Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінде, пәнді игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар
1.Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінде, пәнді игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар.
Берілген сұраққа жауап бермес бұрын,ерте балалық шақ дегеніміз қандай кезең екенін айқындап алу қажет деп ойлаймын. Ерте жас,яғни 1 және 3 жас аралығындағы балалардың даму ерекшеліктерін сипаттайтын жас кезеңі.Бұл кезең баланың сәбилік шақтан кейінгі дамып өсуі үшін маңызды кез болып табылады.Осы жас аралығында баланың әрі қарай дамуын анықтайтын негізгі қабілеттер қалыптасады. Дәл осы кезеңде таным белсенділігі, өзіне, өмірге деген сенімділігі, адамдармен қарым-қатынас, шығармашылық мүмкіндіктері, жалпы өмірлік белсенділігі және тағы да басқа басты қасиеттері қалыптасады.Сондай-ақ,бұл жас кезеңінде 1 жастан 3 жасқа дейінгі баланың психикалық және дене бітімінің даму сатысы және де, жекедара дамуында жүрісі, қозғалысы, ұсақ моторикасы қалыптасады, соның арқасында қоршаған ортаны тану мүмкіндіктері кеңейе түседі.
Ал,енді Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсатына тоқталып өтетін болсам,- бұл ерте жастағы(1-3 жас) балаларды тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтарын ғылыми білім жүйесі негізінде қалыптастыру болып табылады. Және, ерте балалық шақтағы заттық іс-әрекеттің маңызы, оның даму сатылары.Ерте балалық шақтағы заттық іс-әрекеттің қалыптасу механизмі. Сөйлеудің қалыптасуы.Пассивті және активті сөйлеу.Ерте балалық шақты, сәби шақты, нәресте және ерте жасты анықтау. Ерте балалық шақ жасындағы балаларды дамыту да осы пәннің мақсаттарына жатады.
Бұл пәннің негізгі міндеттеріне келетін болсақ:
-Біріншіден,ерте балалық шақ кезеңінің одан әрі даму маңыздылығын ғылыми тұрғыдан негіздеу;
-Екіншіден,ерте жастағы балалардың даму ерекшеліктерін,атап айтқанда:физикалық,психикалық,тұлға лық дамуын толықтай ашу;
-Үшіншіден,1 жастан 2 жасқа дейінгі балалардың даму заңдылықтары мен принциптерін анықтау;
-Төртіншіден,ерте жастағы балалармен жұмыс жасаудың мазмұнын, тиімді әдіс-тәсілдерін және технологияларын анықтау болып табылады.
Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мазмұнын игере отырып, студент,педагогикалық қызметтің міндеттерін, мысалы: далада жас балалардың қажеттіліктерін, жетістіктерін зерттейді және соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Мектепке дейінгі білім беру стандартының талаптарына сәйкес балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін және сол ерекшеліктерін көрсететін технологияларды қолдану қызметтерінің түрлерін,кәсіби қызмет мәселелерін шешу үшін балалардың ата-аналарымен өзара әрекеттесуді ұйымдастырады.Сондай-ақ, білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру ортасын қалыптастырады.
Ерте балалық шақ педагогикасы пәнін оқу нәтижесінде студент:
Білу қажет:
:: Негізгі педагогикалық ұғымдарды;
::Сәбилер мен жас балалардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай,теориялық негізде оқыту және тәрбиелеу шарттарын;
:: Ерте балалық шақтағы дамуды жалпы және арнайы әдістемелік нұсқаулықтарға сай,жетекші отандық және шетелдік сипаттамалардың тұжырымдамалары арқылы оқытуды;
:: Білім беру салалары және ұйымдастырылған оқу қызметтерінің мазмұны мен міндеттеріне сәйкес кішкентай балалармен жұмыс жасауды;
:: Ерте жастағы балаларды тәрбиелеудің заманауи технологияларын қоладана алуды;
:: педагогикалық процесті жетілдіру нәтижесінде жеке модель құрудың ерекшелікерін жобалауды;
:: Ерте балалық шақ жасындағы топтарға тақырыптық-кеңістікті ұйымдастыру ерекшеліктерін білуді;
Қабілетті бола алады:
:: Ерте жастағы балалар дамуының әртүрлі тұжырымдамалары мен білім беру бағдарламаларының мазмұнына салыстырмалы талдау жүргізуге;
:: Балалар тобындағы педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау алуға,білім беру стандартының талаптарына сәйкес ерте жас және оның тиімділігін бағалауға;
:: педагогикалық диагностиканы жүргізіп, оқу процесін дараландыру жолдарын анықтауға;
:: Педагогикалық іс-әрекеттің байланысын қамтамасыз етуде мектеп жасына дейінгі кішкентай баланы қоршап тұрған ересектер тобына ұйым және отбасы жататындығын білуге;
:: Балалардың оқу жетістіктерін және оқыту іс-әрекетінің тиімділігін бағалаудың тәсілдерін білуге;
:: Жас балалардың физикалық, танымдық және жеке дамуына ықпал ету технологиялары мен әдістерін қазіргі білім беру жағдайының талаптарына сай жүргізуге;
::Білім сапасын анықтау үшін педагогикалық тапсырмаларды ақпарат көздері арқылы беріп, шешуге дағдыландыруға;.
Қорытындылай келе,ерте балалық шақ баланың дамуында орасан зор рөл атқарады. Жас балаларды уақытында және дұрыс тәрбиелеу - баланың жан-жақты дамуының маңызды шарты болып табылады. Менің пікірімше, болашақ мектепке дейінгі мекеме қызметкері болғандықтан білім алу процесінде бұл пәннің оқытылуы өте қажет.Себебі,практика жүзінде ерте жастағы балалардың даму ерекшеліктерін көзбен көріп,бақылау бұл бір ерекше сезім деп білемін.Біздердің яғни студенттердің осы пәнді игеруде қойылатын нақты талаптары осындай болып табылады.Болашақ тәрбиеші ретінде ең алдымен пәнге қойылатын талаптарды игере білсек бізден ең жақсы маман шығады деп есептеймін. Тәртіпке бағынған құл болмайды демекші, тәртіпке бойұсынып,пәнді кезең кезеңімен оқитын болсақ бізден тәлім-тәрбие алған балалар,біз арқылы берік іргетасы қаланған балалар ең тәрбиелі,физикалық тұлғалық дамуы мықты болып шығатыны сөзсіз..!
2.Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеген шетелдік ғалымдар.
Ерте балалық шақ дегеніміз-1 және 3 жас аралығындағы балалардың даму ерекшеліктерін атап айтқанда:физикалық,психикалық,тұлға лық даму ерекшеліктерін сипаттайтын,бақылайтын жас кезеңі.Даму заңдылықтарын зерттейтін пән ретінде, ерте балалық шақ пәні қарастырылған.Қандай да бір заттың авторы болады дегендей, ерте балалық шақ кезеңін,ерте балалық шақ педагогикасын зерттеген ғалымдар бар.Зерттеуші ғалымдар тобын үш топқа топтастыруға болады.Яғни,шетелдік,орыс және отандық ғалымдар.Мен тереңірек шетелдік ғалымдарға тоқталып өтсем деймін.
Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеу сонау грек ойшылдары Аристотель, Платоннан бастау алады.Аристотельдің еңбектері көзі тірісінде жинақталып жазылмаған,яғни бүгінгі күнге дейін сақталимаған.Дегенмен пәлсапалық ойлары,афоризм сөздері көп еңбектерде кездеседі.Ерте балалық шақ,жалпы бала дамуы жайлы осы бір ..7 жасқа дейін физикалық тұрғыдан баланың дамуына шынығуына, дұрыс тамақтануына, таза жүруіне отбасында көңіл бөлінеді. Балалар өз жасына сай ойындармен айналысу керек, оларға әңгімелер мен ертегілер тыңдау пайдалы, балаларға сөйлеуді үйреткен жөн.. деген сөзінен,ерте балалық шақ кезеңіндегі,мектеп жасына дейінгі кезеңде отбасы тәрбиесі маңызды рөлді алатынын алдыға тартып отыр.Яғни ересек мектеп жасына дейін балалардың физикалық дамуы үшін ойындар мен ертегіер,әңгімелердің берер пайдасы мол деп есептейміз.
Сондай-ақ, Ұлы дидактика еңбегінің авторы Ян Амос Коменскийдің есімі де бала тәрбиелеу жолында еш ұмытылған емес.Жан-Жак Руссоның Эмиль немесе тәрбие туралы атты еңбегінде де бала тәрбиесінің ерте балалық шақ кезеңінен бастау алатындығы,тәрбиенің табиғатқа сәйкестілігі,тәрбиенің негізгі факторлары қоршаған орта,табиғат,адамдар екендігі сипатталады.Осы бір тұста,сонау 17 ғасырда мектепке дейінгі мекеме ашып,оған балабақша деген атау берген,ағылшан қайраткері Роберт Оуэн есімі тарихта алтын әріптермен жазылуы қажет деп ойлаймын.Сонымен қатар,шетелдік зерттеушілер қатарына Иоганн Генрих Песталоций, Лингард пен Гертруда еңбегі балаларды дамыта оқыту принциптерін ұсына отырып тәрбиелеуде жетекші орынды алады.
1837 жылы Германияда мектепке дейінгі ұйым ашып оны балабақша деп,тәрбиешіге бағбан деген атау берген Фридрих Фребельдің есімі еш ұмытылмас.Өз еңбектерінде баланың жаны аппақ тақта сияқты тап-таза болатынын көрсеткен,ағылшын педагогы Джон Локк болатын.Өмірінде кездескен әрбір қиыншылыққа төзе жүріп бала тәрбиесімен,психологиясымен айналысып өз жүйесін қалыптастырған итальян педагогы Мария Монтессори.Мария Монтессори жүйесі әлі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтпай,білім беру мекемелерінде қолданылып,өз жемісін беруде.
Қорытындылай келе,жоғарыда есімі айтылып,сипатталған ғалымдардан бөлек қаншама ғалымдар бала дамуын,балалық шақ педагогикасын,балада болатын ерекшеліктерді зерттеді.Қаншама жыл өтседе ғалымдарымыздың зерттеулері,жазып қалдырған еңбектері осы күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Болашақ біз секілді мамандар үшін олардың еңбектері таптырмас мұра деп білемін.!
3. Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеген Орыс ғалымдарының еңбектеріне сиппаттама.
Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеуде орыс ғалымдары да қалыс қалмады.Ерте балалық шақ жасындағы балаларда байқалатын ерекшеліктерді,физикалық,тұлғалық дамуы жайлы ерекше тың мәліметтерді біздерге таусылмас мұра етіп өз еңбектерінде жазып қалдырды.Ерте балалық шақ дегеніміз қандай кезең?Қай жастағы балалар осы типке жатады? Осы сұрақтарға жауап іздей отыра түсінгенім,ерте балалық шақ жасы-мектепке дейінгі бала дамуы үшін үшін,өмірге бейімделуі үшін ең маңызды кезең.Бұл кезең жасына 1 және 3 жас аралығындағы сәбилерді жатқызамыз.Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеуде,пәннің толық мазмұнын ашуда көптеген кеңес психологтары,педагогтары көптеген жұмыстар атқарды.Соның ішінде,Антон Макаренконың "Ата-аналар кітабы" және "Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар"атты еңбектерін атап өтпеске болмас.Макаренко өз тұжырымдамаларында балаларды ұжымда тәрбиелеу қажеттіліктерін атап көрсетті.Және бұл идея Макаренко жүйесіндегі ең негізгі орталық идея болып табылады.
Кеңес педагогы Даниил Эльконин өз еңбектері Развитие конструктивной деятельности дошкольников және Творческие ролевые игры детей дошкольного возраста, егерде баланың өзіндік қамтылуы дұрыс болмаса, онда келешектегі дамуы баяу және артта қалуы байқалады деп өзіндік пікірін айтты.Яғни,бұл пікірдің негізгі идеясы,бала дамуының ерте жастан ақ дұрыс қалыптасуының маңызы зор екенін айқындап тұр.Сондай-ақ Эльконин ерте жастағы балалар үшін ойынның ерекше орын алатындығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz