ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ МӘТІНДЕР ЖӘНЕ ОНЫ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Исахан Самал Досалықызы
Абай атындағы ҚазҰПУ, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 1-курс магистранты, Алматы қаласы
Samal_1199@mail.ru

Аңдатпа
Мақалада қазақ баспасөзі бетінде жарияланған және қазақ баспасөзі аударма негізінде көтерген әлеуметтік-саяси тақырыптарда жарияланған мақалаларға талдау жасалынған және оның ерекшеліктері көтерілген.
Кілт сөздер:баспасөз, аударма, саясат, ерекшелік, мәтін.

Аннотация
В статье рассматривается и анализируется переведенные социально-политические статьи в страницах современной казахской печати, а также ее особеннности.
Ключевые слова:печать, перевод, политика, особенность, текст.

Summary
The article examines and analyzes the translated socio-political articles in the pages of the modern Kazakh press, as well as its features.
Keywords:press, translation, politics, feature, text.

ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ МӘТІНДЕР ЖӘНЕ ОНЫ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Еліміз тәуелсіздігін алып, дүниежүзілік адамзат көшіне жеке мемлекет ретінде қосылған бүгінгі күні, халқымыздың әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны, атқарар қызметі өте салмақты болып табылады.
Бүгінгі таңда қоғамдық санаға ықпал ететін бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш, бұқаралық ақпарат құралдарының басты тетіктерінің бірі-баспасөз болып табылады. Баспасөздің қоғамымыздағы алатын орнына жоғары баға берген еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев: Газеттер мен журналдарға арқа сүйеместен өз саясатыңды қалай жүргізіп, реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін. Егер ең бұқарашыл саяси мінбеден айырылсақ, жұртты өз іс-әрекетіміз туралы, аймақтардың даму перспективасы туралы, мәселені шешудегі көзқарастар туралы қалайша хабардар етпекпіз - деп атап көрсеткен болатын[1].
Бұрынғы кеңестік дәуірде баспасөзді үгітші, насихатшы құрал ретінде қарастырып келдік. Ол кездегі баспасөз шектен тыс идеологияға тәуелді болып, қоғамда болып жатқан оқиғалардың бет-пердесін шынайы ашып бере алмады, сол кездегі идеологияға қызмет етті. Бүгінгі демократиялық елімізде баспасөздің қоғамдағы рөлі елеулі өзгеріске ұшырады. Ол бұрынғыдай насихатшы ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ой-санамыздың сараптаушысы және қоғамдық ой-пікірді қалыптастырушы да болып отыр. Мемлекетіміз демократиялық, зайырлы, құқықтық қоғам құрып отырған шақта баспасөз бұрынғы қасаң қағидаларынан арылып, демократиялық үрдістері бойынша сан-алуан тақырыптар төңірегінде мәселелер көтеруде.
Қазіргі Қазақ баспасөзі еліміздегі қоғамдық-саяси өзгерістер нәтижесінде қоғамымызда болып жатқан оқиғалардық барлығына атсалысып, өзекті проблемаларды дер кезінде көтеріп, қоғамдық пікір туғыза отырып, сол проблемалардың дұрыс шешілуіне мұрындық болып отырғаны белгілі. Сонымен қатар, Қазақ баспасөзінің көтеріп отырған өзекті тақырыптарының бірі-әлемдегі және Республикамыздағы әлеуметтік-саяси жағдайлар болып табылады. Бұл салада Ақиқат, Саясат, Қазақ тарихы, Парасат, Жұлдыз журналдары мен Егемен Қазақстан, Ана тілі, Жас Алаш, Қазақ әдебиеті, Түркістан секілді республикалық газеттер айрықша атсалысып келеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев: Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деген еңбегінде Саяси демократия тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарынсыз ақылға сиымсыз болар еді. Сонымен бірге, олардың объективсіздік пен теріс пиғылдылықтың білдіруші, әрі тұрақсыздандырушы күшін сезінуі, әлеуметтік жауапкершілігі болуы тиіс. Нақ сондықтан оларға бағдар ұстана отырып, мемлекеттік үкімет құрылымдары қоғамдық пікірді зерттейді және өзінің іс-қимылын соған сәйкес түзетіп отырады,- деп демократиялық қоғамдағы тәуесіз бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар қызметіне жоғары баға берумен бірге әлеуметтік-саяси тақырыптарды көтерудегі баспасөздің маңызды рөл атқаратындығына ерекше тоқталып өткен еді [2].
Тәуелсіздікпен бірге келген сөз бостандығы, баспасөз бостандығының арқасында баспасөз саяси жүзеге қарсы өз сөзін ашық айтуға болатынын, елдегі жағдайды бұқаралық ақпарат құралдары жәрдемімен өзгертуге, түзетуге болатынын шынайы сезінді. Міне, сондықтан да қазақ баспасөзі, баспасөз бостандығының нәтижесінде әлеуметтік-саяси тақырыптарға қатысты өзекті айтылған мақалаларды батыл жариялай отырып, әлеуметтік-саяси салада туындап отырған қайшылықтарды да батыл көтере білді. Қазақ баспасөзі бетіндегі әлеуметтік-саяси салаларға қатысты әрбір материалдар қоғамымыздың әлеуметтік-саяси өмірінің қырлары мен сырларын терең түсінуге және ашуға кеңінен мүмкіндік береді.
Сонау ХХ ғасырдың бас кезінде халқымыздың бір туар перзенттерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың: Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл, қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы
Жарнама тілі мен стилі
Газет тақырыптарының және айдарларының зерттелуі
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттері
Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі
Электронды ақпарат құралдары
Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі
Публицистикалық мәтіндегі метафораның рөлі
Қытай тіліндегі метафоралық зерттеулер
Ресми іскери құжаттарды қазақ тіліне аудару тәсілдері
Пәндер