Азаматтық іс жүргізудегі адвокатура ролі және адвокаттық қызмет



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Бітіру жұмысының тақырыбы: Азаматтық іс жүргізудегі адвокатура ролі
және адвокаттық қызмет.
Жұмыс кіріспеден; 4 тараудан: І тарау 2 бөлімнен, ІІІ тарау 5
бөлімнен; қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен
нормативтік\құқықтық актілер, баспасөз материалдарының тізімінен тұрады.
Кіріспеде бұл тақырыпты таңдап алудағы себептері, тақырыптың
өзектілігі, оны зерттеудегі мақсаттары аталып, әр тарауда қолданылған
әдебиеттер, нормативтік-құқықтық актілер және баспасөз материалдары
көрсетіліп кетеді.
І тарауда адвокатура қызметінің негізгі бағыттарының бірі – адвокатың
азаматтық істерде тапсырма бойынша өкілдік етуі: сот өкілділігі ұғымы, сот
өкілділігі түрлері, тапсырма бойынша өкілділік кеңірек қарастырылады.
ІІ тарауда адвокатың азаматтық істер бойынша консультациялық қызметті
баяндалады.
ІІІ тарауда азаматтық іс жүргізудегі адвокат-өкілдің өкілеттіліктері:
адвокаттың сот қарауына, сот жарыссөзіне қатысуы және адвокат сөзі,
апелляциялық сатыдағы, атқару өндірісіндегі өкіл қызметі, заңды күшіне
енген сот шешімдерін қайта қарауға адвокат-өкілдің қатысуы қарастырылады.
ІV тарауда Қазақстан сот тәжірибесіндегі адвокат-өкіл қызметінің
мәселелері кеңірек қозғалады.
Аталған тарауларды жазу барысында отандық және шетелдік ғалым-
заңгерлердің еңбектерін және негізгі заң – Конституцияны басшылыққа ала
отырып Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу туралы Кодексін,
Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңын,
адвокаттық қызмет туралы Заңын, сонымен қатар ғылыми-теориялық
конференциялар мен ғылыми еңбектердің жинақтарын, республикалық баспасөз
беттерінде жарияланған материалдарды да қолдана отырып жасалған тұжырымдар
келтіріледі.
Қорытынды бөлімде зерттелген мәселелер төңірегінде адвокаттық
қызметтің кез келген түрімен айналысатын, соның ішінде азаматтық іс
жүргізуге де қатысатын адвокаттардың тәжірибедегі проблемаларын шешу
жолдарын көрсетіліп, автордың өз ұсыныстары келтіріледі.
Жұмыста қолданылған негізгі терминдер: азаматтық іс жүргізу,
адвокатура, адвокат, өкіл, өкілділік, тапсырма бойынша өкілділік,
консультациялық қызмет, сот жарыссөзі, адвокат сөзі, апелляциялық
инстанция, атқару өндірісі.
Жұмысты зерттеу барысында 39 әдебиет, баспасөз беттерінен 8 материал,
4 негізгі нормативтік-құқықтық акті пайдаланылды.

Азаматтық іс жүргізудегі адвокатура ролі және адвокаттық қызмет

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .4-6

І тарау. Азаматтық істер бойынша өкілдік ету – адвокатура

қызметінің негізгі бағыттарының
бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

І.1. Сот өкілділігі
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..7-12

І.2. Сот өкілділігі түрлері. Тапсырма бойынша өкілділік ... ...12-17

ІІ тарау. Адвокаттың азаматтық істер бойынша

консультациялық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-21

ІІІ тарау. Азаматтық іс жүргізудегі адвокат-өкілдің

өкілеттіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 22

ІІІ.1. Адвокат-өкілдің сот қарауына
қатысуы ... ... ... ... ... ... .22- 26

ІІІ.2. Адвокат-өкілдің сот жарыссөзіне қатысуы.

Адвокат
сөзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 26-31

ІІІ.3. Апелляциялық сатыдағы адвокат-өкілдің қызметі ... ...31-
36

ІІІ.4. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға

адвокат-өкілдің
қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36-38

ІІІ.5. Атқару өндірісіндегі адвокат-өкілдің
қызметі ... ... ... ...38-40

ІV тарау. Қазақстан сот тәжірибесіндегі адвокат-өкіл

қызметінің
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...41-
45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .46

Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативті-құқықтық актілер

тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .47-49

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны
заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген.
Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады:
Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын
пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері
тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң
оларға өкілділікті - өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек
алуына мүмкіндік беріп отыр. Міне, осы орайда мен бітіру жұмысымда
құқықтың теориялы әрі қолданбалы саласы болып табылатын азаматтық іс
жүргізу құқығының ауқымды институты - өкілділік институтындағы тапсырма
шарты бойынша азаматтық іске қатысатын адвокаттар қызметі, адвокатураның
азаматтық іс жүргізудегі ролі, ерекшеліктері, маңызы жөнінде айтпақпын.
Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық қызмет, адвокатураның ролін
қарастыруымның себебі мыналар:
1. Қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтық мәдениеті;
санасының өсуімен олардың қандай да болмасын құқықтары бұзылған жағдайда
адвокаттар алқасына көбірек жолдануы, сонымен байланысты сот
тәжірибесіндегі қаралатын істердің басым көпшілігін түрлі азаматтық істер
құрайтындықтан процеске адвокаттарды көп жалдайтындығы, адвокаттың кеңесіне
көбірек жүгінетіндігі;
2. Осыған орай елімізде тапсырма бойынша өкілділік етудің, соның
ішінде адвокаттың азаматтық іс жүргізу саласында көрсететін қызметінің әлі
толық зерттелмеуі;
Аталған мән-жайлар сонымен бірге тақырыптың өзектілігін де көрсетеді.
Тақырыпты зерттеудегі мақсатым:
1. Қазақстан Республикасының адвокат-өкілдерінің азаматтық іс
жүргізуге қатысуының, олардың алатын орнын теориялық-тәжірибелік тұрғыдан
зерттеп зерделеу;
2. Адвокатура мәселелерін саралап оның шешу жолдарын қарастыру.
Бұл жұмыстың бірінші тарауында соттағы өкілділік, оның түрлеріне жалпы
сипаттама беріліп, түрлері аталып, азаматтық істер бойынша өкілділік етудің
адвокатура қызметінің негізгі бағыттарының бірі екендігі; екінші тарауында
адвокаттың кеңес беру қызметі; үшінші тарауда адвокат-өкілдің
өкілеттіліктері жеке-жеке, сатылар бойынша - азаматтық істерді сотта
қозғау, І инстанциялы сотта істі мәні бойынша қарауға, апелляциялық
инстанцияда іс қарауға, қадағалау тәртібімен және жаңадан ащылған мән-
жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауға, атқару
өндірісіне қатысуы қарастырылады. Сонымен бірге адвокат сөзі де кеңірек
талқыланады. Төртінші тарауда қазақстандық адвокаттардың азаматтық іс
жүргізудегі проблемалары топтарға бөлініп көрсетіледі.
Аталған аспектілерді зерттеу барысында әрбір тарауда қолданылған
әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер, баспасөз материалдарын атап
кетелік.
І-тарауда В.А.Мусин, Н.А.Чечина, Д.М.Чечот Гражданский процесс,
Д.П.Ватман Право на защиту, М.К.Треушниковтың жетекшілігімен шығарылған
Гражданский процесс, В.М.Шерстюк Судебное представительство по гражданским
делам, И.М.Ильинская, Л.Ф.Лесницкая Судебное представительство в
гражданском процессе, Д.Р.Джалилов Гражданское процессуальное
правоотношение и его субьекты, т.б.; ІІ-тарауда Д.П.Ватман, В.А.Елизаров
Адвокат в гражданском процессе, О.В.Арсентьев Адвокатура. Адвокат в
уголовном и гражданском процессах. Нотариат; ІІІ тарауда М.С.Шакарянның
жетекшілігімен шығарылған Гражданский процесс, М.Ю.Барщевский Адвокат,
адвокатская фирма, адвокатура, Б.С.Антимонов, С.Л.Герзон Адвокат в
советском гражданском процессе, Л.М.Орлова Права сторон в гражданском
процессе, Л.М.Орлова Права сторон в гражданском процессе, Д.П.Ватман
Адвокатская этика, Р.И.Давиденко Рассмотрение гражданских дел,
П.Я.Трубников Судебное разбирательство гражданских дел, Н.Н.Ивакина
Культура судебной речи, З.Х.Баймолдина Разбирательство гражданских дел в
суде первой инстанции, С.Т,Тыныбеков Адвокатура и адвокатская деятельность
в Республике Казахстан, Е.А.Борисова Апелляция в гражданском и арбитражном
процессе, т.б. пайдаландым. Аталған тарауларды жазу барысында сонымен қатар
негізгі заңымыз - Конституцияны басшылыққа ала отырып Қазақстан
Республикасының азаматтық іс жүргізу туралы Кодексін; Атқарушылық іс
жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңын, Қазақстан
Республикасының адвокаттық қызмет туралы Заңын және ғылыми-теориялық
конференциялар мен ғылыми еңбектердің жинақтарын, республикалық баспасөз
беттерінде жарияланған материалдарды да қолдандым.
Қазақстан сот тәжірибесіндегі адвокат-өкіл қызметінің мәселелері атты
І тарауды жазу барысында қазіргі таңдағы мәселелер жоғарыда аталған
ғылыми еңбектерде аталғанымен де, өзектілігін жойғандықтан, көбінесе
баспасөз беттерінде жарияланған материалдарға сүйене отырып өз пікірімді
білдірдім.
Елімізде қазақстандық адвокат-өкілдердің азаматтық іс жүргізуге
қатысуы жөнінде жеке дара еңбек әлі жарық көрген жоқ. Алайда,
С.Т.Тыныбеков, З.Х.Баймолдина, О.В.Арсентьев,т.б. білікті заңгер-ғалымдар
осы тақырыпты өз еңбектерінде қарастырған.
Өзге мемлекеттерде, айталық Ресей Федерациясында адвокат-өкілдің
мәртебесі, қызметі, ұйымдастырылуы келелі мәселелерімен қатар терең
зерттеліп жазылған. Осы тақырыпта еңбектері жарық көрген бірнеше ғалымдарды
атауға болады. Олар: Д.П.Ватман, В.М.Шерстюк, И.М.Ильинская, Л.Ф.Лесницкая,
В.А.Елизаров, М.Ю.Барщевский,т.б. Латын заңгері Я.А.Розенбергтің
Представительство по гражданским делам в суде и арбитражең деген
еңбегінде сотта азаматтық істердің қаралуына адвокаттың қатысу негіздері,
сатылары кеңірек жазылған.
Тәуелсіз Қазақстанның адвокаттық қызмет туралы Заңы 1997 жылы 5
желтоқсанда қабылданды. Осы заңға сәйкес адвокаттар заңда көрсетілген
барлық тәсілдермен азаматтардың құқықтарын кез келген қол сұғушылық пен
бұзудан қорғау жөніндегі міндеттерін жүзеге асырады. Атап айтсақ, қылмыстық
істер бойынша қорғаушы қызметін атқару; жауапкер, талапкер және іске
қатысушы өзге тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерді сотта қарауға
қатысу; ұйымның тапсырмасы бойынша сотта өкілділік ; заңи мәселелер
бойынша кеңестер беру; өзге де заңи көмек көрсету.

І тарау. Азаматтық істер бойынша өкілдік ету – адвокатура қызметінің
негізгі бағыттарының бірі

І.1. Сотта өз істерін нәтижелі жүргізу үшін азаматтар азаматтық
заңдарды, сот ісін жүргізу ережелерін жақсы білуі қажет. Азаматтардың бәрі
бірдей мұндай білімге ие емес екендігі белгілі. Сондықтан да заң көмегіне
жүгінуге тура келеді.
Іске қатысушы тұлғаның заңи кеңес беру, ол үшін қажетті процессуалды
құжаттарды толтыру, сот алдындағы жарыссөзде оның құқықтары мен мүдделерін
қорғап сөйлеу қызметі құқық қорғаушылық деп аталады. Профессор
Н.А.Чечинаның пікірінше, әдетте құқық қорғаушылық соттағы өкілділіктің
жеке бір көрінісі болып табылады[1]. Бірақ егер әдетте өкіл сотта өкілділік
етіп отырғанды толығымен алмастыратын болса заңи кеңесші – құқық қорғаушы
өзі өкілі болып отырған адамды алмастырмай, бірақ оған іс жүргізуге
көмектесе отырып сот ісін жүргізуде айтарлықтай маңызды да, дербес рольге
ие болады. Құқық қорғаушыға қажеттіліктен адвокатура деп аталатын ерекше
институт пайда болды. Республика дәуірінде римдіктер сотта жолдас болған
кеңес берген жақын туыстары мен достарын осылайша атаған. Адвокатура
тарихында Ежелгі Рим кезеңінде өз қызметінің салаларының өзара тығыз
байланысты болғандықтан сот өкілі мен құқық қорғаушылық қосылған болатын.
Азаматтық істерді сотта қараудағы өкілділіктің өкілділіктің мақсаты
тараптар мен үшінші тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін
заңмен көзделген барлық әдістер мен процессуалды тәсілдерді қолдану болып
табылады. Егер жауапкер немесе талапкер процеске өз атынан өзінің
материалдық-құқықтық мүдделерін мән-жайларды дәлелдеу арқылы қатысса, сот
өкілі сот ісін жүргізуге үшінші тұлғалар немесе тараптар атынан олардың
мүдделерін көздеп қатысады. Сонымен сот зерттеуінің пәні өкілдің жеке
материалды-құқықтық мүддесі емес, азаматтық құқықтық дауға қатысушылардың
құқықтары мен міндеттері болып табылады[2].
Адвокатң сөзі латыншадан аударғанда қолдаушы, жақтаушы, іс қуушы
деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Римде адвокат деп айыпталушының сотта
оны алып жүруін сұраған достары мен жақын-туыстарын түсінген[3].
Азаматтық процестегі сот өкілі дегеніміз өкіл берушінің (азамат немесе
ұйым) атынан оның мүддесі үшін процессуалды әрекеттер жасайтын тұлға. Сот
өкілі деп азаматтық істер бойынша сот әділділігін жүргізуде сотқа сот
әділділігін жүргізуге септігін тигізу және өкілдік берушінің өз құқықтарын
жүзеге асыруға көмектесу, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізуде
құқықтардың бұзылуын болдырмау, неғұрлым тиімді сот шешімін алу
мақсатында өкіл берушінің атынан сотта оған берілген өкілділіктер негізінде
бір тұлғаның екінші бір тұлғаның мүддесі үшін жүзеге асыратын қызметі
танылады.
Адвокат өзі өкілі болып отырған адамның құқықтары мен заңды мүддесін
білдіреді. Әдебиеттерде заңды мүдде анықтамасы түрліше тұрғыда
қарастырылады. Көп жағдайда заңды мүдде қандай да бір себептермен
субьективтік құқықтармен жанамаланбайтын нақты мүдде немесе қажеттілік
арқылы анықталынады. Заңды мүдденің мәні мүдденің иесінің немесе оған
қарсы тұлғаның іс-әрекетінің мазмұнына байланысты болады. Егер мүдде
қандай да бір іс-әрекетті жасаудан бас тарту жолымен қанағаттандырылатын
болса, онда мұндай жағдайда ғана заңды мүдде орын алады[4].
Өкіл мен өкіл берушінің арасындағы қарым-қатынас материалды құқық
(азаматтық, отбасы,еңбек құқығы) нормаларымен реттеледі. Ал өкіл мен сот
арасындағы қарым-қатынас азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен
реттеледі[5].
Азаматтық процессуалды өкілділіктің белгілері:
1. Өкіл өкіл берушінің атынан шығады, бұл келісім-шартпен белгіленеді;
2. Өкіл өкіл берушінің мүддесі үшін қызмет етеді;
3. Өкіл процесте өкіл берушінің міндеттерін атқарып құқықтарын жүзеге
асырады;
4. Өкіл оған өкіл берушімен және заңмен берілген өкілеттіліктер
шеңберінде әрекет етеді;
5. Процессуалды әрекеттерді жасай отырып өкіл өкіл беруші үшін
құқықтар мен міндеттер тудырады.
Өкілділіктің пайда болуының негізі әрқашан да өкіл берушінің ерік
білдіруі болып табылады.
Адвокаттың өкіл болып қатысуы үшін мыналар қажет:
-тапсырма шартын жасасу (материалды-құқықтық факт);
-азаматтық іс қозғау;
-заңға сәйкес рәсімделген өкілеттіліктерді ұсыну негізінде іске
қатысуға өкілді соттың жіберуі(процессуалды факт).
Процессуалды өкілділік мынадай 3 түрлі құқықтық қатынастардың болуымен
ерекшеленеді:
1.Өкіл мен өкіл беруші;
2.Өкіл мен сот;
3.Өкіл беруші мен сот[6].
Сот өкілділігі – сот пен сот өкілі арасындағы барлық қоғамдық
қатынастарды емес, қоғамдық қатынастың тараптарын (элементтерін) реттейтін
азаматтық прцессуалды құқықтың жалпы институты. Осындай элементтерінің
бірі көптеген ғалымдар сот өкілділігі анықтамасында дұрыс белгілейтін оның
субьективтік жағы болып табылады. Ал субьектісі Азаматтық іс жүргізу
Кодексінде көрсетілген өкіл беруші атынан процессуалды әрекеттер жасайтын
өкілеттілігі дұрыс рәсімделген тұлғалар ғана бола алады. Осы институтты
құқықтық реттеудің тағы бір элементі - өзіне жүктелген міндеттерді
орындауға бағытталған сот өкілінің процессуалды іс-әрекеттері (қызметі).
Сот өкілділігі институты – азаматтық іс жүргізу құқығы саласының
құрылымдық бөлімшесі. Сондықтан оны құратын құқықтық нормалар процессуалды
нормалар болып табылады. Материалды-құқықтық нормалар азаматтық іс жүргізу
құқығының салаларына, соның ішінде құқықтың осы саласының институты – сот
өкілділігіне ене алмайды. Аталған құқықтық нормалар өзгелермен бірге
құқықтың материалды саласының тиісті құқықтық институттарын құрайды[7].
Д.Р.Джалиловтың ”Гражданские процессуальные правоотношения и его
субьекты” деген еңбегінде азаматтық іс жүргізу құқығының субьектілерін
былайша бөле топтастырады:
А. Іске қатысудағы мақсаты өз құқықтары мен мүдделерін қорғау болып
табылатын үшінші тұлғалар,тараптар;
Ә. Азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын немесе
қоғамдық не мемлекеттік мүдделерді қорғау және азаматтық сот ісін жүргізу
заңдарының дәлме-дәл, дұрыс орындалуы үшін іске қатысатын прокурор;
Б. Іс бойынша қорытынды беретін және өзге адамдардың құқықтарын
қорғаушы ұйымдар мен мемлекеттік және қоғамдық органдар;
В. Өзге тұлғалардың мүддесіне талап ұсынатын азаматтар;
Г. Қаралып отырған іс жөнінде өз пікірін сотқа айту үшін процеске
қатысатын қоғамдық ұйымдардың өкілдері.
Демек, адвокаттарды азаматтық істер бойынша өкіл ретінде азаматтық іс
жүргізу құқықтық қатынасының субьектісіне жатқызамыз. Адвокат іске өкіл
болып қатысқандығынан азаматтық құқықтық қатынасқа түседі. Осы құқықтық
қатынастың мазмұны мүмкіндігі немесе қажеттілігі процессуалды құқықтармен
және міндеттермен белгіленген заңи мүмкіндіктер немесе тиісті процессуалды
әрекеттер бола алады[8]. Осы еңбекте профессор Д.М.Чечоттың мынадай пікірі
келтірілген: процесс қатысушысы түсінігін анықтаған кезде критерий ретінде
мыналар алынады: 1.сот әділдігін жүзеге асыру жөнінде қызметін
тоқтату,өзгерту немесе пайда болуын өз әрекеттерімен азаматтық іс жүргізу
құқығы субьектілерінің тудыру қабілеті;
2.процеске өзге адамдардың немесе өзінің құқықтарын қорғауды арнайы
мақсат етіп қатынасу.
Сот өкілдігі өкіл берушінің өкілге жеке сенім білдіруіне негізделген,
сондықтан өкілдің әрекет қабілетсіздігі жағдайында ол оның құқықтарын
жүзеге асыратын тұлғамен алмастырыла алмайды[9].
Өкілдердің процеске түсуі үшін процестен тыс ерекше құқықтық
қатынастардың пайда болуы қажет. Өкілділіктің сипаты (заң бойынша өкілділік
үшін негіздердің болуы, тапсырма шартының мазмұны, сенімхатпен белгіленген
өкілеттіліктер шеңбері, т.б.) сот өкілдерінің процестің қаншалықты дербес
қатысушысы екенін көрсетеді[10].
Ұйымдар,мекемелер, кәсіпорындар, азаматтар мүдделері мен құқықтарын
қорғаудың азаматтық процессуалдық-құқықтық құралдарының тиімділігі – бұл
оларды азаматтық процесте неғұрлым тиімді пайдалану негізінде қол
жеткізілген неғұрлым жоғары нәтиже. Сот өкілділігі – осындай құралдардың
бірі, алайда оның тиімділігінің дәрежесін анықтау қиындау, өйткені сот
шешімдерінің және ұйғарымдарының заңдылығы сот төрелігін жүзеге асыруға
ықпал еткен тұлғалардың, іске қатынасқан тұлғалардың, соттың қызметіне
байланысты. Сот өкілділігі сот қаулысында белгіленген сот пен өкілдің
позицияларының толық сәйкестігі жағдайында тиімді болады. Алайда,
позициялары сәйкес келіп,шығарылған шешім заңсыз, азаматтық процесте
өкілдің талабы немесе қарсылығы дұрыс, жеткілікті аргументтелген, ал сот
оны мойындамай заңсыз қаулы шығарған жағдайлар да болады[11]. Сот
өкілділігі дұрыс жүзеге асырылуы, қажетті құқықтық нәтижеге жетуге
бағытталуы керек. Сот өкілділігі дұрыс және жеткілікті белсенді болмаған
жағдайда тиімсіз болады. Сот өкілінің процессуалды өкілеттіліктерін теріс
пайдалануы сот әділділігіне зиян әкеледі. Бәсеңдігі іс бойынша обьективті
шындықты белгілеуге кедергі келтіреді. Сот өкілділігі мынадай екі өзара
байланысты мақсатқа бір мезгілде бағытталған жағдайда тиімді болады:
-өкілі болып отырған тұлғалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау;
-сотқа заңды және негізді шешім немесе ұйғарым шығаруға ықпал ету.
Сот өкілдерінің процессуалды-құқықтық жағдайын анықтау үшін екі түрлі
құқықтық қатынасты ажырату қажет: сыртқы;ішкі. Өкілдер ішкі қатынастың
қатысушысы ретінде (өкіл мен өкілі болып отырған азаматтар,ұйымдар
арасында) азаматтық іс жүргізу құқығының дербес субьектісі болады. Оның
міндеті - тараптарға, үшінші тұлғаларға әртүрлі әрекеттер жасауға, дәлірек
айтқанда, талап арызын, талапқа жауап жазуға, түрлі кеңестер беруге, сотта
олардың позицияларын қолдауға көмектесу,т.б. Сонымен қатар өкілдер талаптың
негізі немесе оған қарсылық білдіру фактісі жөнінде мәліметтер, жасалынатын
жұмыстары үшін сыйақы алуына, т.б. құқығы бар. Аталған құқықтар сонымен
бірге ішкі құқық қатынастарының мазмұнымен де қамтылады. Сыртқы – бұл
арызданушы,үшінші тұлғалар, тараптар мен сот арасындағы қатынастар, өйткені
өкілдер оның мазмұнына енетін құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыра отырып
оған қатысады. Оларға берілген өкілеттілік - өкілі болып отырған тұлғаның
процессуалды құқықтары мен міндеттерінің формасы.
Процессуалды әдебиеттерде азаматтық процестегі адвокаттың жағдайы оның
қылмыстық іс жүргізудегі жағдайынан айырмашылығы айтарлықтай деп дұрыс
көрсетілген. Егер азаматтық процестегі адвокаттың басты функциясы клиент
атынан өкілеттілік ету болса, қылмыстық процесте адвокат сотталушының
қорғаушысы ретінде оның атынан өкілділік етпей, заң көмегін көрсете отырып
қатысады. Осыған байланысты қылмыстық процестегі қорғаушыға өкіл терминін
қолдану дұрыс емес, өйткені бұл ұғым азаматтық құқықтық және азаматтық іс
жүргізу қатынастарына тән[12].
Кей жағдайда адвокат азаматтық істі жүргізуге тапсырма алғаннан кейін
іс бойынша жиналған материалдарына обьективті анализ жасау нәтижесінде
сенім білдірушінің құқықтық жағдайына алдын ала баға беру бұрыс
жүргізілгендігін және клиенте талапқа қарсылық білдіруге және талабын
қанағаттандыруды талап етуіне негіз жоқ екендігіне көзі жетеді. Мұндай
жағдайда істі жүргізуден адвокаттың бас тартуы іс сотта қаралғанға дейін
сенім білдіруші өз таңдауы бойынша әрекет етуі үшін алдын ала білдірілуі
керек. Мұндай жағдайда адвокат клиентке іс материалдарына және заңға
негізделген позициясын айтуға, оны ниетінің, жасамақшы әрекетінің дұрыс
емес екендігіне сендіруге тырысуы керек.
Азаматтарға білікті заң көмегін көрсету үшін адвокат іс
материалдарымен мұқият танысып шығуы қажет. Алайда сот процесіне белсене
қатысуға дайындалу үшін, азаматтық іс бойынша сот сөйлеуін дұрыс құрастыру
үшін сот ісі бойынша өндіріс (досье) те маңызды роль атқарады. Адвокат
мұны сот өкілділігін жүзеге асыруға тапсырма алған сәттен бастап жүргізу
керек. Досьені дұрыс жүргізу адвокатқа өкіл берушінің мүддесін сот
процесінде жақсы қорғап шығуға мүмкіндік береді. Осы жөніндегі әдістемелік
нұсқамаларда әрбір азаматтық іс бойынша адвокат өндірісінде болуы керек
материалдардың үлгілі тізбесі көрсетілген. Оларға мыналар жатады:
1. Талап арыздың және оған қарсылықтың көшірмесі немесе осы
құжаттардан үзінді;
2. Істі жүргізуге қажетті шекте іске тіркелген құжаттардан үзінді;
3. Жазбаша түрде сотқа берілген өтініштің көшірмесі;
4. Осы іс бойынша өз позициясын негіздеп сілтеме жасайтын заңдарды
көрсете отырып іс бойынша құрастырған сөзінің тезистері немесе жоспары;
5. Сот мәжілісінің хаттамасынан үзінді және егер енгізілген болса
хаттамаға ескертпелердің көшірмесі;
6. Сот шешімінің көшірмесі немесе оған шағым жасалмаса, оның үзіндісі;
7. Адвокат берген апелляциялық шағымның, осы шағымға қарсылықтың
көшірмесі, прокурордың қарсылығы.
Азаматтық іс бойынша адвокаттық досье адвокаттың істеген жұмысының
деңгейін көрсетеді. Ондағы жазбалар мен іскерлік қағаздар сотта адвокаттың
істі жүргізуге дайындығының сапасын білуге мүмкіндік береді[13].

І.2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 59-
бабына сәйкес мына адамдар тапсырма бойынша сотта өкілдік ете алады:
1. Адвокаттар;
2. Заңды тұлғалардың қызметкерлері – осы заңды тұлғалардың істері
бойынша;
3. Кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары – құқықтары мен мүдделерін
қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың,
қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша;
4. Заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары
мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
5. Заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен
мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
6. Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың
біреуі;
7. Іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар.
Сот өкілділігінің мынадай екі түрі бар:
А.Заңды өкілділік;
Б.Тапсырма бойынша өкілділік.
Заңды өкілділік кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әрекет қабілетсіз
немесе әрекет қабілеттігі шектеулі тұлғалардың мүддесін қорғауды жүзеге
асырады. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс
жүргізу Кодексінің 63-бабына сәйкес заңды өкілдер жоғарыда аталған
адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін
қорғауды сотта өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды көрсету
арқылы қатысатын ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен
қорғаншылар болып табылады. Заңды өкілдер заңда көзделген шекте өкілдік
етушілердің атынан өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін
жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.
Тапсырма бойынша өкілділік адвокаттардың азаматтармен немесе оның
заңды өкілімен, сондай-ақ ұйымның адвокаттар алқасымен жасайтын тапсырма
шарты негізінде жүзеге асырылады. Дегенмен, адвокат бұл келісім-шартта
тарап болмаса да одан туындайтын барлық міндеттерді орындауға азаматтық
процеске клиенттің өкілі ретінде қатысу өкілеттілігін алады. Адвокаттар
алқасымен тапсырма шартын кім жасасқанына (кәмелетке толған әрекет
қабілетті тұлға не заңды өкіл) қарамастан адвокат тараптардың немесе үшінші
тұлғалардың сот талқылауының пәні болып табылатын материалды-құқықтық
мүддесінің өкілі ретінде процеске қатынасады. Сондықтан кәмелетке толмаған
адамда, сондай-ақ толық әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі
шектеулі тұлғада процесте екі өкіл болып қалуы мүмкін: заңды өкіл (мысалы,
ата-ана немесе қамқоршы,қорғаншы) және келісім-шартты өкіл – адвокат. Заң
көмегін көрсете отырып адвокаттар шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет
ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен
жазбаша қорытындылар береді; талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық
сипаттағы басқа құжаттарды жасайды; анықтау, алдын ала тергеу
органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және
азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен
оларды қорғауды жүзеге асырады.
Адвокат кез келген заңи қызметін лицензия негізінде жүзеге асырады,
Адвокаттық қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының Әділет
Министрлігінің 1998 жылы 21 қаңтардағы номер 19 (1999 жылы 9 шілдедегі
номер 396 және 1999 жылы 24 ақпандағы номер 14 бұйрығына сәйкес енгізілген
өзгерістерімен) бұйрығымен бекітілген Адвокаттық қызметпен айналысуға
лицензиялар беру тәртібі туралы Ережесімен реттеледі. Адвокаттың
лицензиясы Әділет біліктілік алқасының ұсынысы негізінде Әділет
Министрлігімен беріледі және лицензияда көрсетілген тұлға үшін адвокаттық
қызметпен айналысуға ресми рұқсат болып табылады[14].
Демек, заңмен адвокаттардың азаматтық іс жүргізуге қатысуы олармен
көрсетілетін заң көмектерінің ішінде белгіленген[15].
Сот өкілділігі туралы келісім–шарттың екі тарабы болады: сенім
білдіруші және адвокат. Азаматтық сот ісін жүргізуде адвокат сенім
білдіруші атынан оның мүддесі үшін әрекет ететіндіктен оның процессуалды
әрекеттерінің заңи салдары өкіл болып отырған тұлға үшін пайда болады.
Егер талап негізді деп танылса, сот шешімімен талапкердің материалдық
құқығы бекітіледі немесе шектетіледі, ал егер талапты қараудан бас
тартылатын болса – жауапкердің құқықтары қорғалады.
Сонымен, адвокатпен жүзеге асырылатын тапсырма бойынша өкілділікте
қатынастың екі жолын ажырата білу қажет:
-адвокат-өкіл мен оның клиенті арасындағы азаматтық-құқықтық
қатынастар. Оның негіздемесін заң консультациясында жасалған тапсырма шарты
құрайды;
-сотқа қатысты адвокаттың құқықтары мен міндеттерінің көлемі
анықталынатын процессуалды құқық нормаларымен реттелінетін сот өкілі –
адвокат пен сот арасындағы азаматтық процессуалдық қатынас. Бұл жерде
азаматтық процестегі адвокаттың жағдайын былай анықтауға болады: клиенттің
материалды-құқықтық мүддесін қорғауға өкілетті бола отырып адвокат
азаматтық сот ісін жүргізуде өзінің сенім білдірушісіне оның процесуалды
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға көмектесе отырып өз міндеттерін
орындайды.
Процессуалды әдебиеттерде өкілділіктің екі анықтамасы бар. Біріншісіне
сәйкес азаматтық іс жүргізу өкілділігі деп бір тұлға екінші бір адамның
атынан және оның мүддесі үшін өз өкілеттілігі шегінде процессуалды
әрекеттерді орындайтын құқықтық қатынас аталады. Екіншісі бойынша осы
аталған процесуалды әрекеттерді жасау танылады.Процессуалды әрекет деп
бірінші кезекте жүзеге асырылған немесе орындалмақшы әрекет
түсіндіріледі[16].
Сот өкілділігі өкілі болатын тұлғаның ерік білдіруінің заңи мәніне
қарай мынадай түрлерге топтастырылады: А.Ерікті;
Б.Міндетті.
Ерікті өкілділік біріншіден, шартты; екіншіден,қоғамдық болуы мүмкін.
Тікелей тиым салынбаған кез келген адам тараптан немесе үшінші тұлғадан
тапсырма алуға құқылы, ал кез келген инстанциялы сот оның өкілеттілігін
тексергеннен кейін іске қатыстыруға рұқсат беруге міндетті. Міндетті
өкілділік өз кезегінде өкілеттілік шеңбері заңмен белгіленетін заңды және
өкілеттіліктері өкілі болып табылатын аңды тұлғаның мәртебесін
белгілейтін жарғы және ережелермен анықталынатын жарғылық өкілеттілік
түрлеріне бөлінеді. Заңды өкілеттіліктің пайда болуының негіздері мыналар:
белгілі бір тәртіпте тіркелген және анықталған сәбидің пайда болу фактісі;
белгілі бір тәртіпте тіркелген асырап алу фактісі; қамқорлық пен
қорғаншылықты тағайындау туралы әкімшілік акт. Заңды өкілеттіліктің пайда
болу негізін әртүрлі заңи фактілер – туысқандық, асырап алу, қамқоршылық
және қорғаншылық тағайындау құрайды[17].
Тапсырма бойынша өкілділік – азаматтар өкілділігінің ең кең таралған
түрі. Бірінші орында – адвокат, өйткені адвокаттар сандық және сапалық
көрсеткіштері бойынша азаматтар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
ісінде жетекші орынға ие. Тапсырма бойынша өкілдердің өкілеттіктері жазбаша
ресімделуі керек. Мазмұны бойынша сотта іс жүргізуге сенімхат жалпы және
бірретті болуы мүмкін. Жалпы деп өкіл берушінің бүкіл істерін жүргізуге
берілген сенімхат аталады. Бір ретті сенімхат бір істі жүргізуге немесе бір
сот мәжілісіне қатысуға немесе белгілі бір процессуалды әрекетті жасасуға
беріледі. Процессуалды өкілділік мынадай үш түрлі қатынастармен
байланысты: 1 өкіл мен өкіл беруші арасында; 2. Сот пен өкіл немесе
арбитраж арасында; 3. өкіл беруші мен сот немесе арбитраж арасындағы.
Кейбір авторлар өкілділікті құқықтық қатынастың алғашқы екі түрі
құрайтындығын айтады. Материалды құқықпен (азаматтық, отбасы құқығы)
реттелінетін қатынастардың алғашқы тобын өкілдіктің ішкі жағы деп, ал
қатынастары процессуалды құқықпен реттелінетін екіншісін өкілділіктің
сыртқы жағы деп атайды. Сот немесе арбитражды процесте өкіл берушінің
мүддесі үшін оның атынан ұсынылып отырған өкілдік ету құқығын жүзеге асыру
үшін өкіл сотпен немесе арбитражбен белгілі бір процессуалды құқықтық
қатынасқа түсуі керек. Бұл қатынастар өкілділіктік құқықтық қатынастар
болып табылады, осы арқылы процесте барлық өкілділіктік қызмет (іс-
әрекеттер) жүзеге асырылады. Сонымен бірге өкіл мен өкіл беруші арасындағы
материалды құқықтық қатынастар процесте өкілділіктік құқықтық
қатынастардың негізі болып табылады[18].
Өзге мемлекеттердің тәжірибесіне көз жүгіртелік.
Құқықтық жүйесі түрлі мемлекеттерге ортақ нәрсе - сот процесіне тек
кәсіби білікті адамдардың қатысу міндеттілігі. ...ртүрлі мемлекеттердегі
азаматтық процеске тараптардың кәсіби өкілдеріне қандай талаптар қоятыны
жөнінде айта кетелік.
Ұлыбританияда азаматтық іс жүргізуде өкіл қызметін екі категорияға -
барристер мен солиситорларға бөлінетін адвокаттар атқарады. Барристирлер -
бұл жоғары сот инстанцияларына шығуға құқығы бар заңгерлер. Солиситорлар –
төменгі инстанцияда шығатын, азаматтық істерді сот отырысына әзірлейтін,
өз клиенттеріне кеңестер беретін заңгерлердің көпшілігін құрайды.
Австралияда да адвокаттар барристерлер мен солиситорларға бөлінеді.
Алайда барлығы 6 штатының жартысында ғана бұлай бөлінеді. Канадада
азаматтық істер бойынша тараптардың мүдделерін нақты бір алқа адвокаттары
корпорациясының мүшесі болып табылатын адвокаттар ғана білдіре алады.
Францияда азаматтық және әкімшілік процестерде тараптардың құқықтарын
адвокаттар қорғайды.Австрияда да адвокаттар жүзеге асырады.
АҚШ-та азаматтық процестегі өкілділікті қандай да болмасын
категорияға бөлінбейтін адвокаттар жүзеге асырады. Қазіргі таңда
штаттардың көпшілігінде жергілікті өкімет немесе штат бюджеті есебінен
кәсіби адвокаттармен көрсетілетін тегін заң көмегін, соның ішінде кейбір
азаматтық істер бойынша көмегін қаржыландырудың түрлі бағдарламасы
құрылған. Азаматтық істер бойынша, әсіресе келтірілген залалдан туындайтын
міндеттеме бойынша қатынасқа егер істі жеңсе клиент өтетіріп алған
сомманы 30-дан 50 пайызға дейінгі бөлігін беру шартына адвокаттар көп
отырады. Бір штаттан екінші штаттың сотына қатысу үшін жаңа емтихан
тапсыруы немесе тиісті рұқсат алуы, Федералды соттың рұқсаты керек. АҚШ-та
тараптар сот процесіне өз мүддесін білдіру үшін кез келген заңгерді емес,
өзіне қажетті штат немесе округ сотына қатыса алатын адвокатты ғана шақыра
алады[19].
Өз мүдделерін сотта қорғау құқығын сот процесінде тараптардың
мүдделерін білдіру құқығынан ажырата білген жөн. Сот процесінде өз
мүддесін тұлғаның қорғау құқығын құқықтық жүйенің тануы сот процесінде
тараптардың кәсіби немесе кәсіби емес өкілі болғысы келетін тұлғаларға
мемлекеттің қойып отырған талаптарымен байланысты емес.
Шетелдік құқық жүйесінде бір бірінен ажыратылатын сот процесінде
өкілділік қызметімен айналысу құқығына ие болудың 2 механизмі бар. 1. Сот
процесіне өкіл ретінде қатысуға ішкі таңдаудан өткен адвокаттардың
қатысуына жол беру. Мұндайда адвокаттық қауымдастықтардың өздері
кәсібиліктің критериясын белгілейді және осы талаптарға сол тұлғалардың
сәйкестігін тексереді. Бұл Ұлыбританияның және өзге мынадай
мемлекеттердің құқықтық жүйесіне тән: Шотландия, Ирландия, ЖаңаЗеландия,
Австралия,Канада, Бельгия, Австрия, Греция,т.б.
Мемлекет сот органдары немесе ...ділет органдары арқылы не адвокаттық
қауымдастық өкілдерінің қатысуымен кәсібилік талаптарын белгілейд, осы
талаптарға тұлғалардың сәйкес келуін тексереді, аккредитациядан өткен
адвокатты ғана сот процесінде өкіл ретінде қатысуға рұқсат береді. Кейбір
мемлекеттерде мұндай аккредитация адвокаттарға белгілі бір сотта ғана
адвокаттық қызметпен айналысуға құқық береді.
Таңдаудың мұндай тәртібі Германияда, Франция, Жапония, Норвегия,
Италия, Люксембург, Исландия, АҚЩ, т.б. елдерде белгіленген.
Елдердің көпшілігінде жоғары сот органдарына тараптардың өкілі кез
келген адам бола алмайды. Заң бұған кәсіби де, жоғары сот органында
тараптардың мүддесін білдіруге құқық алудың ерекше тәртібі тұрғысынан да
ерекше талаптар қояды. Мұндай ерекше талап мысалы, Германия, Норвегия,
Канада, Италия, т.б. мемлекеттерде де бар.

ІІ тарау. Адвокаттың азаматтық істер бойынша консультациялық қызметі

Азаматтық істер бойынша адвокаттар қызметінің бірі – құқықтың
әртүрлі саласы бойынша түсініктемелер, анықтамалар, кеңестер беру, яғни
адвокаттың кеңес беру қызметі болып табылады. Осыны сотта іс қарауға
дайындық сатысы деп те атауға болады. Өйткені адвокаттың берген кеңесімен
іс қорғалуы мүмкін. Адвокаттың кеңсімен мүдделі тұлғалар сот дауын
қозғайды немесе оны тоқтатады, шартқа отырады, оларды іске асырудан бас
тартады, қандай да болмасын құқықты талап етеді немесе оның жоқ екеніне
көз жеткізіп одан бас тартады. Білікті заңи кеңес негізсіз құқықтық
даудың жойылуына, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге немесе құқық
бұзушылықтың алдын алуға септігін тигізеді. Сондықтан істің сотта қозғалуы
адвокат қызметіне байланысты.
Адвокатқа тұрғын үйге құқығым бар деп санайтын, сондықтан оған
тұрғын үй ауданын беру жөнінде сот ісін қозғауға ниеті бар адам
жолданады. Мекеме басшысы адвокаттан егер жұмысшы ішкі еңбек тәртібі
ережесін алғашқы рет бұзса оны жұмыстан шығаруға бола ма деп сұрайды.
Туынды авторы кәсіпорын басшысынан төлеуден бас тартуын алғанна кейін
шығарған затын пайдаланғаны үшін оған сыйақы төлеу туралы талап бергісі
келеді. Жоғары тұрған ұйым басшысына бұл бас тартуға шағымданбаған. Егер
барлық келтірілген жағдайларда заңға негізделген, дұрыс және нақты мән-
жайға сәйкес қорытынды жасалса және егер тұлға адвокаттың ұсынымына
сәйкес әрекет етсе заң бұзылмайды деп сеніммен айтуға болады, яғни
азаматтар және ұйымдар болашағы жоқ сот ісін жүргізуге қаражат пен уақыт
жұмсамайды, ал сот өз кезегінде негізсіз талаптарды қараудан
босатылады[20]. Өкінішке орай, адвокаттардың барлығы мұны түсінбейді және
сот ісін жүргізумен байланысты емес қателіктер кеңес беру қызметінде
көбірек кездеседі.
Сот ісін дайындаудағы адвокат қателіктері процесс барысында
процессуалды құралдармен түзетілуі мүмкін: талап мөлшері немесе пәнін,
негізін өзгертуге, жаңа куәлерден жауап алу туралы, қосымша дәлелдемелер
талап ету туралы, тиісті емес тарапты ауыстыру туралы өтініш қозғауға,
т.б. болады.
Берілген кеңестегі қателік кейде түзеуге келмейді. Мысалы, адвокат
клиентке ол талап беру мерзімін өткізіп алды және өз талабын сотта қорғау
құқығын жоғалтып алды деп түсіндіреді. Сондықтан клиент бұл уақытта ескіру
мерзімі өзге тараптың тануымен үзілген болса да оның талап беруінен еш
нәтиже шықпайды деп ойлайды, бірақ адвокат мұны ескермей қалды. Адвокат
сіздің мұрагер болуға құқығыңыз жоқ, өйткені мұра қалдырушы сіздің
әкеңіздің я, анаңыздың інісі болып табылады деп жауап береді. Клиент
сондықтан мұраға қатысты ешбір шара қолданбайды
Кеңес мыналарды қамтуы керек:
-даудың материалды құқықтық аспектісі;
-азаматта талапқа құқығының болуы (процессуалды аспект);
-іс бойынша түпкілікті кеңес: қорғау үшін негіз бар ма және қандай
формада ( соттық, әкімшілік,т.б.), бұл үшін не істеу керек.
Адвокаттың беретін кеңесі мынадай болуы керек:
1. Заңды. Құқық нормасына дұрыс сілтеме жасау және оған түсініктеме
беру, құқықты жүзеге асыру жолдары және т.б.;
2. Тұсінікті, қол жетімді;
3. Нақты. Құқық жөнінде жалпы ойлау және оны қорғау жолдары, мәселені
шешудің ықтимал, нәтижесі белгісіз жауаптарынан құралған кеңес берілмеуі
керек
4.Нәтижелі. Консультация аяқталған соң азамат істің болашақ
қозғалысының перспективасын анық білуі керек.
Консультация іс бойынша тапсырма алумен тығыз байланысты. Тапсырма
қабылдау өз кезегінде іс бойынша құқықтық позиция түсінігімен байланысты.
Адвокат соттық қорғауға жататын талаптардың негізділігі және
заңдылығы жағдайында, яғни іс бойынша процессуалды-құқықтық және
материалды –құқықтық позицияны дұрыс бағалаған жағдайда ғана тапсырма
алады. Азаматтың жолданып отырған ісі жай ( материалды құқықтық жағынан
қарағанда) немесе күрделі (істің болашағы белгісіз, нақты құрамы, мазмұны
күрделі,т.б.) болуы мүмкін.
Егер іс анық, түсінікті болса, адвокат істі жүргізуге тапсырманы
алады немесе одан бас тартады. Күрделі іс қосымша жұмысты қажет етеді. Іс
бойынша құқықтық позицияның бар немесе жоқ екені туралы қорытындыға
келместен бұрын бұл қосымша жұмыс мыналарды қамтиды:
А. Талаптың нақты мазмұнын анықтау;
Ә. Іс бойынша позицияны белгілейтін қажетті дәлелдемелерді анықтау;
Б. Дауды құқықтық саралау;
В. Құқық нормаларына сәйкес нақты құрамға анализ жасау.
Іс бойынша құықтық позиция жөнінде оң шешім қабылдаған жағдайда
мыналарға анализ жасау қажет:
- тұлғаның талапқа құқығы бар ма?
- арыз сотта қарауға жата ма?
- жауапкер немесе талапкердің процессуалды құқық қабілеттігі бар ма?
- істің осы категориясы үшін заңмен белгіленген алдын ала соттан
тыс дауды шешу тәртібі сақталған ба?
- осы тұлғалар арасында, сол зат жөнінде, сол негіздер бойынша -
соттың заңды күшіне енген шешімі немесе бітімгершілік келісімін
бекіту туралы немесе талаптан талапкердің бас тартуын қабылдау
туралы сот ұйғарымы бар ма?
- аралық соттың қарауына осы дауды беру туралы тараптар арасында
жасасқан шарт бар ма?
Адвокаттың позициясы мынадай талаптарға сай болуы қажет:
1. мүдде тұрғысынан да, адвокат қызметінің сипаты тұрғысынан да
заңды;
2. адвокат позициясының сенім білдіруші позициясына қайшы келмеуі;
3. сенім білдірушінің адвокаттың құқықтық позициясы жөнінде және
оны мақұлдау жөнінде білуі.
Адвокат дәлелдемелерді өзі жинай алады, бірақ кейде оған оларды
жинауға көмек керек болады. Адвокаттардың дәлелдемелерді жинау
варианттары:
А. Заң консультациясы арқылы сұратуды рәсімдеу;
Ә. Сотқа іс бойынша дәлелдемелерді талап етіп жолдануы;
Б. Сот тапсырмасы туралы өтінішпен сотқа жолдану;
В. Талапкердің талаптарын жазу.
Адвокат пен клиент арасында олардың жүздесуі процесінде мынадай
қатынас қалыптасады:
1. Сенім. Практикада бұған керісінше азаматтың өз өкілінен кейбір
мәселелерді жасырып қалатын жағдайлары да кездеседі.
2. Тек істі ғана емес клиентті де жақсы білу
Бұл өз қарым-қатынасын олармен дұрыс құруға, кейін соттағы жағдайды
да дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді
3. Өзара сыйластық. Адвокат оған өз біліктілігімен, клиентпен де,
сотта да өзін дұрыс ұстау қабілетімен және өзінің сырқы түрімен қол
жеткізеді.
4. Бірлесіп жұмыс істеу[21].
Адвокат сұрақ мәнін анықтай білуі, заңи фактілердің құрамын толық және
нақты анықтай білуі, құқық нормаларының талаптарына сәйкес қорытынды бере
білуі қажет. Заңға сілтеме - консультациялық қабылдаудың тиімділігінің
міндетті шарты болып табылады. Құқықтық кеңес егер адвокат қолданбау керек
заңды қолданса немесе заңның мазмұнын және мәнін дұрыс түсіндірмесе қате
болады[22].
Ол қолдануға құқылы және заңмен белгіленген жауапкердің мүдделерін
қорғаудың процессуалды тәсілдерін мынадай түрлерге бөлуге болады:
1. талапқа қарсылық;
2. қарсы талап;
3. істің нақты мән-жайларын анықтауға және оның процесуалды құқықтары
мен міндеттерін сақтауға бағытталған жауапкердің өтініштері мен арыздары.
Ұсынылған талапқа қарсылық және қарсы талап – заңмен жауапкерге оның
процессуалды мәртебесіне байланысты берілген құрал Өтініш беру және арыз
беру құқығы іске қатысатын барлық тұлғаларға сияқты оған да берілген[23].

ІІІ тарау. Азаматтық іс жүргізудегі адвокат-өкілдің өкілеттіліктері

ІІІ.1. Өкілдің сот қарауына қалайша қатысқанына қарай өкіл беруші
ісінің тағдыры шешіледі. Сот қарауындағы әртүрлі әрекеттерге адвокат-
өкілдің қатысуын айтып кетелік.
Жауап алу кезінде адвокат өзінің куәсін дұрыстап зейін қойып тыңдауы,
қарауы керек. Адвокаттың куәнің сөздеріне мән беріп мұқият қарауы
судьяның да дұрыстап назар аударуын тудырады. Адвокат куәнің жауаптарын
судьяның естігенін, хаттамаға енгізілгеніне сенімді болуы керек. Аса
маңызды жауаптарға аса көңіл аудару үшін адвокат оны өзі үшін де
қайталай алады.
Істі тыңдауға дайындық сатысында судья іске қатысушы тұлғаның
мүддесін ескере отырып егер ұсынылып отырған дәлелдемелер және іс
материалдары анық қажет етсе сараптама тағайындауға құқылы. Істің мән-
жайлары бойынша белгілі бір әрекетті жасау сәтіндегі тұлғаның психикалық
жағдайын анықтау қажет болған барлық жағдайларда сот-психиатриялық
сараптаманы тағайындау қажет. Бұл әсіресе мәмілені жарамсыз деп тануға
қатысты.
Адвокат сараптама шешуге тиісті қажетті сұрақтарды алдын ала дайындап
қоюы керек. Сонымен бірге ол сарапшыға құқықтық сипаттағы сұрақтарды
(мысалы, тұлғаның әрекет қабілеттілігі немесе әрекет қабілетсіз) қоюға
болмайтындығын білуі керек және сұрақтар арнайы сала бойынша қойылуы
қажет. Осы сұрақтарды құрастыру үшін мыналар қажет:
1. Осы құқықтық қатынас түрін реттейтін құқық нормасымен танысу;
2. Қандай да болмасын сұрақтың шешілу мүмкіндігін, яғни оған жауап
алынатындығын білу керек.
Адвокат өз клиентінің мүддесі үшін азаматтық іс жүргізу заңдарының
ережелеріне сәйкес сараптама тағайындау туралы, қосымша және қайталама
сараптама тағайындау туралы сотқа өтініш бере алады.
Сот өкілдері процессуалды әрекеттерді оларға өкілеттілік берген
тұлғалар атынан жасайтын болғандықтан өкілдің өкілеттіліктерінің көлемі
сенім білдірушінің (талапкердің, жауапкердің, дербес талап мәлімдемейтін 3-
ші тұлғаның) процессуалды жағдайымен анықталады. Сонымен бірге сот өкілінің
өкілеттіліктерінің көлемі сенім білдіруші нені бергеніне қарай да
анықталады. Сонымен сенім өкілінің өкілеттіліктерінің көлемі екі мән-жайға
байланысты: сенім білдірушінің өкілеттілігінің ауқымы және сенім білдіруші
өкілге қандай өкілеттіліктер бергеніне қарай. Өкілдің өкілеттіліктері
мазмұны жөнінен жалпы және арнаулы деп бөлінеді. Жалпы өкілеттілік –
сенімхатта көрсетілгеніне қарамастан кез келген өкіл орындауға құқылы
процесуалды әрекеттер. Бұларға мынадай өкілеттіліктер жатады: іс
материалдарымен танысу, іс материалдарының көшірмесін алу, қарсылық
білдіру, дәлелдемелер ұсыну, дәлелдемелерді зерттеуге қатысу және сот
процесіне қатысу мүмкіншілігімен байланысты өзге де әрекеттер.
Арнайы өкілеттілік – сенімхатта көрсетілсе ғана орындауға болатын
әрекеттер. Осындай арнайы өкілеттіліктердің бірі - өкілмен сотта азаматтық
істі қозғау. Судья егер талап арызды істі жүргізуге өкілеттілігі жоқ
тұлға берген болса талап арызды қабылдаудан бас тартады[24].
Соттағы өкілділікке іс жүргізу заңымен барлық азаматтық істер бойынша
барлық соттарда және азаматтық процестің барлық сатысында жол
беріледі[25].
Ресей Федерациясының Дисциплинарная практика Московской городской и
областной коллегий адвокатовң деген адвокаттар үшін әдістемелік
бағдарламадан мынадай үзінді келтіргім келіп отыр: ңАдвокат тараптардың
азаматтық істі сотта қарауға тапсырма алып заңмен берілген барлық
құққытарды пайдалануы тиіс, соның ішінде бітімгершілік келісімін жасауға
құқылы. Адвокат бұл құқықтарды өзге тараптардың өкілдерімен немесе сл
мүдделі қарсы тарап болып отырған адаммен жүзеге асыра алады. Сот
органдарында азаматтық істі жүргізуге тапсырма алған адвокаттың
міндеттеріне өзіне сенім білдірген адамға оның құқықтарын растау үшін
қажетті құжаттарды алуға көмек көрсету де жатады. Адвокаттың бұл
міндеттерді орындамауы тәртіптік шара қолдануға әкеліп соғадың[26]. Мен
де осыған қосылғым келеді.
Тараптар келмеген жағдайда істі қарау процестің дұрыс жүруін бұзады.
Тараптар жоқ болғанда шығарылған шешім ІІ инстанциялы сотпен жиі күшін
жояды. Сондықтан адвокат сот отырысына тараптар немесе үшінші тұлғалар
келмеген жағдайда не істеу керектігін білуі керек, егер тіпті заң осы
тұлғалардың жоқтығында істі қарауға тиым салмаса да, жауапкер, талапкер
немесе 3-тұлға, кейде куә келмеген жағдайда істі қарағанда қандай салдар
болуы мүмкін, мұндайда сот негізді және дұрыс шешім шығара ала ма,
процестің қандай да болмасын қатысушысы жоқ болғанда обьективтік шындықты
аша ала ма – осыларға анализ жасауы қажет.
Осы сұрақтарды адвокатпен дұрыс шешу оның сенім білдірушісі үшін де
қажет. Адвокат тараптар жоқ кезде шешім шығару сенім білдірушіге пайда
емес, залал әкелетінін естен шығармауы керек. Бірақ сенім білдірушілердің
өзі осыған көп мән бере бермейді. Олар істі қарауға қатысушылардың
біреуінің болса да келмеуі істің олардың пайдасына және тез шешілуіне
көмектседі, екінші жақтың жағымсыз түсініктері жойылады деп ойлайды.
Адвокат өзінің сенім білдірушісіне мұндай түсініктің қаншалықты қате
екендігін түсіндіруі керек[27].
Тараптардың ерік білдіруінсіз тапсырма бойынша өкілділік
туындамайды[28].
Адвокаттық қызметтің адамгершілік белгісі І инстанциялы соттың
жариялы сот ісін қарауында анық көрінеді. Адамгершілік талаптарынан сәл
ауытқу - сот мәжілісінің тәртібін, кәсіби жүріс-тұрыс ережелерін бұзу,
тәкаппарлық, құлықсыздық көрсету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокаттың азаматтық істерді жүргізудегі соттың 1- ші сатысына қатысуы
Азаматтық іс жүргізудегі адвокат қызметінің құқықтық мәселелері
Адвокаттың сот процесіне қатысуы
Өкіл мен сот
Азаматтардың сотқа шағымдану және сотта өкілеттік ету құқығы
Азаматтық істерді жүргізудегі өкілдік етуде адвокатураның атқаратын қызметі
Адвокаттың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысу мәселелері
Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы
Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары
Адвокатура институтының даму тарихы
Пәндер