Мультимедиялық технология бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейту құралы ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Айтмаханбетова Аида Калыбайкызы

Тобы: Фи 16-10k1

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., доцент Джетписбаева С. У.

Тақырыбы: Мультимедиялық технология бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейту құралы ретінде

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған ел ретінде дербес танылуы Отандық білім берудің алдында жаңа міндеттер мен талаптар қойып отырғаны белгілі. Қай кезде болмасын ізгі мақсаттарға, асыл мұраттарға жету ізденістер мен шығармашылық әрекеттер және мультимедиалық технологияларды тәжірибеде тиімді пайдалануға да тікелей байланысты болмақ.

Педагогикалық зерттеулердің кез-келгені дидактикалық принциптердің жүзеге асуының тиімді жолдарын қарастырады. Педагогика ғылымы қалыптасып, дидактикалық принциптер анықталған соң ХХ ғасырға дейін барлық зерттеулер дидактиканың тек оқыту мен тәрбиелеу принциптерін жүзеге асыру жолдарын қарастырды десек қателеспейміз. Ал дамытушылық принципті жүзеге асыру жолдары жан-жақты қамтылмады. Ғылымның, оның ішінде педагогика ғылымының дамуының жаңа кезеңінде мультимедиалық бағыттар көрініс тауып отыр. Соған байланысты оқу-зерттеу іс-әрекетінің беретін нәтижелерін ескере отырып, біз осы әрекет дидактиканың дамыту принциптерін жүзеге асырудың бір жолы ретінде қарастырып отырмыз.

Бастауыш сыныпта мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы мұғалімнің шығармашылығын дамыту ерекшеліктерін қарастыра отырып, осы іс-әрекеттің жүзеге асуына ықпал ететін факторлардың бірі ретінде танылған тұлға - мұғалімге қатысты бірқатар талаптар мен мәселелерді ашу міндетімен қатар олардың бұл жұмысты жүргізуге байланысты дайындығы және шығармашылығы қандай дәрежеде болу керек деген сұрақтың шешімін табу кезек күттірмейтін мәселе деп ойлаймыз. Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені, адамның қоғамдағы алатын орны, атқаратын қызметі, сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныпта бiлiм беру үдерісінде мұғалімдердің мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы кәсіби құзіреттілігін жетілдіру мүмкіндіктерін әдістемелік тұрғыдан негіздеу.

Зерттеудің мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылды.

  1. Бастауыш сыныпта мұғалімлерінің шығармашылығын дамыту бағыттарын айқындау;
  2. Бастауыш сыныпта мультимедиалық технологияларды пайдалану ерекшеліктерін сипаттау;
  3. Бастауыш сыныпта бiлiм беру үдерісінде мұғалімдердің мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы кәсіби құзіреттілігін жетілдіру мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбиелеу үрдісі

Зерттеудің жаңалығы:

- Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейтуде мультимедиялық технология пайдалану бағыттары айқындалды;

  • Бастауыш сыныпта білім мазмұнын жаңартуда мультимедиалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері анықталды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Бастауыш сынып бiлiм беру үдерісінде мұғалімдердің мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы кәсіби құзіреттілігін жетілдіру мен шығармашылығын дамыту тұрғысында жасалған әдістемелік ұсыныстар Бастауыш мектепмекеме мұғалімлеріне әдістемелік тұрғыдан пайдалы.

Қарастырылып отырған ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау Бастауыш сыныпта білім мазмұнын жаңартуда мультимедиалық технологияларды пайдалану өзіміз көріп отырғандай балалардан үлкен жауапкершілік пен өз бетімен жұмыс істеуге деген құлшынысты талап етеді. Алайда, қазіргі уақытқа дейін балалар әрдайым мұғалімнің жетегімен оқу-білімді игеріп келді. Сонымен қатар олар оқу-зерттеу жұмысының не екендігі, ол қалай жүзеге асатындығына арнайы назар аудармады десек қателеспейміз. Осыған байланысты оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру көп уақыт пен қажырлы еңбекті, әрине үлкен шығармашылықты талап етеді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі таным, білім, жеке тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасын арттыру теориялары құрайды.

Зерттеу базасы : № 80 мектеп-лицей, Шымкент қ.


1 Бастауыш сыныпта мульти медиалық технологияларды пайдалану арқылы мұғалімдердің шығармашылығын дамыту бағыттары

1. 1 Бастауыш мектепұйым мұғалімлерінің шығармашылығын дамыту бағыттары

Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы» заңында білім беру саласының ең негізі талабы: кең дүниетанымдық көзқарас, толық құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға қалыптастыру [1] . Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Әсіресе, білім саласында қызмет ететін адамдар, оның ішінде мұғалімлер шығармашылықпен жұмыс жасай білулері керек деген талап қояды.

Адамның шығармашылығы - нәтижесінде қандайда бір жаңа, қайталанбайтын ерекше туынды беретін әрекет. Ал педагогикалық шығармашылық - педагогтің оқу-тәрбие мәселелерін жоғары тапқырлықпен, ерекше тиімділікпен шешуі және оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасының толығуына үлес қосуы. Бұл мұғалімлерден өте жоғары тапқырлықты, шеберлікті, білімнің жан-жақтылығын, педагогикалық қызметке деген үлкен ынтаны талап етеді.

«Шығармашылық» сөзінің шығу төркінін психолог Л. C. Выготский бойынша «шығу», «ойлап табу» және ол жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіреді [2] .

Педагогтардың шығармашылық қабілеттеріне қатысты зерттеулер жүргізіп, еңбектер жазған зерттеушілер: И. Г. Песталоции, А. Дистерверг, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко, И. К. Журавлев, В. И. Загвязинский және т. б. [3, 4, 5, 6, 7, 8, 9] . Аталған зерттеушілердің еңбектерінде педагогикалық үдеріске қатысушылардың шығармашылық жұмысына байланысты ойлар айтылған. Осыған байланысты В. С. Леднев: Педагогикалық шығармашылық объектісі - тірі адам, бала немесе тәрбиеленуші. Бұл шығармашылықтың басқа түрінде кездеспейтін, қайталанбас жағдай туғызады. Шын мәнінде мұнда бір адам өзінің жеке, азаматтық тәжірибесіне сүйене отырып, басқа адамды өзгертеді-дейді. Сонымен қатар педагогикалық шығармашылыққа төмендегідей анықтама береді: педагогикалық шығармашылық - педагогикалық үдерістің ең басты шарттарының бірі, мұғалімнің қызметіндегі объективті кәсіби қажеттілік.

Ал В. В. Давыдовтың тәжірибесінде педагогикалық шығармашылықтың құрылымы жалпы адам шығармашылығының логикасы арқылы анықталады:

а) ойдың, проблеманың пайда болуы;

ә) мақсаттарды ойластыру, сезіне білу;

б) бақылаудың қорытындыларын жинақтау;

в) қойылған мақсаттарды шешудің тиімді жолдарын анықтау;

г) шығармашылық үдерістің нәтижесі және бағасы [11] . Егер бұл құрылымды педагогикалық шығармашылық құрылымына келтіретін болсақ, онда: а) мұғалімнің оны алдын-ала сезінуін, күрделілігін бағалауын қажет ететін оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері қойылады. ә) аталған мәселелерге қатысты мақсаттарды айқындау қажеттілігі туындайды. б) объектіге бақылау жүргізіп, ол туралы ақпараттар жинақтау; в) мақсатты жүзеге асыруда пайдалануға болатын мүмкіндіктердің ең тиімдісі таңдалынып алыну; г) педагогикалық әсер етуге талдау жасалынып, ол сыни көзқараспен бағалану.

М. В. Кларкин осындағы мақсат қоя білуді маңызды деп санап: «Мақсат қоя білу - шығармашылықты жүзеге асырудың ең басты міндеті. Мақсатты анықтау педагогтің алдына педагогиканың көкжиегін алып келеді» - деп жалпы мақсаттардың ішінен негізігісін анықтау керектігін көрсетеді [12] .

Өз кезегінде Марев И. Н. нағыз педагогті дайындап, тәрбиелеп шығаруға болады деген жалпыға ортақ пікірмен келіспейді. Оның ойынша, нағыз педагог-өзі дамытып отыратын адам [13] . Сондай-ақ, мұғалімнің қызметіндегі жағымды және жағымсыз жақтарды аша отырып, оның шығармашылықпен жұмыс жасай алуын, сондай мүмкіндіктің болуын оң позитивтер қатарынан көрсетеді. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің жалпы құрылымында кәсіби дағдылардан кейін шығармашылықпен жұмыс жасай алу тәжірибесі орын алады. Автордың айтуынша мұғалімнің кәсіби дайындығы, білімі мен біліктері оқу үдерісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады. Шығармашылық біліктер төмендегідей мүмкіндіктерді қамтиды:

-мұғалімнің өз бетімен педагогикалық міндеттерді шеше білуі;

-балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта алатын педагогикалық мақсаттар қойып, оны шешеуде балаларды қызықтыруы;

-оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда оқытудың дәстүрлі әдістерінен басқа әдістерді кеңінен әрі үлкен шеберлікпен пайдалана білуі маңызды деп көрсетеді.

Мұғалімнің шығармашылығының дамуына жоғарыда аталған мүмкіндіктермен қатар И. Н. Марев өз еңбегінде олардың тәжірибесін атап өткен жөн деп есептейді. Өз іс-әрекетінде жаңа жолдар мен әдістер іздеуіне оның тәжірибесі көп мүмкіндіктер туғызады және педагогикалық тәжірибе кәсіби білім, біліктер мен дағдылар сонымен қатар оқытуда тиімді нәтиже беретін әдеттерді қамтиды. Мұғалім өзінің кәсіби білімін тиімді, шебер әрі үлкен шығармашылықпен пайдалана алуы керек. Сондай-ақ, кәсіби білім және мұғалімнің тәжірибесі педагогикалық шығармашылықтың нәтижесінің тиісті дәрежеде болуына ықпал етеді. Мұғалімнің шығармашылығының жеткілікті дәрежеде көрініс табуы, тиісті нәтиже беруі мынадай факторларға байланысты. Олар: а) нақты мақсатқа бағытталған, бірізділікте құрылған, арнайы жүйемен байланысты, мұғалімнің объективті іс-әрекеті;

ә) мұғалімнің субъективті мүмкіндіктерімен байланысты. Түрткі, құзіреттілік, қабілеттері басты рөл атқарады.

б) кәсіби ортаның ұйымдастырылуына байланысты.

Ал нәтижесі төмен дәрежеде сипатталатын шығармашылық тек әкімшілік тарапынан берілген тапсырмалар, ережелерді жетекшілік ететін мұғалімдердің іс-әрекетінен байқалады. Өз қызметінде жеке мақсаттарын өзінің тәрбиеленушілерінің қызығушылықтарынан жоғары қойып, айналасындағыларды өзіне қаратуды көздейтін мұғалімнің жұмысында шығармашылық нәтиже болмайды [14] . Осыған байланысты әрбір мұғалім өзінің білімін, іскерлігін, дағдыларын тиісті талаптарға сай дамытып отыруы керек. Ол білім саласындағы өзгерістерге, жаңаруларға жалпы қоғамның дамуына байланысты жүреді. Педагогтың білімін дамытып, шығармашылығын шыңдауы үлкен еңбек пен талапты қажет ететіні сөзсіз екендігін мойындай келе, шығармашылықты дамытудың төмендегідей кезеңдерін ұсынады:

Кәсіби даму - шығармашылықтың өте қарапайым түрі, мұғалімнің өзінің жіберген қателерін қайталамауға бағытталады.

Арнайы әдістемелік - мұғалімнің баршаға танымал әдістемелермен танысуы және өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, сол тәжірибелерді күнделікті іс-әрекетінде пайдалана алудағы шығармашылығы.

Жоспарлау- мұғалімнің әріптестерінің тәжірибесін пайдалана отырып, өзіндік жұмыс жасау жүйесін құрай алу шығармашылығы.

Оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру - тек жоспарлаумен шектелмейтін, тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді қағидаларын ескере отырып жүзеге асатын шығармашылық түрі.

Ғылыми ұйымдасқан іс-әрекет - шығармашылықтың дамуының ең жоғарғы деңгейі.

Педагогтің шығармашылығының бұл деңгейіне барлық мұғалім дерлік жете бермейді, осы дейгейге жетуді маңызды санап, осыған байланысты зерттеулер жүргізген ғалымдар: П. И. Пидкасистый, Б. И. Коротяев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин [15, 16, 17] және отандық зерттеушілер: М. Ж. Джадрина, Г. З. Байжасарова, А. А. Бейсенбаева [18, 19] және т. б. Олардың ойынша педагогтардың ғылыми-зерттеу жұмыстары тұтас педагогикалық үдерісті тиімді ұйымдастыруда маңызы зор. Сонымен қатар әр мұғалім осы іс-әрекет арқасында білімін толықтырып, қоғамдағы өзгерістер мен талаптарға сай қызмет атқара алады балалардың бойында шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру деңгейі біршама көтеріле түседі.

Мультимедиалық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етiп, оларды оқу процесiн жетiлдiру бағытында қолдану мәселелерiмен отандық ғалымдар: Д Ж. А. Караев., Ж. У. Кобдикова, Байшалова Ә., Бахишова С., Таубаева Ғ. З. [20, 21, 22, 23] т. б өз зерттеулерiнде қарастырған. Дегенмен, жоғарыда айтылған мәселелердiң барлығы бiлiм беру мазмұны сабақтастығын сақтауда мультимедиалық педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкiндiктерiн нақтылау қажеттiгiн айқындай түсуде. ғылыми ортада және тәжiрибелi мамандар арасында үзiлiссiз бiлiм берудiң әрбiр сатысындағы бiлiм мазмұнын жаңарту барысында мультимедиалық педагогикалық технологияларды пайдалану мәселесi де күн тәртiбiнен түспей үнемi талдану үстiнде.

Балабақша мен бастауыш мектептiң арасындағы бiлiм беру мазмұны сабақтастығының сақталмауының басты себептерi:

- iстiң жайының бiр-бiрiне байланыссыз "екi жақты" шешiлуi және олардың өзiндiк тұрғыдан жеке қарастырылуы;

- оқыту мен тәрбиелеу мазмұнының жиi қайталануы және олардың жас ерекшелiгiнiң нақты ескерiлмеуi;

- Бастауыш сынып ұйымдарда тәрбиешiлердiң, бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң арнаулы мамандар болмауы;

- кәсiби бiлiктiлiктің жеткiлiксiздiгi;

- "сабақтастық" ұғымын бiржақты түсiну;

- бiлiм беру тиiмдiлiгiн арттырудағы сабақтастық сақталуының маңызын жете сезiне алмау;

- екi жақты дамытушылық ортаның және материалдық базаның толық жабдықталмауы;

- ата-аналардың педагогикалық мақсаттылыққа сәйкес бала тәрбиесiне, бiлiм алуына ықпал ете алмауы, т. б обьективтi және субективтi факторлар ықпал етуде деп ой түйiндейдi.

Бұл кемшiлiктердi жоюдың жолдарын қарастырғанымызда балабақша, отбасы және мектептiң бiрлескен еңбегiнiң нәтижесiнде қол жеткiзуге болатындығы байқалды. Балабақша мен бастауыш сыныпта бiлiм мазмұны сабақтастығын қалыптастыруда баланы мектепке дайындауда осыған дейiн 6-7 жасты қамтыса, ендi 5-6 жасты толық қамтамасыз ету, оларға жағдай жасау қажеттiлiгi туындап отыр. Бiлiм мазмұны сабақтастығын айқындайтын негiзгi факторлардың бiрi - оның мазмұнына талдау жасау. Мұнда берiлетiн бiлiм мазмұнын саны жағынан көбейту емес, мазмұнды тереңдету, қарастырып отырған фактiлер мен құбылыстардың өзара заңдылығы мен байланыстылығын және сол байланыстың басты себеп-салдарларынан тек мағлұмат берiп қана қоймай негiзгi түсiнiктердi беруге көңiл бөлу қажет деп ойлаймыз.

Көптеген ғалымдар тарапынан сан түрлі бағытта сипатталған мұғалімнің, шығармашылық әрекет етуді талап ететін шарттарға негізделіп, олардың шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашады. Сондай жағдайда мұғалім тек қана оқу үдірісін тиісті дәрежеде ұйымдастыруды ғана меңгермей, сонымен қатар ғылымдағы жаңалықтардан қалыс қалмай, ұдайы білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Яғни, балалардың қарапайым ойын зерттеу іс-әрекеттерін қалыптастыруға лайық болады.

Ойымызды нақтылай түссек, Бастауыш сынып ұйымдарда мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы мұғалімнің шығармашылығын дамыту үшін шығармашылықтың ең жоғарғы деңгейде қалыптасуын қамтамасыз ету шарт. Өйткені мұғалім балалардың тәрбиелеу мен білім беру іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында: олардың шығармашылықпен дербес әрекет етуін, қарапайым тәжірибелер жасай білу әдістерімен таныстыру, олардың өздерін жетілдіруге жол ашу, өзін-өзі және құрбыластарын бағалай білу т. б күрделі мақсаттарды көздейді. Соған байланысты балаларды іс-әрекетке қызықтыра білу, олардың қызығушылықтары мен танымдық түрткілерін анықтау, өздеріне деген сенімділік тудыру сияқты міндетерді мұғалім тек қана педагогикалық іскерлік дағдылар мен өзінің шығармашылығының арқасында және ғылымының негізін игеруі арқылы жүзеге асырады.

Мұғалім шығармашылық ізденіс таныта отырып педагогикалық дағылар мен іскерліктерінің арқасында, ғылыми бағытта жұмыс жасай алуы - балалардың ойын-зерттеу іс-әрекеті ғылымның қарапайым логикасы мен зерттеу әдістері арқылы жүзеге асатындығына байланысты басты талаптардың бірі болып саналады. Мұғалім осы мәселелерді меңгеру мақсатында, балалардың қызығушылықтарын толық қанағаттандыру үшін жан-жақты білім жинауда ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыса алуы керек. Осы мәселеге қатысты А. В. Леонтович: балалардың оқу-зерттеу жұмыстарына жетекші мұғалімнің жоғары кәсіби педагогикалық дайындығының болуы, сонымен қатар ғалым ретінде ғылымның маңызын түсініп, біз жоғарыда атап өткен шығармашылықтың жоғарғы деңгейі болып саналатын ізденіс жұмыстарын жүргізе білуі маңызды деп санайды [24] . Бұл мәселе төмендегі кестеде қамтылған.

Сонымен қатар мұғалім тек осы мүмкіндіктерді игеруі тағы да жеткіліксіз, оған қоса, оларда төмендегідей тұлғалық қабілеттері болуы шарт: балаларға деген шексіз сүйіспеншілік, қарым-қатынас жасай алу, ізгілік, талап қоя білушілік, кеңпейілділік, әділеттілік, рухани байлық, адалдық, баламен тең дәржеде қарым-қатынас орната алушылық т. б.

Осыған байланысты И. Я. Лернер педагогтың іс-әрекеті оң нәтиже беруі үшін келесі ережелерді сақтағаны дұрыс дейді [25] :

  • осы жұмысты жүргізуге әрқашан шығармашылық тұрғысынан келіңіз;
  • қатал нұсқулар беруден аулақ болыңыз;
  • балалардың өз тарапынан шыққан ұсыныстарды қолдаңыз;
  • бағалауға асықпаңыз;
  • олар өздері жасай алатын немесе жасауға үйрене алатын нәрселерді олар үшін жасамаңыз т. б.

Оқу-зерттеу іс-әрекеттеріне жетекшілік жасау үшін төмендегі ережені сақтауы тиіс дейді:

  • баланы өз бетінше әрекет етуге үйрету;
  • нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару;
  • талқылау кезінде баға беруге асықпау.

Жоғарыда айтылған ойлардан біз төмендегідей қорытынды жасадық: мұғалім балалардың білім мазмұнын мңгертуде мультимедиалық технологияларды пайдалану барысында бұл үдерістің оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің айырмашылығын түсініп, қарым-қатынас жасауда «субъкт-объект» бағытында емес, «субъект-субъект» бағытын ұстануы маңызды. Яғни, баланы «әріптесі» ретінде қабылдап, тікелей нұсқаулар мен бұйрықтар беруден алшақ бола отырып, олардың өз ойын, пікірін, жасқанбай, қысылмай айтуын қадағалау, қарым-қатынаста демократиялық стилді басшылыққа алу. Мұғалімнің осындай әрекеті балалардың бойында өздеріне деген сенімділік, өздерін-өздері бағалай біліушілік, ойларын еркін жеткізу, жауапкершілік сияқты сезімдер мен қатар іс-әрекетке қызығушылықтарын арттырады.

Жалпы, педагогикалық шығармашылық нақты нұсқаулар мен ережелерге бағынбайды. Өйткені әр мұғалімнің шығармашылығы әр қырынан, әр бағытта көрінуі мүмкін. Алайда Бастауыш мектепжастағы балалардың іс-әрекетін қалыптастыру олардың шығармашылығын қалыптастыру түсінігімен бара бар болғандықтан, шығармашылық қабілетті тұлға тек шығармашылықпен жұмыс жасай алатын ұстаз еңбегінің нәтижесінде қалыптасады. Осыған байланысты В. И. Загвязинский: «шығармашылықтың үш дәрежесі бар дейді [8; 25] . Олар: жаңалақ ашу, жаңа зат ойлап табу (изобртение), бар нәрсені дамыту». Ал Бастауыш мектепжаста балалардың өз бойларындағы бар білімді дамытып, көптеген ізденістің нәтижесінде жеңіске жетеді, өздеріне әлемнің тылсым сырларын жаңалық ретінде ашып, таниды.

Бастауыш сыныптамультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылықты дамытуда төмендегідей мәселелерді ескеру қажет:

  • шығармашылық жұмыс жасау дегеніміз міндетті түрде жаңа нәрсе ойлап табу емес екендігін түсіну;
  • бар білімді, білікті тиімді жолдар арқылы дамыту. Соған байланысты педагогикалық іс-тәжірибелермен танысып, озығын таңдай алу;
  • осы мақсаттарды жүзеге асыруда ғылыми-зерттеу жүргізу;
  • оқыту мен тәрбиелеудің баланың жан-жақты дамуына бағытталып,
  • адамгершілік құндылықтардың қалыптасуын назардан тыс қалдырмау;
  • оқытудың мақсаттарын түгел шешуге бағытталған іс-әрекет, яғни бір уақытта оқыту, тәрбиелеу, дамыту мәселелерін қамту.

Бастауыш сыныптамультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылықты дамытуда оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын қатар жүзеге асыруды көздейді.

Іс-әрекетке жасалған талдау бойынша кез-келген іс-әрекеттің нәтижесі болатындығы белгілі болды. Ал Бастауыш сыныптамультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылықты дамытуда мұғалімнің күтетін нәтижесі кестеде көрсетілген. Бұл мақсаттарға сәйкес мұғалімнің жұмысынан күтілетін нәтижеге қол жеткізу жолдарын үш кезеңге бөліп отырмыз:

1. Бастауыш сыныптамультимедиалық технологияларды оқып үйрену кезеңі - бұл кезеңде мұғалімлер ақпарат көздерімен жұмыс істеп, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиетерге талдау жасауға үйренеді. Эксперимент жұмыстарын жүргізе алу дағдыларын қалыптастыру. Ол үшін тиісті зерттеу жүргізуге қажетті білім көлемін арттыру жолдарын табу керек.

2. Бастауыш сыныптамультимедиалық технологияларды тәрбиелеу мен білім беру мазмұнына қатысты пайдалануда кейбір тәжірибелер жинақтау кезеңі - эксперимент жұмыстарын жүргізу үшін жеткілікті тәжірибе қалыптастыру. Ол үшін мұғалім арнайы эксперимент жоспарын құрып, бақылау, қалыптастыру және қорытынды эксперимент жүргізеді.

3. Бастауыш сыныптамультимедиалық технологияларды пайдалануда өзіндік зерттеу жүргізу кезеңі - мұнда балалармен зерттеу жұмысын жүргізу, пікірін дәлелдеу, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ол үшін тиісті зерттеуге байланысты білімдер жинақтау, әдіс тәсілдердің тимдісін таңдай білуге дағдылану.

Аталған мақсаттар мен міндеттер өзіміз көріп отырғандай балалардан үлкен жауапкершілік пен өз бетімен жұмыс істеуге деген құлшынысты талап етеді. Алайда, қазіргі уақытқа дейін балалар әрдайым мұғалімнің жетегімен оқу-білімді игеріп келді. Сонымен қатар олар оқу-зерттеу жұмысының не екендігі, ол қалай жүзеге асатындығына арнайы назар аудармады десек қателеспейміз. Осыған байланысты оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру көп уақыт пен қажырлы еңбекті, әрине үлкен шығармашылықты талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
Информатика сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері
Бастауыш мектепте электронды оқыту жүйесін қолдану ерекшелігі
Ақпараттық технология құрал ретінде бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-НЫ ҚОЛДАНУ
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Ақпараттық технологияларды қолдану
Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар
Технологияның мәндік сипаты
Математикадан логикалық есептер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz