Экономикалық талдаудын математикалық экономика әдісі


Экономикалық талдаудын математикалық экономика әдісі
Қазіргі қоғамның мәдениеті, білімділігі, ой өрісі және ой жүйесі дамыған кезеңде халық шаруашылығының кәсіпорындарының қандай түрі болмасын, оның экономикасын ұтымды басқаруда математикалық әдістер мен компьютерді кеңінен қолдану қажеттігі әркімге белгілі.
Математиканың экономикада және басқа ғылымдарда кеңінен қолданылуы осы ілімнің өзіне тәне ерекшелігі болып табылады. Егер оның осы ерекшелігі түбегейлі экономикалық талдаумен біріктіре отырып пайдаланылса, онда өндірістік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда және басқаруда, яғни әр істен ұтымды табыс табу жолдарында математикалық әдістемелеерді қолдану - бүгінгі таңдағы ең қажетті істің бірі.
Экономикалық жүйелердің әртүрлі деңгейлерінде кездесетін жоспарлау, басқару, шектелген ресурстарды бөлу, өндірістік процесстерді талдау, күрделі обьектілерді жобалау сияқты есептердің ұтымды және оптимизациялық шешімдерін табу - табиғи және ғылыми - техникалық прогресс қажеттіліктерінен туған мәселе.
Экономикада қолданылатын математикалық әдістердің жиынын белгілеу үшін әртүрлі атаулар қолданылды. Алғашқысында мұндай жиын экономикалық кибернетика деп аталды, кейіннен операцияларды (әрекеттерді) зерттеу, одан кейін экономикалық - математикалық әдістер деп аталып жүр.
Экономикада және басқарудағы есептерді шығаруға арналған, қазіргі кездегі математикалық әдістердің аппараттары, өз алдына дамыған ғылымға және қолданбалы аймаққа айналды. Дегенмен де, қолданбалы математикалық оқып - үйренуде, күнделікті өмірде жиі қолдануды қалыптастыруда көптеген қиыншылықтар мен түсінбеушіліктер кездеседі. Халық шаруашылығының көптеген мамандары математикалық әдістердің көкейтестілік мәнісін әлі де болса дұрыс түсінбейді де, олардың қажеттілігін және осы әдістер арқылы әр істе кереметтей нәтижеге жетуге болатынын сезінбейді. Осы айтылғанның дәлелі ретінде мынадай мәселеге көңіл аударайық. Мысалға, кейінгі кезде республикамызда көптеген жоғары оқу орындарында қолданбалы математикалық пәндер халық шаруашылығының әр саласының мамандарын дайындауға арналған мемлекеттік стандарттарға бірде енгізіліп, бірде алынып тасталынады немесе өте аз сағат бөлініп, факультативтік пән ретінде жүргізіледі. Сонымен қатар қазіргі компьютерлік техниканың мүмкіншілігі өсуіне және көптеген қолданбалы математикалық әдістер бойынша компьютерге арналған қолданбалы бағдарламалар пакеттері жасалуына байланысты, олардың математикалық аппараттарын, яғни есепті шығару алгоритмдерін оқып, терең түсіну қажет емес деген сөз де жиі айтылады. Әрине, математикалық әдістерге мұндай қөзқараспен қоғамымызда жуық арада табысты өзгерістерге жету мүмкін емес.
Оптимизациялық есептердің қойылым түрлері әртүрлі математикалық әдістерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Математикалық әдістерді пайдалану үшін, ең алдымен, тиімді шешімін таппақшы болған есептің өзінің қойылымын жазуымыз қажет. Математикалық қойылымда берілген ресурстар, өндірістік технология, қорытынды шешімдер және олардың арасындағы байланыстар математикалық өрнектер, теңсіздіктер арқылы көрсетіледі.
Өмірде өзінің кәсібі бойынша әртүрлі құралдарды, жұмыстың сипаты бойынша қолдана алатын адам, әмбебап тәсілдерді меңгерген адамға қарағанда, артық нәтижеге жетеді. Мысалға, бірде ойша немесе қағазға жазып, ал үшінші жағдайда - компьютер арқылы, төртіншіде - арнайы бағдарлама арқылы оптимизациялық есептеулер жүргізген тиімді болуы мүмкін. Сондықтан да әмбебап және жекеленген тәсілдерді білу және қолдана алу, тез және оңай қойылған мақсатқа жеткізеді. Сөйтіп тәжірибелік есептерді математикалық әдістермен шығару алгоритмдерін білу және қолдана алу есептің мәнісін, сонымен қатар мағынасын терең түсініп, ұғуға ықпал жасайды.
Шындығында, қазіргі компьютердің мүмкіншіліктері және оларға арналған бағдарламалық пакеттер, тәжірибелік есептерді шығарудағы мамандардың жұмысын: есепті қойып, оның математикалық формалдау (тәртіптеп, реттеп жазу) әрекеттерін жасағаннан кейін, оны шешу жұмысын тек компьютердегі қолданбалы бағдарламалар пакетін пайдалануына ауыстырады.
Бұл жерде есепте қойылған мәселелерді формалдау (тәртіптеп, реттеп жазу), үлкен қабілеттілікті және көп білімділікті, сонымен қатар қойылған есепті қандай математикалық әдіспен шығаруға болады, ол үшін қандай мәліметтер қажет, қандай талаптар орындалуға тиісті екенін анықтауды қажет етеді.
Математика сипаты және мәселесі қаралатын обьектінің өзімен емес, оның математикалық моделімен жұмыс істейді. Сондықтан қойылған есептің жағдайын математикалық формалдау (тәртіптеп, реттеп жазу) дегеніміз - есепті шешу жолындағы 50% жетістік. Есепті реттеудің қиыншылығы, оны тым ұсақ бөлшектерге бөлмей, маңызды және мәнді жағдайларын сақтап, белгілі бір математикалық әдіспен шеше алатындай, модельдің түрін қалыптастыруда.
Есепті қойып, реттеп - тәртіптеп жазуда, ізделінетін айнымалыларды тағайындау, шектеулі ресурстарды өрнектеу, шығарылған варианттардың оптималдылығын бағалау - бірінші кезекте орындалатын мәселелер. Оптимизациялық есептердің қойылған мақсатқа жеткендегі табылған нәтижелері - басқару шешімдерін қабылдау үшін, негізгі көрсеткіш. Сондықтан талданылатын құбылыстың математикалық моделі нақтылы және шындыққа өте жақын болған сайын басқару шешімі де нәтижелі.
Қазіргі экономика, математикалық бағдарламалар жасау пәнін құрайтын арнайы оптималдау әдістерін: ойындар теориясы, торлық жоспарлау, массаға қызмет ету теориясы және басқа да қолданбалы ғылымдары пайдаланады. Сөйтіп, микроэкономика, макроэкономика және қолданбалы математика пәндерінің дамуы, негізі, математикалық бағдарлама жасау, ойындар теориясы және математикалық статистика ілімдерінен басталады
.
Экономикалық талдаудың әдістері
Экономикалық талдау - басқару жүйесіндегі маңызды буын. Экономикалық талдауда ақпараттық база қызметін бухгалтерлік және басқару есебі мен қаржылық есептілік атқарады. Экономикалық талдаудың мәліметтері экономикалық жүйеде басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданылады, олар өнеркәсіптің, қызмет көрсету, сауда, банктер, ауылшаруашылық бірлестіктер және басқа кәсіпорындар, сонымен қатар ҚР бюджеті, субьекттері және мемлекеттің толығымен экономикасының кәсіпорындары ретінде шығады.
Экономикалық талдаудың әдістерін келесі белгілері бойынша жіктеуге болады:
- Оңтайлық критериясын пайдалануы бойынша - дәстүрлі, оңтайлық критериясына ие емес, тек түрлі факторлардың әсер етуімен талданатын көрсеткіштің өзгерісін динамикада көрсетеді; экономика-математикалық, оңтайлық критериясына ие және оның орындалуна кепілдік береді; эвристикалық, оңтайлық критериясы айқын емес, бірақ оны тұспалдайды және оның орындалудын талап етпейді; психологиялық - оңтайлық критериясы айқын түрде көрінбейді, бірақ тұспалданады;
- Алынған нәтижелер бойынша - нақты және шамаланған;
- Бастапқы ақпаратты қолдану бойынша - детерминациялық, статистикалық, стохастикалық;
Қазіргі кезде талдаушылар экономикалық талдаудың барлық әдістерін үш топқа бөлді:
- Дәстүрлі, олар құрамына статистикалық, бухгалтерлік, графикалық әдісті, сонымен қатар есептік ақпаратты өңдеудің түрлі әдістері мен тәсілдерін кіргізеді.
- Экономика-математикалық
- Эвристикалық
- Экономикалық талдаудың дәтүрлі әдістерін толығырақ қарастырайық.
Экономикалық талдаудың статистикалық әдісі талдамалық топтардың жұмыстарының тәжірибесінде біршама жиі қолданылады. Оларға жатады:
- Статистикалық қадағалау, берілген қағидалар бойынша және нақты мақсатпен ақпараттарды жазуды білдіреді;
- Кәсіпорын қызметінің абсолютті және қатысты көрсеткіштерді коэффициенттер мен пайыздар арқылы есептеу;
- Орташа шамаларды, соның ішінде арифметикалық, жай, өлшенген және геометриялық шамаларды өлшеу;
- Абсолютті өсім, қатысты өсім, өсу қарқыны, өсім қарқыны енетін динамика қатарларын есептеу;
- Нақты белгілері бойынша экономикалық көрсеткіштерді топтастыру мен жинастыру;
- Кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін бәсекелестердің ұқсас көрсеткіштерімен, нормативтерімен динамикада салыстыру;
- Салыстырылатын көрсеткіштерге факторлардың әсерін көрсететін индекстерді есептеу;
- Экономикалық көрсеткіштің құрамдастарға ажырауын талдап тексеру (мысалы, жылдық еңбек өнімділігі сағаттық өнімділікке және жыл барысында пайдаланылған уақытқа тәуелді)
Бухгалтерлік әдістерге кіреді:
- Екі жақты жазба әдісі;
- Бухгалтерлік баланс;
- Басқа бухгалтерлік әдістер.
Графикалық әдістер жазықтықта және үш өлшемді кеңістіктегі экономикалық көрсеткіштердің өзгерісінің графиктері мен диаграммаларынан тұрады.
Экономика-математикалық әдістер экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылатын математикалық әдістерге жатады. Олар экономикалық талдауды жетілдірудің маңызды бағыты болып табылады. Олардың талдамалық жұмыстарда қолану кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен оның бөлімшелерінің талдауының тиімділігін арттырады. Бұған талдауды жүргізу мерзімін қысқарту есебінен, дәстүрлі әдіспен мүлдем орындалмайтын талдаудың көп өлшемді есептерін шешу мен қою, шамаланған немесе қысқартылған есептеулерді нақты есептеулермен алмастыру, коммерциялық қызметтің нәтижелеріне факторлардың әсерін толығымен қамту есебінен қол жетеді. Экономикалық талдауда экономико -математикалық әдістерді пайдалану үдерісі эконмикалық талдаудың математикалық есептерін тұжырымдау және алдыңғы уақытта осы жағдайда оны кез-келген ыңғайлы математикалық әдіспен шешуден басталады.
Экономика-математикалық әдістер нақты белгілері бойынша біріккен келесі әдістер тобын енгізеді:
- Элементарлы математика әдістері;
- Дифференциалдау, интегралдау, мен вариациялық есептеу жататын математикалық талдаудың классикалық әдістері;
- Бір өлшемді және көп өлшемді статистикалық жинақтарды зерттеу әдістері жататын математикалық статистиканың әдістері;
- Өндірістік функциялардан және «шығын -өнім» әдістерінен тұратын эконометрикалық әдістер, оларға кәсіпорынның матрицалы техникалық өнеркәсіптік қаржылық жоспары, сала арасындағы баланс, ұлттық есепшілік;
- Сызықтық, сызықтық емес, бүтін сандық, топтамалық және динамикалық бағдарламалауды қамтитын математикалық бағдарламалаудың әдістері;
- Қорларды басқару; жабдықтарды ауыстыру мен техникалық тозуды анықтаудың әдістері; ойындар теориясы; кестелер еориясы; жаппай қызмет көрсету теориясы; жоспарлау мен басқару желілік теориялары жататын операцияларды зерттеу әдістері;
- Экономикалық кибернетика әдісі, оның құрамына талдаулар жүйесі мен жүйелер теориясы, еліктеу теориясы, модельдеу әдістері, іскер ойындар, образдарды тану теориясы кіреді.
Дифференциалдау мен интегралдау экономикалық талдауда таза түрінде сирек қоладанылады. Алайда, олар нақты әдіс емес, шамаланған әдіс болып табылатын факторлық талдаудың түрлі әдістерінде қолданылады. Мысалы, алға қойылған міндетте қандай да бір экономикалық көрсеткішке түрлі факторлардың әсерін тізбекті қойылымдар мен интегралды әдіспен шешу жолымен анықтай отырып, біз әрқашан есептеудің түрлі нәтижелерән аламыз. Бұл құбылыстың себебі, интегралдау кезінде бізде әрқашан шамасы белгісіз қалдық болады.
Математикалық статистика әдісі факторлық талдауда қолданылады. Олар басқару шешімін бермейді, тек қандай да бір көрсеткішке бір өлшемді немесе көп өлшемді жиынтықтардың әсерін көрсетеді. Бұл әдістердің ұсынбалы сипаты бар, бірақ сапалы талдау үшін өте маңызды.
Эконометрикалық әдістер жоспарлаудағы сияқты, экономикалық жүйенің қызметін экономикалық талдауда да үлкен құндылығы бар. Экономикалық жүйе ретінде кәсіпорын немесе бүтін мемлекет болуы мүмкін. Жобалар деңгейінде матрицалы техникалық өнеркәсіптік қаржылық жоспары мен сала арасындағы баланс моделинде төрт квадранттың таңдауы мен олардың орындалуы кәсіпорын мен, сәйкесінше, мемлекеттің даму жоспарының болашақ стратегиясын қалыптастыру үшін құнды экономикалық ақпарат береді.
Математикалық бағдарламалау әдістеріне сызықтық бағдарламалау әдісі жатады. Оған кіреді: ресурстардың әртекті түрлерін бөліп тарату міндеттерін шешетін симплексті әдіс, өзгерген симплексті әдіс; құрамына потенциалдар әдісі, таратушылық әдіс және т. б кіретін көлік түріндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін көліктік әдістер. Осылардың көмегімен жабдықтарды тиеу, кәсіпорын деңгейіндегі өндірісті мамандандыру мен мемлекеттің барлық аумағы және аймақтар деңгейінде өндірістік күштердің оңтайлы орналастыру талдауының міндеттерін шешеді.
Математикалық бағдарламалау әдісі экономикалық талдау тәжірибесіінде компьютерлік техниканы қолдануды болжайды. Қоспалар мен рцептураларды жасау сияқты жеңіл міндеттер үшін, компьютерлік техниканы қолдану және симплексті әдістің стандартты бағдарламасы немесе өзгерген симплексті әдіс бойынша талдау жүргізу жеткілікті. Симплексті әдісті қолдану арқылы рецептураларды талдау басқа ешқандай әдісне тәсілмен ала алмайтын екі жақты баға алуға мүмкіндік береді. Бұл бағалар ресурстарды пайдалану тиімділігі бойынша маңызды экономикалық ақпаратты береді.
Осы топтағы ерекше орынды динамикалық бағдарламалау алады. Оның ерекшелігі: құрамдастыру әдісімен орындауға болатын көптеген шешімдердің бөлігі экономикалық талдаудың нақты міндетін шешуде динамикалық бағдарламалау алгоритмін орындағанда кесіп тастылынады. Әдістің мәні мынада: бірінші этапта барлық ресурстар бірінші обьектіге беріледі. Екінші этапта ресурстарды бөлу бірінші этап пен екінші этап шешімдері арасында жүзеге асырылады. Үшінші этапта бөлу екінші әне үшінші этап шешімдері арасында болады. Үдеріс ресурстарды бөлу n обьектісі арасында болғанға дбейін жалғаса береді. Осы жағдайда ерсурстардың біртекті түрі бөлінеді: қаржы қаражаттары, с шикізаттың біртекті түрі және т. б.
Операцияларды зерттеу әдісі басқарудың әр түрлі деңгейінде экономикалық, технико-экономикалық зерттеулерде және басқару шешімдерін жасауда қолданылатын қазіргі заманғы математикалық әдістерді білдіреді. Экономикалық жүйенің өмірінің қысқа аралығыныда басқару шешімдерін оңтайландыруға әсер ететін стратегиялық шешімдерді жасауда қолданылғандай, ағымдағы уақыт масштабында өндірістің ұйымдастырылуында да қолданылады.
Қорларды басқару - экономикалық жүйені түрлі масштабында шешілетін көп қырлы міндет. Ол шикізаттың, өнімнің әр түрлі түрлерінің, қарулануды қосқанда, азық-түліктің стратегиялық қорларын анықтауда мемлекет деңгейіндегідей, өнімнің үздіксіз өнеркәсіптік өндірісін қамтамасыз еті үшін қажетті толымдайтын бұйымдар, материалдар, шикізаттар қорлары қалыптасатын өнеркәсіптік кәсіпорын деңгейінде де шешіледі.
Жабдықтың тозуы мен ауыстырылуы - ғылыми және тәжірибе көзқарасы тұрғысынан қызықты мәселе болып табылады. Жабдықты ауыстырғанда оның физикалық және моральдық тозуын ғана емес, сонымен бірге бәсеке жағдайында орнатылған жаңа жабдықтың немесе жаңа технологияның экономикалық жүйенің болашақ дамуына әсерін де ескеру қажет. Шешімнің біршама жеңіл нұсқасы - жабдықты ауыстыру шешімін бүтін сандық бағдарламалаудың сызықтық моделіне жинақтау.
Ойындар теориясы - операцияларды зерттеудің ең бір маңызды бағыты. Мысалы, өнімді шығаратын, оны кәсіпорынға сататын, және сатып алатын кәсіпорындардың қызығушылықтары. Кәсіпорын үшін өнімнің нақты түрлері ттиімді және тиімсіз болып келеді. Ұқсас жағдай сататын ұйым үшін де бар. Кәсіпорын үшін тиімді тауар сататын ұйымға осы тауар түрінің нашар өткізілуіне байланысты оған тиімсіз болуы жиі кездеседі, нжәне, керісінше, кәсіпорын үшін тиімсіз өнім сататын ұйым үшін тиімді болады. Ет комбинатының шұжық зауытына шикі сүрленген, жартылай сүрленген шұжық өнімдерін өндіру тиімді және сосиска, сарделька, пісірілген шұжықтың кейбір түрлерін олардың табыстылық деңгецінің төмендігіне байланысты тиімсіз болады. Сататын ұйым үшін сосиска, сарделька, пісірілген шұжықтың кейбір түрлерінсату тиімді, себебі олар тез сатып алынады, сәйкесінше капитал айналымының жылдамдығы жоғарылайды. Осылайша, ет комбинаты мен сататын ұйым арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұрынырақ олар « сен менен осы тауарды ал, мен саған керек тауарды берем» деген қағидамен интуитивті келісіп отырған. Бұл мәселені екі көпестің саудасын ойын ретінде елестетіп, екі жаққа да ыңғайлы алтын ортаны табуға мүмкіндік беретін сызықтық бағдарламалау міндетіне қосып шешуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz