Бағаның қалыптасуындағы теориялар


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. 1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар . . . 4
1. 2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері . . . 5
2. 1. Бағаны мемлекеттік реттеу . . . 7
3. 1. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері . . . 8 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 13
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 14
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу табылады.
Жалпы курстық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады.
Бірінші тарауда - баға құрылымы түсінігі, бағаның қалыптасу теориялары, бағаның негізгі қызметтеріне тоқталдық.
Екінші тарауда - толығымен бағаны тұрақтандырудың Қазақстан республикасындағы модельдеу үлгісіне, баға мен сұраныс, ұсыныс түсініктері арасындағы байланыстарға арналды.
Үшінші тарау - Қазақстан Республикасының баға жүйесі мен ондағы модельдеудің жеке үлгілеріне назар аудардық.
Баға құрылымы
1. 1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен К. Маркс дамыта түсті.
Егер К. Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм - барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық теория өкілдері ағылшын эеономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы М. И. Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық теориясымен қосты.
Осыдан, құн мен баға - ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфлияция және т. б. факторлар ықпал жасайды. Баға - тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша - несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша - несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
1. 2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.
- Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
- Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.
- Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады.
- Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады.
- Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды.
Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О. А. Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т. б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекет етеді.
Банк функциясының ішкі нысаны - төлем айналымы бойынша әсері - банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың) ;
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар - тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.
Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен банктер арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге бұл қатынастар Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңында Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы аударымдардың уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді.
2. 1. Бағаны мемлекеттік реттеу
Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі:
- Үкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру. Оның мақсаты - еңбек ақы мен зейнетақының жылма-жылғы номинальды көтерілуінің индексін белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар, бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне қалай әсер ететінін анықтау. Бақылаумен орталық статистика басқармасы айналысады.
- Бағаға жанама әсер ету. Оның мәні сыртқы саудада белгілі бір сандық және кедендік шектеулерді немесе алып тастауда, есеп нарқын өзгертуде, салықтардың түрін өзгертуде, ақша эмиссиясының мөлшерін көбейтуде немесе азайтуда тұр.
- Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу. Бұл арада әңгіме мемлекеттік органдар рұқсат беретін өндіріс шығындарын тым арттыру, яғни өзіндік құнға тым арттырылған амортизациялы шығындарды кіргізу және басқа қорларға аудару туралы болып отыр.
- Бағадағы жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар немесе қызметтерді өндіретін мемлекеттің үлесі едәуір салаларда байқалады. Бұндай жағдайларда мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді өндіруші фирмалармен келісім бойынша шартты баға белгілейді, кейін ол баға бүкіл өндіріс саласы үшін негізгі баға болып табылады.
- Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны жеке өндірушілердің шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы құрайды.
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта - теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу объектісі болып саналатын
3. 1. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР бағаны тұрақтандыру маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.
Қазақстан өз тәжірибесінде көптеген баға тұрақтандыру мәселелеріне байланысты басты сұрақтардың шешімін тиімді етіп шешіп келеді және шешу үстінде. Осы тұрғыда мемлекет баға тұрақтандыру шараларын қалыптастырып үлгерді.
- Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
- ақша-несиелік қатынастарды реттеу;
- сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;
- банктердің қызметін жүйелеу;
- үкімет тарапынан бағаны қадағалау және т. б. .
Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін мемлекет заңды бекітілген құралдары мен операциялар арқылы жұмыс жасауда, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т. б.
Оларды пайдаланудың тиімділігін республикада 2001-2004 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6, 4-6, 8%) шамалауға болады.
Сонымен қатар болашақта артық өтімділікті «депозиттерге тарту» Ұлттық банктің басты құралы болатын жоспары бар. Алайда инфляциялық қысым көзі сырттан (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы түсімдерді реттеу бағытында шаралар қолдану қажет.
Институционалдық жағынан қарасақ несие жүйесі валюта қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.
Қазіргі нарықтық экономикада зейнеткерлер қоры, сақтандыру компаниялары, өзара қорлар, инвестициялық банктер, ипотекалық банктер, қарыз сақтау ассоциациялары және т. б. осы сияқты арнаулы қаржы несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландырған бұл институттар капиталды тиімді орналастыру және қорлану процесіне белсене қатысады.
Стандарттау әдicтepi
Стандарттау әдісі - стандарттау мақсатына жеткізетін тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы. Стандарттау жалпы ғылымдық және арнайы әдістермен негізделген. Стандарттау жүйесіндегі жұмыстарда кеңінен қолданылатын оәдістерге мыналар жатады:
- стандарттау нысандарын реттеу;
- параметрлік стандарттау;
- өнімді унификаттау;
- агрегаттау;
- кешенді стандарттау;
- озық стандартгау.
I . Стандарттау нысандарын реттеу.
Реттеу - өнім, процесс және көрсетілетін қызметтерді стандарттау да қолданылатын әмбебап әдіс. Алуан түрлілікті басқару сияқты, реттеу бәрінен бұрын көптүрлілікті қысқартумен байланысты. Реттеу жөніндегі жұмыстардың нәтижесі, мысалы, соңғы дайын өнім үшін құрастырылатын бұйымдардың шектейтін тізімі; бұйымның типтік конструкция альбомдары; техникалық, басқарушылық және басқа да құжатгардың типтік формалары.
Реттеу, әмбебап әдіс ретінде жеке әдістерден тұрады:
- жуйелендіру;
- селекция:
- симплификация;
- типтеу;
- оңтайландыру.
Жүйелендіру. Стандарттау нысандарын жүйелендіру -стандартгаудың нақты нысандар жиынтығын ғылыми негізде ретімен жүктеу мен ранжирлеу (размері немесе салмақтары бойынша реттеу) . Мысалы, Қазақстан Республика өнеркәсіптiк және ауыл шаруашылығы өнімдердің жіктеуіші (ҚРӨЖ) - әpтүpлі классификациялық топтар мен өнімнің нақты атауы бойынша барлық тауар өнімдерін (бәрінен бұрын салаға қатысты) жүйелендіреді.
Өнім жіктеуіші (ӨЖ) - жеткізілетін зат болатын өнімнің жүйелендірілген кодтары мен атауларының жиынтығы. ӨЖ классификациялық (К-ӨЖ) және ассортиментті (А-ӨЖ) бөлімдерден тұрады. Классификациялық бөлім-белгілі бір белгілері бойыпша өнімді жүйелейтін кодтар мен классификациялық топтар (класс-класс түрi-топ-топша . . . ) жиьинтығы. Ассортиментті бөлім - нақты типтер, маркілер және тағы сол сияқты идентификаттайтын кодтар мен өнім түрлерінің (атаулары) жиынтығы.
2. Параметрлік стандарттау. Әдістің мәнін түсіну үшін параметр ұғымын нақгырақ қарайық. өнім параметрі - ол өнім қасиеттерінің сандық сипаттамасы.
Өте маңызды параметрлер - өнімнің мақсаты мен оны пайдалану жағдайларын анықтаптын сипаттамалар болып, мына параметрлер есептелінеді:
- размерлік параметрлер(түрлі киімдер размері ыдыстың сыйымдылығы) ;
- салмақтық параметрлер (спорт жабдықтары жеке түрлерінің массасы) ;
- машина мен жабдықтар өнімділігін сипаттантын параметрлер (желдеткіштер. еден жуғыштарөнімділігі, көліктер қозғалысының жылдамдығы) ;
Өте маңызды параметрлер - өнімнің мақсаты мен оны пайдалану жағдайларын анықтаптын сипаттамалар болып, мына параметрлер есептелінеді:
- размерлік параметрлер(түрлі киімдер размері ыдыстың сыйымдылығы) ;
- салмақтық параметрлер (спорт жабдықтары жеке түрлерінің массасы) ;
- машина мен жабдықтар өнімділігін сипаттантын параметрлер (желдеткіштер. еден жуғыштарөнімділігі, көліктер қозғалысының жылдамдығы) ;
- энергетикалық параметрлер (қозгалтқыш қуаты және басқалары) .
3. Өнiмдi унификаттау. Бірден функция атқаратын бөлшек, агрегат типтерін тиімді қысқарту ic-әрекеттері -өнімді унификаттау. Ол дайын өнім элементтерін классификацпялау мен ранжирлеу, селекция мен симплификациялау, типтеу мен оңтайландыруларға негізделеді. Унификаттаудың негізгі бағытгары мыналар:
- бұйым, машина, құрал-жабдық, аспап, желі мен бөлшектердің параметрлік және типразмерлік қатарын әзірлеу;
- біртекті өнімдердің унификатталған топтарын жасауға арналған типтік бұйымдарды әзірлеу;
- салааралык қолданыстағы өнімдерге арналғап өндіріс технологиясын қоса, унификатталған технологиялық процестер әзірлеу;
- бұйым мен материалдар пайдалануын рұқсат ететін номенклатурамен орынды минимуммен шектеу.
Унификаттау жұмыстарының негізгі түрлері формада-бөлшек, желі, құрастыру бірліктері конструкцияларының типтік альбомдары әоне типтер, параметрлер мен размерлер, конструкциялар. маркшер және басқа стандарттар түрінде болуы мумкін.
Уннфикаттау жасалыну ауқымына байланысты сала аралык(екі немесе одан да көп өнеркәсіп салалары дайындайтын, мақсаттары 6ip немесе жақын бұйымдар мен олардың элементтерін уннфикаттау), салалыкқ және зауыттық (өнеркәсіптің (6ip саласы немесе бip кәсіпорын дайындайтын өнімді уннфикаттау) болып бөлінеді.
Унификаттау icкe асырылу әдітемелік принциптеріне байланысты: түрішілік (біртипті бұйымдар) және түраралық немесе жобааралық (түрлі типті бұйымдар, желілер, агрегаттар, бөлшектер) болуы мумкін.
4. Агрегаттау - геометриялы және функционалды өзара алмасушылығы негізінде, турлі бұйымдар жасауда көп рет пайдаланылатын жеке стандартты унификатталған желілерден машина, құрал мен жабдықтар жасау әдісі. Мысалы, жиһаз өндірісіндегі 15 размерлі қалқалар мен 3 размерлі стандартты жәшіктерді қолданудағы элементтердің түрлі ком-бинациясынан 52 турлі жиһаз жасауға мумкіндік болган.
Агрегаттау машина жасауда, радиотехникада өте көптен қолданылады. Машина жасаудың дамуы машиналар конструкцняларының күрделенуі мен жиі алмасуымен сипатталады. Көп мөлшерде тypjiі машиналар жобалау мен дайындау үшін бірінші кезекте әр бөлшек машинада белгілі бip функция атқаратындай машина конструкциясын байланысты емес құрастыру бірліктерге (агрегаттарына) болшектеу кажет. Бұл барлық машинаға байланыстырмай жұмысын тексере берегін өзіндік бұйым ретінде агрегаттарды дайындауды мамандандыруға мумкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz