Миокард инфарктісі және СЖЖ кезіндегі мейіргерлік көмек


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Миокард инфарктісі және СЖЖ кезіндегі мейіргерлік көмек

Жоспар:

Кіріспе:

-Миокард инфарктісі

Негізгі бөлім:

-Симптомдары

-Диагностикасы

-Асқынулары

-Емі

Қорытынды:

Пайдаланылған әдебиеттер:

Миокард инфаркті - жүректің ишемиялық аурударының бір түрі. Жүрек бұлшықеттеріне қан жетіспей, қанжетпеген орында физиологиялық процесстер бұзылып, бұлшықеттердің өлуі. Миокард инфаркті - тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы. Миокард инфарктісімен сырқаттанатын науқастардың саны 1000 адамға шаққанда 2, 87 - 3, 08% - ын құрайды. ЖИА -ның бұл түрі көбіне 40-тан асқан шақта дамиды және 50-56 жас аралығында бұл аурумен сырқаттану едәуір жиілейді. Ер адамдар әйелдерден 5-2 есе жиі ауырады. Миокард инфаркті - жүрек ауруының өте жиі кездесетін түрі. Бұл жүрек қантамырларының бір бөлігінің ұйыған қанмен бітелуі не кенеттен түйілуі салдарынан жүрек бұлшықетінің, тінінің бір бөлігінің өлуі. Жүрек қантамырларының кенет тарылуы, не склероз болып өзгерген тамырлардың тығындалуы, оны қоршаған қылтамырлардың шамасының келмеуі осындай қайғыға әкеліп соғады. Бұл неліктен болатын жағдай? Оған итермелейтін күш көп. Мәселен, көптен елемей келген канның қысымы, қанның ұюының жоғарылауы, ашу-ыза, реніш, қатты назалану, шамадан тыс ауыр жұмыс, алкоголь мен никотин улары. Инфаркт өзінің зақымданған шеңберіне, бүлінген тамырдың кеңдігіне, арнасына қарай әртүрлі болады. Миокард инфаркті- жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан онда өлі еттену (некроз) ошағының пайда болуы. Миокард инфарктысының пайда болуына атероскларозбен зақымданған тәждік артерия қан тамырларының қуысының тарылуы себепші болады. Сонымен бірге зақымданған қан тамыр аймағындағы атеросклероздық процеске тромбоз (тамырдың бітеліп қалуы) қосылады да, нәтижесінде жүрек бұлшық етінің осы бөлігіне қанның келуі толығымен не ішінара тоқталады. Ал тромбының пайда болуы қанның ұю процесінің бұзылуына әкеліп соғады. Бұл жағдай осындай ауруларда жиі байқалады. Миокард инфарктысына қан қысымы ауруы, қант диабеті психикалық күйзеліс, семіздік, көп шылым шегу, т. б. әсер етеді. Бұл аурумен 40 - 60 жастағы ер адамдар жиі ауырады. Миокард инфарктысының негізгі белгісі: жүрек тұсы немесе төстің (кеуденің) асты шаншып ұзақ ауырады. Бұл жүрек бұлшық еті бөлігінің қанды өте аз алуына байланысты қоректік заттар мен оттектің жетіспеушілігінен пайда болады. Әдетте қысып, қызып, күйіп-жанып, батып, керіп ауырады. Аурудың әсері сол қолға, сол жақ жауырынның астына тарайды, кейде адамның бүкіл кеудесі шаншиды. Стенокардиядан айырмашылығы ауырсыну сезімі нитроглицеринді ішкеннен кейін де басылмайды. Әдетте ұстама 20 - 30 минуттан бірнеше сағатқа кейде тіпті бірнеше күнге созылады. Ауырған адам күрт әлсірейді, өлімнен қорқу сезімі, сондай-ақ, демікпе және жүрек қызметінің басқа да бұзылу көріністері байқалады. Науқастың тынысы тарылыпауа жетіспейді, лоқсиды, құсуы да мүмкін. Миокард инфарктысысымен ауырған адамға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетілуі керек. Дәрігер келгенше науқасты қозғалтпай, тыныштандырып, жатқызып қою керек. Жүректің ауырғанын баспаса да нитроглицеринді бірнеше рет ішкізу керек. Ауырсынуды жеңілдету үшін кеудеге қыша қағаз қою, аяққа жылытқыш (грелка) басу, қолды жылыту әрекеттерін жасау керек. Миокард инфарктысымен ауырған адам тек ауруханада емделеді. Ауруханадан шыққаннан кейін де дәрігердің бақылауында, диспансерлік есепте тұрады. Ішетін тамақ витаминге бай, бірақ калориясы жағынан шектеулі болуға тиіс. Емдік гимнастикамен айналысуы керек. Миокард инфарктысымен ауырған адам күш түсетін, жүйкені шаршататын, түнгі сменада, ыстық цехтарда, т. б. ауыр жұмыстар істеуге болмайды.

Этиологиясы:

1. Коронар артерияларының атеросклерозы

2. Хирургиялық обтурация

3. Коронар артерияларының эмболиясы

4. Коронар артерияларының түйілуі

Симптомдар :

  • Кеуде тұста ауырсынудың ұзақ және интенсивті болуы
  • Асқазанның жағымсыз ауруы, іштің ауырсынуы
  • Жүрек соғысының бұзылуы
  • Тыныс алудың қиындауы
  • Үрейлік сезім
  • Суық тер
  • Бас ауру
  • Бас айналу, ентігу, әлсіздік және есінен тану

Себептері:

  • Темекі шегу
  • Артық салмақ, майбасу
  • Аз қимыл-қозғалыс (гиподинамия)
  • Жүрек қан-тамыр ауруларына генетикалық бейімділік
  • Жоғары артериалды қысым (гипертония)
  • Қант диабеті
  • Сапасыз тағамдарды пайдалану
  • Қанның құрамында холестериннің жоғары болуы
  • Қатты уайымға түсу, стресс
  • Ағзаның артық күш жұмсауы

Ауру асқынғанда:

  • Уақытылы көрсетілмеген медициналық көмекте инфаркт салдары төмендегі ауруға әкеледі:
  • Аритмия (жүрек соғысының бұзылуы)
  • Өткір жүрек жетіспеушілігі
  • Ішкі ағзаларда қанның ұйып қалуы (бұл инсультке, өкпенің қабынуына, ішек некрозына және т. б. әкеп соғады)
  • Кардиогенді шок
  • Жүрек аневризмі (қан тамырларының кеңеюі)
  • Инфарктан кейінгі синдром (буын аурулары, перикардит, өкпе қабынуы)
  • Өлім

Диагностика:

  • Ауырсыну синлромын анықтау
  • Электрокардиография
  • Жүректі Узд арқылы тексеру (эхокардиография)
  • Коронарлы тамырларды ангиография арқылы тексеру
  • Сцинтиграфия
  • Қанның биохимиялық талдауы

Емі:

- ауырсыну синдромын тоқтату: нитроглицерин пероралды спрей, немесе сублингвалды таблетка түрінде қолданылады;
- морфин 4-6 мг көктамырға жіберіледі, қажет жағдайда қосымша әр 5 минутта 4 мг-нан 1-3 рет салынады. Осы препаратқа альтернативті дәрі оксидон 3-5 мг көктамырға жіберіледі;
- қандағы оксигенация жетімсіздігіне оттегі ингаляциясы қолданылады;
- ауырсыну синдромын азайту мақсатында бета - адреноблокаторлар көктамырға жіберіледі;
- ацетилсалицил қышқылын 250 мг шайнату керек;
- гепарин көктамырға жіберіледі;
- миокард инфаркті жүрек шамасыздығына әкелген жағдайда ангиотензин түзуші ферменттердің ингибиторлары беріледі

Инфарктінің алғашқы симптомдарын пайда болған жағдайда жылдам жедел-жәрдемді шақыру керек!

Инфарктіден соң тез оңалу үшін келесі міндеттемелерді жасау керек:

  1. Ауыр нәрсе көтермеу
  2. Емдік дене шынықтырумен айналысу. Мысалы, жүру.
  3. Зиянды әдеттерден арылу (темекі, ішімдік, кофе)
  4. Арнайы диета ұстау. Тұзды, майлы тағамдарды рационнан алып тастау.
  5. Төсек қатынасына тек дәрігермен кеііесіп барып түсу.

Профилактика

  • Артериалды қысымды қадағалау
  • Қанның құрамындағы қант деңгейін қадағалау
  • Күннің астында ұзақ уақыт қалып кетпеу
  • Зиянды тағамдардан бас тарту. Дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдарды пайдалану.
  • Мүмкіндігінше көп қимылдау. Жүру, билеу, велосипед тебу және т. б.
  • Темекі, ішімдік, кофеден, энергия беретін сусындардан бас тарту.
  • Бойдағы салмақты қадғалау. Артық салмақтан арылу.
  • Созылмалы жүрек қан-тамырларының ауруларын қадағалау, уақыты ем-дом қабылдау.
  • Жылына бір рет теңізде немесе тауда демалу.

Созылмалы жүрек жетіспеушілі кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру

I этап. Медбикелік тексер .

Жалпы тәжірибелік мейірбике науқастың әлеуметтік жағдайларын зерттейді. Аурухана медбикесі науқастың туыстарынан олар туралы сұрайды. Пациенттерді күтуге, медициналық тамақтануға, су режиміне, таза ауаны пайдалануға және т. б. байланысты мәселелерді анықтау маңызды, мейірбике пациентке оның ауруы, жағдайы және дәрігер ұсынған дәрі-дәрмектерді қолдану туралы қалай хабардар болатынын біледі.

Медбике науқасты тексерген кезде науқастың төсектегі қалпына (көтеріңкі), терінің түсіне (бозару, цианоз), тыныс алу түріне (инспираторлық, аралас ентігу, жөтел), іш қуысына (ұлғаю - асцит), төменгі аяқ-қолдарға (ісінуге), беліне, еркектерде ұмасына, әйелдерде жыныс еріндеріне (анасарка, ісінуі), физиологиялық бөліністеріне (олигурия) назар аударады. Медбике қан қысымын өлшейді (гипотония немесе гипертония), пульсті тексереді (тахикардия, толықтығы әлсіз және кернеулігі жоғары) .

II этап. Пациент проблемаларын анықтау

  • қалыпты тыныс алу қажеттілігінің бұзылуы - кіші қанайналым шеңберінде қанның іркілуінен демікпе, жөтелдің болуы;
  • физиологиялық бөлінулердегі қажеттіліктің бұзылуы - үлкен қанайналым шеңберінде қан іркілуінен ісіктердің (анасарка, асцит), іш қатпасының болуы;
  • қозғалыста қажеттіліктің бұзылуы - ауруға байланысты гипокинезияның болуы (демікпенің күшеюі, физикалық күш түсуден ісіктердің көбеюі) ;
  • төсек тәртібі қажет болуына байланысты пациентте қарым-қатынас дефициты болады.

III этап. Медбикелік араласуларды жоспарлау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артериялық гипертония жаһандық мәселе
Жедел жүрек жетіпеушілігі ауруын емдеу және күту
Миокард инфаркті
Гипертониялық ауру кезіндегі мейірбикелік күтім
Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерді медициналық оңалтудың заманауи тәсілдер
Жүректің ишемиялық ауруы ауруының теориялық негіздері
Жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия ауру тарихы
Инсульттан кейінгі оңалту түрлері
Ишемиялық жүрек ауруының теориялық негіздері
Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz