Дәрілік заттардың сыйымсыздығы. Фармацевтік сыйымсыздығы


Жоспары
1. Дәрілік заттардың сыйымсыздығы. Фармацевтік сыйымсыздығы
2. Сыйымсыздықтардың түрлері
3. Химиялық сыйымсыздық
4. Сыйымсыздықтарды болдырмау себептері
Сыйымсыздықтардың химиялық әсерлерден пайда болу ерекшеліктері.
Фармакологиялық сыйымсыздықтардың ерекшеліктері.
Сыйымсыздықтардың алдын-алу тәсілдері мен амалдары.
Дәрілік заттардың сыйымсыздығы -бұл дәрілік заттардың емдік әсерінің әлсіреуі, жоғалуы, бұзылуы немесе жанама, улы әсерінің күшеюі.
Фармацевтік сыйымсыздық деп дәрілік заттардың өзара немесе көмекші заттармен әрекеттесуі нәтижесінде олардың физика-химиялық қасиеті, сонымен қатар, терапевтік әсері өзгеретін ингредиенттер бірігуін айтады.
Сыйымсыздықты үш топқа бөледі:физикалық және физика-химиялық, фармакологиялық.
Физикалық және физика-химиялық сыйымсыздықтың түзілу себептері:
1. Дәрілік препараттардың ерімеуі және оның ерігіштігін нашарлататын жағдайлар.
2. Коллоидты жүйелердің және жоғары молекулалы қосылыстар ерітінділерінің коагуляциясы. Эмульсиялардың қабаттануы.
3. Күрделі ұнтақтардың ылғалдануы және балқуы.
4. Дәрілік заттардың адсорбциясы
5. Ингредиенттердің сыйымсыздығы немесе араласпауы.
Химиялық сыйымсыздықтың екі түрі болады:
1. Химиялық реакция типі бойынша:тотығу-тотықсыздану, алмаса ыдырау, нейтралдау, гидролиз реакциялары.
2. Өтіп жатқан реакциялардың визуалды белгілері бойынша:дәрілік тұнбалардың түзілуі, дәрі түсінің өзгеруі, дәрі иісінің өзгеруі және газ бөлінуі, сыртқа көрінбей өтетін өзгерістер.
Дәрілік заттарды бірге қолданған кездегі өзгерістер-фармакологиялық сыйымсыздыққа жатады және оны фармакология курсы қарастырады.
Физикалық және физика-химиялық сыйымсыздық. Дәрілік заттардың ерімеуі:Сұйық ортада дәрілік заттардың ерімеуін келесі жағдайлардағы сыйымсыздық түрінде қарастыруға болады:тұнбада улы немесе күшті әсер ететін заттар болады, дайындау кезінде ірі дисперсті қоспа немесе тұнба түзіліп, құты қабырғасына және түбіне жабысып, препаратты дәл дозалау мүмкін болмайды.
Дәрілік заттардың суда, этанолда, глицеринде, майда ерімейтін мысалдарын келесі жазылымдардан байқауға болады:
Rp. :Coffeini
Natrii bromidi 2. 0
Aquae purificatae 60 ml
M. D. S. 1 шай қасықтан күніне 2 рет
Кофеинді ыстық суда ерітіп, содан соң натрий бромидін ерітеді. Ерітіндіні салқындатқан соң, кофеин тұнбаға түседі, себебі, оның судағы ерігіштігі-1:80. Сондықтан, дәрігерге кофеинді кофеин натрий бензоатына алмастыруды немесе тазартылған су мөлшерін көбейтуді және осыған сәйкес қолдану тәсілін өзгертуді ұсынған жөн.
Rp. :Kalii bromidi 3. 0
Cordiamini 10 ml
Solutionis Citrali spirituosae 1 % 15 ml
M. D. S. 25 тамшыдан күніне 3 рет
Калий бромиді жазылған сұйықтық көлемінде ерімейді. Дәрігер келісімімен калий бромидін натрий бромидіне ауыстыру қажет.
Rp. :Sulfuris 1. 0
Olei Ricini 10. 0
Spiritus aethylici 70% 20 ml
M. D. S. Қолға жағу үшін
Майсана майы 70% этанолда ерімейді. Сыйымсыздықты болдырмау тәсілі-70% этанолды 90% этанолға алмастыру.
Rp. :Anaesthesini
Natrii tetraboratis ana 3. 0
Glycerini 44. 0
M. D. S. Аяққа жағуға.
Анестезин жазылған глицерин мөлшерінде ерімейді. Сондықтан, дәрігер келісімімен, анестезинді еріту үшін глицериннің 15, 0-20, 0 г этанолмен алмастыру қажет.
Rp. :Phenoli puri liguefacti 0. 5
Olei Persicorum 10. 0
M. D. S. Құлақ тамшылары 3 тамшыдан күніне 3 рет жылы күйінде
Сұйық фенол өсімдік майларында ерімейді. Сыйымсыздықты болдырмау тәсілі сұйық фенолды кристалды түріне алмастыруға негізделеді.
Егер сұйық ортада ерімейтін дәрілік заттар улы немесе күшті әсер ететін болмаса және дайындаған кезде жеңіл ресуспендирленетін жұқа дисперсті қоспа түзілсе, онда оларды «Қолданар алдында шайқаңыз»этикеткасымен босатуға болады.
Химиялық сыйымсыздық . Химиялық сыйымсыздықтың негізгі түрлеріне ерімейтін немесе аз еритін қосылыстар түзу, органикалық заттар гидролизі, газдар түзу, тотығу-тотықсыздану реакциялары жатады.
Тұнбалардың түзілуі . Сұйық дәрілік түрлерде тұнбалардың түзілуі себептері болып әртүрлі химиялық процестер табылады. Тұнба түзе отырып, химиялық әрекеттесу реакцияларына түсетін көптеген дәрілік заттарды құрылысы бойынша, оларды күшті негіз және әлсіз қышқыл тұздарына, күшті негіз және күшті қышқыл тұздарына, сонымен қатар, ауыр және жер сілтілі металдар қосылыстарына жатқызады.
Сыйымсыздықтарды болдырмау жолдары . Сыйымсыздықтарды болдырмау жаңа технологиялық әдістерді, тәсілдерді және қосымша заттарды қолдануы арқылы шешіледі. Сыйымсыздықтарды болдырмаудың негізгі тәсілдерін төмендегідей жіктеуге болады:жазылым құрамын өзгертпей технологиялық амалдарды қолдану, жазылым құрамына қосымша заттар енгізу немесе жазылым құрамын өзгерту, кейбір дәрілік заттарды алмастыру, дәрілік түрді алмастыру, бөлек босатылатын компоненттің бірін бөлу.
Сыйымсыздықты болдырмау әдісін таңдау сыйымсыздықтың физикалық және химиялық себептерімен, дәрілік түрдің түрімен, қосымша заттардың болуымен және басқа факторлармен анықталады.
Сыйымсыздықты болдырмау мүмкіндігін жүзеге асырудың міндетті түрдегі жағдайы-препараттың күтілетін терапевтік эффектісін қамтамасыз ету болып табылады. Мұның бәрі фармацевт-технологтың жоғары профессионалдық компетенттілігін талап етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz