ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР: ДАМУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҒТАХР 04. 06. 10

ӘӨЖ 748

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР: ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Д. А. Бопинанова

КЕАҚ «Нархоз Университеті», Алматы қаласы

Қазақстан Республикасы

e-mail: diana. bopinanova@narxoz. kz

Аңдатпа . Қазіргі қазақстандық қоғамдағы барлық мәселелердің ішінде бүкіл әлемді және халқын қамтитын жаһандық мәселелер ерекше орын алады. Оларға: отбасылық қарым-қатынастар, маскүнемдік пен нашақорлық, жетімдік, экономикалық тұрақсыздық, кедейлік, қылмыс және сыбайлас жемқорлық мәселелері жатады. Осы мәселелердің барлығы кедейлікке әкеліп соғады. Кедейлік әлеуметтік мәселе ретінде бірнеше ғасыр бұрын пайда болған және бүкіл адамзат өміріндегі ең өткір, түйінді мәселелердің бірі болып әлі де қала береді және короновирустың әсерінен жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі артуда. Кедейшіліктен көптеген мәселелер басталады: ажырасу мен жетімдік, қылмыстық пен жемқорлық жағдайлары көбейеді. Қазіргі уақытта әлеуметтік жетімдік қазіргі қоғам үшін маңызды мәселе болып келеді. Бұл мақалада негізгі және өзекті мәселелер қарастырылып, шынымен де бар-жоғын білу үшін зерттеу жұмыстары жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде мақалада талқыланған мәселелер біздің елімізде әлі де бар және өршіп тұр деген қорытынды жасауға болады.

Зерттеудің мақсаты : Қазақстан Респбуликасының халқы үшін негізгі және өзекті әлеуметтік мәселелерін анықтау мен даму жолдарын ашық, шынайы көрсету.

Түйін сөздер : неке мен ажырасу, әлеуметтік жетімдік, жұмыссыздық, маскүнемдік пен нашақорлық, қылмыстық, сыбайлас жемқорлық.

Кіріспе. Қазіргі 21 ғасырда қоғамдағы барлық мәселелердің ішінде бүкіл дүниежүзін мен халқын қамтитын жаһандық мәселелер ерекше орын алады. Сонымен қатар, әрбір ел мемлекеті, әрбір қоғам өзінің дамуының белгілі бір кезеңдерінен өтеді. Дамудың осы кезеңдерінің әрқайсысы әлеуметтік мәселелерімен бірге жүреді. Бұл адамға тікелей әсер ететін және ұжымдық күшті қажет ететін мәселелер жен жағдайлар болып табылады. Әлеуметтік мәселелер әртүрлі болады және ең өзекті мәселелерге осыларды жатқызуға болады:

  • Толық емес отбасылар мен ажырасулар
  • Маскүнемдік пен нашақорлық
  • Әлеуметтік жетімдік
  • Жұмыссыздық
  • Қылмыстық
  • Жемқорлық

Зерттеудің міндеті :

  1. Халыққа қандай мәселелер әсерін тигітезітінін анықтау
  2. Мәселелердің қазіргі жағдайын анықтау
  3. Статистикалық мәліметтерді қолдана отырып салыстыру және талдау жасау
  4. Қазақстан Республикасының тұрғындарынан керекті ақпарат алу
  5. Сауалнама жүргізу арқылы қандай мәселелер жеке өзі үшін, жалпы ел үшін ең маңызды екенін анықтау

Қажетті ақпарат :

  • Бірінші ретті ақпарат: сауалнама нәтижесі
  • Екінші ретті ақпарат: Қазақстан Республикасының статистика сайттары;
  • БАҚ және басқа да онлайн журналдар мен мақалалар

Зерттеу әдісі :

  • Теориялық: газет-журнал және басқа да БАҚ мәліметтеріне анализ жасау, мақалаларды қарастыру
  • Эмпирикалық: Сауалнама - Пошталық сауалнама

Нәтижелер мен талқылаулар. Қазіргі уақытта жаһандық әлеуметтік қауіп халықтың кедейлену қаупі, жұмыссыздық, экономикалық және әлеуметтік тұрақсыздық, алға қойған мақсаттар мен үміттердің орындалмауы болып табылады. Осы алға қойған мақсаттарына жетпеуінен, әр адамның алдынан өтетін қиыншылықтардан көбісі төтеп бере алмайтындығынан басқа теріс шешу жолдарына тап болады. Қазір ересектер мен жастардың арасында ішімдік ішу мен есірткі қабылдау өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Маскүнемдік пен нашақорлық - бұл тәуелділік желісіне түскен бір нақты адамның мәселесі ғана емес, бұл оның қоршаған ортасына, өндірістік ортаға және отбасылық қатынастарға қатысты. Маскүнемдік әлеуметтік мәселе ретінде бүкіл қоғамға үлкен әсер етеді. Әр адам- бұл бүкіл қоғамның ажырамас бөлігі, оның даму деңгейі адамдардың денсаулығына олардың психологиялық жетілуіне, жауапкершілігі мен жетілуге деген ұмтылысына тікелей байланысты. Осылайша, маскүнемдікпен ауыратын науқас тұңғиыққа түсіп қана қоймай, бүкіл қоғамды өзіне тартады. Нашақорлық, біздің заманымыздың ауыр әлеуметтік ауруы, ол көптеген адамдарды, негізінен жастарды қабірге апарады. Сондықтан, нашақорлықты емдеу әлеуметтік мәселе болып табылады.

Жетімдік әлеуметтік құбылыс ретінде адамзат қоғамы сияқты өмір сүреді және өркениеттің ажырамас элементі болып табылады. Эпидемия, табиғи апаттар, басқа да себептер ата-аналардың өліміне әкеліп соғады, нәтижесінде балалар жетім қалуда. Балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кезде, ата-ана міндеттерін орындағысы келмегендіктен немесе орындай алмайтындықтан ата-аналар баланы тәрбиелеуден бас тартады немесе ата-ана құқығынан айырылады.

Сыбайлас жемқорлық қазіргі Қазақстанның ең өткір мәселелерінің бірі болып қала береді және ұлттық ауқымға қауіп төндіреді. Соңғы уақытта сыбайлас жемқорлық және оның жол берілмейтін жоғары деңгейі туралы атқарушы және заң шығарушы билік, қоғамдық ұйымдар өкілдері ең жоғары деңгейде жиі айтады, бірақ іс жүзінде бәрі керісінше.

Егер біз статистикалық мәліметтерге сүйеніп зерттейтін болсақ, онда сурет басқаша болып көрінеді. Әлеуметтік мәселелерді саралау - салыстырмалы маңыздылығын, өткірлігін бағалау өте күрделі процесс, өйткені мәселелердің көпшілігі өзара тәуелді, бір - бірінен туындайды, кейбіреулері қысқа мерзімді, басқалары ұзақ мерзімді. Осыған байланысты мен зерртеу жұмысымда қандай да бір мәселеге тоқтала алмағандықтан, ең маңыздылары қарастырылды.

Әлбетте, Қазақстан әлемдегі дамушы елдердің бірінде халықтың кедейлігі көш бастап тұр. Мұның бір себебі - сыбайлас жемқорлық. Бұдан әрі елдің маскүнемдігі, жұмыссыздық пен ажырасу, жетімдік жатады. Сонымен, жоғарыда аталған мәселелерді толығырақ қарастырамыз.

Қазіргі отбасы мәселелері . Отбасы- адамның алғашқы күндерінен бастап, соңғы сәттеріне дейінгі серігі. Соңғы жылдары отбасы мәселелері қатты күйзелістерге ұшырауда. Экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелердің ауыртпашылығымен адамның өмірі ғана емес, сонымен бірге ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың қарым - қатынасы бұзылады. Отбасылық мәселелер күнделікті өмірімізде бірге жүреді. Өзара махаббат пен құрметке негізделген берік одақта да жанжалдар мен ұрыстар жиі кездеседі. Сүйіспеншілікке толы жұп өз отбасын құру кезінде алда кездесетін мәселелер жайлы білмейді. Бүгінгі таңда ажырасулардың саны жыл сайын өсіп келе жатқанын ешкім жоққа шығармайды. Көріп тұрғаныңыздай неке қию деңгейі төмендеп жатса, ажырасулар керісінше өсуде(Сурет 1) :

Сурет 1 - Қазақстан Республикасының неке мен ажырасу статистикасы.

Алайда, әлеуметтік қиндықтар көбінесе адамдарды біріктіруге және күрделі мәселелерді шешуге көп күш салуға мәжбүр етеді. Соның көмегімен адамдар қиындықтарды бірге өткеннен өзара түсіністік қалыптасады. Әр отбасы мәселелерді өздігінен жойылмайтынын және оны бірлесіп шешу керектігін түсіну керек.

Қазіргі жастар қарым-қатынастарын заманауи әлеуметтік нормаларға сүйене отырып құрғанына қарамастан, қоғамда әлі де қоғамдық пікір мәселесі бар. Бұл мәселе бұрын КСРО - ның құрамында болған елдерде ерекше өткір және барлығы бірлесіп шешіледі: отбасын қашан құруға болады, қайда демалысқа баруға болады, қаражатты қайда кетіруге болады және тағы басқалары [1] .

Әлеуметтік отбасылықтың басты мәселелеріне: бала тәрбиелеу, тұрғын үй жағдайы, жұмыссыздық пен табыс деңгейінің төмендігін жатқызуға болады. Бірақ осы мәселелер ел экономикасында болып жатқан жағдаймен тығыз байлансты. Біздің елімізде әлеуметтік төлемдер соншалықты төмен, сондықтан отбасыларға қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндіктері аз. Мысалы, балаларды тәрбиелеу мен оқытуға үнемі қосымша қаражат қажеттілігі туындайды. Қаражаттың жетіспеушілігі қақтығыстардың, түсінбеушіліктердің пайда болуына себеп болады. Тұрғын үй мәселесі - басқа әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең ауыры. Әр ерлі - зайыптылардың ата-аналарынан бөлек өмір сүру мүмкіндігі бола бермейді, әркім тұрғын үйді жалға ала алмайды. Кейбіреулер ұзақ жылдар бойы ипотека төлеуге мәжбүр, ал басқалары кем дегенде жатақхана бөлмесін төлеу үшін демалыссыз жұмыс істейді. Бұл әлеуметтік мәселе ашық қақтығыстарға әкеледі, соның әсерінен шыдамдылық жоғалады және шағымдар шыға бастайды.

Барлық мәселелердің нақтылығын білу үшін зерттеу жұмысы жүргізілді. Менің зерттеу жұмысын жүргізуімде Алматы қаласының 237 адамдарынан пошталық сауалнама алынған болатын. Сонымен, респонденттерге сұрақтар қойылды, соның бірі: «Қазіргі жастарда туындайтын үлкен мәселелеріне кім кедергі болады?». Нәтижесінде 78, 4 % мемлекетіміздің экономикасы мен әлеуметтік төлем деңгейінің төмендігі кедергілерін туғызып тұр. Бірақ, тағы өзекті сұрақ қойылды, ол: «Сіз үшін ен үлкен және басты мәселе қандай?». Респондеттердің 74, 7 % - ы «қаражаттың жетіспеушілігі», 10, 3 %-ы «жұмысқа байланысты қиыншылықтар» белгіленген. Осы нәтижелерге сүйенсек, жоғарыда айтылған мәселенің даму жолдары шындықты көрсетеді. Яғни, Қазақстанның халқы бірдей қиыншылақтарды кешіп жатыр.

Жоғарыда айтылып кеткен мәселелердің әсерінен жаңадан әлеуметтік мәселе туындайды, ол - маскүнемдік пен нашақорлық. Көбісі, әсіресе жастар ішімдік пен есірткі қабылдау мәселелердің болдырмау әдісі ретінде және солардың көмегімен шешу оңай деп түсінеді [1] . Мысалы, Қазақстан Республикасының жаңалықтарына сүйенсек, біздің еліміз ішімдіктен өлім деңгейі жоғары елдер рейтингінде 10-шы орын алып отыр [2] .

Маскүнемдік пен нашақорлық. Адамдар көптеген жылдар бойы ішімдік ішіп келе жатыр және ішімдікті теріс пайдалану, есірткі қолдану мәселелері әлемдегі ең өзекті және кең таралған мәселелердің бірі болып табылады. Бүкіл әлем тұрғындары өмір бойы ішімдікпен күресуге тырысып келеді және әлі күнге дейін оны шешу жолдарын іздеуде. Бірақ нашақорлық кейінгі жылдары ғана өзектілігі артып келе жатыр, көбінесе жастар арасында. Алайда, медицина және арнайы мамандардың көмегі мен әдістері бәріне тиімді бола бермейді, сондықтан маскүнемдік пен нашақорлық өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында ең танымал өнімнің бірі - ішімдік өнімдері болып саналады. Ішімдік өнімдерін жиі қолданған сайын адамдардың әл-ауқаты нашарлайды, жұмыс қабілеті, моральдық құндылықтары төмендейді және психикалық ауруға әкеліп соғады. Қазақстанда жыл сайын ішімдік ішу мөлшері көбейіп келе жатыр[3] . Ең көп сатылатын ішімдік ретінде сыра өнімін алсақ, статистика бойынша 2015 жылы 475 мыңдай литр өндірілсе, онда 2018 жылы 88 мың литрге дейін өндірілу көлемі артқан болатын(Сурет 2) .

Сурет 2 - Қазақстан Республикасында сыра өнімін өндіру статистикасы.

Маскүнемділіктің басты әлеуметтік себептеріне: жұмыссыздық, отбасындағы мәселелер, жалғыздық пен кедейліктерді жатқызуға болады. Яғни, тәулік бойы жеке өзінің мәселелерін ойлай бере және шешу жолдарын таба алмағандықтан ішімдік ішу мен есірткі қолдану арқылы өз мәселелерін ұмыта алатынына сенімділігі артады. Сондықтан, респонденттер «Сіз көшеде мас күйінде қандай жастағы адамдарды жиі кездестіресіз?» деген сұраққа 58, 6% «орта жастағы» мен 24, 7% - ы «қарт адамдарды» көрсетілген болатын. Яғни, әлеуметтік мәселелер орта жаста қиындай бастаған кезде көбісі қиындықтарды өте алмай, басқа уақытша шешу жолдарын қарастырады.

Ата-аналарының ішімдік пен есірткі қолдануынан балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқына қатты әсерін тигізеді. Балалардың ата-аналарының мінез-құлқына електеуін туғызады және өскен кезде қателіктерін қайталауы мүмкін[4] . Соның әсерінен ата-аналарды баланы тәрбиелеу құқығынан айыруына әкеледі.

Әлеуметтік жетімдік . Әлеуметтік жетімділік - ата-анасы бар, бірақ олар қандай да себептермен бала тәрбиелеу құқығынан айырылған балалар болып келеді[5] . Менің ойымша, әлеуметтік жетімділіктің негізгі себептеріне ата-аналарының балаға тәрбие бере алмауы, отбасында қаражаттың жетіспеушілігі мен жұмыссыздықты жатқызуға болады. Бала туғанымен басқа да мәселелер туындайды. Ата-аналардың маскүнемдігінің артуына, отбасыларының ыдырауына және кедейлікке байланысты көптеген аналар балаларынан бас тартады.

Менің зерттеу жұмысын жүргізуімде респонденттерге сұрақ қойылған болатын «Сіздің ойыңызша, әлеуметтік жетімділіктің өсуіне не әсерін тигізіп жатыр?»(Сурет 3) .

Сурет 3 - Әлеуметтік жетімділіктің себептері.

Көріп тұрғанымыздай, басты себептерінің бірі - толық емес отбасыларының көптігі мен еліміздің экономикалық тұрақсыздығы болып келеді.

Отбасыларда тұратын көптеген балалардың болашағы қайғылы. Отбасындағы ұрыстар мен ажырасулар, ата-аналарының маскүнемдігі көптеген балалардың мінез-құлқына қатты әсерін тигізеді. Осы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мен отбасылармен жұмыс арнайы мемлекет органдарымен жүзеге асырылады. Алайда, бұл жүйе бәріне тиімді әрі көмектеседі деп айтуға болмайды.

Елімізде жас және жалғыз аналар үшін арнайы «Саламатты Қазақстан» жүйесі ашылған болатын. Яғни, осы жүйе баланың және ананың денсаулығын қадағалауға көмектеседі. Бірақ, Қазақстан Республикасында бала асырауға көмектесетін арнайы төлемдер деңгейі өте төмен болған себептен, жетімділік пайызы өсуде. Алайда, Қазақстан Республикасындағы тағы бір жетіспеушілік, ол - бала асырап алудың, жетім балалар жайлы ақпараттың аздығы. Яғни, статистика мен басқа да мәліметтерге тек мемлекеттік органдарының қызметкерлерінен басқа ешкім қол жеткізе алмайды[6] .

Жұмыссыздық. Жұмыссыздық- жұмыстың болмауы ғана емес, сонымен бірге адамдардың алдына қиын міндеттер қояды. Себебі, Қазақстанда жұмыссыздық кең таралған және адамдарға көптеген қиыншылықтар туғызады.

Жұмыссыздық мәселесі бүгінгі күні ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл әсіресе пандемия кезінде өткір көрініп келе жатыр және әрқайсымыз, жақындарымыз осы мәселеге тап болдық.

Жақында жүргізілген зерттеудің нәтижесінде жұмыссыздықтың бірқатар әлеуметтік, эмоционалды, қаржылық пен отбасылық мәселелерінің болуын құжаттайды. Сонымен бірге, карантиннің уақытында респонденттердің 63% -ы жұмысынан айырылып, оның 39, 4 % -ына балама жұмыс табу қиындықтар туғызды.

Кесте 1 - Қазақстан Республикасының жұмыссыздық көрсеткіші

Көрсеткіш
Мәні
Кезең
Көрсеткіш: Жұмыссыздық деңгейі
Мәні: 5%
Кезең: 2020 ж. тамыз айы
Көрсеткіш: Жастар арасындағы жұмыссыздық
Мәні: 3, 8%
Кезең: 3 тоқсан/2019ж.
Көрсеткіш: Жұмыспен қамтылған халық саны
Мәні: 8704 мың адам
Кезең: 2 тоқсан /2020
Көрсеткіш: Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі
Мәні: 2, 1%
Кезең: 2 тоқсан /2020
Көрсеткіш: Жалпы жұмыссыздар саны
Мәні: 454 мың адам
Кезең: 2020 ж. сәуір айы

Жалпы жұмыссыздар саны 2019 жылға қарағанда 2020 жылы 2, 8% -ға жоғарлаған болатын, ал деңгей 0, 2% көтерілді. 454 мың адамның 109, 6 мың адамы өздерін жұмыспен қамтамасыз ете алмай жатыр, яғни ізденуде. Ал 93, 4 мың қызметкерлер пандемия әсерінен жұмыстарынан айырылды[7] .

Халықтың экономикалық жұмыссыздық мәселесі әлдеқайда ұзақ және өткір сезіліп жатыр. Бәрінен бұрын жұмыссыздық жастар мен ересектерге әсер етеді. Жастар тәжірибенің аздығынан, ал ересектер- үнемі өзгеріп отыратын еңбек жағдайларына бейімделе алмайтындықтан жалдағысы келмейді. Сондықтан, жұмыстан босатылған қызметкерлер мен жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқытудың және білікті мамандарды арттырудың оқу орталықтар желісін ашып, кеңейту керек деп ойлаймын.

Қылмыстық. Соңғы жылдары кәмелетке толмаған қылмыскерлердің әлеуметтік- экономикалық портреті өзгерді. Мысалы, бұрын қылмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар жасаған болса, ал қазір табысы, дипломы бар, тұрғылықты жері мен жақсы отбасылардан шыққан балаларда теріс мінез-құлықтық әрекеттерге барады. Қылмыстыққа баратын әрекет келесі себептерінен туындайды: ата-ананың назарының әлсіреуі, оқу орындарының тәрбие жұмысының әлсіздігі, «қиын» балалармен тиімді тәрбие жұмыс жүргізуге педагогтардың даярлығы, жұмыссыздық деңгейінің жоғарлауы, ата-аналардың өз балаларын толық тамақпен, біліммен және киіммен қамтамасыз ете алмауы, салауатты өмір салтының басымдылығы және т. б.

Егер Қазақстан Республиканың статистикасына сүйенсек, 18 жасқа толмағандар қылмыстыққа жиі ұрынады(Сурет 4) .

Сурет 4 - Тіркелген қылмыстар саны.

Яғни, 2018 жылы қылмыс саны 485 мың болса, 2020 жылдың бірінші тоқсанында шамалы 44% -ға көтерілген болатын. Бұл кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық жағдайларының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейту, жастардың отбасыларымен жұмыс істеудің бір нақты бағдарламасын әзірлеу керектігін көрсетеді. Бірақ, Қазақстан Республикасында заңға қайшы келетін, тәрбиелеу мен мінез-құлықтарын түзетуді қажет ететін кәмелетке толмаған балалар үшін арнайы мектептер жұмыс істейді [8] .

Сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық - қазіргі қоғамның ең өткір мәселелерінің бірі. Жаңалықтарда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жайлы және жемқорлықпен күрес жайлы жиі айтылып жатады. Өкінішке орай Қазақстан әлемдегі ең жемқор елдерінің тізімінде бар. Зерттеу барысында респонденттердің 88, 3% біздің елімізде сыбайлас жемқорлық жеңілмейді деген пікірге бейім, ал қалған 11, 7 % жеңуге болады деп санайды. Қазақ халқы сыбайлас жемқорлық барлық жұмыс салаларына әсер еткеніне сенімді және сол салаларының ішіне: медицина, жол полициясы, сот жүйесі мен прокуратура кіреді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің арасында ең бірінші болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңын қабылдаған болатын[9] .

Зерттеу жұмысы сыбайлас жемқорлыққа екпін қойылып, Қазақстанның тұрғындары сыбайлас жемқорлықпен жиі кездесетінін байқауға болады.

  • Ең бірінші: «Күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көрінісімен кездесуге тура келді ме?» сұрағының 229 адамы «Иә», ал қалған 8 адамы «Жоқ» деп жауап берген. Яғни, сыбайлас жемқорлық біздің қоғамда жиі кездесетін құбылыс екенін көрсетеді.
  • Екіншісі: «Сіздің ойыңызша, біздің қоғамызда сыбайлас жемқорлық қай жерде/салада ең жиі кездеседі?». 217 респонденттер шенеуніктер мен депутаттар арасында, ал қалған 20 респонденттер сот жүйесі мен мемлекеттік органдарында белгіледі. Яғни, бұл көбінесе билік өкілдері арасында кездесетінін көрсетеді.

Қазақстан Респубикасының статистика деректеріне сүйенсек, соңғы 11 жылда елімізде сыбайлас жемқорлық санының төмендеуін байқауға болады. Соңғы рет жемқорлықтың ең жоғарғы деңгейі 2009 жылы байқалып, ең төменгі 2015 жылы болғанын көрсетеді (Сурет 5) .

Сурет 5 - Қазақстанның сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 2009-2019 ж.

Бірақ, президенттік билікке Қасым-Жомарт Тоқаевтің келуімен Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмыс жандана түсті[10] . Сондықтан Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық мәселесін шешу өте маңызды және еліміздің азамттары үшін басты міндет.

Қорытынды. Қазіргі қоғамда әлеуметтік мәселелер әліде бар және олар күннен күнге өршіп бара жатыр. Ішімдік, есірткі, әлеуметтік жетімдік, қылмыс, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, толық емес отбасылыр және т. б. сияқты мәселелер ұзаққа созылады. Халық арасында осы мәселелерге байлансты өте көп сұрақтар тундайды, бірақ жауабын ала алмаймыз немесе мүлде жоқ.

Ең қорқыныштысы ол - кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс мәселесі. Қылмыс мәселесінің артуының себебі неде? Толық емес отбасылар, әлеуметтік ортасы, генетика арқылы берілген мінез-құлық, маскүнемдік пен нашақорлықтың артуында. Көшеде өмір сүруге бейімделген жастар білім беру орындарынан емес, көше заңдарынан білім алады. Алайда, кәмелетке толмаған жас баланының осындай мінез-құлқына отбасын мен достарын кінәлау дұрыс емес, мұнда еліміздің саясатының қатынастарына назар аударған жөн.

Әлеуметтік жетімдікті азайтудың негізгі жолдары: қоғамдағы экономикалық пен саяси процесстерді тұрақтандыру, отбасын, ана мен баланы экономикалық пен әлеуметтік қолдау көрсету, жетім балаларды орналастыру жүйесін жетілдіру. Бірақ, осындай жұмыстар барлық жерде және әрдайым жүргізілмейді.

Кедейлік, қаражаттың жетіспеушілігі - 21 ғасырдағы ең ауыр және өткір мәселесі. Халықтың жартысының көбісі ең төменгі жалақы мен жәрдемақыға өмір сүруі керек, сонымен қатар өз отбасын асырау керек. Биліктің жас отбасыларға көбірек бала тууға шақыруымен, іс жүзінде 1 баласы бар жас отбасы кедейлік жағдайына батады. Зерттеу жұмысы көрсеткендей, бала тууға деген ынтаны арттыру үшін отбасыларға жағдай жасалуы тиіс. Сол кезде қылмыс саны, жетімдік деңгейі төмендейді.

Жұмысқа орналасу. Бұл адамзаттың өмір бойғы мәселесі. Біздің елімізді мұндай адамдар өте көп. Көбінесе жұмыс іздеу мәселелері зиянды салдарға әкеледі. Мемлекет тарапынан еңбек нарығында белсенді саясат және тиімді жұмыспен қамтуды қолдау тиіс, атап айтқанда:

- жалақысы төмен жұмыспен қамтуды және шекті жұмыс орындарын қысқарту, еңбекке қабілетті халықтың төмен емес жалақыға кепілдік беретін жаңа, жалақысы жоғары және қорғалған жұмыс орындарын құру бойынша шаралар кешенін іске асыру;

- жұмыссыздыққа қарсы алдын алу шараларын іске асыру және жастарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау;

- шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту;

- агроөнеркәсіпті, әсіресе ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамыту, ауыл шаруашылық емес жұмыстарда жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету-жаңа жұмыс орындарын құрудың, жұмыспен қамту саласын кеңейтудің, демек, кірістердің өсуінің және ауыл халқының кедейлігін төмендетудің негізгі жолы;

Халықтың табысын қорғау - жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, стипендия:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
Қазақстан әлеуметтік жүйесінде терең және түбегейлі өзгерістер
Құқықтық қатынастардың ұғымы, айрықша белгілері мен түрлері
ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру
Саясаттанудың пәні, әдіс-тәсілдері мен міндеттері
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы)
Қазіргі кезеңде саяси өмірдегі идеологияның ролі
Саясаттану пәні - әрі ғылым, әрі өнер ретінде
Саясаттану пәні, ұғымдары,әдіс-тәсілдері мен қызметтері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz