Жануар организмінің ерекшеліктері және ветеринариялық фармацияның дамуы мен дәрілік формалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

1. Жануарлар организмінің ерекшеліктері

2. Ветеринариялық фармацияның өз бетінше даму қажеттілігі

3. Ветеринариялық тәжірибеде қолданылатын дәрілік формалар


Ветеринарлық дәрі-дәрмектердің түрлері

1. Жануарлар организмінің ерекшеліктері және ветеринарлық фармацияның өз бетінше даму қажеттілігі

Ветеринарияның қалыптасуына өз уақытында жануарлар организмінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері себепші болып, қазіргі уақыт талабына сай фармацевтикалық ғылым- ветеринарлық фармацияны арнайы салаларда дербес дамытуға негіз беріп отыр.

Ветеринарлық фармацияның фармацевтикалық кешенінде дербес бөлініп шығулар мен даму қажеттіліктерін ұғыну орын алған дәрілер өндірісінде теориялар мен тәжірибелердің шапшаң дамуы салдарымен, биология және фармация саласындағы ашылулар, биофармацевтикалық ұсыныстар негізінде фармацияны саралау процессі 50-ші жылдардың соңынан бастап көрінді.

Маңызды ашылулар арқасында жануарлар организмінің өсуіне және дамуына әсер ететін ветеринарлық клиникада орын алған фармацевтикалық дәрілер түрлері (антибиотиктер, витаминдер, микроэлементтер және т. б) еліміздің бүтін масштабында мал шаруашылығының өнімділігін анықтайтын тұрақты және маңызды кездейсоқ факторға айналды. Өмірде нақтылы биологиялық кезеңдерде бірқатар дәрілік заттарды рационалды қолдану мал шаруашылығының табысын кенеттен жоғарылатуға мүмкіндік берді, ал ол өз кезегінде бұл зерттеулер мен өндірісті кеңейтуге жағдай жасады.

Жануарлар организмінің ерекшелігі, ауру жануарлардың терапиясында қоректену ерекшеліктерін әрдайым нақтылы қиындықтар туғызды, соның ішінде дәрі енгізу әдістерімен қатар, оларды мөлшерлеумен, тұрақтылығымен байланысты және т. б Жеке жануар емес, барлық жануарларға жаппай дәрілер тағайындау қажеттілігінде осы қиындықтар маңызды мәселеге айналып отыр, оның шешімі биофармацевтикалық тұжырымда негізінде жануар организмінің ерекшелігін есепке алып, теориялық және экспериментальді зерттеулерді талап етеді.

2. Ветеринарлық тәжірибеде қолданылатын дәрілік формалар.

Фармакотерапевтикалық заттарды эпизодтық қолдануда ветеринарлық тәжірибеде, медицинада қолданылатын дәрілік түрлер ( ұнтақтар, таблеткалар, эмульсиялар, суспензиялар, ерітінділер, жинақтар, тұнба және қайнатпалар, микстуралар, жақпа майлар, пасталар, линименттер және т. б ) қолданылады, айырмашылығы бір топ жануарларға тән ветеринарлық дәрілік түрлердің басқа геометриялық көрсеткіштері, масса және көлемі бар. Бұдан басқа ветеринарияда, кейбір әлдеқайда қолданыста жоқ дәрілік түрлер - ботқалар, болюстер және т. б қолданылуда.

Ботқалар( Electuaria) ішке қолданылатын ескі дәрілік түр болып табылады. Оларды ұнтақ тәрізді, сұйық және тұтқыр, қою және ұнтақ тәрізді қосымша заттары бар дәрілік түрлерді мұқият араластыру жолымен дайындайды. Консистенциясы бойынша ботқалар қамыр немесе мармеладқа ұқсайды.

Әдетте оларды ауру жануарға берер алдында жасайды. Ботқаның құрамында улы және күшті әсер ететін заттар болмау керек, себебі оны дайындау кезінде дәл дозалау мүмкін емес.

Болюстер (Boli) жұмсақ консистенциялы пилюляның бір түрі болып табылады. Оларды медициналық пилюляларды дайындау әдісімен тек үлкен массада дайындайды (мысалы, жылқы малы үшін болюстің массасы 30-50г) . Ветеринарлық дәрілік түрлерді дайындағанда медицинадағы секілді фармацевтикалық операциялар және де қосымша заттар қолданылады.

Ауру жануарлар үшін дәріханалық дәрілерді тәжірибелік дайындау техникасын медициналық мақсатта дайындалатын дәрілерден айырмашылығы жоқ.

Сонымен қатар дәрілік түрлердің дозалануы және тауарлық бақылау есебін жүргізу қажет(әсер етуші заттар саны, структуралық- механикалық құрылымы, түрі, түсі, исі жіне т. б. ) . МФ-да ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттардың бір реттік және жоғары дозасы кестеде көрсетілген. Жануар организміне дәрі енгізудің ең кең тараған жолы пероральді (ауыз арқылы) болып табылады.

Дәрілерді пероральді жолмен енгізу интенсивті мал шаруашылығының жаңашыл ветеринарлық фармацияның маңызды мақсаттарымен сай келеді.

Ректальді дәрілік түрлер. Отандық ветеринарлық клиникада ректальді әдіс кең таралмаған, терапевтикалық мақсатта ветеринарлық дәрілерді тамақпен, сумен тағайындаудан гөрі тиімді болып келеді.

Қарапайым ветеринарлық ректальді дәрілік түрлер клизмалар және суппозиторилер болып табылады, оларды көлемі мен геометриялық өлшеміне қарамастан, жалпы қабылданған медициналық тәжірибелік әдіспен дайындайды.

Мысалы, медициналық тәжірибеде қолданылатын тазартушы клизмалар әр түрлі дәрілік заттар ретінде тағайындалуы мүмкін. Дәрілік клизманың көлемі ірі жануарлар үшін 100-200мл және майда жануарлар үшін 10-30мл. Тік ішекке арналған тамшы ретінде қолданылатын дәрілер және қоректік заттар өте аз дайындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам мен жануар психикасының пайда болуы, дамуы және негізгі ерекшеліктері
Ветеринариялық дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың өндірісіндегі талаптар мен қауіпсіздік шаралары
Жануар тектес дәрілік шикізаттар: теңіз организмдерінің биологиялық активті заттары және фармакологиясы
Жануар тектес дәрілік шикізаттар: биологиялық белсенді заттар, фармакологиялық әсерлері мен дәстүрлі қолданылуы
Жерленген жануар өліктерін эксгумациялау және соттық-ветеринариялық патоморфологиялық зерттеу әдістері
Жануарлар мен жануар тектес шикізатты тасымалдаудағы ветеринариялық-санитариялық бақылау және ұйымдастыру тәртібі
Дәрілік заттарды тағайындауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, рецепт формалары және дәрілік нысандарды тағайындау тәртібі
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге жануарлар мен жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар және айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Ку-риккетсиоз: клиника, диагностика және жануар өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын дәрілік заттардың ветеринариялық фармакологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz