Мария Монтессори технологиясы туралы мәлімет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мария Монтессори технологиясы туралы мәлімет
Мария Монтессори 1870 жылдың 31 тамызында Италияда туылып, 1952 жылы Голландияда қайтыс болды. Осы жылдар аралығында оның өмір жолы философиялық мәні бар, балалардың құқығын қорғау үшін күресі мен ұлы педагогикалық жаңалықтар ашуына толы болды. Ол Италияның тұңғыш әйел - дәрігері.

Қызықты ақпарат
♦ Италияда евроны енгізбестен бұрын, М. Монтессоридің бейнесі 1000 лир ақшасын безендіріп тұрды.
♦ Финляндия, Нидерланд және АҚШ - та Монтессори балабақшалары мен мектептері негізгі мемлекеттік оқу мекемелерінің құрамына енген.
♦ Бе́нджамин Спок дәрігердің атақты басылымдарынан кем түспейтін бала тәрбиесі жөніндегі 25 кітаптың авторы М. Монтессори, жасөспірім кезінде ата - анасының өзінен ұстаз шығару ниетіне қарсы болған.
♦ АҚШ - та Монтессори мектебін тәмәмдәу, жұмысқа қабылдау кезінде қосымша фактор болып табылады.
♦ Орыс суретшісі Кузьма Петров - Водкин, Монтессоридің сабағына қатысып, бұл әдіспен оқытылатын балалардың қоршаған ортаны кеңнен қабылдайды деген.
♦ Үндістандағы Монтессори - мектебі (Кодайканалдағы) ең алып деп Гиннес кітабына жазылды. Онда 22000 - нан астам бала оқытылады.
♦ Мария Монтессори үш рет (1949, 1950 және 1951 жылдары) әлемнің нобелдік сыйлығын алуға ұсынылды.
♦ Монтессори жүйесі бойынша Билл Клинтон - АҚШ - тың 42 президенті, Франсуа Миттеран - Францияның 21 президенті, Уильям мен Гарри ханзадалары - англияның патшалары отбасынан, Жаклин Кеннеди Онассис - АҚШ - тың бірінші ханымының бірі, Джимми Уэйлс - Википедияны шығарған, Габриэль Гарсиа Маркес - жазушы, әдебиеттен Нобель сыйлығының иегері, Google ізденістік жүйесін шығарған Ларри Пейдж пен Сергей Брин оқытылды.
♦ Лев Толстойдың қызы Татьяна Сухотина - Толстая мен Диана ханшайымы Монтессори - педагогы болған.

Мария Монтессоридің еркін тәрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі Константин Николаевич Вентцель (1857 - 1947) еді. Ол 1917 жылы дүниеде алғашқылардың бірі болып бала құқықтары декларациясын түзіп, жариялады.
Монтессори өзінің еркіндік түсінігін баланың үлкендердің еркіне тәуелді болмау деп түсіндірді. Бұл дегеніміз баланың үлкендердің минималды көмегі арқылы өзіне қызмет етуі, жаңаны игере білуі, маңызды шешімді өзі қабылдауы мен баланың даралық құқығын қорғау болып табылады.

Тәртіп пен еркіндіктің үйлесімі арқылы
:: қарапайым ережелерді сақтап тәртіпке үйренеді
:: дербестікке үйренеді
:: жан - жақты, ықыласты болады
:: саналы таңдау жасауға үйренеді
:: бақылағыштыққа үйренеді
:: өзін және басқа адамдарды қадірлеуді үйренеді
:: тұлға ретінде өзін - өзі қалыптастырады
:: сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі
:: келісім жасасып, бірге әрекеттенуге үйренеді
:: жауапкершілікті сезінуді үйренеді

Педагогтың міндеті
:: Ең негізгі міндеті - балаларға өзін - өзі дамыту жұмыстарында көмек беру, оның өз бетімен білім алуына жағдай жасау
:: Балаларды топта сақталатын ережелермен таныстыру
:: Балалардың іс - әрекетін бақылап, тек қажет кезінде көмек көрсетеді
:: Дидактикалық материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін үйрету
:: Топтағы жағымды атмосфераны қалыптастыру, келіспеушілікті шешу
:: Баланың әрі қарай өзін дамытуда бағыт береді

Топта сақталатын ережелер
:: еркін жүріп тұрады
:: қолданған затын ескертусіз жинап орнына қояды
:: қажет кезде тәрбиешіден көмек сұрау
:: үлкен балалар жаңа келген балаларды үйретеді
:: жіберген қателіктерін тауып оларды түзетеді
:: бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізу
:: басқа балаларға бөгет болмау
:: тыныштықты сақтайды

Мария Монтессори өсиеттері

♦ Қандай жағдай болмасын, бала өзі көмек сұрағанша оған тиіспе
♦ Ешқашан бала туралы жаман айтпа, баланың көзінше, және ол болмағанда да.
♦ Баланың жақсы қасиеттерін дамытуға бағыттал, сонда жаман қасиеттер біртіндеп азая түседі
♦ Танымдық ортаны дайындағанда белсенді бол. Әрқашан оны талаптар мен ережеге сай дайында. Баланың бұл орталықта дұрыс іс - әрекет жасауына көмектес. Әр дамыту материалының орнын және оны қалай дұрыс қолдану керектігін көрсет.
♦ Сенің көмегіңді қажет ететін балаға көмектесуге және оның сұрақтарына жауап беруге дайын бол.
♦ Қате жіберіп алып оны қазір немесе сәлдең соң түзете алатын баланы қадірлей біл. Бірақ баланың іс - әрекеті немесе материалды дұрыс қолданбаған жағдайында, өзінің немесе басқа балалардың денсаулығына, дамуына қауіп төндіретін болса жұмысты тоқтат.
♦ Демалып отырған немесе біреудің жұмысын бақылап отырған, немесе қандай іс - әрекет жасағанын әлде жасайтынын ойлап отырған баланы қадірлей біл. Осы сәтте оны ешқашан басқа әрекет жасауға мажбүрлеме.
♦ Немен айналысатынын білмей, іс - әрекет түрін іздеп жүрген балаға көмектес.
♦ Балаға жаңаны игеруге, бұрын бас тартқан материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін көрсетуден жалықпа. Қоршаған ортаны мейіріммен, шыдамдылық пен тыныштықпен, қайырымдылық пен махаббатпен толтыр. Ізденіс үстіндегі балаға өзіңнің көмек көрсетуге дайын екеніңді көрсете біл, және басқа балаларға оны білдіртпе.
♦ Баламен қарым - қатынаста тек жақсы әдеп - қылықтарыңды көрсет және өзіңдегі ең жақсы қасиеттеріңді ұсын.

Жоспар:
І. Кіріспе
М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері.
2. Монтессори методикасы.
3. Монтессори тобындағы шеңбер.
ІІІ. Қорытынды.
І. Кіріспе.
М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы.
М.Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі ХХ - ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес , дидактикалық материалдармен сабақ ұзақтығын өздері таңдай отырып, балаларға өздігінен жұмыс жасауға жағдай жасаған. Кезкелген ата - ана баласы үшін өмір сүреді. Халқымыз Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар - деп бекер айтпаса керек. Мария Монтессори (1870-1952) 31 тамыз айында Италияда дүниеге келген, сол елдегі медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам болды. Бұл жүйені 100 жыл бұрын М.Монтессори ойлап тапқандықтан, соның атымен аталып кеткен. Өз ісінің бастапқы негізінде ол жүйке - психикалық дамуы бұзылған балаларды емдеумен айналысады. Мұндай балалармен жұмыс істеудегі тәжірибесі зияты дамымаған балалар емдеуге қарағанда педагогикалық тұрғыдағы әсер етуді көбірек қажетсінетіні туралы маңызды тұжырымды құруға мүмкіндік берді. Зияты дамымаған балалармен жұмыс тәжірбиесі М.Монтессоридің көңілін қалыпты балаларды тәрбиелеу проблемасына аударды, оның жүйесінде Ж.Ж.Руссо, Ә.Сеген және т.б. белгілі философ, педагог және дәрігердің тәрбиелеу қағидалары дами түсті. Бүгінгі күні Монтессори педагогика атақтылыққа екінші рет ие болуда. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолданады. Сонымен қатар М.Монтессори жүйесі 146 мемлекетте қолданыладын.Монтессоридің ілімі мен жүйесі әр түрлі балалар мекемелерінде: балалар үйі, мектептер, балабақшалар, балалар оңалту орталықтарында кеңінен қолданыла бастады. М.Монтессори: Бала дүниеге келгеннен бастап өзін- өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау - деген екен.
Бұл Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу керек, яғни балаға бостандық беру.
Бала дамуының сензитивті кезеңдері келген кезде, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыра бастайды, бірақ қалай, қай бағытта жүзеге асатыныны оны қоршаған ортаға байланысты. Үлкендер баланың дамуына жағдай жасайтын арнайы ортаны дайындап, оған бағыт - бағдар беріп отыруы керек. Монтессори педагогикасы кабинеті бірнеше аймақтарғы бөлінген және бұл аймақтар баланың жан - жақты дамуына жағдай жасайтын дайындалған орта болып есептеледі. 3 және 6 жас аралығындағы балалардың өзін - өзі дамытуы үшін аймақтарда орналасқан жаттығулар зор ықпалын тигізді: күнделікті өмір жаттығулары, сенсорлық даму, математика, тіл дамыту, жазу және оқуды үйрену, шығармашылық даму, космостық тәрбие беру. Қазіргі таңда Қарақия ауданы Құрық ауылындағы МКҚК Айгөлек балабақшасы М.Монтессори технологиясы бойынша жұмыс жасауда. Орталық Еуразия Қорының қолдауымен және ТОО Ерсай компаниясының қаржылай комегімен 2 тәрбиеші болып өз біліктіліктерімізді көтеру мақсатында Алматы қаласын дағы Монтессори класс оқыту орталығына барып оқып келдік. Ж.Джумагазиева мен өзім осы технология бойынша жұмыс жасаудамын.
М. Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды:
1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерту;
2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету;
3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері.
1896 жылы Рим университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылды.
Университеттің емханасынада ақыл - ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді. 1900 жылы Марияның өзі дамуын да ауытқушылықтыры бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сойлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірқатар уақыты өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу, есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.1909 жылдан бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдің педагогтары үшін курстар ашылды. 1910 жылы Монтессори әдісі атты кітап жарық корді. 1929 жылы М.Монтессори қазіргі кезде де жасап жатқан халықаралық Монтессори Ассоцасиясының негізі салынды. Италиядан Фашистік тәртіп кезінде елден кетеді, 76 жачында қайта оралып, көптеген еңбектерін шығарады. 1950 жылы Амстердам университетінің профессоры атағы, докторлық құрмет дәрежесі беріледі.Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сойлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы - оқы,оқы деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай - ақ, олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори бөлмесінде Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама деген ереже үнемі сақталады.Бүгінде осы әдіспен жұмыс жасайтын балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді. Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды. Монтессори әдісі үшін негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңейюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан - ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.
Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монтессори технологиясы бойынша өткізілген хас щеберлер жинақтамасы
М.Монтесоридің технологиясын балабақшада қолданудың педагогикалық маңыздылығы
Мектепке дейінгі мекемелерде Мария Монтессори әдістемесінің колданылуы
Монтессори тобындағы шеңбер
Бастауыш сыныпта М.Монтессори әдісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары (1 сынып оқушылары үшін)
М.Монтессори жүйесі бойынша балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МАРИИ МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Әлемді өзгерткен идеялар
Ресейде М.Монтессори жүйесінің даму және қалыптасу тарихына зерттеу
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН М. МОНТЕССОРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПАРАДИГМАСЫ
Пәндер