Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы. Кеңестік және шетелдік тарихнама (ХХ-ХХІ ғ. басы)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан қазіргі заман тарихынның кезеңдері.

2. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.

3. Кеңестік және шетелдік тарихнама (ХХ-ХХІ ғ. басы)

Кіріспе

Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймактарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.

Бағдарламада бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында еліміз жүріп өткен тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарих намасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса көңіл бөлінеді. Дерек көздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге көңіл аударылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесінің шиеленісуі, азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердід ара салмағына талдау жасалады.

Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері .

Бұл курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары.

Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби деңгейіне жан жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи мәселелерге көңіл аударылады.

Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе - Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен онын себептері қарстырылады.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды.

Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т. б. мәселелер қамтылады.

Кеңестік тарихтың жол-жөнекей жазылуы, коммунизм мен капитализмнің өзара арпалыстары. Тарихты идеологияландыруы. Ұлт проблемаларын ұпай жинауға пайдаланғандығы. Отандық тарих оның ішінде қазақ халқының тарихы саясат құрбандығына шалынуы. Мифтерге негізделген жалған, жалтақ тарихтың ірге тасының қалануы. Отан тарихын саясатқа бейімдеп «өңдеу», өзгерту тәсілдері. Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі. Ұлттық мүддені пролетариаттық-таптық мүддеге бағындыру, ұлттық өзін-өзі билеу құқын шектеп ұлттық мемлекет құруда пролетариат диктатурасын табындыру. Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп жерін, байлығын алып, оны алу үшін жалындыру.

Тарихи әдебиеттегі приоритеттің бірі - Қазан төңкерісінің заңдылығы туралы миф.

Қазақ кеңестік мемлекеттік статусты әсірелеу мифі туралы академик М. Қ. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992 жылғы баспадан шыққан еңбегінде кеңестік дәуірдің тарихи ақтаңдақтары туралы ақиқатын ашты. Қазақстан тарихының концепциясы негізгі пайымдары, одақ көлемінде империялық бағытта жазылды. Бүгінде Отан тарихына тағлым ету, оның бетін жайлаған мифтерден асып өту тарихшылар әулетінің қарызы мен парызы.

Қазақстандағы азамат соғысы туралы Покровский С. Н. Разгром интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1919-1920 гг. ) А-А., 1967., П. Елагин А. С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны (1918-1920 г. А-., 1966 жылғы. еңбектері жазылды бұл зерттеулер кеңес үкіметінің ролін дәріптей көрсетті.

Тарихнама мәселесі Отан тарихының өте нәзік жауапты саласы. Отан тарихының сүбелі бөлігі-мәдениет тарихы. Отан тарихы жаңа деректемелік негізде жазылу керек .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Көне және жаңа замандағы тарихи - философиялық ойлар. ХХ ғасырдағы тарих философиясы
Тарих ғылымының принциптері
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәннің лекция сабақтарының әдістемелігі
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
ДІНТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz