Науқас психологиясы Науқас психикасының ерекшеліктері. Дерттің ішкі бейнесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Науқас психологиясы
Науқас психикасының ерекшеліктері. Дерттің ішкі бейнесі
Соматикалық ауруға науқастың әсері ең алдымен сырқаттың ауырлығын бағалаумен сипатталады. Осыған орай, дерттің объективті және субъективті ауырлығы жөнінде сөз қозғауға болады.
Тәжірибелік тұрғыда аурудың ауырлығын нақты түрде анықтауға болмайды. Бірақ, медицинаның дамуына байланысты әлеуметтік-мәдениеттік ерекшеліктерін есепке ала отырып, кейбір аурулар басқалардан ауыр болатыны сөзсіз (өлім, мүгедектік, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі).
Ең алдымен, науқас өз сырқатын субъективті бағалауы маңызды рөль атқарады. Науқастың өз ауруына субъективті қатынасы аурудың ішкі бейнесі немесе дерттің ішкі бейнесі деп аталады.
Науқаста өз дертінің ішкі көрінісі ауырлық және жағымсыз сезімінің пайда болу механизміне, оның болашақтағы дамуына, дерті туралы уайымдануына қарай және эмоциональдық әсері нәтижесінде қалыптасады. Дерттің объективті ауырлығы қандай да бір асқынудан кейінгі өлімнен, аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылмалы түрге ауысуы сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден бір фактор болып табылады. Бірақ, науқас медициналық мәліметтерге көбінесе толығымен сенбейді. Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасы көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді:
І Жекеше - конституционалдық факторларға келесілер жатады:
* жынысы;
* жасы;
* мамандығы;
ІІ Индивидуальді психологиялық факторлар:
* темперамент қасиеттері;
* мінезінің ерекшеліктері;
Жынысы. Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты әйел адамдар ер кісілерге қарағанда ауырсыну сезімін, дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді. Батыс елдердегі көзқарас бойынша босану кезіндегі ауырсыну сезімі, адам баласына берілетін ең бір қатты ауырсыну сезімі болып табылады. Осының нәтижесінде әйел адамдарда ауырсыну сезіміне төзу қабілеті табиғи қалыптасқан.
Медицинада психологиялық қарым-қатынастың иммобилизацияға (сүйек сынықтарында), яғни дене қозғалысы шектелуіне әсері бұрыннан белгілі. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда эмоциональдық ауырлықты нашар көтереді. Әсіресе, бұл бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын науқастары бар, травматология бөлімшесінде айқын аңғарылады.Физикалық қозғалмау - адам денесінің бөліктерінің субъективті қасиеттерін өзгертеді. Адамның өз-өзін бағалауы психологиялық тұрғыда дене бөліктерінің дәстүрлі және отбасылық қасиеттері уақытша өзгереді.
Жас шамасы. Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. Әрбір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтан ауырлық дәрежесін әлеуметтік психологиялық және ауырлығына байланысты топтауға болады.
Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет-әлпетінің өзгертетін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі, жастар үшін түрінің сымбатты болуы қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады. Сондықтан, медициналық тұрғыда өмірге қауіп төндірмейтін, бірақ сыртқы келбетін ұнамсыз көрсететін ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күштірек болады. Жастардың дерттерге көзқарасы бойынша оның бет әлпетіне, сымбатына кері әсер тигізетін аллергиядан туындаған тері өзгерістері, күйіктерден пайда болған тыртықтар, т.б жатады.
Ешбір басқа жаста жасөспірімдердегі бетіне сыздауық шыққандағыдай психологиялық реакция анықталмайды. Жас адамның бет әлпетіне кері әсерін тигізетін дерттердің пайда болуында туындайтын психиопатологиялық синдром - дисфомания, тек осы жаста ғана байқалады. Дисфоманиялық синдром дамығанда әсіресе, қыз балаларда өзін көріксіз есептеу жайында жалған сезім туындайды. Бұл жасөспірімнің дене бітімінің өзгерістері нәтижесінде дамиды.
Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке әкелетін сырқаттарға, ауыр психологиялық жауап қайтарады. Егде жастағы науқастарға онкологиялық, созылмалы соматикалық аурулар психология тұрғысынан айтарлықтай кері әсер жасайды.
Қарт адамдарға өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді. Инфаркт, инсульт, онкологиялық аурулар қарт адамдарға еңбекке қабілетінің төмендететінен емес, өлімге әкелу мүмкін екендігінен қорқыныш әкеледі.
Мамандығы. Орта жастағы адамдар сырқаттың ауырлығын, оның болашақ өміріне, еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа қандай да бір мүшенің зақымдануын білу маңызды болады. Мысалы, спортшылар немесе спорттың кейбір түрімен айналысатын науқастарға остеохондроз секілді дерттер ауыр тиеді.
Темперамент ерекшеліктері. Темперамент - индивидтің психикалық жүйесінің, психикалық үрдістер мен жағдайының ырғағы, қарқыны, ритмінің динамикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Темперамент параметрлеріне сәйкес дертке деген науқастың психологиялық реакциясын анықтауда, эмоциональдық ауырсынуды көтеру, дене қимылының шектелуі секілді қиындықтарды көтеру маңызды қызмет атқарады.
Көбінесе ауырсыну сезімі науқастың эмоционалдық жағдайымен байланысты болады. Темперамент типтеріне байланысты ауырсыну табалдырығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Науқас психологиясы
Науқастың психологиясы, оның психикасының ерекшеліктері
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау
Психикалық белсенділік
Медициналық интервью, ұғымы және құрылысы
Патопсихология және психопатия түрлері
Онкологиялық науқастардың ауруға қатынастарының ерекшеліктері
Қарым – қатынас психологиясы
Шизофренияның даму тарихы
Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы
Пәндер