Стандартты ерітінділер. Стандартты ерітінділердің дайындалу және араластыру ерекшеліктері


Реферат
Тақырыбы:Стандартты ерітінділер. Стандартты ерітінділердің дайындалу және араластыру ерекшеліктері.
Жоспары:
I. Кірісіпе
II. Негізгі бөлім
1. Стандартты ерітінділер
2. Стандартты ерітінділердің дайындалу және араластыру ерекшеліктері
3. Стандартты ерітінділерді сұйылту
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Стандартты ерітінділер - дәрілік заттардың ССРО МФ-дағы сәйкес мақалаларында көрсетілген белгілі концентрациядағы (қышқыл, сілті, тұз, формальдегид және басқалар) стандартты фармакопеялық сұйықтықтар. Стандартты сұйықтықтар өндіріс жағдайларында дайындалады.
Стандартты ерітінділердің қатаң түрде белгіленген концентрациясы бар. Рецептерде олар басқа концентрацияларда жазылуы мүмкін. Стандартты ерітінділер сумен жақсы араласады, сондықтан, стандартты сұйықтықтарды сумен сұйылтады.
Стандартты фармакопеялық сұйықтықтардан дәрілік түрлер дайындау тікелей босатылатын құтыда жүргізіледі және қажет болған жағдайда ерітіндіні сүзеді. Стандартты фармакопеялық сұйықтықтарды шартты түрде 3 топқа бөледі:
1-ші топ. Хлорсутек қышқылының екі фармакопеялық ерітіндісі
1) Таза хлорсутек қышқылы
Acidum hydrocloricum purum 24. 8-25. 2%
(ССРО МФ Х басылымының 17 мақаласы) .
2) Сұйылтылған хлорсутек қышқылы
Acidum hydrocloricum dilutum 8. 2-8. 4%
(ССРО МФ Х басылымының 18 мақаласы) .
2-ші топ. 1) Аммиак ерітіндісі
Liquor Ammonii caustici seu
Ammonium caustici solutum 9. 5-10. 5%
(ССРО МФ IX басылымының 464 мақаласы) .
2) Концентрлі сірке қышқылы
Acidum aceticum 98%
Сұйылтылған сірке қышқылы
Acidum aceticum dilutum 30%
3-ші топ. Бұл топқа шартты және химиялық атаулары бар стандартты сұйықтықтар жатады. Аталуына байланысты бұл ерітінділердің дайындалу технологиясы ерекшеленеді.
Екі атауы бар стандартты сұйықтықтар
1. Liquor Burovi
Буров сұйықтығы
Solutio Aluminii subacetatis 7. 6-9. 2%
Алюминийдің негізгі ацетатының ерітіндісі 7, 6-9, 2% (8%)
2. Liquor Kalii acetates
Калий ацетатының сұйықтығы
3. Perhydrolum
Пергидроль
Solutions Hydrogenii perexydi concentrata 27. 5-30. 1% (30%)
Сутек асқын тотығының концентрлі ерітіндісі 27. 5-30. 1% (30%) Solutions Hydrogenii perexydi dilutum 2. 7-3. 0%
Solutio Formaldehydum 36. 5-37. 5%(37%)
Формальдегид ерітіндісі 36, 5-37, 5% (37%)
Стандартты ерітінділерді сұйылту
Бірінші топтағы стандартты сұйықтықтарды сұйылту. Хлорсутек қышқылының ерітінділерін асқазан сөлі жетіспеген кезде тамшы немесе микстура түрінде ішке қолдануға белгілейді. Егер жазылымда хлорсутек қышқылының концентрациясы көрсетілмесе, онда ССРО МФ-да көрсетілгендей, Acidum hydrocloricum dilиtum 8. 3% (сұйылтылған) босатылады.
Rp; Acidi hydroclorici 3 ml
Aquae purificatae 200 ml
Misce. Da. Signa. 25 тамшыдан 1/4 стакан суға қосып, ас алдында ішу үшін
Рецепте хлорсутек қышқылының концентрациясы көрсетілмеген, сондықтан 8, 2-8, 4% хлорсутек қышқылы алынады.
Хлорсутек қышқылы күшті әсер ететін зат, сондықтан оның дозасы тексеріледі: Ерітіндінің жалпы көлемі: Vж. =200+3=203
1 мл - 20 тамшы
х - 25 тамшы х=1, 25 мл
Жалпы көлемді бір рет қабылдау көлеміне бөліп 203:1, 25=162 жалпы қабылдау саны анықталады.
Сонан соң хлорсутек қышқылының барлық мөлшері жалпы қабылдау санына бөлініп, ЖРД және ЖТД анықталады.
Рецепт бойынша: ССРО МФ Х бойынша
ЖРД: 3:162=0, 019 мл, 1, 5мл,
ЖТД: 0, 019 х 3=0, 057мл 4, 5мл.
Сонымен дозасы аспаған.
Б. П. №1
Aquae purificatae 200 ml
Acidi hydroclorici diluti 8. 3%-3 ml
Vж. =203 ml
Дәріханада 8, 3% хлорсутек қышқылының 1:10 қатынасындағы сумен сұйылтылған (10 есе), ерітіндісі қолданылады, сонда тұз қышқылы ерітіндісі: 3 х 10=30ml (1:10), судың көлемі Vсу=203-30=173ml
Б. П. №2
Aquae purificatae 173 ml
Solutionis Acidi hydroclorici diluti (1:10) -30ml
Vж. =203ml
Технологиясы: Босататын құтыға N 1 бақылау паспорты бойынша 200 мл (173 мл N 2 бақылау паспорты бойынша) тазартылған су және 3 мл концентрациясы 8, 3% (30мл 1:10 N 2 бақылау паспорты бойынша) хлорсутек қышқылының ерітіндісін өлшеп құйып, араластырып, тығындап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткасы «Балалардан сақта». Қажет болған жағдайда ерітіндіні сүзеді.
Екінші топтағы стандартты сұйықтықтарды дайындау технологиясы. Бірінші топтан ерекшелігі: екінші топтың стандартты сұйықтықтарын дайындау ерітіндінің қолданылу тәсілне байланыссыз, есептеу кезінде әсер етуші заттардың нақты концентрациясын ескереді.
Есептеу сұйылту теңдеуі бойынша жүргізіледі:
х=V а /в немесе Х=V C1/С2
Мұндағы: Х - стандартты сұйықтықтардың көлемі, мл;
V - дайындалатын ерітіндінің көлемі, мл;
в немесе С1 - ерітіндінің қажетті концентрациясы, %;
а немесе С2 - стандартты сұйықтықтың нақты концентрациясы, %.
Rp: Solutionis Acidi acetici 3%-200ml
Da. . Signa. Таңуға
Сірке қышқылының екі препараты бар - 30% - сұйылтылған және98% - концентрлі. Рецепте берілген дәріні 30% және 98%-дық ерітіндіден дайындауға болады:
х=200 3%/30%=20мл(30%) ; х=200 3%/98%=6, 1мл(98%)
Сонда, Vсу=200-20=180мл; Vсу=200-6, 1= 193, 9мл
Б. П. №1 Б. П. №2
Aquae purificatae 180 ml Aquae purificatae 194 ml
Acidi acetici dilute 30%-20ml Acidi acetici 98%-6ml
Vж. = 200ml Vж. = 200ml
Технологиясы: Босататын құтыға 180 мл (немесе 194 мл) тазартылған су және 20 мл 30% (немесе 6 мл 98%) сірке қышқылының ерітіндісін өлшеп құйып, араластырады, қажет болған жағдайда сүзеді. Тығындап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка: «Сырт тәнге», ескерту этикеткасы «Балалардан сақта».
Үшінші топтағы стандартты сұйықтықтарды дайындау технологиясы. Бұл стандартты сұйықтықтардың екі атауы болғандықтан, рецепте шартты немесе химиялық атауымен жазылуы мүмкін.
Егер ерітінді шартты атауымен жазылса (Буров сұйықтығы, калий ацетаты сұйықтығы, пергидроль, формалин), онда стандартты сұйықтықтарды бір бірлікке (100%) тең деп алады.
Rp: Solutionis Liquoris Kalii acetatis 20%-120ml
Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 3 рет
Есептеу: 20-100
х-120 х - 24мл (34%)
Vсу=120-24=96мл
Б. П.
Aquae purificatae - 96ml
Liquoris Kalii acetates (34%) -24ml
Vж. =120 ml
Технологиясы: Босататын құтыға 96 мл тазартылған су және 24 мл калий ацетатының 34%-дық сұйықтығын өлшеп алып, араластырады. Тығындап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «ішке», ескерту этикеткасы «Балалардан сақта».
Егер рецепте ерітінді химиялық атауымен берілсе (алюминий негізгі ацетатының ерітіндісі, сутек асқын тотығы, формальдегид), онда есептеу кезінде стандартты сұйықтықтардағы әсер етуші заттардың нақты концентрациясын ескереді. Есептеуді сұйылту теңдеуі бойынша жүргізеді.
Rp:Solutionis Kalii acetatis 10% - 150ml
Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 2 рет
Есептеу: х=150 10%/34%=44, 1мл (34%)
Vсу=150-44, 1=105, 9мл≈106мл
Б. П.
Aquae purificatae - 106 ml
Solutionis Kalii acetatis 34% - 44. 1ml
Vж. =150 ml
Технологиясы: Босататын құтыға 106 мл тазартылған су және 44, 1 мл калий ацетатының 34%-дық ерітіндісін қосып, араластырады. Тығындап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Ішке», ескерту этикеткасы «Балалардан сақта».
Сутек асқын тотығы стандартты ерітінді түрінде екі концентрацияда қолоданылады:
а) Solutio Hydrogenii peroxydi concentrata 27. 5-30. 1% (30%) seu
Perhydrolum;
Сутек асқын тотығының концентрлі ерітіндісі 27, 5-30, 1%(30%) немесе пергидроль:
б) ) Solutio Hydrogenii peroxydi dilutum 2. 7-3. 0%(3%) ;
Сутек асқын тотығының сұйылтылған ерітіндісі 2. 7-3. 0%(3%) ;
Егер рецепте сутек асқын тотығының концентрациясы көрсетілмесе, онда сұйылтылған сутек асқын тотығының 3%-дық ерітіндісі босатылады.
Rp: Solutionis Hydrogenii peroxydi dilutum 30 ml
Da. Signa. Жарты стакан суға 20 тамшыдан шаюға
Б. П.
Solutionis Hydrogenii peroxydi dilutum 3%-30 ml
Vж=30 ml
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz