Дәрідік мақсаттағы өсімдіктердің сипаттамалары


1
АҚБАҚАЙ (БЕЛОКОПЫТНИК ЛЕКАРСТВЕННЫЙ) Ақбақай күрделі гүлділер тұқымдас, көп жылдык өсімдік. Сабағы гүлді, жапырақтары іpі, сопакша болады. Күрең түсті гүлдерінің өзіндік иісі бар. емі- cі кішкене ұрық. Биіктіrі 30-60 сантиметрдей. Апрель май айларында гүлдейді. Қазақстанда, РСФСР-дың батыс, оңтүстік, орталық аудандарына кең тараған. Негізінен ылғалды жерлерде, өзен жағалаулары мен жарқабақтарда еседі. Химиялық құрамы. Нақты химиялык құрамы толык зерттелмеген. Жапырактарының иісі жағымсыз, дәмі ащы. Қолданылуы. Емдік максат үшін акбақайдың жапырақтары мен тамыры колданылады, Жапырақтарыниюнь мен август айларының аралығында, ал тамырларын күзде жинайды. Ақбақай препараттары қақырық түсіретін, тер шығаратын, қабынуларға қарсы әсер ететін және ауруды бесеңдететін дәрі ретінде колданылады. Жапырактары мен тамырының суға қосып жасалған тұнбасын суық тигенде пайда болатын жөтелді, демікпені, нерв жүйеcінің бұзылуын емдеу үшін ішеді. Ол үшін ақбақайдың 2 ас қасық кепкен жапырағын қайнап суытылған 1 стакан (200 г) суға салып, жарты сағат тұндырады да, соңынан сүзіп тазартады. Дайын болған тұнбаны 1 ас қасыктан күніне үш рет iшеді. Жас жапырақтарының ұнтағын жараға жапсырса, тез жазылады. Жапырактарымен булау аркылы ревматизм мен құяң ауруларын бәсеңдетуге болады. Ол үшін акбақайдың жас немесе кепкен жапырақтарын ыстық суға шылап, дәкеге орайды. Сөйтіп оны ыстык күйінде aуырған жерге басады.
2
АҚЖЕЛКЕК (ХРЕН ОБЫКНОВЕННЫЙ) Ақжелкек крестгүлділер тұқымдас, көп жылдық өсімдік. Жапырақтары іpі, сопақша, гүлдері ұсак, ақ түсті төрт жапырақшадан тұрады. Биіктігі 50-120 сантиметрдей. Акжелкек өте сирек гүлдеп, жеміс береді. Негізінен тамыры арқылы көбейеді. Қазақстанда еліміздің баска да аудандарында өсіріледі, ал жабайы түрі СССР-дің европалық бөлігінің орталық аймақтарында, Кавказда және Батыс Сібірде кездеседі. Нeгізінен бақшаларда, саздауыт шалғындарда, өзен жағалауларында өседі. Химиялык құрамы. Ақжелкек тамырының құрамында синигрин гликозиді, мирозин ферменті, лизоцин, көміртегі, азотты заттар, майлар, витаминдер, фитонцидтер мен эфир майының коспалары кездеседі. Өсімдіктің өзінде аздаған алкалоидтар бар. Колданылуы. Емдік мақсатта Акжелкектің тамыры пайдаланылады. Оны сентябрь октябрь айларында жинайды. Ақжелкек халык медицинасында кеңінен қолданылады. Тамырының тәбет ашатын, асқазан мен ішектің қызметін, ас қорытуды жақсартатын, несеп айдайтын, қан айналымын реттейтін, қақырық түсіретін, ауырғанды басатын, сонымен бірге әр түрлі бактерцидтік қасиеттері бар. Ақжелкекті сонымен қатар, етеккір келмей калғанда, қан азайғанда, жыныс органдары aуырғанда қолданады. Ал оның спиртті, тұнбасымен безгекті емдейді. Сондай-ак акжелкек әр түрлі тері аурулары кезінде зат алмасуының бұзылуын жаксартады. Бас, тіс және бел ауырғанда ақжелкек ұнтағынан компресс жасап басады немесе ауырған жерді ысқылайды. Ал судағы тұнбасымен әр түрлі жараларды жуады. Icікті қабынулар кезінде акжелкек шырынын құлаққа тамызады, немесе оны су не болмаса ұнтақталған тамыр тұнбасына косып баспамен ауырғанда ауыз бен көмекейді шаяды. Акжелкек тұнбасының пайдалы косметикалык қасиеті бар. Ол бет пен терідегі дактарды кетіреді. Ақжелкек препараттарын көп ішуге болмайды. Бул өсімдікті жас күйінде пайдаланған немесе шырынына қант қосып ішкен жөн. Тәбет ашу үшін күн сайын тамақ ішер алдында 1 шай қасық ақжелкек ұн тағын нанға, қантқа немесе балға қосып жеу керек. Денеге жағу үшін ақжелкектің ұнтағын суға, сірке суы на косып колданады немесе оның арақка ашытылған тұнбасын пайдаланады.
3
АҚЖЕЛКЕН (ПЕТРУШКА ОГОРОДНАЯ) Ақжелкен шатырша гүлділер тұқымдас, ак түсті, cабагы жуандау екі жылдық өсімдік. Жапырақтарының жоғарғы беті жылтыр болады. Ұсак--ұсақ ак гүлдері күрделі шатырша тәрізді шоғырлана өседі. Жемісі сұрғылт жасыл түсті, ұсақ, сопакша дән. Оның ащы дәмі, аса күшті хош иісі болады. Биіктігі 60-90 сантиметрдей. Июнь - август аралығында гүлдейді. Еліміздің көптеген аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда плантациялар мен бақшаларда өсіріледі. Химиялық құрамы. Ақжелкен дәнінің кұрамында 15 процент май, шайырлы заттар, флавонидтар, диосмин, парангенин, апигенин, апиын гликозидтері, эфир майлары бар. Оның құрамындағы эфир майлары бергантен, кумарин, апиол және миристициннен тұрады. Булардың соңғы екеуінін жатырды жиырылтатын касиеті бар. Акжелкеннің жапырактарында С витамині, каротии, лютеомин, апигенин және эфир майлары бар. Қолданылуы. Акжелкеннің жапырактары, тамыры, әсіресе дәні емдік максатта колданылады. Жапырақтарын июнь - август, ал тамырын август - сентябрь айларында жинайды. Халык медицинасында ақжелкен кеңінен қолданылады. Оның жемісі тәбет ашады, ас қорыту бездерінің секрециясын күшейтіп, тамактың бойға сіңуін жақсартады, ішек пен асқазандағы газдарды жояды, несеп айдайды, етеккірдің келуін реттейді, денедегі шаншулар мен сырқырамаларды, құрысулар мен қабынуларды жазады. Неміс халык медицинасында ақжелкен дәні мен тамырының судағы тұнбасын тәбет ашып, ас корытуды жақсартатын дәрі ретінде, сондай-ақ бүйрек пен қуық ауруларына карсы ішу ұсынылады. Ертеректе ұнтақталған ақжелкен дәнін безгекті емдеуге де пай- даланған. Акжелкеннің жапырағын ара, сона сияқты жәндіктер шақкан жерге жапсырса, ауырғаны басылады. Сондай-ак оның дәнін езіп баска жақса, шаштың түсуі токталады. Ол баска түскен сіркені де жояды. Акжелкенді косметикалык зат ретінде де пайдалануға болады. Оның тамырының қайнатындысымен бет жуады, оған лимон шырынын қосып бетке таңертең және кешке қарай жақсы, әр түрлі дақтарды кетіреді. Жарты шай касық ақжелкен дәнін 2 стакан кайнаған салқын суға салып, жабық ыдыста 8 сағат тұндырады. Сонан соң оны 1 ас касыкқтан күніне 3-4 рет тамақтанардан жарты сағат бұрын ішеді . Сонымен қатар, ақжелкеннің 4 шай қасық жас немесе кепкен таиырын мырын 1 стаканнан көбірек ыстық су құйылған жабык ыдыска салып 8-12 caғат тұндырып та ішуге болады. Оны 1 ас касықтан күніне 4 рет тамақтанардан жарты сағат бұрын ішеді.
4
бет жуады, оған лимон шырынын қосып бетке таңертең және кешке қарай жақсы, әр түрлі дақтарды кетіреді. Жарты шай касық ақжелкен дәнін 2 стакан кайнаған салқын суға салып, жабық ыдыста 8 сағат тұндырады. Сонан соң оны 1 ас касыкқтан күніне 3-4 рет тамақтанардан жарты сағат бұрын ішеді . Сонымен қатар, ақжелкеннің 4 шай қасық жас немесе кепкен таиырын мырын 1 стаканнан көбірек ыстық су құйылған жабык ыдыска салып 8-12 caғат тұндырып та ішуге болады. Оны 1 ас касықтан күніне 4 рет тамақтанардан жарты сағат бұрын ішеді. Халық медицинасында кайың бурінің кайнатындысын және оның 10 проценттік тұнбасын гастритті, реватизмді, ет жолы мен бүйрекке тас байлануын, бронхиті, өкпе туберкулезін, ұзакка созылған іш өтуін, бауыр шеменін, суық тигенді емдеуге, ішек құртын тyciруге, ықылыққа қарсы колданады. Араққа ашы- тылган 20 проценттік тұнбасын денедегі жараны, бұлшлык еттер мен буын ауруларын емдеуге пайдаланады. Жапырактарының қайнатындысымен ревматизм, кұяң, шемен, бүйрек ауруларын емдейді, арнаулы бұлау жасап денедегі кышыма қотырды, ұш- ыкты және тағы баска да тері ауруларына карсы пай- кырқұлақ, даланады. Халык медицинасында көктем шығып күн жылына бастаған кезде қайың кабығын тіліп, одан ағатын шырынды пайдалану кең өpic алған. Қайың шырынында 2 процент қант, кальций тотығы және хош иісті заттар бар. Оны несеп жүргізетін, ішек құртын түсіретін, тәбет арттыратын, қан тазартатын, жалны денсаулықты жаксартып, әл беретін дәрі ретінде және кырқұлакка карсы пайдаланады.
5
АҚҚАҢБАК (КАЧИМ МЕТЕЛЬЧАТЫЙ) - Аққаңбақ қалампыр тұқымдас, көп жылдық өсiмдік. Тамыры ұзын, сабағы бұтақты келеді. Жапырактары ұсақ та сүйір. Өте майда ақ түсті гүлдері шоғырланып өседі. Биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Июнь- июль айларында гүлдейді. Қазақстанда, еліміздің евро- палык бөлігінің оңтустік аймактарында, Батыс Cібір мен Орта Азияда кездеседі. Негізінен кұмды далаларда, кайынды ормандарда өседі. Әсемдік өсімдік ретінде де өсіріледі. Химиялык құрамы. Аққаңбақ тамырының кұрамында едәуір мөлшерде сапониндер болады. Ал жалпы құрамы әлі толык зерттелмеген. Акканбақ-улы eсімдік. Колданылуы. Емдік мақсатта сабағы, жапырақтары мен гүлдері қолданылады. Оларды июнь - июль айларында жинайды. Аккаңбақ өсімдігінің ауруды баcатын, құстыратын және ішті тазалайтын касиеті бар. Оның шөбінен жасалған тұнбаны аздаған мелшерде бауыр ауырғанда ішеді. Аққанбак улы өсімдік, сондықтан тұнбаны ішкенде аса сақ болган жөн. Соныменқатар аққаңбақты шыбындарды қыру үшін де пайдаланады. Ұнтакталған аққаңбақты суға салса, көпіреді. Осы қасиетіне орай оны сабын орнына да қолданады.
6
АҚ ТҰТ (ЩЕЛКОВИЦА БЕЛАЯ) Бұл тұт тұкқымдас бұта. Ақшыл-жасыл жемістері бар. Биіктіri 5-15 метрдей. Май -июнь айларында гүлдейді. Жібек құрттарына жақсы азык болып табылатын жапырақтары үшін ак тұт еліміздің оңтүстік аудандарында көптеп өсіріледі. Негізінен бау-бақшаларда өсipіледі. Химиялық құрамы. Ақ тұт жемісінде лимон және алма қышқылдары, қант, пектинді, илік, бояғыш және басқа да заттар, май, витаминдер мен каучук бар. Колданылуы, Ақ тұттың жемістерінің, бұтақтарының қабығы мен тамырларының шипалық қасиеті бар. Жемістерін июль көктемде, ал тамырын күзде жинайды. Ак тұттың жемісі организмдегі қанды көбейтеді. Тері ауруларының зардабынан бұзылған зат алмасуын реттейді, терлетеді, зәр айдайды, кақырық түсіреді, әр түрлі кабынулардан сактайды. Діңінің қабығын жараға жапсырады, ал жапырақтары дене қызуын төмендетеді. Халык медицинасында ак тұт тамыры, қабығының суға косылып жасалған тұнбасымен гипертонияны, бронхитті және демікпені емдейді. Тұт діңі қабыктарының қайнатындысын жүрек ауруларын басу үшін, ал жапырақтарының тұнбасын қызба аурулары кезінде дененің қызуын төмендететін дәрі ретінде ішеді. Жеміcін тағам ретінде пайдалануға да болады. Кептірілген жемісінде қант аса мол болады. Жарақаттар мен шағын жараларға жағу үшін тұт діңінің кабығынан "жасалған ұнтактан 2 ас қасық алып, оны бір жарым стакан күнбағар майына немесе баска бір өсімдік майына араластырып, препарат дайындайды.
7
АҚШОҚАН (СУСАК ЗОНТИЧНЫЙ) Ақшоқан-теңгебас тұқымдас, сабағы биік, көп жылдык өcімдік. Сабағы жұмыр, тамырына жақын орналаскан жапырақшалары ұзынша келген, үш қырлы болады. Алқызыл гүлдері алты жапырақшадан тұрады. Олар шатырша тәрізді шоғырлана өседі. Биіктігі 60-150 сантиметрдей, июнь -июль айларында гүлдейді. Еліміздің европалық бөлігінде, Қазакстанда, Батыс және Шыгыс Cібірде, Киыр Шығыс пен Орта Азияда кездеседі. Өзендер мен бұлактардың жаға- лауларында, батпакты жерлерде, иірім суларда өседі. Химиялық құрамы толык зерттелмеген. Колданылуы. Емдік максатка ақшоканның сабағын пайдаланады. Оны күзде жинайды. Ақшоканның несеп айдайтын, дене кызуын басатын қасиеті бар. Ол сонымен катар етеккірдің келуін реттейді. Сондықтан да ол осы мақсаттарға қолданылады. Ақшокан сабағының ұнтағын денедегі қатты іcіктерді жұмсарту үшін де пайдаланады, ал жапырақтарының шырынымен денедeгi ақтаңдақтарды емдейді.
8
АЛМҰРТ (ГРУША ОБЫКНОВЕННАЯ) Алмұрт раушангүл тұқымдас, жапырақтары сопакша әрі жылтыр келетін ағаш. Гүлдері ақ түсті, биіктігі 25 метрге дейін жетеді. Май айынан бастап гулдейді де, август -октябрь айларының аралықтарында жеміс береді. Алмұрттың жабайы түpі еліміздің орталык және онтүстік аудандарында, сондай-ақ Қазакстан мен Ор- та Азияда өседі. Химиялык құрамы. Алмұрттың кұрамына қант (6-10 процент), органикалык кышқылдар (негізінен алма қышқылы), азотты, пектинді және илік заттар, фитонцидтер мен А және аздап В тобындағы витаминдер, С витамині кіреді. Колданылуы. Емдік мақсатқа жаңа піскен немесе кептірілген жемісін және жапырактарын пайдаланады. Пicipілген және қуырылған алмұртты қатты жөтелгенде, деміккенде және өкпе туберкулезіне ұшырағанда ем үшін жейді. Қайнатындысы іш ауруын басады. Кептірілген алмұрттан жасалған қайнатындыны қызба ауруы кезінде шөл қандыру үшін ішеді. Сонымен бірге қайнатындының жүргізетін және іштің өтуін тоқтататын қасиеті бар. Профессор Н. З. Умниковтын пікіріне қарағанда кеп- тipілген алмұрттан жасалған қайнатынды бактерияның несеппен бөлінуін көбейтіп, бүйрекке тас байлануын жақсы емдеуге көмектесетін сияқты. Сұлыға қосып кайнатылған алмұртпен, одан жасалған кисельмен жас балалардың іші өткенде емдейді. Алмұрт жапырактарының кайнатындысын залал- сыздандыратын, сондай-ақ қуық пен несеп жолдарының қабынулары кезінде несеп айдайтын дәрі ретінде қолданады.
9
АЛХОРЫ (ТЕРН) Алхоры раушангүл тұқымдас, тікенді бұта. Сопақша келген ұзын жапырақтары, ақ гүлдері бар. Жеміcі қышқыл дәмді қара жаңғақ. Биіктігі бір жарым метрден үш метрге дейін жетеді. Апрель- май айларында жапырак жайғанға дейін гүлдейді. Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде, СССР-дің европальқ бөлiгінде, әсіресе орманды, далалы аймакқтарда, Кавказ бен Батыс Сібірде көп кездеседі. Негізінен орман жиентерінде өседі. Химиялық құрамы. Алхорының ұрығында синил қышқылын түзетін амигдалин атты улы гликозид, ал жемісінде илік заттар, С витамині және органикалық қышқылдар бар. Алхорының ұрығы улы. Колданылуы. Емдік мақсатқа алхорының гүлдерін жас жапырақтарын, тамыры мен қабығын және ұрығын алып тастаған жемісін пайдаланады. Ол үшін алхорынын гүлдерін апрель-май, ал жас жапырақтарын май-июнь айларында, кабығын көктемде, тамырын күзде жинап алады. Алхорының гүлдері тердің шығуы мен нeсептің белінуін арттырады, бүйректің қызметін жақсартады, журектің айнуын басады, зат алмасуын реттейді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Жас жапырақтарының acа күшті несеп айдайтын қасиеті бар, ал кабығы мен тамыры дене қызуын төмендетеді. Піскен жемісi іштің еткенін токтатады. Гулдерінің тұнбасын несеп айдайтын, суык тиіп ауырғанда тер шығаратын, сондай-ақ тері аyрулары кезіндезат алмасуын реттейтін дәрі ретінде колданады. Сонымен қатар мұндай тұнба бауыр ауруына да жаксы әсер етеді. Жас шыбықтары мен жапырақтарының тұнбасын несеп жүргізу үшін, ал жемістерінің тұнбасын іш өткенді токтатуға қолданады. Ол ушін алхоры жапырақтары мен гүлдерінен екі шай қасық алып, оны бір стакан қайнаған салқын суға салып 8 сағат тұндырады, сонан соң стаканның ширек бөлігіндей мөлшерде күніңе төрт рет ішеді. Немесе 5 грамм алхоры тамырын бір жарым стакан суға қайнатып алып, 2 сағаттай тұндырады, сүзіп тазарткан соң оны стаканның ширек бөлігіндей мөлшерде күніне 3-4 рет ішеді.
10
АНАЛЫҚ ТАҒА (КОЧЕДЫЖНИК ЖЕНСКИЙ) Бұл кәдімгі папоротниктер тұқымдас, қысқы әрі жуан, тік өсетін сабағы бар көп жылдық өсімдік. Ұзынша келген сүйір қауырсындары бірнеше жұп болып тұрады. Tісті сегменттері бар. Биіктігі 30-100 сантиметр. Жаз ортасында гүлдейді. Еліміздің барлық жерлерінде: жазықтағы және таудағы ормандарда, таулардың субальпілік белдеулерінде кездеседі. Көлеңкелі, сызды жерлерде, сай-жыраларда, бұталар арасында өседі. Химиялық құрамы. Аналық тағаның сабақтарында дымкыл филицин кездеседі. Өсімдіктіц кұрамында С витамині де бар. Қолданылуы. Ертерек кездерде аналық тағаның тамырларын аталық тағамен қосып ішек құртын түсіруге қолданған. Халық медицинасында аналық таға препараттарын әр түрлі теpі аурулары кезінде, қан тазартатын шипалық дәрі ретінде қабылдайды. Ревматикалық полиартритке шалдыққан кезде де осы препараттан бұлау жасап емделуге болады.
11
АПЕЛЬСИН (АПЕЛЬСИН СЛАДКИЙ) Апельсин - руталар тұқымдас, тығыз қабықты мәңгі жасыл ағаш. Жапырақтары кою жасыл түсті, сопақша, үшкірлеу келеді. Ақ гүлдерінің жағымды иісі бар. Сары, қызғылт-сары түсті, шырынды, тәтті жеміcі боладыАпельсиннің жуздеген түрі бар. Биіктігі 3-19 метр. Үнемі гүлдеп тұрады. Субтропикальқ аймактарда, бау-бакшалар мен плантацияларда өседі. Химиялық құрамы. Жемісінің құрамында қант, органикалық қышқылдар, тұздар, клетчатка, әр түрл азотты және бояғыш заттар, фитонцидтер мен витаминдер, ал жеміcінің қабығында эфир майының бірнеше түрі бар. Қолданылуы. Апельсин жемісі мен кабығының шипапалық қасиеті бар. Жемісін ноябрь-декабрь айларында жинап алады. Орта ғасырларда апельсинді әр түрлі ауруларды емдеуге кеңінен қолданған. Жеміс кабығының спиртке ашытылған тұнбасы кызба ауруларға қарсы жаксы әсер етсе, ал су косып жасалған қайнатындысы, әсіресе кабығымен бірге алынған көк жемісінің қайнатындысы етеккірдің шамадан тыс көп келуін және жатырдан басқа да қан кетулерді реттейді. Шырыны мен ашқарынға жеген жемісі тәбет ашады, iшектің қызметін жақсартады. Қызба аурулары кезінде ішкен апельсин шырыны шөлді жақсы қандырады. Құрамында фитонцидтері болғандықтан апельсиннің де антисентикалық қасиеті бар. Сондықтан онымен ұзақ уақыт жазылмаған жараларды емдеуге болады.
12
АРАМШӨП (ПОВОЙ ЗАБОРНЫЙ) Арамшөп -шырмауықтар тұқымдас, өрмелеп өсетін, көп жылдық өсімдік. Жапырактары үшбұрышты немесе тертбұрышты, сопакша. Ақ немесе алқызыл гүлдері бар. Қауашағы жұмыр. Сабағының биіктігі 3 метрге жуық. Жаз бойы гүлдейді. Еліміздің қиыр солтүстіктен басқа жерлерінде, Орта Азия мен Қазақстанда, Кавказда, Сібір мен Қиыр Шығыста кездеседі. Негізінен езендер мен көлдердің, каналдардың жағалауларында, әдетте ағаштар арасында, аз да болса бау-бақшаларда өседі. Химияльқ құрамы. Өсімдіктің буындарында, әсіресе cабағында конвольвулин гликозиді бар. Бұл глико- зидтің кұрамы әлі толық зерттелмеген. Кейбір әдебиет- терде кездесeтін деректерге карағанда, арамшөптің құ рамында илік заттар, шайырлар, кумариннен бөлінетін заттар бар сиякты. Қолданылуы. Емдік мақсатқа арамшөптің сабағы мен жер астындағы бөлігін пайдаланады.
13
АТПАҚИЯР (БЕШЕНЫЙ ОГУРЕЦ) Атпақияр -асқабақ тұқымдас, бір жылдық өсім- дік. Жүрекше тәрізді жапырақтары кезектесе өседі. Гулдері солғын сары түсті. Жемісі-сарғыш жасыл етті қияр. Биіктігі 25-50 сантиметр. Июль-август айларында гүлдейді. Қазақстанда, Түркменстанда, әсіресе Қара теңіз жағалауында көп кездеседі. Теңіз жағалаулары мен құрғақ, батпақты жерлерде еседі. Химиялық құрамы. Атпакиярдың құрамында азда- ған алкалоидтар, әр түрлі гликозидтер мен витаминдер болады. Атпақияр-улы өсімдік. Колданылуы. Емдік мақсатта өсімдіктің сабағы, жапырақтары мен гүлдері, сондай-ак көк жемісінің шырыны қолданылады. Оларды июль-август айларында жинайды. Атпақиярдың несеп жүргізетін, ішек құртын жоятын және кұстыратын қасиеті бар. Кейбір деректерге қарағанда өcімдіктің құрамындағы элатериндерді ракқа қарсы пайдалануға да болатын сиякты. Шебінің тұнбасы мен жемісінің шырынын шеменді сары ауруды, безгекті, ревматизм мен құяңды, невралгияны, геморройды емдейтін, сондай-ақ несеп жүргізетін, ішек кұртын түсіретін дәрі ретінде қабылдайды. Aса улы өсімдік болғандықтан атпақияр препарат тарын қабылдау айрықша ұқыптылықты талап етеді.
14
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz