарай табуға болады. Сонда сөйлемдегі екпін түскен сөз басқа сөздерге қарағанда көтеріңкі даыспен мәнерлі етіп айтылады. Сонымен қатар логикалық екпін көркем шығармадағы негізгі айтылатын ойды тыңдаушының дұрыс қабылдауына көмегін тигізеді.
Екпіннің келесі бір сиректеу кездесетін түрі эмфазалық екпін. Сөйлегенде көңіл-күйдің түрлі толқуларын дыбыстармен жеткізу эмфразалық екпін деп аталады.
Мақұлдау, таңдау, аяу, мейірім, назды білдіретін сөздер екпін түсетін дауысты дыбыстардың созылыңқы айтылуымен беріледі. Мысалы: па-а, шіркін, тамаша-а-а.
Ал жағымсыз эмоцияда қорқыту, ызалану, зығыры қайнау т.б. сөз басындағы дауыссыз дыбыстар созылып айтылады. Мысалы, к-көрсетейін т.б.
Негізгі әдебиеттер:
1. Х.Қожахметова. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж.
2. Е.Д.Дмитриев. Практикум по выразительному чтению. М., 1981г.
3. С.К.Кеңесбаев, Ғ.Г.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. А., 1975ж.
4. Қ.Ақанов. Тіл білімінің негіздері. А., 2000ж.
Қосымша әдебиеттер.
1. Бөбектерге байғазы. А., 2000ж.
2. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1990ж.
Дәріс № 4.
Дәрістің тақырыбы. Мәнерлеп оқудың амал-тәслдері.
Дәрістің мақсаты. Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдерімен таныстыру. Олардың ерекшеліктерін
меңгерту.
Дәріске керекті құралдар: Слаид, кестелер.
Дәрістің жоспары.
1. Кідіріс, оның түрлері.
2. Мәнерлеп сөйлеудегі дауыс күші, сөйлеу қарқынының маңызы.
3. Сөйлеу әуені, дауыс биітігі, дауыс ырғағы, сөйлеу нақышы.
Дәрістің барысы.
Мәнерлеп сөйлеудің келесі тәсілдерінің бірі - кідіріс пауза.Сөйлеген сөз немесе оқылатын мәтіндегі сөйлемдер толассыз, шұбатылып айтыла бермейді. Олардың арасында белгілі бір үзіліс болады. Сонда сөйлемдегі сөз тіркестері немесе сөз түйдектері немесе сөйлемдер арасындағы толасты кідіріс деп атайды.
Кідіріс 3 түрге бөлінеді:
1. Бір сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін бөліп тұратын кідірісті қысқа кідіріс деп атайды.
2. Белгілі бір ойдың аяқталғанын білдіретін кідіріс орташа кідіріс немесе логикалық кідіріс деп аталады.
3. Тыңдаушының назарын аудару үшін яғни оның көңіл-күйіне әсер ету үшін жасалатын кідіріс ұзақ кідіріс немесе психологиялық кідіріс деп аталады. І немесе ІІ белгісі.
Мәнерлеп сөйлеуде жиі қолданылатын тәсілдердің бірі- сөйлеу қарқыны темп. Сөйлеу қарқыны дегеніміз - шығарма мазмұнына байланысты шығарманың айтайын деген ойын тыңдаушыға жеткізу үшін және әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін байқату үшін дауысты түрліше құбылта білу. Көбінесе балабақшада оқылатын шығармалар орташа қарқынмен оқылады. Мәнерлеп сөйлеуде дауыс мүші де басты роль атқарады.
Дауыс күші дегеніміз - дауыстың ашықтығы, айқындығы және дауысты игере білу яғни ақырын сөйлеуден қатты сөйлеуге, қатты сөйлеуден ақырын сөйлеуге немесе орташа қарқынмен, сөйлей білуге ауыса білу. Дауыс күші көркем сөз оқушыға кейіпкердің іс-әрекетін, мінез-құлқын толық сипаттап беруге көмектеседі. Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп оқып беруде немесе баяндауда қолданылатын тәсілдердің бірі - сөйлеу әуені немесе мелодикасы. Дауыс ырғағының не көтеріліп бәсеңдеуін, не бәсеңдеп барып көтерілуін сөйлеу әуені дейді. Сөйлеу әуенін дұрыс сақтау үшін сөйлемдегі тыныс белгілерге ерекше көңіл бөлу керек.
Мәнерлеп сөйлеуде ерекше көңіл бөлінетін тәсілдердің бірі сөйлеу нақышы тембр. Дауыстың эмоциялық бояуын сөйлеу нақышы деп атайды. Сөйлеу нақышы айтылу мақсатына қарай қапалы, үрейлі, қуанышты, көңілді, өкінішті, таңдану, жайдары т.б. тұрғыда болу мүмкін. Оқылатын көркем шығарманың мазмұнына қарай тәрбиеші дауыс нақышын айқындап балаларға жеткізе білу қажет. Кейде оқылатын немесе баяндалатын шығармадағы кейіпкерлердің ерекшелігі тәрбиешінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИ СӨЙЛЕУ НОРМАЛАРЫ
ЭФИРДЕ СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫН МЕҢГЕРУ
Педагогикалық қарым - қатынастағы мимика және пантомимика
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
Сахна тілі интонациясының дискурстық сипаты
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Педагогикалық техника педагогикалық шеберлігінің элементі
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Ақыл-есі кем балаларды оқуға үйрету
Көмекші мектеп бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының ерекшеліктері
Пәндер