Саяси режим туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Саяси режим
Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын әдіс-тәсілдердің жиынтығын және қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз.
Қазіргі кезде саяси режимдерді үлкен екі топқа бөледі: демократиялық және антидемократиялық режимдер.
Демократия көне грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Жалпы ежелге дәуірдің ойшылдары демократияны биліктің нашар түрі деп сынаған.
Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жаңдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі. Саяси мәселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтін тетіктер жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқыедалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.
Сонымен қатар, демократиялық режим мынадай белгілермен сипатталады:
Билік көзі халықта;
Сөз бостандығы;
Сайлаудың ашық жүргізілуі;
Азаматтардың тең құқықты болуы;
Азшылықтың көпшілікке бағынуы;
Демократиядағы ең негізгі фундамент ретінде сайлауды айтуға болады. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулықсыз жүргізілсе және оны шынайы жүргізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынай сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалардың болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, онда сайлау жарыс арқылы өтпегендігі.
Демокатияның негізгі тұжырымдамалары: плюралистік (М.Вебер, Г. Ласки және басқалары); ұжымдық (К. Маркс) және либералистік (Дж. Локк, Ш. Монтескье)
Антидемократиялық режим түрлеріне тоталитаризм және авторитаризм жатады.
Антидемократиялық режимдер
Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі - бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси режим туралы
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Саяси режим түсінігі және түрлері
Мемлекет нысанының соңғы элементі - саяси режим
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Саяси режимдердің жіктелуі
Саяси режим түсініктері
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Мемлекет нысаны жайында
Пәндер