МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА

ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Қызылорда 2016

«Театр - адамдарды туыстыратын

шығармашылық отбасы, сахна өнері - тіл

жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни

адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес».

Бүгінгі таңда балалардың негізгі қабілеттері қалыптасатын және дамитын, мектеп жасына дейінгі кезеңдегі тұлға дамуының ерекше өзектілігіне айрықша назар аударылуда. Оның ішкі мәдениетінің байлығы, зияткерлік еркіндігі, биік шығармашыл әлеуеті, жоғары көркемдік талғамы, тұлғааралық, ұлтаралық және әлеуметтік қарым-қатынаста төзімділік таныта білуі қазіргі заманғы жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға қажетті жағдайлар болып табылады.
Осы орайда мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттер - бұл тұлға шығармашылығына бағытталған тәрбие, баланың шығармашылық әлеуетін ашудың мүмкіндігі. Театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыру баланың қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға жәрдемдеседі, жалпы дамуына, білуге құштарлығының айқындалуына, жаңаны тануға деген ұмтылысын, жаңа ақпараттарды және әрекеттердің жаңа әдістерін игеруге, ассоциативті ойлануға; рөлдерді орындау кезіндегі эмоцияның, ақыл-парасатының көрінуіне, мақсатқа жету үшін ұмтылуына, табандылығының дамуына ықпал етеді.
Балалар қоршаған әлемдегі қызықты идеяларды байқауға, оларды қолдана білуге, кейіпкердің өзіндік көркем бейнесін құруға үйренеді, оларда балалар шығармашылығының кең тараған түрі шығармашылық қиялы дамиды.
Осы мақсатта мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуымен қатар мектеп жасына дейінгі балалар өміріне театр мықтап енді.
Театр - балаларға арналған ең қолжетімді және демократиялық өнердің бір түрі және ол:
- балалардың шығармашылық тұрғыда дамуына;
- эстетикалық талғамының қалыптасуына;
- адамгершілік тәрбиесіне;
-тұлғаның коммуникативтік қабілеттерінің (ауызша және ауызша емес тілдесудің түрлеріне оқыту) дамуына;
-ерік-жігерін тәрбиелеуге, зейінін, елестете білуін, бастамашылдығын, қиялын тілін (диалог және монолог) дамытуға;
-оң эмоциялық көңіл-күй құруына, шаршағанды басуына, даулы жағдаяттарды ойын арқылы шешуге ықпал етеді.
Театрландырылған әрекеттер мазмұндық-рөлдік ойындармен өте тығыз байланысты және оның бір түрі болып есептеледі.
Театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыруға және әдістемесіне байланысты жұмыстар тәжірибесін оқып үйрену отандық және шетелдік ғалым педагогтардың:Д. Элькониннің, А. Запорожецтің, Т. Н. Доронинаның, И. Медведеваның, Т. Шишованың, В. Н . Андросованың, Б. Б. Баймұратованың, Л. А. Давиденконың, А. Б. Қаржаубаевтың, Т. Қолдыбаеваның, А. К. Меңжанованың және басқалардың еңбектерінде кеңінен көрініс тапқан.
Отандық және шетелдік әдебиеттерге талдау жасау балалардың қатысуымен болатын театрлық қойылымдар олардың дамуында, өзінің мүмкіндіктері мен ішкі сенімсіздігін жеңуде маңызды роль атқаратынын көрсетті.
Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасында балалардың театрландырылған әрекеттері көркем әрекеттердің бір түрі ретінде қарастырылады және «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта», «Денсаулық» білім беру салаларымен кіріктірілген «Қатынас» білім беру саласының құрамына енеді. Балалардың дербес және бірлескен әрекеттерінде балаға өз ойын еркін айту мүмкіндігі беріледі.
Балалар өздеріне рөл таңдайтын және алмастыратын - заттарды қолдана отырып, әрекеттер мен ересектердің қарым-қатынасын жинақталған түрде жаңғыртатын мазмұндық-рөлдік ойындарды Д. Б. Эльконин шығармашылық сипаттағы әрекеттер деп атайды.

Белгілі балалар психологы А. В. Запорожец баланың қиялындағы жағдаяттарда ойша әрекет ете білу білігін қалыптастыруда театрландырылған ойындардың рөліне маңыз берді.
Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Міндеттері:
- театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
- сөздік қорларын байыту;
- ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;
- кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;
Әдіс-тәсілдер:
- балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;
- қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;
- қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т. б. )
- ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.

Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:
- балалар тілі дамиды;
- сөздік қорлары толығады;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
- дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
- театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.

Театрландырылған әрекеттер сезімдердің, терең аяушылықтың және

баланың ашылуының қайнар көзі болып табылады, оны рухани құндылықтарға

баулиды. Баланың эмоциялық саласының дамуында театрландырылған

сабақтардың маңызы зор, кейіпкерлерге жаны ашиды, орындалған ойындағы

оқиғаларға аяушылық білдіреді.

Осылайша, театрландырылған әрекеттер - адамның мимикасы, ымы,

дауыс ырғағы бойынша эмоциялық күйін тану қабілетін, яғни балалар

эмпатиясын дамытудың басты тетігі. Басқалардың жетістіктеріне қуана білу

және бөтеннің қайғысына ортақтаса білу үшін, өзін ойша сол адамның орнына

қоя білуі қажет.

Бүкіл мектепке дейінгі кезең бойында баланың тілі белсенді түрде: сәби

кезеңдегі еріксіз эмоциядан орта топтағы балалардың дауыс ырғағына және мектепке дейінгі ересек жастың мәнерлі тілі дамиды. Мәнерлеп сөйлеуді дамыту үшін, әрбір бала өзінің эмоциясын, сезімін, қалауын және көзқарастарын, әдеттегі әңгімелерде ғана емес сондай-ақ, жариялы түрде, таныс емес тұлғалардың алдында көрсете алатындай жағдайлар туғызу қажет.

Адамның көпшілік аудиторияның алдында мәнерлеп сөйлеу дағдысына ерте балалық шақтан бастап баулып- тәрбиелеуге болады.
Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады.
Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рольімен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда театрландырылған әрекеттер күннің бірінші

және екінші жартысында - белгіленбеген уақытта ұйымдастырылады, басқа

сабақтарға үйлесімді түрде енгізіледі, сондай-ақ тіл дамыту және қоршаған

ортамен таныстыру бойынша сабақтардың апталық кестесінде арнайы

жоспарланған.

Әрбір балаға дербес қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету үшін

театрландырылған әрекеттердің барлық ұйымдастырылған түрлерін шағын

топтарда өткізу ұсынылады. Сонымен қатар, сабақ мазмұнына байланысты

шағын топ әр кезде әртүрлі қалыптасып құрылуы мүмкін.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттердің негізгі

түрлері сабақтарда, жеке жұмыстарда, театрландырылған ойындарда,

сауықтарда, мерекелерде, үйірме жұмыстарында ұйымдастырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттерді

ұйымдастыруға тән ерекшеліктері олардың мазмұнының әдеби негізі және

көрермендерінің болуы (Л. В. Артемова, Л. В. Ворошнина, Л. С. Фурмина және басқалар) .
Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми

зерттеулерге (О. В. Акулова, А. Г. Гогоберидзе және басқа) жасалған талдаулар

мектепке дейінгі ұйымдарда мақсатты түрде дамытуға бағытталған

театрландырылған әрекеттерді қолданудың тиімділігін дәлелдеді.

Оларды екі негізгі: драмалау және режиссерлік (олардың әрқайсысы өз

кезегінде бірнеше түрге бөлінеді) топтарына бөлуге болады.

Драмалық ойындарда «әртіс» ретінде бала рөлдерді орындайды, ауызша

және ауызша емес мәнерлілік құралдар кешенінің көмегімен өзбетімен

бейнелерді жасай алады. Жануарлардың, адамдардың, әдеби кейіпкерлердің

бейнесіне ұқсатып қайталап салатын-ойындар; мәтін негізіндегі рөлдік

диалогтар; шығармаларды сахналау; бір немесе бірнеше шығарма бойынша

қойылымдар; алдын ала дайындықсыз мазмұнды ойнайтын (немесе бірнеше

мазмұнды) сол бойда ойдан шығаратын - ойындар драмалаудың түрлеріне

жатады.

Режиссерлік ойындарда ойыншықтар немесе оларды алмастырушылар

«әртіс» болып табылады, ал бала «сценарист және режиссер» ретінде

әрекеттерді ұйымдастырады, «әртістерді» басқарады. Кейіпкерлерді

«сөйлетеді» және мазмұнға түсінік береді, ол ауызша мәнерлеудің түрлі

құралдарын қолданады. Балабақшада қолданылатын режиссерлік ойындардың

түрлері театрлардың алуан түрлілігіне: үстелдік, жазықтықтық және көлемдік,

қуыршақтық (бибабо, саусақтық, марионетка) және басқаларға байланысты

анықталады. Театрландырылған әрекеттерді дамыту бойынша жұмыстар жүйесі

үш кезеңге бөлінеді:

І. Әдеби және фольклорлық шығармаларды көркем қабылдау;

ІІ. Негізгі («әртіс», «режиссер») және қосымша («сценарист»,

«көркемдеуші», «костюмер») рөлдерді орындаушы болып қалыптасуы үшін

арнайы біліктерді меңгеру;

ІІІ. Дербес шығармашылық әрекет.

Қабылдау, ойлау, қиялдау, тілі бір-бірімен тығыз байланыста және

балалардың әртүрлі белсенділіктері (тілдік, қимылдық, музыкалық және басқа)

арқылы көрінуіне байланысты педагогикалық міндеттер күрделене түседі.

Театрландырылған әрекеттердің бағыттары үш аспекті бойынша:

біріншіден, драмалық мазмұн құруда, яғни берілген әдеби мәтіннің

мазмұнын немесе вариативтік шығарманы ия өзі құрастырған мазмұнды

түсіндіреді, мағынасына қайтадан ой жүгіртеді;

екіншіден, өзінің ойға алғандарын орындау кезінде, яғни біліктеріне

сәйкес келетін көркем бейнені мәнерліліктің әртүрлі құралдарының: дауыс

ырғағы, ымы, ишарасы, қимылы, дыбыстаудың көмегімен жүзеге асырады;

үшіншіден, қойылымды көркемдеу - декорация, костюмдер, музыкалық

сүйемелдеулер, афиша, бағдарлама (іріктеу, әзірлеу, стандарттан тыс

қолданулар) құру арқылы жүзеге асады.
Театрландырылған әрекеттерді қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік

ортаны ұйымдастыру бойынша, балалардың бірлескен және дербес театрландырылған әрекеттерін қамтамасыз ету үшін топта бала өз рөлінің мазмұнын еске түсіретіндей, шығарма мазмұнының иллюстрациясын қарастыра алатындай театрлық аймақ немесе театрлық бұрыш жабдықталуы қажет.

Балалардың дербес қызығушылығын жүзеге асыру мақсатында заттық -кеңістіктік ортаны таңдау еркіндігі қамтамасыз етіледі. Театрландырылған әрекеттер аймағында:

- үстелдік театр, шымылдық, қуыршақтар жиынтығы (саусақтық және жазықтықтық пішіндер, ертегілерді ойнауға арналған қуыршақ-марионеткалар), балалардың өздерінің және тәрбиешілерінің дайындаған театры (басы,

саптамасы бар конустар, әртүрлі маскалар, декорациялар), түрлі көңіл күйдегі кейіпкерлер; кейіпкерлер мен декорациялар жасауға арналған материалдар (түрлі -түсті қағаздар, желім, қалдық материалдар, қарындаштар, бояулар, қайшы және басқа материалдар ) ; дайын костюмдер, ертегілерді ойнауға арналған маскалар, қолдан жасалған костюмдер; сиқырлы заттарды және кеңістікті белгілеуге арналған атрибуттар-алмастырғыштар (түсті шеңберлер, түрлі ұзындықтағы жолақтар) болуы тиіс. Сондай-ақ топта сөйлеу белсенділігін дамытуға арналған әдеби бұрыш құрылуы мүмкін. Ол кітаптарға арналған стеллаж немесе ашық витрина, жұмсақ диван, бағдарлама бойынша және балалардың сүйікті кітаптары, «сөйлейтін кітаптар», қолдан жасалған кітаптар, жазушылар мен ақындардың портреттері, ертегілер көрмесі түрінде ұсынылуы мүмкін. Мектеп жасына дейінгі әртүрлі жас кезеңдеріндегі балаларға театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыру ІІ кіші топтағы (3 жастан 4 жасқа дейінгі) балалармен театрландырылған әрекеттерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі ересектердің театрландырылған қойылымдарын бақылаудан біртіндеп дербес ойын әрекеттеріне көшу болып табылады; топтағы рөлдерді орындайтын, дербес ойындардан және үш-бес құрдасымен «қатарласқан ойындар»; фольклорлық және әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін салудан драмалық-ойындарда кейіпкердің негізгі эмоциясын бере отырып әрекеттерін орындайтын және қарапайым «үлгілік» бейнелерді құруды меңгереді.

Орта топтағы балалардың (4 жастан 5 жасқа дейінгі) театрландырылған әрекеттерінің ерекшелігі «өзі үшін» ойналатын ойыннан біртіндеп көрерменге бағдарланған ойынға көшуден тұрады; үдерістің өзі негізгі болатын ойыннан, үдеріс те, нәтиже де маңызды болатын ойынға ауысады; құрдастарымен шағын топта тәріздес («параллель») рөлдерді орындаудан, бес-жеті құрдасынан тұратын топта әртүрлі рөлдерді орындауға (теңқұқылы, бағынуға, басқаруға) көшеді; драмалық-ойындарда қарапайым «үлгілік» бейнелерді құрудан, эмоция, көңіл күй, кейіпкердің жағдайы, олардың ауысуы құрамдасатын тұтас бейнелерді сомдайды. Бұл жас кезеңінде театрландырылған ойындарға қызығушылығы артады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру
Балалар театрының түрлері
Мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат
Стандарт үлгі, білім мазмұнының негізі
Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
«Балабақшада сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың маңызы»
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті - ролдік ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz