Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнін оқыту жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнін оқыту жолдары
Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасына сәйкес бастауыш сыныптарда меңгерілетін білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен оқу бағдарламаларының арасында түрлі қайшылықтар бар. Олардың бірі - бастауыш сыныпта әдебиеттік білім берудің ұтымды жолдарын көрсететін, баланың жеке шығармашылығын дамытуға жол ашатын ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген төл тіліміздегі әдістемелердің аздығынан байқалады. Осы тұрғыда мектебіміздегі кітапхананың болмауына, ғаламтор желісінің жоқтығына қарамастан оқушылармен қосымша әдебиеттер, республикалық балалар журналдары арқылы оқушының дүниетанымын арттырып, айнала қоршаған орта, әлем туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беріледі. Әдебиеттік білімнің негізгі көзі - ана тілін сүю. Бастауыш сынып оқушысы әдебиет арқылы сыртқы дүниені, әлемді тани отырып, олардан алған білімдерін өз бойына жинақтайды.
Соңғы жылдары оқушыларды кітап оқуға, көркем шығармаларды оқуға қызықтыру өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өкінішке орай көптеген балалар кітапты амалсыздан оқиды және өте аз оқиды. Оның түрлі себептері бар:
- кітап оқудың орнына қазіргі балалардың бірнеше сағат бойы теледидар алдында отыруы;
- отбасындағы бала тәрбиесі қызықтырмайтын ата-аналардың болуы;
- ата-аналардың баланың сабағын үйде қадағалағанда кеңестік дәуірдегі білімдерін пайдалануы, яғни, өздерінің орыс тілінде алған білімдерімен баланың ойын бұрмалауы;
- әдебиеттік оқу сабақтарында балаларды көркем шығармаларды оқуға қызықтыратын әдіс-тәсілдердің дұрыс қолданылмауы.
Осыған орай мектебімізде сабақта және сабақтан тыс жұмыстар жүргізіледі, бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы қызыға оқитынындай әртүрлі жаттығулар орындалады. Мысалы: Қайталап оқу, Есте сақтау, Қабылдау жаттығулары сабақта қолданылса, сабақтан тыс өткізілетін апталықтарда, мектепішілік сайыстарда Шатасқан шумақтар, Ұйқасын тап арқылы өлеңдер құрастырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру жұмыстары, білімді тиянақтау кезінде тарау бойынша қайталау жұмыстары жүргізіледі. Бұл сабақтарда балаларды топқа бөліп, жарыс түрінде ұйымдастыруға болады. Бұл сабақта сөздік, Мен саған,сен маған сұрақ-жауап арқылы бөлімінен не меңгергенін анықтау, Не? Қайда? Қашан? өтілген тақырыптар бойынша қысқаша шолу жасалады.
Пәндегі көркем шығармаларды оқыту барысында әр абзацтағы ойды түйіндеп, сұрақ-жауап арқылы бекітіп отыру керек. Себебі, бала оны құрғақтай оқып шыққанменен мазмұнын ұқпай қалуы мүмкін.
Мәнерлеп оқу техникасына да көп көңіл бөлу қажет. Әр тыныс белгісі, дауыс кідірісі, оқу мәнеріне қөңіл бөліп жақсы оқушының мәнерлеп оқу шеберлігі де жоғары болуына назар аудару. 1-сыныптан бастап ежіктеп оқуға жол берілмесе оқушының оқу мәнері де жақсы болады.
Балаға шығармашылық шеберлік, машық бірден келмейді, ол үнемі жүйелі түрде жинақталған тәжірибелік және ізденіс еңбектің нәтижесінде ғана келетін қабілет. Шеберлікке жету - үздіксіз еңбектің нәтижесі. Менің өз тәжірибемнен түйгенім: көптеген қабілетті оқушы қиыншылықтан шығатын жеңіл жолды таңдайды. Шәкіртті күрделі ізденістерге бағыттамаса, олар осы деңгейге келіп тоқтап қалады. Одан әрі оқушының қызығуы бәсеңдейді, жай қарапайым тапсырмаларды 5-ке орындайтын оқушы қатарында қалады. Сол себепті баланы жалығып кетпейтіндей сабақтан тыс уақытта да әдебиетке құштарлығын оятып, дамыту керек екенін естен шығармауымыз керек. Бала белгілі бір нәтижеге жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, ізденіс пайда болады, ұстазын мазалап түрлі сұрақтар қоя береді. Осы кезден бастап баланың іс-әрекетіне көңіл бөліп, қамқорлық көрсетуіміз керек.
Осы орайда 3-сыныпқа арнап Мәтін және сауаттылық атты әдебиет саласында оқушыларға жинақ жасадым.
Жинақтың өзектілігі: Білім негізі бастауышта қаланатыны баршаға мәлім. Бастауыш буында сауатты жазу мен дұрыс сөйлей білуді үйрету негізгі мақсат болып саналады. Осы орайда ең бірінші сауатты жазуға үйрету жұмысы грамматикаға сүйенсе, дұрыс сөйлей білу әдебиетке толықтай негізделеді. Грамматика неғұрлым жақсы жолға қойылса, соғұрлым сауаттылықтары да жоғары болады.
Мақсаты: Оқушының өзіндік әрекетке бағыттайтын өзіндік жұмыс түрлері арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері: а) Логикалық ойындар арқылы берілген тапсырмалар: құрастырмалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда әдеби шығармаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Курс жұмысының зерттеу әдістері
Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
Абайдың қай тап ақыны екендігі
Шағын жинақталған мектептердегі мәселелерді шешу
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
Бастауыш сыныпта көркем шығарманы оқыту әдістерін диагностикалау критерийлерін тұжырымдау
Пәндер