Өндірістік жарақат пен кәсіптік ауруларды талдау әдістері. Жазатайым оқиғалар мен апаттарды тергеу және есепке алу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 5 Өндірістік жарақат пен кәсіптік ауруларды талдау әдістері.
Жазатайым оқиғалар мен апаттарды тергеу және есепке алу

Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік
факторларда жұмыс істейтіндерге әсер ететін еңбек шартының жағдайы.
Зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе
еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және оның ұрпақтарының денсаулығына
теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.
Қауіпті өндірістік фактор - қызметкерге әсер етуі еңбекке
қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа
немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік
фактор.
Кәсіптік ауру - қызметкердің өз қызмет міндеттерін орындауына
байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған
созылмалы немесе қатты ауру.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар адам ағзасына табиғи іс-
әрекеттер бойынша келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық,
биологиялық, психофизиологиялық.
Өндірістік жарақаттану факторларының негізгі түрлері:
1. машина, механизмдер, құралдар, қосымша құралдар;
2. транспорт жабдықтары, автотранспорт, жүк көтеруші қондырғылар;
3. құлаған, жарылған, ұшқан заттар және олардың жарықшалары;
4. үймереттердің немесе оның бөліктерінің құлауы;
5. адамның биіктен құлауы;
6. электр тоғы;
7. термиялық фактор ( күйік);
8. заттар, жүктер қозғалыста болуы;
9. уланған заттар;
Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:
1. Техникалық себептер:
- машина, механизмдер, қондырғы, құрал-жабдықтар бөлуге, сақтауға арналған
қосымша жабдықтардың конструкциясында жетіспеушіліктің болуы мен дұрыс
жөнделмегендігінен;
- жұмыс орындары және олардың элементтерінің техникалық күйінің
жеткіліксіздігінен;
- технологиялық процестің жетілдірілмеуінен;
- технологиялық процестің бұзылуынан, қажетті техникалық құжаттың
болмауынан.
2. Ұйымдастырушылық себептер:
- жол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан;
- ұйымдастыру жұмысы қанағаттанарлық болса да, жұмыс орнының, территория,
өту жолы, демалу орындары дұрыс ұстамауынан;
- техникалық қауіпсіз ережелерін әкімшілік бұзса;
- жеке қорғаныс құралдарының жоқтығынан, не дұрыс қолданбауынан, не
істемегендігінен;
- нұсқау кезіндегі кемшіліктер болуынан.
3. Санитарлық-гигиеналық себептер:
- жұмыс бөлмелеріндегі метеорологиялық жағдайлардың қолайсыздығы
- шу мен дірілдің болуы
- санитарлық қызмет көрсету бөлмелерінің жеткіліксіз болуы
4. Психофизиологиялық себептер:
- арақ ішімдіктер мен нашақорлық заттарды қолдану
Өндірістегі жазатайым оқиға дегеніміз өзінің қызмет міндеттерін немесе
жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік
жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан
оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік
ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және қауіпті өндірістік
фактордың қызметкерге әсер етуі.
Өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында
оларды талдау үшін статистикалық, монографиялық және экономикалық әдістерді
қолданады.
Статистикалық әдісте жазатайым оқиғаларды зерттеу үшін Н-1
формасындағы актіні пайдаланады. Бұл әдіс бойынша жазатайым оқиғаларды
себебі, ауырлығы, жасқа байланысты, мамандық, уақыт және басқа да
көрсеткіштер бойынша талдайды.
Өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың абсолют саны жарақат
деңгейі мен динамикасы жөнінде мәліметті толық бермейді, себебі әр
өндірісте жасалған жұмысшы саны әртүрлі. Сондықтан салыстырмалы
көрсеткіштер жарақаттың жиілік көрсеткіші Кж және ауырлық коэффициенті Ка
қолданылады.
Жарақаттың жиілік коэфициенті:
Кж =

Жиілік көрсеткіші жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетпейді,
себебі кейбір өндірістерде ылғи жеңіл жарақат, ал екіншісінде тек ауыр
болуы мүмкін. Сондықтан да ауырлық коэффициенті енгізіледі. Ол есеп беру
аралығындағы берілетін адамның жарақаттануы себепті қанша жұмыс күнін
жоғалтатынын сипаттайды.

Жарақаттың ауырлық коэфициенті:
Ка =
Қауіпсіздік коэфициенті
Kқ = Kж

мұндағы: А-есеп жүргізу уақытындағы жазатайым оқиғалар саны;
В- жұмыскерлердің статистикалық саны;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ң еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңы
ҚР-ң еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңы туралы
Еңбек ұжымында еңбекті қорғаудың өзекті мәселелерін көтере отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын қарастыру
Еңбекті қорғау пәні
Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесi
Еңбек қорғаудың түсінігі
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
Кәсіпорындағы зиянды және қауіпті өндірістік факторлар
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару
Пәндер