Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Семинар №2.

Тақырыбы:Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы.

Жоспар:

1. Білім беру кеңістігінде педагог тұлғасы, Педагогикалық кәсіп және оның қазіргі қоғамдағы рөлі.

2. Педагогикалық кадрлар біліктілігін көтерудің қазіргі заманғы формалары; қалыптастыру және даярлау.

3. Педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалім тұлғасынының дамуы.

4. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен түрлері, қызметтері және құрылымы (құрылымы сызба түрінде)

1. Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т. б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б. э. б. 2, 5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Пе¬дагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.

Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаһар апат болады» дейді Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Халық мұғалімі - жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол- өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу- тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді.

Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.

Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім», - деген болатын.

Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, К. Жарыкбаев, Ш. Т. Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.

Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады.

Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы. Болашақ ұстаздар өз ісінң әрбір қыр- сырын жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз. Мектепте білім алу-бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады. Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді. Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру болып саналады.

Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы - оның кәсіби шеберлігі мен білімінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді. Педагогтардың жалпы және кәсіби шеберлігін дамыту мәселелеріне Н. Кузьмина, А. Щербаков көңіл аударған.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытушылардың кәсіби шеберлігі мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда оқушылардың жалпы және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды. Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық шеберлікке мынадай анықтама береді. Өзінің аты бойынша балаларды сүйетін және өзнің тәрбиелеу және білім беруін барлық уақытта жоғары деңгейде жаңалап отырады. Педагог- өз ісінің шебері. Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ылым және мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін практикалық түрде талдай білетін, тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Осылайша, педагогикалық шеберліктің маңыздылығын кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуші жекелік қасиеттердің жиынтығы деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы әрекетінің гуманистік бағытталуы, кәсіби білімі, педагогикалық ерекшеліктері жіне педагогикалық техникасы жатады.

Ғылымда сонымен бірге педагогтың меңгеруі қажетті нәрсе- педагогикалық технология деген түсінік бар. Педагогикалық түсінік дегеніміз- тәрбиеленушілерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді меңгеру. Сонымен қатар әртістіктің кейбір әдістерін игеру, сөйлеудің, демалудың, дауыс көтерудің, мимиканың әдістерін білу. Егер бала нашақормен, қылмыскермен немесе маскүнеммен бірге қиын жағдайға ұшырап қалса мұғалім олармен әңгімеде тіл таба білуікерек және жай ғана сөйлесіп қана қоймай оларды сендіріп, әсер ете білуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық мамандықтың өзгешілігі
Мұғалім еңбегінің профессиограммасы - мұғалім тұлғасының моделі
Педагогикалық кәсіп пен оның қазіргі қоғамдағы рөлі
Кәсіби бағыттаудың ғылыми негіздері туралы түсінік
Педaгогикaлық шығaрмaшылықтың ерекшеліктері Педaгогикaлық бедел мен имидж
Психологтың кәсіби қызмет үлгісі
Педагогикалық құзырлық түсінігі
Кәсіптік педагогика пәнінен дәрістер жинағы
12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби – педагогикалық сипаттамасы
Психикалық даму және оқыту.Кәсіби білім беру психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz