Фармацевтік гомеопатия: міндеттері, препараттар түрлері, негізгі және қосымша заттар, рецептуралық ережелер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

  1. Фармацевтік гомеопатия. Фармацевтік гомеопатия міндеттері. Гомеопатиялық препараттардың ерекшелігі.
  2. Негізгі және қосымша заттар.
  3. Гомеопатиялық препараттарға рецепті жазу жалпы ережелері.

Тақырыбы:Гомеопатиялық дәрілер түрлері.

Фармацевтік гомеопатия - бұл гомеопатиялық технология бойынша алынатын объект ретінде гомеопатиялық дәрілік препараттар болып табылатын және денсаулық сақтауда гомеопатиялық емдеу әдіс принциптеріне сәйкес қолданатын фармация бөлімі.

Фармацевтік гомеопатия міндеттері.

  • гомеопатиялық препараттар сапасын бағалау және дайындау регламенттері, нормативті базаларды жетілдіру және құру;
  • амбулаторлық және стационарлық пациенттерге гомеопатиялық препараттарды жетуін қамтамасыз ету;
  • гомеопатия аумағында ақпараттандыру- консультаттық мекеме қызметтердің және мамандардың дамуы;
  • гомеопатиялық препараттарды дайындау дәріханалық және өндірістік базаларын құру және үнемі дамыту;
  • гомеопатиялық дәрілік заттар, препараттар, дәрілік түрлердің ассортиментін кеңейту;
  • қазіргі кездегі сапасын бағалау әдістерін жетілдіру;
  • гомеопатиялық емдеу әдістерін теориялық базасын ғылыми өңдеуге белсене қатысу;
  • гомеопатиялық фармацевтік көмек сапасымен басқару жүйесін құру;

Гомеопатияны жалпы медицинада регуляциялық терапия ретінде анықтауға болады. Гомеопатиялық препараттардың ерекшелігі

Дұрыс қолданған кезде гомеопатиялық препараттар жанама әсер көрсетпейді; ағзаның қорғаныс қызметін күшейтеді, ұзақ уақыт және үнемі қабылдаған кезде жеке мүшелерге ғана емес, бүкіл ағзаға жүйелі дәрежеде әсер етеді.

Препараттардың эффективтілігі дәрілік заттарды таңдау ұқсас заңы бойынша, кезек ретімен сұйылтуды дайындау жолы, дайындау процесін белсенділігін күшейту. Провизорлар мен фармацевттер гомеопатиялық дәріханаларда дайындайтын едәуір кең тараған дәрілік түрлер: түйіршіктер (гранулалар), тамшылар (сұйылту), тритурация, спирттер, жағармайлар, оподельдоки, майлар, балауыздар (суппозитория) .

Сонымен қатар қазіргі кезде шырындар (эликсирлар), шаншуға арналған ерітінділер және көз жағармайы, шашыратқышы бар дозаторымен қамтамассыз етілген мұрынға арналған дәрілік түр (спрей), таблеткалар және де басқа дәрілік заттар, емдік косметикалық заттар мен парафармацевтикалық өнімдер дайындалады.

Негізгі және қосымша заттар.

Гомеопатиялық препараттарды дайындау үшін өсімдік, минерал, жануар текті өнім шикізаттары және аллопатиялық дәрілік заттар жатады. Жас (жас өсімдіктердің сөлі) және кептірілген өсімдік шикізатынан алынған (65% жуық) дәрілік заттар жиі қолданылады. Минералдық заттардан тұратын дәрілік препараттар 30% жуық құрайды. Мысалы, литий, натрий және калийді көбінесе зат алмасуының бұзылуына; мыс, күміс және алтын - жүйке жүйе және қантамыр ауруларында қолданады.

Бірінші топ элементтердің байланысы гомеопатияда конституционалдық заттар деп есептеледі, сондықтан олар әртүрлі ауруларға көрсетілген.

Никельді жүйке жүйесі, жоғарғы тыныс жолдары, асқорыту жолдары, тері ауруларын емдеу кезінде тексеріп көрді. К. Геринг жүйке жүйесі ауруларын емдеу барысында палладийді қолданған. Платинаны медицинаға С. Ганеман енгізген. Сондай-ақ қалайы, мырыш, висмут, марганец және басқа металдар гомеопатиялық препараттардың құрамына күруі мүмкін.

Құрамында күкірт, мышьяк, фосфор, кремний және т. б. химиялық элементтері бар препараттар қолданылады. Хлорлысутекті, азотты, күкірт, құмырсқа сірке, синил қышқыл препараттары белгіленеді. Көбінесе калий, натрий, магний, кальций, барий, сынап, темір тұздары қолданылады. Гомеотерапияда қымыздық қышқыл, калий бихроматы, бром, мырш фосфаты және т. б. реактивтер қолданылуы қабылданған. Жиі өсімдік және жануар көмірі, графит, ликоподий белгілейді.

Негізгі (бастапқы) субстанция ретінде гомеопатиялық препараттар дайындау үшін жәндіктер, моллюскалар, рептилий, жеке жануар бөлінісі (выделение), жыланның уы қолданылады.

Таза экологиялық жағдайда өсірілген жас ірі қара мал мүшелері мен ұлпаларынан органоспецификалық препараттар дайындайды. Биологиялық шикізаттан 5% жуық гомеопатиялық препараттар дайындайды.

Гомеопатияда аллопатиялық медициналық препараттар мен дәрілік заттардан мысалы: күміс нитраты, тиреоидин, гепарин, инсулин пайдаланады.

Әлемдік гомеопатия тәжірибесінде орташа 1, 5 мың дәрілік препараттар пайдаланылады.

Әлемдік тәжірибеде қолданылатын жалпы өсімдіктердің 1063 түр болып саналады.

Гомеопатиялық препараттар дайындау технологиясы оның негізгі матералына (негізгі субстанциялармен қосымша заттар) тәуелді.

Негізгі заттар (субстанции, базис) - бұл дәрілік түрлерді сұйылту үшін пайдаланатын минералды, өсімдік және жануар текті шикізаттар.

Сұйылту үшін сұйық және қатты негізгі заттар пайдаланады.

Сұйық заттарға мыналар жатады:

  • ерітінділер (қышқыл, тұздар, у және т. б. ) ;
  • әртүрлі табиғи сұйықтықтар;
  • бастапқы тұндырмалар

Бастапқы тұндырмалар дайындау үшін бастапқы материал ретінде консервілеу мақсатында (эссенция) этанолмен араласқан, жас өсімдік сөлдері немесе олардың бөлшектері (гүлдері, жапырақтары және т. б. ) .

Қатты заттарға мыналар жатады:

  • ерімейтін минералдар;
  • тұздар;
  • кептірілген өсімдіктер немесе олардың бөлшектері (тұқымдары, тамырлар және т. б. )

Қатты заттардан ары қарай тритурациялар (ысқылау) немесе гомеопатиялық бастапқы тұндырмалар (кептірілген өсімдік немесе жануар шикізаттарынан; аралар, құмырсқалардан және т. б. ) дайындайды. Тритурацияны келіде қатты затты сүт қанттымен 1 сағаттай ысқылайды.

Көп жағдайда гомеопатиялық заттардың атауы XVIII, XIX ғасырлардағы ескі номенклатурасы бойынша сақталған.

Қосымша заттар ретінде тазаланған су, әртүрлі концентрациялы этил спирті, глицерин, сүт қанты, өсімдік майы, вазелин, ланолин, какао майы қолданылады. Олардың ассортименті шектелінген.

Токсикалық қасиеті жөнінде аллопатиядағыдай негізгі заттарды А және Б тізіміне бөледі.

Арнайы бөлмеде иісті заттар және кейбір жағдайда олардың сұйылтулары D1, D2, D3 сақталынады.

Гомеопатиялық препараттарға рецепті жазу жалпы ережелері.

Рецепт рецептуралық түбіршекте латын тілінде атау септігінде сұйылтуды және қолдану ерекшелігін көрсетіліп жазылады. Түбіршек емдеу мекемесінің және дәрігердің жеке мөрімен безендіреді. Бір гомеопатиялық препаратта әртүрлі гомеопатиялық заттар бір дәрілік түрде жазылуы мүмкін.

* Егер дәрілік зат бір рецепт түбіршекте жазылса және нөмірленбеген болса, оларды қоспа ретінде бір дәрілік түрде және бір орауышта босатады.

Егер жазылым ингредиенты нөмірленген болса, оларды белгілі дәрілік түрде бөлек препарат ретінде, бірақ әртүрлі орауыштарда босатады.

Рецепттің реттік нөмірі препараттың кезекті қабылдауын білдіреді. Гомеопатиялық препараттар терапевтикалық қолдану кезінде толықтырғыш заттар ретінде қолдануы мүмкін. Кей жағдайда дәрілік заттың кезекті қолданылуы қатаң анықталынған. Мысалы: күкірт барий карбонатынан кейін, өз кезегінде калий бихромын және азотты қышқылдан соң жазылмауы керек.

Барлық дәрілік заттар мен дәрілік түрлер рецепте жазылады, сондайақ дайындайды және массасы бойынша бақылайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтік қадағалау және басқару органдарындағы фармацевтік қызмет
Украинадағы гомеопатия: тарихы, дәріхана жүйесі және қазіргі фармацевтикалық нарық
Эндокриндік жүйеге әсер ететін дәрілік заттар: гормондық препараттар, антитиреоидты агенттер және диабетке қарсы препараттар
Таблетка өндірісіндегі қосымша заттар: қолданылу мақсаты, биологиялық тиімділікке әсері және сапа талаптары
Гомеопатия мен фитотерапия: шығу тарихы, препараттарды дайындау әдістері және клиникалық дәлелдемелер
Дербес компьютерлер: түрлері, негізгі және қосымша құрылғылары
Мердігерлік шарттың құқықтық негіздері: жалпы ережелер, түрлері және тараптардың құқықтары мен міндеттері
Антисептикалық препараттар: түрлері, қолданылуы және фармакологиялық негіздері
Жалпы рецептура: рецепт құрылымы, рецептуралық бланкілер және дәрілік заттарды тағайындау мен дозалау ережелері
Дәрілік заттар айналымындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz