Қашықтықтан оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру


Қашықтықтан оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру
Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.
Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі - қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не?
Қашықтықтан оқыту дегеніміз - мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
• бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
• құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар.
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз - интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
2020ж Қазақстанда тәжвирусына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Еліміздегі жоғары оқу орындарығ колледждер және арнайы орта білім беру мекемелері мен жалпы орта білім беретін мемлекеттік және шағын жинақты мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті.
Қашықтықтан оқыту қалай тиімді жүзеге асады:
Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды геймификациялауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің студенттер барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады.
Үй жағдайында тиімді жұмыс істеу қағидалары: қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар:
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар оқытушының жұмысы мен оның білім алушылармен және әріптестерімен онлайн түріндегі қарым-қатынасын дұрыс құруға көмектеседі. Үйден тиімді жұмыс істеу уақыт пен міндеттерді дұрыс бөлген кезде мүмкін болмақ. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері қашықтықтан жұмыс істеуде уақытты дұрыс ұйымдастырудан бастап, жабдықты орнатуға дейінгі бірқатар қиындықтар болуы мүмкін. Егер IT-технологияларға және қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне байланысты мәселелер дұрыс шешілсе, онда қашықтықтан жұмыс кедергілерсіз өтеді.
Ол үшін:
1. Ноутбукті үйдегі Wi-Fi желісіне қосу.
2. Бейне кездесулерге арналған бағдарламаларды жүктеу. Мысалы, Zoom немесе басқа осыған ұқсас бағдарламалар.
Оқытушыларға карантин кезіндегі жұмысы көптеген мәселелер мен сұрақтарды шешуден тұрады - әр топтарға, пәндерге чаттар құрып, сол жерде шешу орынды болады. Қарым-қатынас қағидаларын сақтауда маңызды. Атап айтқанда: бейне және аудио қоңыраулар кезінде микрофонның дыбысын өшіру керек; дыбысты қосу немесе жазу арқылы сұрақтарға жылдам жауап беру; қызметкерлермен тұрақты түрде жеке кездесулер ұйымдастыру; барлық сұрақтар мен оларды шешу жолдарын жазбаша түрде тіркеп, ақпараттың кімге арналғанына қарай қызметкерлердің, білім алушылардың чатына не поштасына жіберу. Мұғалімдер өздерінің тиімді жұмысы күнделікті стандартты жұмыс форматында қолданатын құралдарына байланысты екенін есте ұстауы керек. Сондықтан тек қана өзіңіздің біліміңіз бен дағдыларыңызды қашықтықтан қолдансаңыз жетіп жатыр.
Үй жағдайында тиімді жұмыс істеу: негізгі қағидалар Қашықтан жұмыс істеу кезіндегі оқытушының негізгі міндеті - карантин кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Ол үшін уақытты дұрыс ұйымдастыру керек, сонда ғана үйде тиімді жұмыс жасай аласыз:
1. Сабақ кестесіне сәйкес үйреншікті жұмыс уақытын сақтаңыз.
2. Жұмыс кеңістігін ұйымдастырыңыз және оны тек жұмыс үшін пайдаланыңыз.
3. Үй ішімен әңгімелесіп, жұмыс барысындағы әрекеттер алгоритмін түсіндіріңіз.
4. Сабақтар онлайн режимде өтетіндіктен, сыртқы келбетіңізді де ретке келтіріп мәдениеттілікті ұмытпаған жөн.
Қашықтықтан оқытуда оқу процесін дұрыс ұйымдастыру жеке істерге уақыт табуға мүмкіндік береді. Мұғалімдер арасындағы ара-қатынастық байланысты сәтті құру және бірлесіп жұмыс істеу үшін төмендегі қағидаларды ұстану қажет:
1. Жұмыс күні сабақ кестесіне сәйкес оқытушылар желіде болуы керек.
2. Тілдесу үшін бейне қоңырауларды қолдану. Бұл туындаған мәселелерді жылдам шешуге көмектеседі.
3. Көрнекі мысал үшін экранды қосыңыз және онлайн-сабақтарды өткізгеннен кейін барлық қатысушыларға толыққанды материал жіберіңіз.
4. Жоспарлауды күн сайын бір уақытта жасаңыз.
Негізінде қашықтықтан оқыту барлық білім беру мекемелерінде кең қолданыс табуда. Біздің университетімізде білім алушылар ZOOM бағдарламасынан басқа, PORTALSHUпорталы арқылы да білім алуда. Осыған сәйкес оқытушылар порталға өздерінің логин паролдері арқылы кіріп білім алушыларға тиісті оқу-материалдарын енгізіп отырады. Білім алушылар сол оқу-материалдарын меңгеріп, лекция, семинар, СӨЖ тапсырмаларын орындап кері байланыс орнатады. Сол арқылы оқытушы білім алушыны бағалайды. Ол бағалар шептік бақылауға тікелей әсер етеді. Шептік бақылау бағалары қойылған соң білім алушыға емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.
Сонымен қатар оқытушыларымыз бен білім алушыларымыздың арасындағы байланыс әр түрлі мессенджерлер арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтатын болсам: Zoom, Microsoft Teams, Google Classrom, Skype, электронды пошталар білім берудің мүмкіндіктерін арттырды. Аталған бағдарламада (демонстрация экрана) деген батырманы бассаңыз, барлық көрнекілік құралдарыңызбен, презентация, сызба, оқу құралдарын, сонымен қатар сұрақ-жауап алмасып, видеобейнеңізді запись арқылы сақтап алуға мүмкіншілігіңіз бар.
Оқытушы WhatsApp желісінде тапсырмаларды жіберіп отырады.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен түрлерін зерттеп, онлайн-сабақтардың оқу үдерісін жоспарлауды, оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыруды үйрендік. Қашықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда педогог-ұстаздардың біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі жоғары деңгейде дамыған болуы өте маңызды!
Оқытушылар онлайн жүйесінде сан алуан семинарлар, конференциялар, ашық сабақтар видеосабақтар ұйымдастырып, өткізеді.
Ұжымымыздағы шұғыл жиналыс және өзекті мәселелерді осы бағдарламалар арқылы қашықтықтан жүргізуге мүмкіндік туып отыр.
Қашықтан оқытуға деген жаңа қызығушылық телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы, ғаламдық ақпараттық желінің пайда болуы аясында туындаған. Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, білім алушылар үшін де оңай шаруа емес, біраз күш-қуатты талап етеді. Бұл - отандық білім беру жүйесі үшін үлкен күш.
Білім алушылар қашықтан оқытуды карантин кезіндегі қызықты жаңа тәжірибе ретінде қабылдады.
ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққанда көбімізде кішкене қорқыныш та болды. Бір жағынан, қызығушылық пайда болды. «Қалай білім берер екенбіз?», «Білім алушылар қалай қабылдар екен?» деген сұрақтар мазалады.
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен - тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген К. Д. Ушинский. Осы ұлы тұлғаның сөзін ұран етіп қана қоймай, ісімізбен дәлелдейтін уақыт келді.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің басты артықшылығының бірі - уақытты үнемдеуге болады екен. Осы үнемдеген уақытты өзіміздің кәсіби деңгейіміз бен шеберлігімізді арттыруға жұмсауымызға болады.
Қорытынды
“Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер” деген сөз бекерге айтылмаса керек. Осы қиын -қыстау кезеңінде “Біз біргеміз!”, ”Біз үйдеміз!” деп бір-бірімізге бір ауыздан қолдау көрсетіп келеміз. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тəуелсіздігін қорғайтын, білімді ұрпақтың тəлімгері біздерге, яғни ұстаздарға қашықтықтан оқыту атты үлкен жауапты іс жүктелді.
6-шы сəуірден бастап барлық əріптестеріміз қашықтықтан оқыту форматы бойынша сабақ беруде. Білім министрі А. Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққалы ұстаздар қауымы барынша талмай еңбек етіп жатыр.
Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болады. Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастырады. Қашықтықтан оқытуда білім алушылардың кең ауқымда жауап беруіне мүмкіндік аз болып тұр. Берілген тапсырманы аудиториядағы сияқты жан-жақты талқылап, сын пікір айтып, ойын жеткілікті деңгейде ашуда қиындық туындап отыр.
Қашықтықтан оқыту - білім алушыдан қашықтықта болу деген емес, білім алушыға бұрынғыдан да қатты жақындау. Қашықтықтан оқу арқылы біз сақтық шараларын жасап қана қоймай, сонымен қатар өз шеберлігімізді де арттырып жатырмыз.
2020 жылдың 8 сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласында: «Кез келген қиындық адамды тығырықтан шығуға, өзгеше ойлауға, қалыптасқан жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бастайды. Ал бұл ғылым мен технологияны дамытуға, сергек өмір салтын қалыптастыруға алып келеді. - деп атап өткен.
Ұлт ұстазы, өткен ғасырдағы қазақ руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы:”Мектептің жаны -мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, ”ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең əдемі, мектепке керегі -білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, оқыта білетін “мұғалім” депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі өз қадірін жоғалтқан жоқ. Болашақ мұғалімдерді дайындап жатқандықтан, отанымыздағы барша балаға қашықтықтан білім беріп, тəрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымына қажырлы еңбектеріңіз жана берсін дегім келеді.
Еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын. Мыңдаған жылдар көк туымыз көк аспанда желбірей берсін!
Биылғы 2020 тышқан жылында бастау алған еліміздегі төтенше жағдайлардың бірі - GOVID-2019 коронавирустық инфекцияның пайда болуы- білім беру жүйесіне жаңа өзгерісті, қашықтық оқыту үдерісін енгізді. Қашықтан білім беруге көшу - коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асырылған еді. Елімізде тіпті әлемде алғаш рет білім беру жүйесінде қашықтан оқыту арқылы білім беру мен тәрбиелеу ісі жүргізілетін болғандықтан бастапқы кезде көптеген қиындықтар мен қобалжулар болғаны рас.
Бұл қиыншылықты ұстаздар мен студенттер, ата-аналары түсінді, өзгерісті қабылдады. Тек ғана, бірлескен күш-жігердің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға шын жүректен сендік.
2019-2020 оқу жылының ІІ тоқсанына қызу дайындықты бастап кеттік. Барлық мүмкіндіктерді, аспектілер мен тәуекелдерді жан-жақты ой елегінен өткізе отырып, ағымдағы оқу жылының соңғы тоқсанына арналған жұмыс жоспарлары жасалынды. Жоспар аясында біршама жұмыстар жүргізілді.
Осы жұмыстар аясында бұл жаңаша үдеріс ұстаздардың басқа қырынан таңылуына, сонымен қатар ұстаздардың теле жүргізуші, диктор ретіндегі мүлдем жаңа рөлді меңгеруіне әкелді. Кәсіби деңгейлері артты.
Қашықтан оқытудың тиімділігі
Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын ХХІ ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жатыр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақпараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын арттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру қажет. Қашықтан оқыту формасы бүгінде уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде тек осы жүйе мейілінше икемді әрі тиімді. жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту ХХІ ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.
Түрлі мақалаларды ескере отырып, қашықтан оқыту - бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытуды ұйымдастырудың өзгеше түрін ұсынады. Сонымен қатар оның құрамы кез-келген оқыту формасында, кезкелген оқыту жүйесінде бар компоненттерден, оқытудың барлық түрінде, әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтитын мазмұннан; әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады.
Қашықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы технологиялық негіздерге (мысалы, тек компьютерлік коммуникацияға, баспа құралымен, компакт дискімен, кейстехнологиямен жабдықталған компьютерлік телекоммуникацияға) қарай айрықшаланған.
Сырттай оқу мен қашықтан оқуды шатастырмау керек. Олардың басты айырмашылығы қашықтан оқытуда жүйелі әрі әсерлі интерактивтік оқыту қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуды оқудың жаңа бір формасы деп, тиісінше қашықтан білім беруді (оқыту нәтижесі сияқты жүйені де, процестің өзін де) білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Әрине, оны басқа оқу жүйелерінің жетілдірілген түрі деп қарауға болмас. Қашықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ, интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкіндіктеріне байланысты, қашықтан білім беруді жүзеге асыру ерекше болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz