Франция журналистикасы Пэр Дюшен. газеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Франция журналистикасы. Пэр Дюшен газеті
Орындаған: Дана Нұрболқызы (ЖУР 1701)
Франция еліндегі 1789 жылы бастау алған Француз төңкерісі елдегі феодалдық-абсолюттік құрылысқа ауыр соққы беріп, капитализмнің дамуына жол ашқан буржуазиялық-демократиялық көтеріліс болған еді. Оны қалай түсінеміз? Яғни, француз генерал-губернатордың үшінші сословиесі өзара бөлініп, өздерін ұлттық жиналыс деп жариялағаннан кейін ұлы төңкеріс басталды. Сол кездегі енді жандана бастаған революцияның ұраны: кім басшы, билік соның қолында дегенге теңесті.
Бастапқы бірінші кезеңде демократиялық баспасөздің саны көп болды, алайда революция дамыған сайын, белгілі бір саяси топтардың саяси сахнада жоғалып кетуіне байланысты кейбір мерзімді басылымдар да жоғалып жатты. Революцияның дамуымен кейбір газеттер пайда болып жатса, кейбіреулері жоғалып кетті. Алайда, революция өмірге көптеген газеттерді әкелді. Тіпті қайта жандырды деседе болады. Оған ең басты себеп цензураға шек басылды. Қалай? Қай кезеңде? Қашан?
1629 жылы король Людовик ХІІІ, цензура туралы заң шығаруы баспасөздің дамуына тежеу болды. Бұл заң бойынша полиция мен цензордың рұқсатынсыз ештеңе басылмайтын еді. Дінге, корольге, мемлекетке қарсы дүниелердің басылуына қатаң тыйым салынды. Сөйтіп, 1660-1756 жылдар аралығында Баспасөздегі қылмысты істері бойынша 869 адам оның ішінде: журналистер, баспаханашылар, кітап сатушылар Бастилияда болып қайтты. Ал баспасөзде жіберген кемшіліктері, кінәлары үшін өлім жазасына кесу ісі Францияда 18 ғасырдың соңына дейін жалғасты.

Алайда, француз баспасөзінің жасанды тарихына 1789 жылы болған Ұлы Француз революциясы өзгеріс әкелді. Яғни, журналистика қоғамдық пікірдің мінберіне айналып, революциялық -демократиялық баспасөз қалыптасты.
Сөйтіп, революцияның нәтижесінде 1791 жылы Адам правосы жөніндегі декларация қабылданып, алғашқы француз конституциясы өмірге келді. Бұл құжаттарда адам құқының асыл қасиеттері - сөз, ой бостандығына шек қойылмайтындығы жарияланды.
Әртүрлі саяси бағыттағы басылымдардың саны өсті. Тіпті, революцияға дейін 27 газет шыққан болса, 1789 жылдың екінші жартысында газет саны 250-ге дейін өсіп, ал 1790 жылы 350-ге жетті. Сол кезде олардың көбі "Патриот", "Революционер" деген аттармен бүркеніп шыққан еді, ал 1790 жылдан бастап "Республикалық", ал кейінірек "Республика"деген тақырыптармен шығып отырды. Газеттердің көпшілігін революция көсемдері, саяси қайраткерлер басқарды.
Осы кезеңде саяси басылымдар қалыптасып, баспасөздің шынайы бейнесі айқындала бастады. Баспасөздің беделі күн санап өсті. Бұндай өзгерісті көріп, көңілі марқайған К.Демулен: Бұрынғы режим тұсындағы листоктар тек ауа-райын жазатын. Бүгінгі журналистер - қоғамды билеушілер. Олар әшкерелейді, ақтайды, талқылайды, бір сөзбен айтқанда, басқарады. Газет - таң шуағымен арайландыратын күн іспеттес - деп тебіренді. 1789 жылы журналистикада баспасөз еркіндігі туралы пікірлер сөз бола бастады.

Танымалдылық кезеңіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Францияның кітап басу ісі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Түркия журналистикасы
Ұлттық интернет журналистика және қазіргі журналистік зерттеулер
Шетел журналистикасы
Ірі буржуазия өкімет басында
Интернет журналистиканың жанрлары
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
Қазақ спорт журналистика мәселелері
Қазақ спорты газеті туралы
Пәндер