Суспензиялар технологиясының конденсациялық әдісі. Суспензиялардың сапасын бағалау. Күкірт суспензиясының дайындалуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Суспензиялар технологиясының конденсациялық әдісі. Суспензиялардың сапасын бағалау. Күкірт суспензиясының дайындалуы.

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

Суспензиялар технологиясының конденсациялық әдісі

Суспензиялардың сапасын бағалау

Күкірт суспензиясының дайындалуы

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Суспензия - қатты дисперстік фазаның сұйық дисперстік ортада таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты бөлшектердің өлшемі 0, 1 мкм<г<10 мкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәрежесі төмен болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмендейді де тез тұнбаға шөгеді. Суспензиялардың дисперстілігін микроскоп, электронды микроскоп сияқты оптикалық немесе седиментациялық анализ көмегімен анықтауға болады.

Суспензиялар конденсациялық немесе дисперсиялық тәсіл арқылы алынады. Осы процесс кезінде алынатын бөлшекті дисперстілік дәрежесі қажетті шекте болатындай етіп жүргізеді.

Конденсациялық тәсілмен суспензиялар екі жағдайда түзіледі:

- еріткішті ауыстырған кезде;

- химиялық тәсіл - суда жеке еритін дәрілік заттар бір дәрілік түрде біріккен кезде, нәтижесінде әрекеттесіп, ерімейтін тұнба түзіледі.

Конденсация тәсілімен суспензия технологиясы келесі сатылардан тұрады: араластыру, орамдау және безендіру

а) Еріткішті ауыстыру сулы ерітінділерге экстракттар, тұндырмалар және басқа спиртте дайындалған галенді препараттарды қосқанда түзіледі.

Спирттің және заттың концентрациясы төмендейді, суда ерімейтін заттар (эфир майы, шайыр) жұқа суспензия түрде бөлініп шығады. Мысалы, микстуралар. Ол күрделі жүйеге жатады.

Rp: Solutionis Kalii bromidi 2% - 200ml

Tincturae Convallаriae 6 ml

Adonisidi 5 ml

Misce. Da.

Signa: 1 ас қасықтан күніне 3 рет

Рецепте сұйық дәрілік түр микстура берілген (суспензия)

Есептеулер: Vж = 200мл + 6мл + 5мл = 211мл

Адонизид күшті әсер ететін зат, дозасы тексеріледі

Адонизидтің дозасын тексеру: 211:15=14 қабылдау саны

рецепт бойынша МФ бойынша

ЖРД: 5:14=0, 36 г 0, 5 г

ЖТД: 0, 36*3=1, 07 г 2, 0 г

дозасы аспаған.

Құрғақ заттың мөлшері

2 100

х 200

х=4, 0 г калий бромиді

4, 0 211мл

х 100мл

х=1, 9% < 3%, құрғақ заттың концентрациясы 3% төмен

Микстура салмақ-көлемдік әдіспен дайындалады.

Б. П.

Aquae purificatae 200ml

Kalii bromidi 4, 0

Adonisidi (спирт 20%) 5ml

Tincturae Convallаriae (спирт 70%) 6 ml

Vж=211 ml

Технологиясы: Қосымша ыдысқа 200 мл тазартылған суды өлшеп, 4, 0 г калий бромидін ерітеді. Ерітіндіні сиымдылығы 250 мл қоңыр түсті босататын құтыға сүзеді. Пипеткамен 5 мл адонизид және 6 мл меруертгүл тұндырмасын қосып, тығындап, араластырып, безендіреді. Негізгі этикетка «Ішке», ескерту этикеткалары «Салқын жерде сақта», «Балалардан сақта», «Қолданар алдында шайқа». Сулы калий бромиді ерітіндісіне адонизидті (құрамында 20% спирті бар) және меруертгүл тұндырмасын (құрамында 70% спирт бар) қосқанда, галенді препараттар құрамындағы спирт концентрациясы төмендеп, суда ерімейтін заттар жұқа суспензия түрінде бөлініп шығады.

б) Құрамына жеке-жеке суда еритін, бір дисперстік ортада әрекеттесіп тұнба түзетін, заттары бар суспензияны дайындау.

Rp: Sol. Calcii chloridi 5%-200ml

Natrii hydrocarbonatis 4, 0

M. D. S. 1 ас қасықтан күніне 2 рет

Есептеу: кальций хлорид мөлшері

5, 0 100

x 200

x = 10, 0

Құрғақ заттың мөлшері 10, 0 + 4, 0 = 14, 0

14, 0 200 мл

х 100 мл

х = 7 %, құрғақ заттардың концентрациясы 3% жоғары салмақ бойынша дайындалады.

mж = 10, 0 + 4, 0 + 200 = 214, 0 г

Кальций хлориді өте гигроскопиялы зат болғандықтан концентрлі ерітінді түрінде алынады.

Кальций хлориді 50% (1:2) 10*2=20 мл

Vсу = 200 - 20 = 180 ml

Б. П.

Aquae purificatae 180ml

Natrii hydrocarbonatis 4, 0

Sol. Calcii chloridi 5% (1:2) 20ml

mж = 214, 0 г

Технологиясы: Қосымша ыдысқа 180 мл суды құйып, 4, 0 г натрий гидрокарбонатын ерітеді. Босататын құтыға сүзеді. Бюреткадан 50% 20 мл кальций хлориді ерітіндісін құяды. Тығындап, араластырып, босатуға безендіреді. Кальций хлориді және натрий гидрокарбонаты жеке-жеке суда ериді, бір дисперстік ортада химиялық реакция нетижесінде кальций карбонаты тұнбаға түсіп, суспензия түзеді.

Орамдау және безендіру.

Суспензиялардың құрамындағы дәрілік заттардың қасиеттеріне сәйкес жүргізіледі. Суспензияларды олардың көлеміне сәйкес келетін түссіз флаконда босатады. Флаконды (құтыны) полиэтилен тығынымен тығыз жабады. Флакон негізгі және ескерту этикеткаларымен «Қолданар алдында шайқа», «Салқын жерде сақта» безендіріледі.

Суспензиялардың сапасын бағалау.

Суспензиялардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрілік түрлер секілді, сыртқы түрі мен органолептік қасиеттері, дұрыс орамдалуы және безендірілуі бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар суспензияларға тән ерекше қасиеттерін талдайды: біркелкілігін және ресуспендирлігін.

Жалпы мөлшеріндегі ауытқулар қатты фазаның мөлшеріне байланысты анықталады.

Суспензиялардың теориялық негіздері - суспензиялық линименттер, жағар майлар, суппозиторийлер технологиясында қолданылады.

Мұндай жағдайда Дерягин ережесін қолданады. Ал лайлау әдісі қолданылмайды. Себебі қолданылатын негіз тұтқыр немесе тығыз зат, олар суспензия тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Күкірт суспензиясын дайындау.

Күкіртті тұрақтандыру үшін шайыр, желатоза және басқа тұрақтандырғыштарды қолдануға болмайды, себебі олар оның фармакологиялық белсенділігін төмендетеді. Күкірт суспензиясында тұрақтандырғыш ретінде калий немесе медициналық сабын қолданылады. 1, 0 г күкіртке 0, 1-0, 2 г сабын алынады. Медициналық сабын дайын суспензияға ең соңында енгізіледі.

Rp. : Sulfuris praecipitati 4, 0

Spiritus aethylici 10 ml

Glycerini 15, 0

Aquae purificatae 180 ml

M. D. S. Бетті сүртуге

Жазылымда салмақпен дозаланатын глицерин берілген. Ерітіндінің жалпы көлемін есептеу үшін, глицериннің көлемін есептейді. Ол үшін: mспирт = V * p; глицерин тығыздығы - 1, 224 г/м 3

V = m / p = 15, 0 / 1, 224 = 12, 3 мл

Vж = 10 мл + 12, 3 мл +180 мл = 202, 3 мл

Құрғақ заттың концентрациясы

4, 0 202, 3 мл

x 100 мл

x = 1, 97% < 3 %, салмақтық-көлемдік әдіспен дайындалады.

Күкіртті медициналық сабынмен тұрақтандырады.

1, 0 0, 1 г сабын

4, 0 x

x = 0, 4 медициналық сабын

Рецепте спирттің концентрциясы көрсетілмеген, сондықтан ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 18. 04. 2000ж. № 224 “Этил спиртін шығындау нормативтері мен есепке алу тәртібі” бұйрығының (құрамында спирт бар сұйық дәрілік түрлерді салмақ-көлемдік әдіспен дайындау жөніндегі нұсқауының) 3 тармағына сәйкес 90% спирт қолданылады.

Б. П

Sulfuris praecipitati 4, 0

Glycerini 15, 0

Aquae purificatae 180 ml

Saponis viridis 0, 4

Spiritus aethylici 90% 10 ml

Vж = 202, 3 ml

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суспензияларды дайындау техналогиясы
Суспензиялар және ішуге арналған эмульсиялар. Дайындау әдістері.
Суспензия түзетін дәрілік заттар
Суспензия және эмульсияны дәрілік түр ретінде тұрақтандыру үшін қолданылатын ЖМҚ және БАЗ
Суспензиялық ерітінді
Суспензиялардың жіктелуі
Жоғары концентрациялы алюминий тотығы суспензиясының гидродинамикасы және жылуалмасуын фазалық құрылымдық өзгеруімен сандық зерттеу
Микрогетерогенді жүйелер және олардың практикалық маңызы жайлы
Сыраның ассортименті
Оңтүстік сортаң қара топырақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz