Қазіргі Қазақстан мәдениеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Өткізудің күні, айы, жылы
16.04.2021 г.
Мамандығы
0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Тобы
ДВО-12(з)
Пәні
Мәдениеттану
Тақырыбы
Қазіргі Қазақстан мәдениеті
Сабақтың мақсаты мен міндеті
1. Оқушыларға қазіргі Қазақстан мәдениеті тақырыбын ашып түсіндіру
2. Оқушыларға тақырыпқа байланысты мәліметтерді жеткізу.
3. Мәдениетке деген оқушылардың сүйіспеншілігін тудырып, ішкі дүниелерін байыту.

Қазіргі Қазақстан мәдениеті

Жаңа мәдени саясаттың стратегиялық доминантасы Мемлекет басшысы ұсынған, бай мәдени мұрасымен шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан халқын Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатына ойдағыдай қол жеткізуге жұмылдыруға үндейтін және "Рухани жаңғыру" ұлттық сананы рухани жаңғырту және жаңарту ұлттық идеясы болып табылады.

Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлемнің көптеген халықтары мен мемлекеттерінің негізгі даму басымдықтарының қатарына жатады. Мәдениеттің даму деңгейі, жалпыұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтап қалу мен байытуды, сапалы мәдени құндылықтардың жасалуын, таратылуы мен қолданылуын, жемісті мәдени алмасу мен тұлғаның рухани-шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуін қамтамасыз ететін, тиімді жұмыс істейтін мәдени институттар инфрақұрылымы мен тетіктерінің болуы табыстың аса маңызды өлшемшарттарының бірі болып табылады.

Табысты мемлекеттің мәдени саясаты жасампаз құндылық бағдарларын қалыптастыру негізінде қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталады және қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық маңызды аспектілерін дамытудың сапалы өлшемі болып табылады.

Мәдениет саласындағы жетістіктер ведомстволардың, мәдениет мекемелерінің жұмыстарымен, статистиканың сандық көрсеткіштерімен және белгілі есімдердің болуымен ғана өлшенбейді. Бүгінгі күні мәдениет - бұл тұлғаның рухани-эстетикалық дамуының, жалпыұлттық бірлікті қалыптастырудың және елді әлемдік қоғамдастыққа ықпалдастырудың қуатты құралы. Мұнда ұлттық-мәдени тамырлар, тарихи тәжірибе, үздік салт-дәстүрлер, сондай-ақ ұлттың өзінің ұлттық кодын сақтап қалу базалық тірек болып қалады.

Мәдениеттің рөлін ұғынуға деген заманауи көзқарас жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру қажеттілігін негіздейді, оның маңызды бағыттары бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы және мемлекеттің эволюциялық даму жолы болып табылады. Қазіргі жағдайларда мәдени саясаттың маңызды артықшылығы тұлғаның, бизнестің және тұтастай мемлекеттің маңызды жетістігінің аспектілері ретінде қоғамның шығармашылық белсенділікке және өз бәсекелестік артықшылығын арттыруға деген қарым-қатынасының өзгеруі болуға тиіс. Бұл, ең алдымен, Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына жедел кіруіне ықпал ететін қазіргі заманғы, әлемдік стандарттарға негізделген мәдени инфрақұрылымды және саланы ұйымдастыру мен басқарудың тиімді моделін құруды талап етеді.

Мәдени саясат тұжырымдамасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің озық тәжірибесі ескеріле отырып әзірленді, атап айтқанда, жұмыспен қамту және кірістер деңгейінің көрсеткіштері бойынша мәдениет және өнер саласын күшейтуге бағытталған. Мұндай жағдайларда мәдениет саласы экономика ресурстарының біріне, бизнес-бастамалар үшін тартымды инвестициялық салаға айналып келеді, бұл атап айтқанда: кино индустриясы, анимация, цирк өнері, музей, концерт пен театр қызметтері және тағы басқалары сияқты өнердің жекелеген түрлері мен мәдениет ұйымдарын экономикалық тұрғыдан табысты (рентабельді) деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

2. Қазақстан Республикасында мәдениет саласын дамытудың жалпы пайымы

2.1. Ағымдағы ахуалды талдау

Саланың тарихи қалыптасқан және тәуелсіздік жылдары қарқынды дами бастаған инфрақұрылымы қазақстандық мәдениеттің одан әрі дамуы үшін негізгі тұғырнама қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылғы 1 қаңтарға елімізде 4,1 мың кітапхана, шамамен 3,2 мың мәдени-демалыс ұйымдары, 238 музей, 64 театр, 94 кинотеатр, 39 концерттік ұйым, 132 мәдениет және демалыс саябағы, 8 хайуанаттар бағы және 4 цирк жұмыс істейді.

Инфрақұрылымның даму серпіні тұрақты оң сипатқа ие. Мәселен, соңғы жылдарда музейлердің, клуб үлгісіндегі мекемелердің және кино қоюды жүзеге асыратын ұйымдардың саны 13%-ға артты; театрлар саны 16,4%-ға өсті; кітапханалар саны 4,6%-ға көбейді. Саланы жүйелі мемлекеттік қолдау да тұрақты қаржыландырумен айқындалады.

Елімізде өзінің сәулеті бойынша бірегей "Қазақстан" орталық концерт залы, Орталық Азиядағы ең ауқымды "Астана Опера" опера және балет театры, "Astana Ballet" театры, халықтың мәдени мұрасының маңызды құндылықтары жинақталатын елдегі аса ірі орын болуға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ашылды.

Сала инфрақұрылымы жылына орта есеппен 90,5 миллионнан астам адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік зерттеулердің деректері бойынша халықтың көрсетілетін мәдениет қызметтеріне қанағаттану деңгейі 66-70,3%-ды құрайды.

Қазіргі бағыттардың, жанрлар мен стильдердің барлығы дерлік өз дамуын классикалық, халықтық және бұқаралық мәдениеттен алды. Қазақстандық музыка, бейнелеу, кино және театр өнері әртүрлі халықаралық өнер фестивальдарында, көрмелерде, форумдарда, биеннале мен конкурстарда лайықты таныстырылды. Қазақстандық үздік өнер шеберлерінің әлем өнерінің ең беделді алаңдарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар.

Еліміздің театр алаңдарында жыл сайын 38 мыңнан астам спектакль қойылады, олардың 400-і - отандық және шетелдік хореографтардың, балетмейстерлердің, режиссерлердің жаңа қойылымдары, "Тәуелсіздік толғауы" шығармашылық конкурстарының шығармалары.

Отандық киноиндустрия белсенді дамуда. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының киностудиясында түрлі жанрлар мен форматтардағы фильмдерді түсіруге мүмкіндік беретін киноөндірісінің қазіргі заманғы толық технологиялық тізбегі қамтамасыз етілген. Кинобазаның өндірістік қуаты жыл сайын 100-ден астам фильмді құрайды. Қазақстандық картиналар халықаралық кинокөрсетілімдер мен фестивальдарға қатысуда. 2014 - 2016 жылдары Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамында 200-ден астам картина әлемнің 48 елінде 150 кинофестиваль мен халықаралық көрсетілімнің қатысушылары болды және 100-ден астам жүлделерге ие болды. Қазақстанның Тәуелсіздігі мерейтойы қарсаңында 26 кинокартинаның, оның ішінде 9 көркем, 9 деректі, 7 дебютті және 1 толықметражды анимациялық фильмнің тұсаукесері болды. Барлық картиналар халықаралық нарық прокатына бағдарланған. Ресейде "28 панфиловшылар" Қазақстан-Ресей картинасы 2016 жылдың үздік фильмдері қатарына енді. Ресейде, Қытайда, Францияда, Гонконгта, Грецияда "Елбасы жолы" - "Жұлдыздар тоғысқанда" кино-эпопеясы жалғасының тұсаукесері болып өтті. "Под вечным оком неба" ғылыми-танымал фильмі Қытайда креативті индустрия және мәдениет көрмесінде "Инновациялық жоба үшін" атты номинациясы бойынша жоғары наградаға ие болды, итальялық және қытайлық әріптестермен бірлесіп жасалған "Марко Поло" деректі фильмі Қытайдың және Италияның прокатында көрсетілді. 2017 жылы режиссер А. Сатаевтың "Анаға апарар жол", режиссер С. Нарымбетовтің "Аманат" картиналары және тағы басқалар бірқатар беделді халықаралық наградаларға ие болды. "Құнанбай" картинасы Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың бірінші иегері болды. "Алмас қылыш" картинасы 2017 жылғы отандық прокаттың көшбасшыларының біріне айналды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттың негізгі зияткерлік ресурсы болуға бағытталған Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының (ҚазҰЭК) қорын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Электрондық каталогтың көлемі 30 мың библиографиялық жазбаны құрайды. Қашықтықтан пайдаланушылардың сұрау салуы бойынша кітаптардың е-көшірмелерін жасауға жыл сайын орта есеппен 3 мың тапсырыс қабылданып өңделеді.

Шетелде қазақстандық мәдениетті танымал ету шеңберінде соңғы бірнеше жыл бойы Мәдениет күндері форматындағы іс-шаралармен ТМД-ның барлық дерлік елдері, Еуропа мен Азияның, Таяу Шығыстың жетекші елдері қамтылып келеді.

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында іс-шаралар кешені жүзеге асырылып, нәтижесінде тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштері ашылды, маңызды тарихи-мәдени объектілер консервацияланды, реставрацияланды және реконструкцияланды, елдің мәдени мұрасын зерделеудің тұтас жүйесі үшін база құрылды.

"Қазақтың дәстүрлі мың күйі", "Қазақтың дәстүрлі мың әні" және "Батырлар жыры" бірегей жобаларының шеңберінде халық шығармашылығының ең үздік үлгілері жүйелендірілді.

Қазақстан халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша мәдениет саласындағы мынадай конвенцияларға қатысушы болып табылады: Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенция (Париж, 1972 жылғы 16 қараша), Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция (Париж, 2003 жылғы 17 қазан), Қарулы қақтығыстар болған жағдайда мәдени құндылықтарды қорғау туралы Гаага конвенциясы (Гаага, 1954 жылғы 14 мамыр), Еуропа мәдени конвенциясы (Париж, 19 желтоқсан 1954 жылғы), Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге, әкетуге және оларға меншік құқығын беруге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы конвенция (Париж, 1970 жылғы), Халықаралық көрмелер туралы конвенция (Париж, 1928 жылғы 22 қараша).

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері мәдениет ескерткіштері, сондай-ақ "Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері" табиғи мұра объектісі енгізілді. Жібек жолының Жетісу бөлігінің қазақстандық сегіз объектісі: Талғар, Қаялық, Қарамерген, Ақтөбе "Степнинское", Өрнек, Құлан, Қостөбе, "Ақыртас" археологиялық кешені "Жібек жолы: Чанань-Тянь-Шань дәлізі маршруттарының желісі" атты сериялық трансұлттық номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне кірді.

Тұтастай алғанда, саланың әлеуеті мейлінше жоғары, мұны көрсетілетін мәдени қызметтерді тұтынудың тұрақты өсу серпіні айғақтап отыр. Тек соңғы он жылда ғана театрларға бару көрсеткіші 1,3 есе артты, кітапханалардың тұрақты оқырмандарының саны 18%-ға өсті, кинотеатрлардың көрермендер саны 2,3 есе ұлғайды.

Алайда, жалпы сала көрсеткіштері қарқынды өскенімен, мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен беделі бұрынғысынша төмен күйінде қалып отыр. Сала қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысы республикадағы қызметтің барлық салалары бойынша осыған ұқсас көрсеткіштің 61-72%-ын құрайды. Қызметтің көрсетілген түрі бойынша еңбекақы қоры елдегі жалпы еңбекақы қорының 1,3%-ын құрайды. Мәдениет саласындағы жаңа жұмыс орындарын ашу серпіні саланың жұмыспен қамтудың орташа республикалық көрсеткішінен артта қалғанын көрсетіп отыр.

Саланың түйінді проблемалары

Ағымдағы ахуалды талдау негізінде саланың мынадай проблемаларын бөліп көрсетуге болады:

1) атқарушы билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайтын шешімдерде тиімді үйлестірудің жетіспеушілігі, сондай-ақ мәдениет ұйымдарының, әсіресе, ауылдағы мәдениет ұйымдарының желісін дамытуда сақталып келе жатқан теңсіздік;

2) мәдениет мекемелерінің желісін дамыту қажеттілігі мен бюджеттің оларды ұстау жөніндегі мүмкіндіктері арасындағы сәйкессіздік бар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті енгізу тәжірибесінің әлсіз жандануы орын алып отыр;

3) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Қола дәуір мәдениеті
Мәдениет морфологиясы туралы
Ұлттық ұстаным және Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
ТМД елдерінің қола дәуірі
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық белсенділігін қалыптастырудағы ролі
Пәндер