Зертханалық жұмыс №4: Липидтердің құрылысы, физико-химиялық қасиеттері және сапалық реакциялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Зертханалық жұмыс №4

Сабақтың тақырыбы: Липидтердің (майлардың) қасиеттерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Студенттерді липидтерге жасалатын сапалық реакция әдістерімен таныстыру. Липидтер туралы алған білімдерін бекіту. Реактивтермен, химиялық ыдыстармен жұмыс істеу, алынған нәтижеге талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.

Липидтер (гректің липос - май сөзінен шыққан) - төмен молекуалық органикалық қосылыстар, суда ерімейді. Липидтерді жасушадан полярлы емес органикалық еріткіштермен (хлороформ, бензол, петролейнді эфирмен) бөліп алуға болады.

Липидтердің ерекше қасиеті - гидрофобты болуы (липофильділік)

Липидтер әртекті химиялық қосылыстар болып табылады (1 сызбанұсқаны қараңыз) :

Сызбанұсқа 1-Липидтердің құрылысы бойынша жіктелуі

Ацилглицеролдар (бейтарап майлар, глицеридтер) ең көп тараған липидтер. Бұл қосылыстар глицериннің күрделі эфирлері мен май қышқылдарынан тұрады. Егер глицеринде бір гидроксил тобы этерификацияланса (күрделі эфир мен май қышқылдарының қосылу реакциясы - этерификация деп аталады) - моноацилглицерол, екі -ОН тобы қосылса - диацилглицерол, үш - ОН тобы қосылса - триацилглицерол түзіледі.

Табиғатта триацилглицеролдар жиі кездеседі. Аталған қосылыстар құрамында ионды топтар болмағандықтан, олар бейтарап липидтерге жатады.

Егер үш май қышқылыдары бірдей болса, онда липидтерді жәй деп, ал әр түрлі май қышқылдарынан тұратын липидтерді аралас майлар деп атайды.

Липидтердің құрамына кіретін май қышқылдары олардың физикалық - химиялық қасиеттерін анықтайды.

Майлар көбінесе 12-20 көміртегі атомынан тұратын монокарбонды қышқылдарды түзеді.

Қаныққан май қышқылдары

С атомының саны
Тривиалды атауы
Систематикалық атауы
формуласы
С атомының саны: 6
Тривиалды атауы: Капрон қышқылы
Систематикалық атауы: Гексан
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 4 - COOH
С атомының саны: 8
Тривиалды атауы: Каприл қышқылы
Систематикалық атауы: Октан
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 6 - COOH
С атомының саны: 10
Тривиалды атауы: Каприн қышқылы
Систематикалық атауы: Декан
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 8 - COOH
С атомының саны: 12
Тривиалды атауы: Лаурин қышқылы
Систематикалық атауы: Додекан
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 10 - COOH
С атомының саны: 14
Тривиалды атауы: Миристин қышқылы
Систематикалық атауы: Тетрадекан
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 12 - COOH
С атомының саны: 16
Тривиалды атауы: Пальмитин қышқылы
Систематикалық атауы: Гексадекан
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 14 - COOH
С атомының саны: 18
Тривиалды атауы: Стеарин қышқылы
Систематикалық атауы: Октадекан
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 16 - COOH
С атомының саны: 20
Тривиалды атауы: рахин қышқылы
Систематикалық атауы: Эйкозан
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 18 - COOH
С атомының саны: 22
Тривиалды атауы: Беген қышқылы
Систематикалық атауы: Докозан
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 20 - COOH
С атомының саны: 24
Тривиалды атауы: Лигноцерин қышқылы
Систематикалық атауы: Тетракозан
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 22 - COOH

Моноқанықпаған май қышқылдары

С атомының саны
Тривиалды атауы
Систематикалық атауы
формуласы
С атомының саны: 16
Тривиалды атауы: Пальмитолеин қышқылы
Систематикалық атауы: цис -9-гексадецен
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 5 - CH =CH - (CH 2 ) 7 -COOH
С атомының саны: 18
Тривиалды атауы: Олеин қышқылы
Систематикалық атауы: цис -9-октадецен
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 7 - CH= CH - (CH 2 ) 7 - COOH
С атомының саны: 22
Тривиалды атауы: Эрук қышқылы
Систематикалық атауы: цис-13-докозен
формуласы: CH 3 - (CH 2 ) 7 -CH = CH - (CH 2 ) 11 - COOH
С атомының саны: 24
Тривиалды атауы: Нервон қышқылы
Систематикалық атауы: цис -15-тетракозен
формуласы: CH 3 -(CH 2 ) 7 - CH =CH - (CH 2 ) 13 - COOH

Полиқанықпаған май қышқылдары

С атомының саны
Тривиалды атауы
Систематикалық атауы
формуласы
С атомының саны: 18
Тривиалды атауы:

Линол

қышқылы

Систематикалық атауы: цис, цис-9, 12-октадекадиен
формуласы: СН 3 (СН 2 ) 3 -(СН 2 -СН=СН) 2 -(СН 2 ) 7 -СООН
С атомының саны: 18
Тривиалды атауы: Линолен қышқылы
Систематикалық атауы: цис, цис, цис-6, 9, 12-октадекатриен
формуласы: СН 3 -(СН 2 ) -(СН 2 -СН=СН) 3 -(СН 2 ) 6 -СООН
С атомының саны: 20
Тривиалды атауы:

Арахидон

қышқылы

Систематикалық атауы: цис-5, 8, 11, 14-эйкозотетраен
формуласы: СН 3 -(СН 2 ) 4 -(СН=СН-СН 2 ) 4 -(СН 2 ) 2 -СООН

Көмірсутек тізбегінде полярсыз С=С және С=Н байланыстарының болуы липидтерге полярсыздық сипат береді. Жоғары май қышқылдарының полярсыздығы липидтерге гидрофобтық қасиет береді, олардың суда нашар еруін, және биомембранада ерекше жиналуын қамтамасыз етеді.

Май құрамында неғұрлым қысқа тізбектер немесе қанықпаған қышқылдар көп болса, соғұрлым еру температурасы төмен, ерігіштігі жоғары болып табылады. Жануарлар майы қаныққан майлардың көп мөлшерінен тұрады, сондықтан олар қатты болып келеді. Өсімдік майларының құрамы қанықпаған қышқылдардан тұратындықтан -сұйық болады.

Майды сипаттау үшін келесі тұрақты (констант) санын немесе май санын қолданады:

Қышқыл саны -1 г майдың құрамындағы бос май қышқылдарын бейтараптау үшін қажет КОН (мг) салмағы.

Сабындау саны - бейтарап липидтерді гидролиздеуге қажетті (сабындану) және 1 г майдың құрамындағы барлық май қышқылдарын (соның ішінде бос май қышқылдарын) бейтараптауға қажетті КОН (мг) салмағы. Неғұрлым сабындану саны жоғары болса, майдың құрамына соғұрлым төмен молекулалы қышқылдары кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зертханалық жұмыс №2: Химиялық байланыстардың түрлері мен қасиеттері және комплексті қосылыстардың құрылымы мен реакциялары
Керосиннің құрамы, физико-химиялық қасиеттері және зертханалық анықтау әдістері
Конденсирленген бензол сақиналары бар көп ядролы қосылыстар (нафталин): жіктелуі, құрылымы, физико-химиялық қасиеттері және химиялық реакциялары
Метилметакрилаттың құрылысы, физико-химиялық қасиеттері, өндірісі және полимерлік құрылымы
Биологиялық мембрананың құрылысы мен зерттеу физико-химиялық әдістері
Жоғары молекулалық қосылыстардың құрылысы, физико-химиялық қасиеттері және медицинада қолданылуы
Біратомды және көпатомды спирттер: құрылымы, физико-химиялық қасиеттері, реакциялары мен қолданылуы, метанолдың өнеркәсіптік синтезі
Тірі организмдегі липидтер: қызметі, химиялық құрамы және майлардың физико-химиялық қасиеттері
Катиондардың жүйелік сапалық талдауы: I-III аналитикалық топтардың реакциялары мен зертханалық әдістері
Йодтың физико-химиялық қасиеттері мен медициналық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz